Металды созу арқылы сынау
Созу үшін өлшемдері стандарттық, арнайы цилиндр пішіндес немесе белгілі пішіндегі жазық үлгілерді қолданады. Үлгіні созу арқылы сынау механикалық немесе гидравликалық қозғауы бар арнаулы үзу машинасының көмегімен жүргізіледі. Үлгіге түсірілген күш пен оның созылу шамасын (деформациясын) автоматты түрде машинаның өзі үздіксіз график түрінде жазып отырады. Күштің созылу шамасына тәуелділігін көрсететін графикті созылу диаграммасы деп атайды. Ординаталар осінде күшті (кгс), ал абциссалар осінде үлгінің абсолюттік ұзаруын көрсетсе, диаграмманың сипатына әрине үлгінің өлшемдері әсер етеді. Осы фактордан құтылу үшін, диаграммада кернеудің (кгс/мм2) салыстырмалы ұзаруға (%) тәуелділігін көрсетеді (1.10 суретті қара).
Кернеу деп үлгінің жұмыс қимасының бірлік ауданына әсер ететін күшті айтады. Салыстырмалы ұзару үлгінің абсолюттік ұзаруының оның жұмыс бөлігінің бастапқы ұзындығына қатынасымен анықталады.
а) ( ) координаталарындағы шартты диаграмма
б) Кернеулердің шартты диаграммасы және нақты кернеулер диаграммасы
1.10 сурет - Созылу диаграммасы
Металды созу арқылы сынағанда оның механикалық қасиеттерінің келесі сипаттамалары анықталады: кернеудің пропроционалдық шегі, серпімділік шегі, аққыштық шегі, беріктік шегі, салыстырмалы ұзаруы және салыстырмалы жіңішкеруі.
Пропорционалдық шек кернеуі σпц деп диаграммадағы тәуелділік қисығына түсірілген жанаманың көлбеулік бұрышының тангенсі бастапқы шамасынан 25 немесе 50 % -ға өсетіндей кернеудің мәнін айтады:
(1.3)
мұндағы Рпц - пропорционалдық шекке сәйкес күштің (жүктеменің) шартты мәні.
Серпімділік шегіне сәйкес кернеуде үлгінің қалдық ұзаруы оның ұзындығының 0,05% құрайды және кернеудің серпімділк шегі мына формуламен анықталады
, (1.4)
мұндағы Р0,05 - серпімділік шекке сәйкес күштің (жүктеменің) шартты мәні.
Кернеудің аққыштық шегі деп үлгінің оған түсірілген күштің тұрақты-лығына қарамастан ұзара беретіндей мәнін айтады. Үлгінің қалдық ұзаруы оның ұзындығының 0,2% - ын құрайды. Аққыштық шегіне сәйкес кернеу мына формуламен анықталады
, (1.5)
мұндағы Р0,2 - серпімділік шекке сәйкес күштің (жүктеменің) шартты мәні.
Кернеудің беріктік шегі деп ең үлкен күшке сәйкес келетін және үлгінің үзілуіне әкеп соғатын кернеуді айтады
, (1.6)
мұндағы Рв - беріктік шекке сәйкес күштің (жүктеменің) шартты мәні.
Салыстырмалы ұзару деп үлгінің абсолюттік ұзаруының, яғни үзілгеннен кейінгі ұзындығының өсімінің , оның бастапқы ұзындығына қатынасын айтады
, (1.7)
мұндағы - үлгінің бастапқы есептелген ұзындығы, - соңғы ұзындығы.
Салыстырмалы жіңішкеруі деп үлгінің жұмыс қимасының сынау барысында абсолюттік жіңішкеруінің , сол қиманың бастапқы ауданына қатынасын айтады
, (1.8)
мұндағы - деформацияға дейінгі жұмыс қимасының ауданы, - жұмыс қимасының деформациядан кейінгі ауданы.
Салыстырмалы ұзару мен жіңішкеру металдың пластикалылығын сипаттайды.