АРТ жүйесінің құрылғысының құрамы

Сигнализация және TSS сызықты комплекттер ішкі жүйесі арналардың және сигнализацияның түрлі жүйелерінің желілерімен топтық іздеу сатысы қамтылады. TSS ішкі жүйесінің құрамына келесі функцияларды атқаратын сызықтық комплектілер кіреді:

- сызықтық сигналдар табады;

- сызықтық сигналдың уақыт параметрлерін анықтайды;

- сызықтық сигналдарды қабылдау және беруін іске асырады;

- электрлік сигналдарды бағдарламалыққа түрлендіру.

TSS ішкі жүйесінің сызықтық комплектілері кіріс ITC, шығыс OTC-D және екі жақты ЕТС:

- ITC-25 – физикалық ЗСЛ комплекті, функционалдық сигналдарды қабылдау және жіберуді декадалық тәсілмен тұрақты ток импульсімен қамтамасыз етеді;

- OTC-D-21 – сигнализацияның біржиілік жүйесімен арналар комплекті, 2600 Гц жиілікегі сызықтық сигналдарды беруді қамтамасыз етеді.

- OTC-D-22 – сигнализацияның екіжиілік жүйесімен арналар комплекті, сызықтық сигналдар мен 1200 Гц және 1600 Гц жиілікті басқару сигналдарын жіберуді қаматмасыз етеді, басқару сигналдарын жіберу «импульстік пакетпен» іске асады

- OTC-D-24 – тығыздатылған СЛМ комплекті, 2600 Гц жиілікті сызықтық сгналдар жіберуге арналған.

- ЕТС-ВТ-31 – цифрлық ЗСЛ комплектілері, екілік кодада функционалдық сигналдарды қабылдау мен жіберуді қамтамасыз етеді.

- ЕТС-ВТ-32 – объект аралық байланыс цифрлық желілер объектісі, екілік кодадағы функционалдық сигналдардың қабылдануы мен жіберілуіне арналған.

OTC-D комплекттерінде орнатылған аналогты-цифрлық түрлендіргіштері мен генераторлары бар.

TSS ішкі жүйесінің қабылдау-жіберу қондырғылары:

- ТМ-Т – бір жиіліктік сигнализацияның (2600 Гц) сызықтық сигналдар қабылдағышы;

- CSD-21 – «импульстік пакетпен» «6-дан 2» кодадағы басқару сигналдарын таратушы (№5 сигнализация жүйесі);

- ТМ-2Т – екі жиіліктік сигнализация жүйесінің функционалдық сигналдар қабылдағышы;

- CSD-22 – «импульстік челнокпен» «6-дан 2» кодадағы басқару сигналдарын таратушы;

- CRD-5 – АОН аппаратурасының информацияны сұраушы және қабылдаушы қондырғысы (УЗПИ), ПУ-АОН-ға сұрау жібереді («+» «а» сымы бойымен және f=500 Гц) және «интервалсыз пакетпен» «6-дан 2» кодадағы шақырушы абонент нөмірі туралы информация қабылданады;

TSS ішкі жүйесіне ASAM қосылу комплектісі бар AMG «механикалық дауыс» қондырғысының блоктары, AUTM-1 қосылу комплектісі бар АТМЕ бақылау-өлшеу аппаратурасы, аналогты ВАВ-340 промщит және цифрлық DDF;

ITC, CSD, CRD, ASAM, AUTM-1 комплектілері ГИ сатысына ВВР аналогты-цифрлық түрлендіргіш арқылы қосылады.

GSS топтық іздеу сатысының ішкі жүйесі «уақыт-кеңістік- уақыт» сұлбасы бойынша коммутациялау трактын құруды қамтамасыз етеді және SPM уақытша коммутация блоктары бар. TSM және SPM блоктары 100% резервілеу мақсатымен еселенеді. TSM блоктары түрлі топтық трактілердің уақыттық арналары арасында ақпарат тасымалдайды. SPM блоктары – топтық трактілерді коммутациялайды. Цифрлық сигналдар синхронизациясын TSM және SPM блоктарында CLM синхронизация блогы іске асырады.

GSS бір коммутациялық модулі TSM уақыттық коммутацияның 32 блогынан және SPM бір кеңістіктік коммутация блогынан тұрады. TSM блогына 32 арналы 16 топтық тракті қосылады, ал арналардың SPM блогы кірісіне 512 цифрлық арнасы және шығысына бір цифрлық желі қосылады. SPM блогы 32х32 параметрлі болады.

Топтық іздеу сатысында максимум 128 екі еселенген TSM блоктары және 16 SPM блоктары болады. Яғни, ГИ сатысының максимал сыйымдылығы 32х16х128=65536 цифрлық арна.

TSM блоктарында дыбыстық сигналдарының есте сақтау құрылғысы жадының 512 ұяшығы бар. Әр ұяшық сыйымдылығы 10 бит 8 бит дыбыс сигналдары, 1 бит коммутация бұтағын таңдауға арналған.

АРТ коммутация жүйесінің құрылғысынгың құрамына ішкі жүйелер кіреді:

- TCS жүктемені басқару – байланыс орнатуға қажетті мәліметтерді есте сақтайды және сараптайды, байланыс орнатуды немесе жоюды бақылайды;

- ССS ОКС №7 бойынша сигнализация – сигнализацияны қамтамасыз етеді;

- ОМS эксплуатация және техникалық қызмет көрсету – сынақтар жүргізуге және ақаулықты жоюға, жүктемені және статистиканы өлшеуге арналған бақылау және әкімшілік басқару функцияларын іске асырады;

- СНS тарификациясы, құн есептеуі мен телефон сөйлесулер үшін абоненттерге төлемдерін көрсетуге арналған.

Наши рекомендации