БрекеттердіҢ тҮрлері

Металл брекеттерЕң көп таралғаны -брекет-жүйе. Брекеттер әртүрлі металл қосылыстардан дайындалады. Ең сенімді брекеттер болып саналады.

Металлбрекеттердің артықшылықтары:

Брекеттердің ішіндегі ең мықтылары, түзеткен кезде және алғанда сынып қалмайды;

Доға металл саңылауға бекіп, тістерді мықтап тартып тұратындықтан, емдеу көпке созылмайды; брекеттер алынғаннан кейін соңында із қалмайды.

Сонымен қатар көптеген пациенттердің пікірінше, металл брекеттер –нарықтағы брекеттердің ішіндегі ең көркемі, үйрену тез жүреді (бірнеше аптаның ішінде). Олар сөйлеуге аздап әсер етіп, ауыздың шырышты қабығын қажауы мүмкін.

Керамикалық брекеттер Сыртқы түрі кескінді брекеттердің бірі. Керамиканың стоматологияда кең қолданылуының себебі –реңдері әртүрлі болғандықтан, табиғи тістер түсіне лайық брекетті табу жеңіл. Керамикалық брекет-жүйелер табиғи тістердің реңіне қарай таңдалады, бұл брекеттердің басты артықшылығы осында.

Керамикалық брекеттердің артықшылықтары:

әсемдік қасиеттері жоғары;

тітіркендірмейді және аллергия тудырмайды;

емдеу барысында түсін өзгертпейді;

мықты әрі сенімді.

Керамикалық брекеттердің кемшіліктері –өлшемдерінің үлкен болуы, емделудің ұзаққа созылуы.

Жақұт брекеттерИнновациялық брекеттер. Жақұт брекеттер асыл тастардың жарқылынан аумайтын материалдан жасалады, сондықтан тістегі күрделі ортодонтиялық жүйе жақұтпен безендірілгендей әсер қалдырады.

Жақұт брекеттердің артықшылықтары:

жартылай мөлдір болғандықтан тісте бар-жоғы көрінбейді;

үйрену кезеңінің өзінде еш қолайсыздық тудырмайды;

өте сенімді;

әсем көрінеді;

тіс қақтары жиналмайды.

Кемшіліктері –емдеудің ұзақтығы мен бағасының жоғары болуы.

Егер сапалы жасалған болса, брекеттердің барлығы да жақсы, бұдан емдеу әдісі мен ұзақтығы өзгермейді, әрине, ең ыңғайлы брекеттердің өзіне алдымен үйрену қажет –бастапқы апталарда олар сөйлегенде, тамақ ішкенде, тіс тазалаған кезде ауызда білініп тұрады, т.с.с. Брекеттің алға шығып Бірақ бұның бәрі уақытша келеңсіздіктер, соңынан бұл брекеттердің қолайлылығы мен ауырмайтынына әбден көзіңіз жететін болады, бұның маңызы зор –өйткені оларды бір-екі жыл қатарынан киіп жүруге тура келеді.

болатын ретенциялық аппарат салынады.

Ретейнер –бұл тістердің тістесуін ортодонтиялық емдеуді аяқтау үшін қажетті маңызды ортодонтиялық аппараттардың бірі.

Ретейнер екі түрлі болады:Алынбалы-салынбалы (көбінесе пластмассадан дайындалады)

Алынбайтын (металлдан)

Тістердің тістесуін қарқынды емдеу курстары аяқталғаннан кейін ретейнер тістердің ішкі бетіне бекітіліп, емдеу нәтижесі әбден бекігенше киіледі. Тістердің бетіне бұл кезде арнайы атыздар салынбайды – брекеттер қалай желімделсе, ретейнер де сол желіммен жабыстырылады. Көп жағдайларда стоматолог-ортодонт бір жаққа алынбалы-салынбалы ретейнерді, ал екіншісіне алынбайтын ретейнерді орнатуы мүмкін.

Алынбалы-салынбалы ретейнер екі жақты (уақытша киюге арналған) және біржақты (тұрақты және уақытша киюге арналған).

Әдетте алынбалы-салынбалы ретейнер арнайы мөлдір каппадан тұрады, алайда темір доғалы болуы да мүмкін.

Алынбалы-салынбалы ретейнерді күту –оны тамақтан соң ағып тұрған судың астына шайып, мерзімді түрде тіс қылтанағымен тазаласа жеткілікті.

Алынбайтын ретейнер арнайы сымнан тұрады, ол тістердің артқы бетіне бұрын брекеттерді бекіткен арнайы желіммен ұстатылады.

Алынбайтын ретейнерге тез үйренеді.

Алынбайтын ретейнер аса ерекше күтімді қажет етпейді. Кәдімгі тіс жібінің орнына брекет киген кезде тістердің араларын тазалауға қолданылған суперфлосты пайдалануды жалғастыра беру керек. Сізге нақты үйлесетін ретейнерді сізді емдеуші ортодонт дәрігер таңдап береді. Ол үшін алдымен зерттелетін нәрселер: тістесудің ауытқуының пішіні, қарқынды емдеу барысы, емдеу кезінде қолданылған аппарат, сіздің ағзаңыздың ерекшеліктері, т.с.с. Алайда бұл таңдау сіз үшін ең лайықты жалғыз шешім болуы тиіс.

Ретейнерді кию уақыты әр адам үшін жекелей анықталып, тістесудің ауытқуының пішіні, қарқынды емдеу үрдісі ықпал етеді. Әдетте ретейнерді кию уақыты брекеттерді киюдің мерзімінің орташа есеппен 1,5-2 мерзімін құрайды, яғни бір жылдан бастап 5-6 жылға дейін.

Сонымен қатар алты айда бір рет аппараттың бүтіндігін тексеріп, ретенция барысын бағалау үшін ортодонт дәрігерге көрініп тұру қажет.

Пародонт – тіспен оны қоршап тұрған тіндер кешені болып, оған қызыл иек, сүйек қабы, альвеолды сүйек, периодонт және тіс түбірі жатады.

Қызыл иек ( gingiva ) – альвеолды өсіндіні жауып тұрады. Ол көп қабатты жалпақ эпителимен жабылған. Қызыл иекті қозғалмалы және қозғалмайтын деп екіге бөлеміз.

Қызыл иектің жабыспаған бөлігін еркін қызыл иек деп, тіс аралығында емізікше, ал мойнында физиологиялық қалта дейіледі. Оның тереңдігі 1,5 мм ге дейін барады.

Сүйек қабығы ( periost ) – альвеолды өсіндімен қызыл иекке тығыз жабысқан және қан тамырлар мен жүйке тамырларға өте бай құрылым. Қан тамырлар Фольцман және Гаверс түтіктері арқылы сүйекке еніп, сүйек қабығын қоректендіреді. Сүйек қабығы жақтардың өсуінде белсенді қызмет атқарады және сүйек тіндерінің жарақаттарының бітісуінде қатысады.

Ұяшық – ( alveola dentis ) – ол тіс түбірінің орны және сүйекке бірігетін жері болып, ішінен қатты қабықпен қапталған. Онда майда тесіктер болады да, ол арқылы периодонтқа тамырлар өтеді.

Периодонт – біріктіруші тін болып, тіс түбірін ұяшыққа біріктіреді.

Жоғарыдаға айтылған құрылымдар қосылып пародонтты түзеді, ал ол шайнау қызметін атқарады.

Периодонт – біріктіруші тіндерден тұрып, периодонт саңылауында орналасқан. Оның қалындығы 0,20 – 0,25 мм, мөлшері мен түрі өзгеріп отырады. Ол не тараяды, не кеңейіп кетеді. Бұл периодонттағы патологиялық жағдайларға байланысты болады.

Периодонттың біріктіруші тіндері – фиброз шоғырлардан тұрады. Ол тіс ұшында көптеп кездеседі де Шарпеев талшықтары дейіледі. Олар Корф талшықтарымен ұласып, тістің қатты тіндерінің қоректенуіне жақсы әсер тигізеді.

Фиброзды шоғырлар қысқа болып, олар өте тығыз және саңылаудың әр бөлігінде түрлі бағытта орналасады. Қызыл иекке жақындағанда олар жоғары бағытталады да, алвеолды өсіндіден шыққан талшықтармен бірігіп тістің дөңгелек сіңірін құрайды. Ал төменірек орналасқан талшықтар, сүйекке жоғарырақ бірігіп, тіске түскен салмаққа қарсы тұрады. Периодонт талшықтарында эластикалық талшықтар өте аз, ол сіңір тәрізді болып, қан тамыр және жүйке талшықтарына салмақ түскеде, оларды қысылып қалудан қорғайды.

Периодонттың жасушалық құрамы. Мұнда фибробластар, гистоциттер, белсенді мезенхима жасушалары, цементобластар, остеобластар, Маляссенің эпителилі жасушалары да кездеседі.

Периодонт – қан және лимфа тамырларына өте бай.

Артериялар негізінде альвеолды өсіндіден шығады, ал тіске келетін қан тамырлардың бір тармағы түбір ұшынан периодонтқа енеді. Сонымен қатар периодонт қан тамырлары қызыл иек қан тамырларымен анастамоз жасайды. Бұл қабыну үрдісінде жұқпаның және улы заттардың жақсы сорылып кетуіне жәрдем береді.

Лимфа тамырлары – ұлпа, сүйек, қызыл иектен шыққан тамырларымен бірігіп, іріленіп екі топқа бөлініп, иек асты және жақ асты лимфа түйіндер тобына құйылады.

Периодонттың жүйке тамырлары -периодонттың жүйке тамырларыда қан тамырларына ұқсап периодонтқа енеді. Олар сезімтал талшықтардан тұрып, периодонтқа түскен салмаққа қарай, физиологиялық мүмкіндіктерден асып кетпеуін қадағалайды.

Оқуты модулі Б9-Функционалдық және аралас әсер ететін аппараттар. Бағыттауыш Катц сауыты, тандай бөлігінде тістеуіш пластинкасы бар Катц сауыты, тістеуіші бар пластинка, Френкель реттегіштер /1,2,3/ , активаторлар мен обтураторлар .

Катц коронкасы бағыттаушыжоғарғы жақтың алдынғы тістерірінің тандай беткейінеқисайған кездежәне төменгі жақтың алдынғы тістердің тіл беткейіне қисайған кезде қолданады. Катц коронкасы бұл : стандартты тотықпайтын болаттан жасалған штампталған коронка. Коронканы гильзадан жасайды, сымнан жасалған қармағын тандай беткейіне тигізіп дәнекерлейді қалындығы 0,8-1,0 мм , үзындығы 40-50 мм, коронканы жылтыратып клиникаға береді, дәрігер припасовка жасайды, сымды домалақтап ілмек жасайды, бір немесе екі тістердің тандай беткейіне тимеу керек. Осы түрде коронканы қайта лабораторияға жібереді, ілмекті нықтап 2-3 кесінді сымдыдарды бір жағымен ілмекке, екінші жағың коронканың танлай беткейіне дәнекерлейді. Кесінді сымдарды ілмекке және коронкаға клейлеп гипстейді, әрі қарай кесінды сымдарды каркаспен және коронкаға дәнекерлейді /точечная сварка/. Коронканы ағарту және жылтырату.

Жеке еттерге, ерінге, ұртқа тіс қатарына, иек өсіндісіне түскен қысымды жоғалту үшін есептелінген, окклюзиялық арақашықтықты дұрыстау, тістерді бірынғай өзгерту аппараты -Френкель қалыптастырушы үш типті болады. Френкель қалыптастырушы конструкциясында тандай, тіл беткей доғасы , ұрт қалқаны және ерін пелоті бар. Френкель қалыптастырушыны дайындау –анатомиялық қалып алғаннан кейін жоғарғы және төменгі жақтан эластикалық материалдан жұмыс және диагностикалық көрініс аламыз

1. көрініс алғаннан кейін тістесудің конструктивтігін анықтаймыз,

2.конструктивті прикусын анықтағаннан кейін көріністі сол қалпында окклюдаторға орнату, 3.көрініске түсіргеннен кейін балауыздан базис дайындау,

4.сымнан элементтерін иеді, қалқаның, жарықшағын пластмассадан дайындау,

5.бөлме температурасында қысым арқылы суда полимеризация жүргізеді,

6. өндеу.

Френкель 1 тип – терең тістемде, дисталды тістемде, тістердің тығыз орналасуы и при перекрестном прикусе қолданады. Екі жанама қалқан, екі жарықша төменгі ерінге, вестибулярды доға, тіл доғасы төменгі жаққа, ит тістерге ілмектер жоғарғы жаққа, танлай доға қапсырма /накладка/ 16,26 тістерге.

Френкель 2 тип – дисталды тістемде, жоғарғы жақтың алдынғы тістері танлайға қисайған кезде қолданады. Екі жанама қалқан, еқі жарықша төменгі ерінге, тіл қалқанынан тұратын аппарат.

Френкель 3 тип – прогения, терең теріс қарай тістемде немесе төменгі жақтың алдынғы тістері терең жабуында жоғарғы жақтың алдынғы тістерді. Екі жанама қалқан, екі жарықша жоғарғы ерінге, төменгі жақтың кіреберіс беткейіне доға, окклюзиялық қапсырма жанама тіске танлай доғасы, жоғарғы жақтың алдынғы тістеріне, ерін жарықшақ және жанама қалқанды қосатын сым.

Андресена-Гойпля активаторы немесе моноблок алмалы-салмалы функционалды әсер етуші, екі жақтылық аппарат. Прогения емдеу үшін қолданады.

Ашық Клампта активатор алмалы-салмалы функционалды әсер етуші, екі жақтылық аппарат. Прогения және прогнатия емдеу үшін қолданады.

.

Оқуты модулі Б1-Ортодонтиялық апараттардың жіктелуі. Ортодонтиялық аппараттардың әсер ету механизмі.

Әсер етуіне байланысты ортодонтиялық аппараттар бөлінеді : механикалық, функционалды, араласәсер етуші. Ортодонтиялық емдеудің жақсы көрсеткішінің нәтижесесін үлғайту үшін ретенционды аппараттар қолданады.

Ретенционды аппараттар алмалы-салмалы және алынбайтын болады. Алмалы-салмалы ретенционды аппараттың құрамы : базисті пластинка, керекті ретенционды бөлшектер. Алынбайтын ретенционды аппараттың құрамы : екі сақинаны бір-біріне дәнекерлеп сымнан тұратын доғасы, қармағы және коронкасы бар.

Механикалық әсер етуші аппаратының конструкциясында активті әсер етуші элементер : резина тартпа, пружина, винт, сым /лигатура/.

Механикалық әсер етуші аппараттар: жылжымалы сым доғасы, резина тартпасы бар, стандартты Энгля доғасы, Каламкаров аппараты, тандай пластинка Коффин серпімдімен, пластинка Калвелис серпімдімен, тандай пластинка кенейтетің бұрандамамен т.б.

Активті әсер етуші элементтер жоқ конструкциясында функционалды әсер етушісі бар аппаратқа жатады.

Функционалды әсер етуші аппараттар : бағыттаушы Катц коронкасы, Шварц тандай пластинкасы қосымша қиғаш аланы бар, екі жақты, ауыз қуысына кіре берісіне орналасқан аппарат, Бынин каппасы, Брюкль аппараты т.б. Андресена- Гойпля активаторы немесе моноблок, ашық Клампт активаторы, Френкел қалыптастырушысының функционалды әсер етуші қызметі жатады

Ортодонтиялық аппарат жақаралық әсер етуші шайнау және мимикалық еттердің тартылу күші арқылы жүргізіледі. Конструктивті тістесу - емдеу арқылы жақтың бір-біріне келтіру.

Аралас әсер етуші аппараттың конструкциясына механикалық әсер етуші элементтер : бұрандамалар, құрылғылар, резина тартпалар, доғалар және ілмектұзақтар кіреді.

Аралас әсер етуші аппараттар: Хургин аппараты - танлай Катц пластинкасына әсер етуші қиғаш аланы және тіс қатарын кенейтетін бұрандамасы бар, Гуляев аппараты – жылжымалы доғадан және қиғаш аланы бар металдан немесе пластмассадан жасалған.

Бекітілілуіне байланысты ортодонтиялық аппараттар :алмалы –салмалы жәнеалынбайтын.

Орналасуына байланысты ортодонтиялық аппараттар : ауыз қуысының ішінде, ауыз қуысының сыртында, аралас, ауыз қуысына кіреберіс беткейінде.

Окуты модулі В1-Балаларда қолданатын ортопедиялық конструкцияларды дайындау техникасы және олардың ерекшеліктері.

Балаларда қолданатын ортопедиялық конструкциялар: салмалар/вкладки/, тіс сауыты, көпір тәрізді, пластиналық протездер. Ортопедиялық конструкциялар қарапайім болады жақтардың және тістердің өсуіне байланысты уақытысымен ауыстырылады.

Салмалар/вкладки/. Балаларда қолданатын ортопедиялықконструкциясында айырмашылығы жоқ, көніл аударатын себебі қандай материалдан жасалғанына: кұмыс-палладий және алтын қоспасынан, пластмассадан, композитты материалдан жасалады. Салмалар сүт тістерге кұмыс-палладий қоспадан және композитты материалдан жасалады.

Штифті тістер. Балаларға қолданатын ортопедиялық конструкцияларға мына себептерге назар аударамыз: жақ сүйектердің толық өсуіне, тістердің толық шығуына. Штифті тістерді балаларға 15 жастан кейін қолданады.

Сауыттар /коронки/ Балаларда колданатын коронкалар егеуленген тіске орнатылады, ал профилактикалық ортодонтиялық аппараттар егеуленбеген тістерге орнатылады. Сауыттар шеті, қызыл иектің шетімен шекаралас болып және ол тығыз тістің мойына орналасады. Сауыттар тотықпайтын болаттан, сирек алтыннан жасалады, керамикалық және металокерамикалық сауыттар 16-18 жастан кейін қолдануға болады.

Консолды және көпір тәрізді протездертіреу элементері окклюзиялық қапсырма. Құлыпты бөлім бір-бірімен бекутілуіне қамтамасыз етеді /по типу ласточкиного хвоста/. Моделировка 2 этапта өтеді, фасетканы коронкаға припасовка жасайды, өндемейды және ағартпайды.

Балаларда қолданатын алмалы-салмалы протездерді кламмерлер болмайды. Ең қарапайым ортодонтиялық аппараттың түрі алмалы-салмалы протез кесілген екі жартыға, ортасында ортодонтиялық бұрандамасы бар.

Наши рекомендации