Антамырларының функционалды классификациясы
Кіші және үлкен шеңбердің барлық қантамырлары құрылысына және қызметіне қарай төменгі топтарға бөлінеді:
1. Эластикалық түрдегі қантамырлары.
2. Бұлшық ет түріндегі қантамырлары.
3. Резистив түріндегі қантамырлары.
4. Алмасу қантамырлары.
5. Сыйымдылық қантамырлары.
Эластик түрдегі қантамырларға аорта, өкпе артериясы және басқа ірі артериялар кіреді. Олардың қабырғаларында көптеген иілгіш талшықтар бар, сондықтан ол өте иілгіш және созылмалы. Орта және майда калибрлі артериялар бұлшықеттік қантамырлар болып табылады. Олардың қабырғаларында тегіс бұлшықеттік талшықтар көп. Бірақ бұлшықеттік қабат бұл қантамырларының саңылауына (просвет), сондықтан гемодинамикаға аз әсер етеді. Резистивтік қантамырларға соңғы жақтағы артериялар және артериолалар жатады. Бұл прекапилляр қантамырлары кіші диаметрлі және қалың тегіс бұлшықеттік қабырғаға ие. Сондықтан олар қанның жүруіне және жүйелік гемодинамикаға ең көп қарсылық көрсетеді. Капиллярлар – алмасыну қантамырлары. Оларда диффузия және су, газ, минералды және азықтық заттардың фильтрациясы жүреді. Сыйымдылық қантамырларына көктамырлар кіреді. Оладың қабырғасы оңай созылады. Сондықтан олар көктамырлық қан жүруді өзгертпей көп мөлшердегі қанды жинай алады. Сол үшін кейбір мүшелердің көктамырлары қан депосының мәнін атқарады. Бұлар бауыр, тері асты қабатының көктамырлық өрімденуі, қарын көктамырлары.
Бұл түрлерден басқа шунтты көктамырлар бар. Олар артериовеноздық анастомозалар. Кейбір шарттарда олар қанның капиллярларға кірмей көктамырларға өтуін қамтамасыз етеді.
3.11. Қан қысымы. Жүрек қарыншаларының жиырылуының және одан қанның шығарылуы нәтижесінде, және қантамырлық арнада қан қысымы пайда болады. Бұл қантамырларының қабырғасына қанның ұрылу күші. Қолқадағы және артериялардағы қысымның көлемі жүрек циклының кезеңіне байланысты. Систола кезінде ол ең жоғары болып систолалық, ал диастола кезінде ең аз болып диастолалық деп аталады.
Систолалық қысым жас және орта жастағы дені сау адамда ірі артерияларда 100-130 мм.рт.ст., ал диастолалық 60-80 мм.рт.ст. құрайды. Систолалық және диастолалық қысым арасындағы айырмашылық пульстік қысым деп аталады. Нормада ол 30-40 мм.рт.ст.
Артериалды қысымды (АҚ) тұра және жанама әдістермен өлшеуге болады. Тұра әдіспен өлшеу үшін артерияға манометрге қосылған ине немесе канюля кірітеді. Датчиктан сигнал электрлі манометрге келеді.
1896 жылы Рива-Роччи систолалық қысымды резиналы манжетте артерияны толық қысу үшін қажет болған қысымның мөлшерімен анықтауды ұсынды. Бұл қысым манометрмен өлшенеді. Қан жүрудің тоқтауы пульстің жоғалуынан анықталады. 1905 жылы Коротков әрі систолалық әрі диастолалық қысымды өлшеу әдісін ұсынды. Манжетте желке артериясында қан жүруі түгел тоқтатылатын қысым жасалды. Кейін ол біртіндеп төмендейді, және бір уақыттың өзінде фонендоскоппен тірсек шұңқырында пайда болған дыбыстар тыңдалады. Манжеттегі қысым систолалықтан біраз төмен болған сәтте қысқа ритмик дыбыстар пайда болады. Оларды Коротков тондары деп атайды. Олар систола кезеңінде деформацияланған манжете қан бөлігінің өтуіне байланысты. Қанның жылжуы турбулентті сипаттамаға ие, сондықтан дыбыстар пайда болады. Қысым төмендеген сайын манжете тондардың интенситвтігі азаяды, оның белгілі көлемінде олар жоғалады. Бұл сәтте манжеттегі қысым диастолалыққа сәйкес келеді.
Артериалдық қысым дене және ақыл-ой жұмысында, эмоциялық реакцияларда көтеріледі. Дене жұмысы кезінде негізінен систолалық қысым көтеріледі. Егер қантамырлары тарайса, систолалық та, диастолалық та қысым көтеріледі. Мұндай жағдай қатты эмоцияларда байқалады.
Артериолаларда, капиллярларда, майда және орта көктамырларда қысым тұрақты. Артериолаларда оның көлемі 40-60 мм.рт.ст., капиллярлардың артериал соңында 20-30 мм.рт.ст., көктамырда 8-12 мм.рт.ст. Көктамырлардағы қысым тікелей әдіспен өлшенеді. Ол флеботонометрия деп аталады.
1 минуттың ішінде жүректен өтетін қан көлемі минуттық көлем деп аталады. Ол бір жиырылу ішінде жүрекпен шығарылатын қанның көлеміне және жиырылу жиілігіне байланысты. Бұл үш өзгерушілік өзара төмендегі теңдеумен байланысты:
Минуттық көлем = жүрек соғу көлемі +жүрек жиыруларының жиілігі.
3.12.Артериалдық және веналық пульс. Артериалды жүрек соғу деп артериалдық қабырғалардың жүрек соғуының толқынының өтуімен байланысты ырғақты тебреністеріне айтылады. Жүрек соғуының толқыны – бұл артериал қысымның систолалық көтерілуі нәтижесінде артерия қабырғаларында таралатын тербеліс.
Артериалдық пульстың зерттеу әдісі пальпаторлық әдіс. Әдетте жүрек соғуы білек артерияда тиісті білек сүйекті басумен байқалады. Оның төмендегі параметрлері бар:
1. Жүрек соғуының жиілігі. Нормада минутына 60-80 рет.
2. Ырғақтылық.
3. Жүрек соғуының жылдамдығы. Жүрек соғуының көтерілуінің жылдамдығы және қысымның төмендеуі.
4. Жүрек соғуының кернеуі. Жүрек соғуын тоқтату үшін қажет болған күшпен анықталады.
5. Толу. Жүрек соғуы толқынының биіктігінен және ішінара жүрек соғуының кернеуінен қралады.
Жүрек соғуының толқынын объективті зерттеу сфигмография көмегімен іске асырылады. Бұл жүрек соғуының графикалық тіркелуі әдісі. Көлемді және тұра сфигмография қолданылады.
Майда және орта диаметрлі көктамырларда қабырғалардың тербелістері болмайды. Ірі көктамырларда тербелістер – веналық пульс тіркеледі. Оны жазу флебография деп аталады. Жиі яремді көктамырлардың флебографиясын өткізеді.
3.13.Қантамырлары тонусының реттелу механизмдері. Қантамырларының тонусы көбінесе жүйелі гемодинамиканың параметрлерін анықтайды және миогенді, гуморалды және нейрогенді механизмдермен реттестіріледі.
Миогенді механизм негізінде қантамырлар қабырғасының тегіс бұлшықеттерінің созылғанда қоздырылу және жиырылу қабілеттілігі жатыр. Нақ тегіс бұлшықеттердің автоматиясы көптеген қантамырларының базальді тонусын құрайды. Гуморальді реттеу қанда немесе ұлпалық сұйықтықта бар болған физиологиялық белсенді заттармен жүзеге асырылады. Оларды төмендегі топтарға бөлуге болады:
1. Метаболик ықпалдар (неорганикалық иондар, метаболизм өнімдері, СО2, водород катиондары, ұлпалық сұйықтықтың осмотикалық қысымы).
2. Гормондар. Адреналин және норадреналин көптеген қантамырларын тарайтады. Вазопрессин көбірек көктамырларды, ал ангиотензин II, ренин – артериялар және артериолаларды тарайтады. Брадикинин, гистамин, простагландиндар Е қантамырларын кеңейтеді, ал серотонин оларды тарайтады. Бүйрек үсті бездерінің АКТГ, тироксин және кортикостероидтары бірте бірте қантамырлардың тонустарын ұлғайтады және қан қысымын көтереді.
Қантамырлық тонусты жүйкелік реттеу тамырларды тарайтатын және тамырларды кеңейтетін жүйкелермен іске асырылады. Симпатикалық жүйкелер қантамырларын тарайтады. Симпатикалық вазоконстрикторлардың орталықтары тұрақты тонус қалпында болады. Соның есебіне олармен жүйкелендірілетін қантамырлары тұрақты тарайған.
Қантамырларын кеңейтетін жүйкелерге төмендегілер жатады:
1. Қантамырларын кеңейтетін парасимпатикалық жүйкелер (барабанды ішек, жақ асты сілекей безінің кеңейтуші қантамырлары және парасимпатикалық жанбас жүйкелері).
2. Симпатикалық холинергикалық вазодилататорлар (симпатикалық жүйкелер, кейбір қаңқалық бұлшықеттердің жүйкелендіруші қантамырлары).
3. Өкпе, бауыр, көк бауырдың қантамырларына баратын симпатикалық жүйкелер.
4. Тері қантамырларының кеңеюі жұлынның арқа түбіршелері тітіркендірілгенде болады.
3.14. Қантамыр қозғалтқыш орталық. Қантамырлары тонусының реттелуінде ОЖЖ барлық деңгейдегі орталықтары қатысады. Симпатикалық спинальды орталықтар төменгілері болып табылады. Олар мидың жоғары орналасқан бөлімдерінің бақылауында болады. Сопақша мида 4-ші қарыншаның түбінде бульбарлы қантамырларын қозғалту орталығы бар. Ол прессорлық және депрессорлық бөлімдерден тұрады. Жүйке импульстары үздіксіз спинальды симпатикалық нейрондарға, ал олардан қантамырларына барады. Соның арқасында қантамырлары тұрақты аз тарайған. Прессорлық бөлімнің тонусы оған тұрақты түрде жүйке импульстарының, негізінен қантамырларының рецепторларынан, қабатында орналасқан дем алу орталығынан және ОЖЖ жоғарғы бөлімдерінен айырықшалықты болмаған сигналдардың баруымен қамтамасыз етіледі. Қантамырларының тонусына, жүрек жұмысына гипоталамустың орталықтары да әсер етеді. Қыртыстың көптеген бөлімдері жүрек-қантамырлар жүйесінің жұмысын реттейді. Ежелгі және ескі қыртыс ерекше маңызға ие. Лимбиялық жүйеде эмоционалды әсерлері қан айналысы жүйесінің әсерлерімен үйлесімділігі болады.