Практикалық сабақтарға арналған сұрақтар
1. Нейрондардың құрылысы және қызметтері, олардың классификациясы. ОЖЖ қызметтерін зерттеу әдістері.
2. Жүйке орталықтарының қасиеттері.
3. Тежеу үрдісінің түрлері және физиологиялық маңызы.
4. Жұлын, сопақша ми, көпір және орта мидың құрылысы және қызметтері.
5. Таламус және гипоталамустың, мидың қыртыс асты ядроларының құрылысы және қызметтері.
6. Ретикуляр формация және лимбиялық жүйенің құрылысы және қызметі Қыртыстың құрылысы. Қыртыста қызметтердің үлестірілуі. Функционалдық асимметрия, жарты шарлардың басымдылығы.
7. Вегетативті жүйке жүйесінің құрылыс ерекшелігі және қызметтері. Симпатикалық, парасимпатикалық, метасимпатикалық бөлімдер.
Жаттығу үшін тапсырмалар.
1. Жүйке жасушасының құрылысын сызыңыз.
2. Жүйке орталықтарының ерекшеліктерін айтыңыз.
3. ОЖЖ тежеу үрдістерінің физиологиялық маңыздылықтарын көрсетіңіз.
4. Адамның жұлын, бас ми схемасын сызыңыз.
5. Бас ми улкен жарты шарларының қыртысында түрлі қызметтердің үлестірілуін жазыңыз.
6. Соматикалық және вегетативтік рефлекстердің қарапайым рефлекторлық доғаларын сызыңыз.
Ан физиологиясы
Бөлімнің мақсаты. Қан жүйесінің қызметін және оны реттеудің механизмдерін үйрену.
Бөлімнің міндеттері. Үйрену:
- плазманың және қанның формалық элементтерін үйрену;
-қан топтары, анықтау әдістерін үйрену, оның қан қуюдағы маңызы;
- қанның уйысуы механизмдері, олардың медицинадағы маңызы;
-қанды зерттеу әдістері, олардың клиника үшін маңызы;
- қанның қызметтік жүйесі, реттестіру қызметі.
Негізгі ұғымдар.
Қан, лимфа, ұлпааралық сұйықтық жоғары жануарларда, әсіресе адамда өзінің параметрлерінің тұрақтылығы гомеостазмен сипатталатын ағзаның ішкі ортасын құрайды, Гомеостаз – ішкі ортаның тұрақтылығы – ағзада зат алмасынуды атқаратын керекті шарт, бірақ өз қатарында зат алмасынуы бұл салыстырмалы тұрақтылықты бұзатын негізгі фактор болып табылады. Гомеостазды қолдау әрбір көрсеткішті қалыпты жағдайға әкелу үшін өзінің қызметтік жүйесін қалыптастыратын өзін-өзі реттеудің арнайы жүйелерімен іске асырылады.
Қан – сұйық қозғалмалы ұлпа. Жасушааралық сұйықтық арқылы барлық мүшелер және ұлпалармен контактта болып, ол бір қатар ағзаның қалыпты өмір сүруі үшін шарттарды қамтамасыз ететін қызметтерді атқарады.
2.1.Қанның қызметі:
1. Тасымалдаушы қызмет. Қан қантамырлары бойынша қозғалып, басқа қызметтерді анықтайтын транспорттық қызмет атқарады.
2. Дем алу қызметі. Бұл қызмет О2 және СО2 біріктіреді және тасиды.
3. Трофикалық қызметі. Қан ағзаның барлық жасушаларын құнарлы заттармен қамтамасыз етеді: глюкоза, аминоқышқылдар, майлар, дәрумендер, минеральды заттар, сумен.
4. Экскреторлық қызмет. Қан ұлпалардан метаболизмнің соңғы өнімі «өмір шлактарын» - несепнәр, несеп қышқылы және шығару мүшелері арқылы басқа заттарды шығарады.
5. Жылу реттеуші қызмет. Энергия жұмсайтын мүшелерді суытып, жылы жоғалтатын мүшелерді жылытып тұрады.
6. Қан гомеостаздың константалар қатары рН тұрақтылығын, осмотикалық қысымды сақтап тұрады.
7. Қан қан және ұлпалар арасындағы су-тұз алмасынуын қамтамасыз етеді. Капиллярлардың артериальды бөлігінде сұйықтық және тұздар ұлпаларға түседі, ал капиллярлардың веноздық бөлігінде қанға қайта оралады.
8. Қорғау қызметі. Қан иммунитеттің маңызды факторы бола отырып қорғау қызметін атқарады. Бұл лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігімен (жасушалық иммунитет) және қанда микробтарды және олардың уларын залалсыздандырушы антителалардың барлығымен анықталады.
9. Гуморальды реттеу. Қан жасушалардан сол жерде пайда болатын физиологиялық белсенді заттарды, гормондарды басқа жасушаларға тасиды,
10. Креаторлық байланыстарды орындау. Плазма және қанның формалық элементтері арқылы тасылатын макромолекулалар ақуыздар синтезінің жасушаішілік үдерістерін реттеуді, қайта қалпына келтіру және ұлпалардың құрылымын сақтауды қамтамасыз ететін мәліметтің жасушаралық тасылуын қамтамасыз етеді.
2.2. Қанның құрамы және мөлшері. Қан плазмадан және формалық элементтерден тұрады. Жасушалар қанның жалпы мөлшерінің 45%, ал плазма – 55% құрайды. Ересек адам ағзасындағы қанның жалпы мөлшері нормада дене массасының 6-8% құрайды (4,5-6 л).
Плазма 90-92% судан және 8-10% құрғақ заттардан (ақуыз, майлар, органикалық қосындылар және минералды тұздардан) тұрады. Қан сарысуы дефибринирланған плазма (сүрет 21).
Сұйықтықтың, қоршаған жасушаның осмотикалық қысымының өзгеруі оларда су алмасынуының бұзылуына алып келеді. Бұл эритроциттер мысалында NaCl гипертониялық ерітіндісінде су жоғалғанын көруге болады.
Гипотониялық ерітіндіде NaCl эритроциттері, керісінше, ісінеді, мөлшері жағынан үлкейіп, жойылуы мүмкін.
Сурет 7. Қан компоненттері.
2.3. Қанның формалық элементтері. Қанда эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер бар.
Эритроциттер – қызыл қан ядросыз жасушалары. Эритроциттер екі жағы ойық диск түріндегі жасушалар. Қанда нормада 3,7-5·1012/л эритроциттер болады. Таулы аймақтарда өмір сүретін халықтардың қан құрамындағы эритроциттері тегістікте тұратын халықтың қанымен салыстырғанда жоғары.
Гемоглобин эритроциттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және қанның дем алу ферменті бола отырып дем алу қызметін қамтамасыз етеді. Гемоглобиннің молекуласын әр қайсысы гем қосқан темір атомымен біріккен 4 суббірліктен және ақуыз бөлігі –глобиннан тұрады. Гем кислородпен жеңіл қосылатын және оны жеңіл беретін 2 валенттік темір атомынан тұрады. Мұнда темірдің валенттілігі өзгермейді. Гемоглобиннің өкпе капиллярларыда кислородпен қосылуы оксигемоглобин (НbО2) деп аталады. Ұлпа капиллярларында кислородты берген гемоглобин дезоксигемоглобин немесе қайтарылған (Нb) деп аталады. Ұлпалардан қанға түсетін көмір қышқыл газы жеңіл диссоцияланатын құрам – карбгемоглобинны (HbCO2) жасайды. Дені сау адамдардың қанында орташа 145 г/л гемоглобин болады (130-160 г/л).
ЭТЖ – эритроциттердің тұну жылдамдығы. Салыстырмалы салмақ эритроциттерде плазмаға қарағанда жоғары. Сондықтан капиллярда немесе қаны бар пробиркада оның уйысуына қарсы болатын заттар болса, эритроциттер төмен түседі. Қан үстінде ашық түсті плазма бағанасы пайда болады. Бұл құбылыс эритроциттердің отыру реакциясы деп аталады. Нормада ол 3-12 мм/с құрайды. ЭОЖ көтерілуі қабыну ауруларында, жүкті әйелдерде болады.
Эритроциттердің қызметі:
1. Кислородты өкпеден ұлпаларға тасымалдайды;
2. СО2 ұлпалардан өкпеге тасымалдауда қатысады;
3. Ұлпалардан өкпеге суды тасымалдау, ол жерден бу түрінде шығады;
4. Қанның ұйысуында ұйысудың эритроциттік ықпалдарын шығара отырып қатысады;
5. Өз үстінде аминоқышқылдарды тасымалдайды;
6. Қанның тұтқырлығын қамтамасыз етеді.
Гемолиз – эритроциттер мембранасының бұзылуы және гемоглобинның плазмаға шығуы. Нәтижесінде қан түссіз болып қалады.
Гемолиз төменгідей түрлерге бөлінеді:
1. Эндогенді, ағзада болады;
2. Экзогенді, ағзаның сыртында болады;
3. Физиологиялық. Ол эритроциттердің ескі және патологиялық түрлерін жоюды қамтамасыз етеді.
4. Химиялық. Эритроцитке мембрананың липидтерін ерітетін заттар әсер еткен жағдайда болады. Бұлар спиртер, эфир, хлороформ, сілті қышқылы және т.б.;
5. Температуралық (төменгі температураларда);
6. Биологиялық. Биологиялық факторлар әсер еткенде болады (бактериялардың, құмырсқалардың, жыландардың гемолитикалық улары).
7. Осмотикалық. Эритроциттер осмотикалық қысым қандан төмен ортаға түссе пайда болады. Су эритроциттерге кіреді, олар ісініп жарылады.
Лейкоциттер немесе ақ қанды денелер ағзаны микробтардан, вирустардан, кез келген жат заттардан қорғауда маңызды рөл атқарады, иммунитетті қамтамасыз етеді. Нормада 6-8·109/л лейкоцит болуы керек.
Лейкоциттер 2 топқа бөлінеді: гранулоциттер (түйіршікті) и агранулоциттер (түйіршіксіз). Гранулоциттер тобына нейтрофилдер, эозинофилдер және базофилдер кіреді, ал агранулоциттер тобына – лимфоциттер және моноциттер кіреді. Лимфоциттер ағзаның иммундық жүйесінің орталық бөлігі болып табылады. Олар қорғау антителаларының синтезін, жат жасушалардың лизисін атқарып, трансплантаттың қабылдамауын, иммундық ес, өз мутант жасушаларына және басқаларға реакциясын қамтамасыз етеді. лейкоциттердің түрлі формаларының пайыздық құрамы лейкоцитар формула деп аталады. Ол төмендегі түрлерге ие:
Гранулоциттер | Агранулоциттер | |||||
Базофилдер | Эозинофилдер | Нейтрофилдер | Моноциттер | Лимфоциттер | ||
жас | таяқша ядролық | сегментті ядролық | ||||
0-1 | 1-5 | - | 1-5 | 47-72 | 2-10 | 20-40 |
Тромбоциттер диск пішінді түрге ие. Тромбоциттерде ядро жоқ, бірақ органеллалардың күрделі жүйесіне ие (гранулалар, микротүтікшелер, микрофиламенттер, митохондриялар). Тромбоциттердің сыртқы мембранасы рецепторларға ие. Оларды белсендіргенде адгезия, яғни тромбициттердің қантамырларының эндотелиясына жабысуы, және агрегация пайда болады (бір бірімен жабысу). Нормада тромбоциттер 180-320·109/л болуы керек. Тромбоциттердің қан құрамында азаюы көптеген тері және ұлпаларға қан құюылуларға себеп болады.
2.4. Қан реакциясы және оның тұрақтылығын сақтау. Қан әлсіз сілтілі ие (артериал қанның рН – 7,4; веналық қанның рН – 7,35). Метаболизм үрдісінде қанға үздіксіз көмір қышқылы, сүт қышқылы және басқа алмасыну өнімдері түсіп тұрады. Бірақ қанның рН тұрақты сақталады. Бұл қанның буферлік қасиеттерімен және шығару мүшелерінің жұмысымен түсіндіріледі.
Қанның буферллік қасиеттері:
1) гемоглобинның буферлік жүйесі. Бұл жүйе қалпына келтірілген гемоглобиннан (ННb) және оның калий тұзыдан (КНb) тұрады. Буферлік қасиеттер ННb Н2СО3 қарағанда әлсіздеу қышқыл бола отырып, оған К+ ионын береді, ал өзі ион Н+ біріктіріп өте әлсіз диссоцияланатын қышқылға айналады. Ұлпаларда қанның гемоглобин жүйесі сілті қызметін атқарады;
2) карбонаттық буферлік жүйе (Н2СО3+NaHСО3). Қанға көмір қышқылынан күштілеу қышқыл түссе әлсіз диссоцияланатын және жеңіл еритін Н2СО3 пайда болуымен иондар Na+ алмасынуы реакциясы болады. Қанға сілті түскен жағдайда ол бикарбонат NaНСО3 және суды құрастырып көмір қышқылымен әрекеттеседі.
3) фосфатті буферлік жүйе (NaН2РО4 и NaНРО4). Бірінші қоспа әлсіз диссоцияланады және әлсіз қышқыл сияқты ұстайды. Екінші қоспа сілтілік қасиеттерге ие;
4) ақуыздардың және плазманың буферлік жүйесі. Плазманың ақуыздары өзінің амфотерлық қасиеттерінің арқасында буферлік жүйенің рөлін атқарады. Қышқыл ортада ол қышқылдарды біріктіре отырып өзін сілтілер сияқты ұстайды. Сілтілі ортада ақуыздар қышқылдар сияқты әрекеттеседі. рН қышқыл тарапқа жылжуы ацидоз, сілті жаққа жылжуы алкалоз деп аталады.
2.5. Қан топтары.Қан құюда оның қай топқа жататындығы және резус-фактор есепке алынады.
Эритроциттерде агглютиногендердің, ал қанның плазмасында агглютининдердің болуына қарай төрт топқа бөлінеді. Адамдарда АВО жүйесінің агглютиногендер және агглютининдердің 4 комбинациясы бар. Олар төмендегідей белгіленеді:
1 топ – I (О)ab,
2 топ – II (А)b,
3 топ – III (В)a,
4 топ – IV (АВ)0.
Бұл белгілерден І топ адамдарының эритроциттерінде АВ агглютиногендері жоқтығын, ал плазмада екеуі де агглютинин екендігін білуге болады. IІ топ адамдардың эритроциттерінде А агглютиноген, ал плазма – агглютинин b- ға ие. III топқа эритроцитте агглютиноген В, плазмада агглютинин а болған адамдар жатады. IV топ адамдарының қаны эритроцитте екі агглютиногеннің барлығы және плазмада агглютининдердің жоқтығымен сипатталады (2 кесте).
Кесте 2. Негізгі қандар тобының құрамы (АВО жүйесі)
Адамға бір топтан болмаған қан құйылу нәтижесінде эритроциттердің агглютинациясы (жабысуы) дамиды – гемотрансфузиялық шок.
2.6. Резус-фактор. Адамдардың 85 % эритроциттер ерекше агглютиногенге ие болып, ол резус-фактор (Rh) деп аталады. Бұл адамдардың қаны резус-оң (Rh+). Басқалардың резус-факторы жоқ, олардың қаны резус-теріс(Rh-) деп айтылады. Егер резус-оң қанды адамдарың қаны резус-теріс адамдар ағзасыға құйылса соңғыларында резус-агглютининдер пайда болады. Ондай қан екінші рет құйылғанда донор эритроциттерінің агглютинациясы дамиды. Резус-фактор акушерлікте үлкен маңызға ие, ресус-теріс қанды аннаның құрсағындағы нәрестенің резус-факторы Rh- болса. Жүктіліктің соңғы кезеңдерінде ананың резус факторының қорғағыш денелері (антитела) жолдастан өтіп нәрестенің эритроциттерін жоюы мүмкін. Әдетте ондай нәрестелер мерзіміне жетпей туылып анемия, сары аурумен науқастанады.
2.7. Қанның ұюы. Қанның бұл қасиеті ағзаны көп қан жоғалтуынан қорғайды. Гемостаз екі жолмен жасалуы мүмкін.
Майда қантамырлары зақымданған жағдайда алғашқы немесе қантамырлық-тромбоцитар гемостаз болады. Тромбоциттерден қан тамырларын тарайтатын АДФ, адреналин және серотонин бөлініп, жарақат шеттеріне тромбоциттердің адгезиясы басталады. Кейін АДФ тромбоциттердің агрегациясын бастайды. Тромбоцитарлық тромб пайда болады. Алғашқы гемостаздың есебіне қан кету 1-3 минут ішінде тоқтайды.
Екінші гемостаз немесе гемокоагуляция (образования желеобразного сгустка – тромб) ақұыз плазмасында еріген фибриногеннің ерімейтін фибринға айналуының нәтижесінде болады. Фибриннің пайда болуы қан ұйысуының бір қатар ықпалдарының қатысуымен жүзеге асырылады (прокоагулянттар):
I – фибриноген,
II –протромбин,
III –тромбопластин,
IV – кальций иондары,
V – проакцелерин,
VI – ықпал сыныптамадан алынған,
VII – проконвертин,
VIII – антигемофильді глобулин А,
IX – антигемофильді глобулин В,
X – Cтюapт-Прауэр ықпалы,
XI – Розенталь ықпалы,
XII – Хагеман ықпалы,
XIII – фибринстабилизиялаушы ықпал.
Үрдіс үш кезеңнен тұрады:
I. IV, V, VII және X плазмалық прокоагулянттардың қатысуымен белсенді протромбиназаның жасалуы. Кезең ұзақтығы 10 минутқа дейін.
П. Протромбинның протромбиназаның және IV ықпалдың қатысуымен тромбинға өтуі. Осы кезеңде тромбинның әсерінен тромбоциттердің кері қайтпайтын агрегациясы басталады.
III. Тромбинның, IV және ХШ ықпалдардың әсерінен фибриннің жасалуы. Қанның формалық элементтері тұрып қалатын фибриннің мықты торлары жасалады. Қанды тромб жасалады. Тромбоциттердің ықпалы тромбостениннің әсерінен фибриннің жіптері қысқарады. Ретракция (тромбтың тығыздануы) пайда болады. Бір уақыттың өзінде фибриннің жіптері оның жазылуына көмектесетін жараның шеттерін тартады. қантамырларының қабырғалары жазылғаннан кейін тромбқа қажеттілік жоғалады. Оның жойылу үрдісі фибринолиз басталады. Ол ферменттік фибринолитикалық жүйемен жүзеге асырылады.
Организме, қан ұюынан басқа қанның ұюына қарсы тұратын жүйе кездеседі (гепарин, фибринолизин және басқа да заттар), осы жүйенің арқасында қалыпты жағдайда қантамырларда қанның ұюы кездеспейді.
2.8.Қан түзілуі. Қан жасалу – қанның формалық элементтерінің пайда болу және даму үрдісі. Қан жасалу эритропоэз (эритроциттер жасалуы), лейкопоэз (лейкоциттер жасалуы) және тромбоцитопоэз (қан пластинкаларының жасалуы) болып үшке бөлінеді. Қан жасау мүшелері жүйке жүйесімен екі жақты байланысқа ие: олар ОЖЖ сигналдар қабылдап, өз кезегінде өздерінің және ағзаның тұтас жағдайын өзгертетін рефлекстердің қайнар көзі болып табылады. Әсіресе қан жасалуға өзінің жұмысын гипофиз және вегетативтік орталықтар арқылы орындайтын гипоталамус айтарлықтай әсер етеді.
Эритропоэтиндер эритропоэздің өзіндік реттеуіштері болып табылады. Олар бауырда, көкбауырда, ең бастысы бүйректерде жасалады. Лейкоциттердің өнімі қанда ақ қан денелерінің тез жойылуымен олардың саны көбейетін лейкопоэтиндермен реттеледі. Лейкопоэтиндер ішінде нейтро-, базофило-, эозинофило-, моноцито- және лимфоцитопоэтиндер бар.
Тромбоциттердің өнімі қысқа және ұзақ мерзімді әсер ететін тромбоцитопоэтиндермен реттестіріледі.
Сонымен, гемопоэзді реттеу ағзадағы қан құрамының тұрақтылығын сақтайтын нейроэндокриндік әсерлердің және гемопоэтинді ықпалдардың күрделі әрекеттесуімен қамтамасыз етіледі.