№ | Ереже | Мысал |
| Оқшауланған айқындауыштың екі жағынанда үтірқойылады. | Мұнда,Алматы облысында, ауа райы салқын. |
| Оңашаланған айқындауштың екі жағынан немесе зі анықтайтын мүшесімен екі араға сызықша қойылады. | 1928 жылы Қазақстандағы тұңғыш оқу орны – ҚазПИ ашылды. |
| Оңашаланған айқындауш бірыңғай мүше болып келсе, екі жағынан сызықшақойылады | Құнанбайдың қасындағылар – Байсал, Қаратай, Сүйіндіктер -осы сөзге тоқтасты. |
| Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен қос сөз сияқты дефис арқылы бөлінеді | жер-ана, әйел-ана, телефон-автомат, инженер-механик, пәтер-мұражай, ақын-сазгер, |
ОҚШАУ СӨЗ сөйлемнің құрамында тұрса да, басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін мүше. |
Қаратпа сөз | Қыстырма сөз | Одағай сөз |
Тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер | Сөйлеушінің ойға қатысты көзқарасын білдіретін сөз | Сөйлеушінің түрлі көңіл – күйін білдіретін сөз |
Самат, ертең сынақ болады. Енді кезек сенде, қарағым. | Меніңше, сенің айтқаның дұрыс. Бұларды, әрине, жасау керек | Қап, оны кешке сұрау керек еді. |
Тыныс белгілері |
Оқшау сөз сөйлемнің басындакелсе, одан кейінүтірқойылады. |
Оқшау сөз сөйлемнің ортасындакелсе, екі жағынан үтірқойылады. |
Оқшау сөз сөйлемнің соңындакелсе, алдынан үтірқойылады. |
Оқшау сөз сөйлем басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісіқойылады.(одағай) |
Оқшау сөз көтеріңкі дауыс ырғағыменайтылған қаратпа сөз сөйлем соңындакелсе, одан кейін леп белгісіқойылады. |
Қыстырма сөздердің мағыналық түрлері |
№ | Ереже | Мысал |
| Қуаншыты, ренішті білдіреді | Бағымызғ ақарай, амал қанша, абырой бергенде, өкінішке орай |
| Сенуді, мақұлдауды, мойындауды білдіреді | Сөз жоқ, бәсе, рас, әрине, шынында, дұрысында, негізінде, асылында, шыны керек, әлбетте |
| Ойдың кіммен, қайдан екенін көрсетеді | Меніңше, сіздіңше, оның пікірінше, оның айтуына қарағанда, оның жортуы бойынша |
| Шамамен ғана я сенер-сенбестікпен айтылғанын білдіреді | Сірә, мүмкін, тегі, кім біледі байқаймын, бәлкім |
| Бір ойдың алдыңғы жақта айтылған оймен байланысын қорыту ретінде айтылады | Олай болса, демек, сөйтіп, сонымен, қысқасы, айтпақшы |
| Ой тәртібін білдіреді | Біріншіден, екіншіден, бір жағынан, әуелі, ақырында |
ТӨЛ СӨЗ | АВТОР СӨЗІ | ТӨЛЕУ СӨЗІ |
Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін дәл сол күйінде, ешбір өзгеріссіз беруі | Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі | Жазушының (сөйлеушінің) біреудің сөзінің мазмұнын сақтап, бірақ өз сөзімен өзгертіп берген сөздерікөркем шығармада кейіпкердің сөзін айтылған қалпын сақтамай, тек мағынасын ғана жеткізетін сөздер. |
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың жолдары:
№ | Ереже | Мысал |
| Төл сөзде белгілі бір жақтатұрған сөз төлеу сөзде автор тарапынан басқа бір жақтатұрып айтылады. | – Қиындықтан қалай шығудың жолын мен білмеймін, – деді анасы. Анасы қиындықтан қалай шығудың жолын білмейтіндігін айтты. |
| Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынанболса, төлеу сөзде ол сәйкес шақтағыесімшегеайналып, оған -дық, /-дікжұрнағы, тәуелдікжалғауы және табыссептігі жалғанады да, толықтауышболады. | «Мен судан қорқамын»,-деді Али. Али өзінің судан қорқатындығын айтты. |
| Төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болса, төлеу сөзде ол тұйық етістіккеайналып, оған табысне барыссептік жалғауы немесе туралы, жөнінде, жайындашылауларының бірі қосылып айтылады. | Әркім әр түрлі сөз айтып даурығып жатқанда, Сырбай: – Тоқтатыңдар! – деп ақырды. Әркім әр түрлі сөзді айтып даурығып жатқанда, Сырбай тоқтатуын ақырып бұйырды. |
| Төл сөздің баяндауышы есім сөздерденне тұйық етістіктенболса, төлеу сөзде ол сөзге тіркес екеніндеген көмекші етістікайтылады. Төл сөздің бастауышытөлеу сөзде ілік септік жалғаулы анықтауышқаайналады. | – Қазақтың мұң-мұқтажына алтын діңгек болған сенбісің? – деді басын көтеріп. – Қайдан жүрсің? Қазақтың мұң-мұқтажының алтын діңгегі екенін айта келіп, басын көтерген қалыппен қайдан жүргенін сұрады. |
| Төл сөз сұраулы сөйлемболып, оның құрамында сұрау есімдігіболса,-төлеу сөзде сол күйінде сақталады. Егер сұраулы сөйлем -ма/месұраулық шылауы арқылы жасалса, төлеу сөзде шылаумен айтылған сөз болымды-болымсызтүрде не антонимтүрінде қосарланып айтылады. | – Баламды сізге бірер сағатқа қалдыруыма бола ма? – деп сұрады Айман көршісінен. Айман көршісінен баласын бірер сағатқа қалдыруға болатынын-болмайтынын сұрады. |
| Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда автор сөзіндегі деетістігінің орнына айт, сұра, ойла, бұйыр, талап ет, ескертдеген сияқты айту, ойлаумәнді етістіктерініңбірі айтылады. | – Сенімен сырымды бөлісейін деп келдім, – деді Гүлнұр. Гүлнұр оған сырымен бөліскелі келгенін айтты. |
Наши рекомендации