Ылық штангалы сорап қондырғыларының гидравликалық және пневматикалық жетектері
Ұңғылық штангалы сораптық қондырғының гидрожетегі (4.4-сурет) атқарушы механизмнің жұмыс режимін реттейтін мүшелерге жұмыстық сұйықты беретін, яғни реттеуіш дроссель (4) және жіберуші клапан (7), содан кейін сұйық ағынын реттейтін золотник (6) және атқарушы механизмге (5) сұйық ағынын беретін күштік сорабы бар (1), (2) қозғалтқыштан құралған.
Атқарушы механизм қайтымды-ілгерілмелі немесе айналатын қозғалыстар жасай алады (4.4-сурет). Қайтымды-ілгерілмелі қозғалыс кезінде жұмыстық сұйық кезекті түрде поршеннің бір немесе екінші жағына, яғни атқаратын механизм цилиндрінің қуысына немесе уақыт сайын цилиндрдің бір қуысына беріледі. Одан кейін сұйық атқарылатын механизмнен золотник арқылы ыдысқа (9) барады да, одан ол қайтадан сораппен алынады. Ыдыс нығызданбаған болуы мүмкін, ол кезде сораптың қабылдау жағында атмосфералық қысым ұсталынып тұрады. Ал нығыздалған ыдыста (10) жоғары қысым ұсталынып тұрады, сондықтан оны қолдану нәтижесінде сораптың жұмыс циклін орындау – поршеннің бір жақтан екінші жаққа қарай жүріс құруын жеңілдетеді. Ыдыстар негізінде сүзгіштермен, металды өнімдерден тұратын жаңқаларды ұстап қалатын магнитті ұстағыштармен жабдықталған. Сұлбада қауіпті жоғарылатылған қысым кезінде жіберу каналын ыдыспен (9) біріктіретін сақтандырушы клапан (8) қарастырылған. Гидрожетекте, сонымен бірге сүзгіш (3) қарастырылған.
4.4-сурет. Сораптық қондырғының гидрожетегі
Золотникті (6) басқару қолмен және автоматты түрде іске асады. Автоматты басқару кезінде золотниктің жетегі механикалық датчиктардан келетін белгілермен басқарылады, олар жүйенің құбырларына қосылған. Гидрожетектегі сорап, әдетте аксиалды-поршеньді болады және жетекте жұмыстық сұйық ретінде майды қолданады. Атқарушы механизмнің жұмыс режимін реттеу 4.4-суретте келтірілген гидрожетек сұлбасы бойынша келесі түрде атқарылады: реттеуші дроссельдің (4) өту қимасын төмендете отырып, оның өзінде және сораппен дроссель арасында орналасқан құбырда ағынның кедергісін жоғарылатады. Қысымды жоғарылатқан кезде өткізгіш клапан (7) шамалы ашылады және сораппен (2) берілетін сұйықтың бір бөлігін ыдысқа (9) жібереді. Нәтижесінде атқарушы механизмге сұйықтың келуі төмендейді де, оның поршенінің қозғалуының жылдамдығы азаяды. Дроссельді аша отырып және онда кедергіні азайту арқылы, поршеннің (5) қозғалысын жылдамдатуға болады. Атқарушы механизмге түсірілетін жүктемені өзгерткен кезде сораптың шығар жеріндегі қысым автоматты түрде өзгереді және өткізгіш клапанның соған сәйкес реттеуі кезінде оның жұмыс режимі сақталады немесе өзгереді.
Гидро- және пневможетекті қондырғылардың штангалы сораптарының қоңдырғысында штангаларды қозғалысқа келтіретін негізгі түйіндердің сұлбалары бірдей болады. Штангалар шток арқылы цилиндрде орналасқан поршеньмен біріктіріледі. Шток поршеньге сальник арқылы өтеді. Поршеньге жоғарғы қысымды сұйықты немесе газды берген кезде, ол штангалардың қозғалысын жоғары бағытқа қарай көтерілуін іске асырады. Штанагалар төмен қарай механикалық жетекке ұқсас ауырлық күштері салмағының көмегімен қозғалады.
Кейбір шетел фирмаларында пневможетек сораптың ілгегінің тереңдігі аз ұңғыларда және өнімділігі шамалы ұңғымаларда қолданылады. Қазіргі кезде гидрожетектер кең қолданыс тауып отыр.
4.5-сурет. Гидротербеліс сұлбалары:
а) «Викерс» фирмасы шығарған қондырғылардың сүлбесі; б) Ресейде игерілген қондырғы сұлбасы.
Жетекті цилиндр (3) поршеньмен бірге ұңғыманың фланціне бекітіледі. Поршеньге жылтыратылған шток (2) жалғанған және ол сальник (7) арқылы өтеді. Қоңдырғыда гидрожетек жүйесі А бар, ол сұйықты кезекті түрде цилиндрдің жұмыстық қуысына және теңгеруші аккумуляторға (5) береді. Аккумулятор гидрожетектегі жүктеменің теңгеруін құруға және электрқозғалтқыштың тұтынатын қуатын азайтуға мүмкіншілік береді.
Бұл қондырғының құрылымында барлық жабдықтар басқару жүйесі мен жұмыстық сұйығы бар бакты қосқанда ұңғының шегендеуші тізбегінің фланеціне бекітілетін етіп орындалған.