Гидравликалық машиналар
Гидравликалық машиналар дегеніміз электрқозғалтқыштың механикалық энергиясын тасымалданатын сұйықтың ағын энергиясына айналдырып, қысымын көбейтеді немесе қозғалыстағы сұйық тегеурін энергиясын механикалық энергияға айналдыратын (гидравликалық құбырлар) машиналар. Гидравликалық жетек дегеніміз сораптан және сәйкес реттегіш және таратқыш аппаратурасы бар гидроқозғалтқыштан тұратын гидравликалық жүйе және жұмысшы сұйық көмегімен беріліс беруді қамтамасыз етеді.
Сұйық қоспаларды кәсіпорын ішінде аппараттар мен қондырғылар арасында және кәсіпорыннан тыс басқа жақтарға тасымалдауға арналған гидравликалық машиналар сораптар деп аталады.
Гидрожетектер
Механикалық энергияны беру үшін және сұйықтын көмегімен қозғалыстын түрін өзгертуге арналған құрал жабдықтар жиынтығы – гидрожетекдеп аталады.
Көлемдік гидрожетек құрамына энергия көзі, көлемдік гидроқозғалтқыш (атқарушы механизм), гидрожетек элементтері - гидроаппаратура (басқару аспаптары) және көмекші құралдар (кондиционерлер) кіреді.
Көлемдік гидрожетектер энергия көзі түріне байланысты үш типке бөлінеді:
1) Насостық гидрожетек – жұмысшы сұйық гидроқозғалтқышқа көлемдік насоспен беріледі.
Насостық гидрожетек машина жасау саласында кенінен қолданылады. Жұмысшы сұйықтын таралу өзгешілігіне байланысты гидрожетектер тұйық ағынды және алшақ ағынды болады.
Тұйық ағынды гидрожетектерде жұмысшы сұйық гидроқозғалтқыштан насостың сору гидролиниясына барады.
Алшақ ағынды гидрожетектерде жұмысшы сұйық гидроқозғалтқыштан гидробакқа барады.
Насостық гидрожетектерде насостын қозғалтқышы ретінде электрқозғалтқыштар, турбиналар, дизельдар, карбюраторлы қозғалтқыштар пайдалану мүмкін.
2) Аккамуляторлық гидрожетек – жұмысшы сұйық гидроқозғалтқышқа алдын ала зарядталған гидроаккамулятордан беріледі.
Аккамуляторлық гидрожетектер жұмыс циклі кысқа уақытты болған жүйелерде қолданады.
3)Магистральды гидрожетек – жұмысшы сұйық гидроқозғалтқышқа гидромагистральдан беріледі.
Бір неше гидрожетекті бірден қаматамасыз ететін жұмысшы сұйық ағыны гидромагистральдарда насостық станциямен жасалады (орталық қамту жүйесі).
Шығатын түйіннің қозғалыс өзгешілігіне байланысты көлемдік гирожетектер келесі түрлерге бөлінеді:
а) ілгерлімелі қозғалысты – гидроқозғалтқыштын шығатын түйіні ілгері қозғалады;
б) бұрылысты қозғалысты – гидроқозғалтқыштын шығатын түйіні бұрылысты қозғалыс жасайды. Бұрылатын бұрыштын шамасы 360° кем.
в) айналмалы қозғалысты – гидроқозғалтқыштын шығатын түйіні айналмалы қозғалыс жасайды.
Егер көлемдік гидрожетекте гидроқозғалтқыштын шығатын түйіннің жылдамдығын өзгертетің құрал жабдықтар болмаса онда гидрожетек басқаруысыз деп аталады.
Егер көлемдік гидрожетекте гидроқозғалтқыштын шығатын түйіннің жылдамдығы берілген заңдылықпен өгерсе онда гидрожетек басқармалы болады.
Жылдамдықты реттеу тәсілі бойынша гидрожетектер екі түрлі болады:
1) дроссельдік басқарулуымен – жылдамдықтын реттелуі сұйық ағынның дроссельденуі жолы арқылы жүреді және ағынның бір бөлігі гидроқозғалтқыштан тыс өткізу арқылы.;
2) машиналық басқарулуымен – жылдамдықтын реттелуі насостын немесе гидроқозғалтқыштын жұмысшы көлемінің өзгеру арқылы болады немесе екі гидромашинаның жұмысшы көлемдерінің бір уақытта өзгеру нәтижесінде.
Жылдамдықтын реттелуі қолмен де жүргізілуі мүмкін – онда гидрожетек қолмен басқарылатын болады, автоматика арқылы – гидрожетек автоматикамен басқарылатын болады, берілген программа бойынша – программалық бақарылу гидрожетек болады.
Егер гидрожетекте шығатын түйінің жылдамдығы өзгермейтін болса – онда гидрожетек стабильды деп аталады.
Басқармалы гидрожетектер кәзіргі кезде станок жетегі ретінде, жол жасау және құрылыс машиналарда, пресстерде, транспортта, ауыл шруашылық машиналарда кенінен қолданады.
Гидрожетекте әдеттегідей:
Ø сору линиясы – жұмысшы сұйықты гидробактан насосқа береді;
Ø айдау линиясы – жұмысшы сұйықты насостан гидроқозғалтқышқа береді;
Ø төгу линиясы – жұмысшы сұйықты гидроқозғалтқыштан гидробакқа береді;
Ø басқару линиясы – жұмысшы сұйықты басқару және реттеу құрылғыларға береді;
Ø дренажды линия – санлаудардан ағып шығындалған жұмысшы сұйықты жинақтап гидробакқа береді.
Орытынды
Гидравлика тұтқырлығы аз, сығылмайтын сұйықтықтарды зерттейді. Қысымы мен тығыздығы тұрақты газдарға да гидравликаның негізгі зандарын қолдануға болады.
Сұйықтықтың тепе-теңдік заңдылықтарын зерттейтін гидравлика саласы гидростатика және олардың қозғалыс заңдылықтарын зерттейтін саласы гидродинамика деп аталады.
Гидростатика ыдыс қабырғасына, құбырға, бөгетке, көпір тіреулеріне т.б. сұйықтыққа батырылған денеге әсер ететін сұйықтық қысымын зерттеу және денелердің жүзу шарттарын қарастырумен шұғылданады.
Сүйықтықтың қозғалысын зерттеуде гидравлика гидродинамиканың Д. Бернулли есімімен аталатын және үздіксіздік тендеулеріне сүйенеді.Гидравлика сұйықтықтар қозғалысы кезінде туатын гидравликалық кедергілерді мұқият талдай отырып, сұйықтық (мұнай, газ,жанармай және т.б.) ағатын құбырлардың мөлшерін (көлденең қимасын), олардан өтетін сұйықтық шамасын анықтау мәселелерімен де айналысады. Сонымен қатар гидравлика ашық арналардағы (канал, өзен жоне т.б.) су ағысының жылдамдығын, су өтімін зерттейді.
Гидравликаның негізгі зандары гидротехника, мелиорация, жылумен және газбен жабдықтау, канализация,гидроэнергетика, су көлігі салаларында пайдаланылады. Сұйықтық пен газдарды тасымалдау және оларды әр түрлі мақсаттарға пайдалануға гидравликаның іс жүзінде маңызы зор.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Гидравлика, гидравлические машины и гидроприводы /Т.М. Башта, С.С. Руднев, Б.Б. Некрасов и др./ – М.: Машинажасау, 1982. – 423 б. –118 – 136 бет;
Шлипченко З.С. Насосы, компрессоры и вентиляторы. – Киев: Техника, 1976. – 368 б. –105 – 127 бет;
Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие по гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск: Жоғары мектеп, 1976. – 416 б.– 122 – 146 бет.