Ндірістік жағдайларды жарықтандыру Өндірістік шу және діріл

Өндірістік жарық

Жарық адам организмін айналадағы ортамен тығыз байланыстырады. Адам миына сыртқы дүние туралы хабарлардың 90% оның көздері арқылы келеді.

Жарық көз арқылы нерв жүйесіне әсер етіп, оның барлық организмге ықпалын тигізеді. Жұмыс орындарында қолайлы жасалған жарық еңбек ету жағдайын жақсартады, адамның тыныс алысын ұлғайтады, организмде заттардың алмасу процесін жақсартады, көз талуын азайтады, айналадағы заттардың және істелетін бұйымдардың көрінісі жақсарады, еңбек өнімділігі мен сапасын арттырады. Жарық барлық организмнің әрекетін күшейтеді, ал қараңғылық оны төмендетеді. Адамның көңіл-күйі және белсенділігі көтеріңкі болу жұмыс орындарының жарықтылығына байланысты болады.

Жұмыс орындарында жарық аз болған жағдайда көздің көргіштігі (жітілігі) кемиді, соқырлық пайда болады, көз талып бас ауырады, адамның жұмыс істеу қабілеті төмендейді, айналадағы заттардың көрінісі нашарлайды. Екінші жағынан көз шағылысып ауырады, көзді сығырайтып жұмуға мәжбүр етеді, ақырында сәтсіз оқиғаға әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен, жұмыс орындарында жағымсыз жарық өндіріс жарақаттануының басты себептерінің бірі болып есептеледі. Сонымен қатар сәтсіз оқиғалар және апаттар мен қондырғылардың ақаулығынан пайда болады. Сол себепті өндірісте жұмыс орындарына қолайлы жарықтылықты ұйымдастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек.

Дұрыс жобаланып, қолайлы орнатылған өндіріс жарығының мақсаты мынада: жұмыста көру жағдайын жақсарту, көз талуын болдырмау, еңбектің өнімділігі мен сапасын арттыру, адамдарға жағымды, психологиялық әсерін тигізу, еңбек қауіпсіздігін жоғарылатып, өндіріс жарақаттануын төмендету.

Сонымен, өндірісте ұтымды (қолайлы) орнатылған жарық жарақаттанумен күресу маңызды фактор болып есептеліп, оған зор техникалық-экономикалық және гигиеналық талаптар қойылады.

Адам көздері қабылдайтын электромагниттік сәулелерді көрінетін сәулелер деп атайды. Көрінетін сәулелер толқындарының ұзындығына байланысты 380 нм мен 780 нм арасында болады, 1 нм (нанометр) 10-9 м тең болады. Көрінетін сәулелер зонасы бір жағынан ультракүлгін (380 нм-ден 10 нм дейін) және гамма (10 нм кіші) сәулелерімен шектесе, екінші жағынан инфрақызыл сәулесі (780 нм-ден 340000 нм дейін) және радио толқындарымен (340000 нм артық) шектеледі.

1. Көрінетін сәуленің энергиясы оның адам көзінде туғызатын жарық сезім бойынша бағаланады, ол жарық сәулесі деп аталады. Мұндай жарық сәулесінің қуатын жарық ағыны (F) деп атайды. Жарық ағының өлшем бірлігі люмен (лм) болады.

2. Барлық жарық көздері кеңістікке жарық ағынының қарқындылығын (үдемесін) сипаттау үшін оның кеңістік тығыздығы деген көрсеткіш қолданады. Ол көрсеткіш жарық күші (J) деп атанады, оның өлшем бірлігі кандела (кд) болады.

Жарық күші деп жарық ағыны мен оны тарататын кеңістік бұрышының қатынасын айтады

Ндірістік жағдайларды жарықтандыру Өндірістік шу және діріл - student2.ru

3. Кеңістік (денелік) бұрыш тең болады

Ндірістік жағдайларды жарықтандыру Өндірістік шу және діріл - student2.ru Ндірістік жағдайларды жарықтандыру Өндірістік шу және діріл - student2.ru

Денелік бұрыштың өлшем бірлігі үшін Ндірістік жағдайларды жарықтандыру Өндірістік шу және діріл - student2.ru радиусы R=1 м тең шардың бетінде S=1 м2 тең ауданды бөлетін кеңістік бұрыш алынған. Бұл бұрыш меридиан деп аталады (3.9-сурет).

4. Жұмыс істейтін жердің бетіне неғұрлым көп жарық ағыны түссе, соғұрлым онда жарықтылық көп болады. Жұмыс істелетін беттің жарықтану дәрежесі жарықтылық (Е) люкс (лк) деп атайды. Жарықтылық деп біркелкі болып таралған жарық ағынының жарықталған беттің ауданына қатынасын айтады

Ндірістік жағдайларды жарықтандыру Өндірістік шу және діріл - student2.ru

Мұнда S – жарықталған беттің ауданы, м2;

R – жарық көзі мен беттің аралығы, м.

Егер жарық ағыны заттардың бетіне көлбеу түсетін болса, онда жарықтылық тең болады

Ндірістік жағдайларды жарықтандыру Өндірістік шу және діріл - student2.ru

Мұнда Ндірістік жағдайларды жарықтандыру Өндірістік шу және діріл - student2.ru - жарық ағынының түсу бұрышы, град.

Сонымен, жарықтылық жарық күші мен жарық түсу бұрышының косинусына тура пропорционал болса, жарық көзі мен жарық түскен беттің аралығының квадратына кері пропорционал болады.

Ндірістік жағдайларды жарықтандыру Өндірістік шу және діріл - student2.ru 5. Жарық көрсеткіштерінің ішінде маңыздысының біреуі жарықтық (В) болып есептеледі.

Оның өлшемінің бірлігі kg/м2 болады. Жарықтық бір бағытта жарқыраған беттің сәуле таратуын (шығаруын) сипаттайды және адам, көзінде туатын жарық сезімін анықтайды. Жарықтық деп берілген бағыттағы жарық күшінің жарқыраған беттің ауданына қатынасын айтады.

Ндірістік жағдайларды жарықтандыру Өндірістік шу және діріл - student2.ru

Жарықтық шамасын сипаттау үшін мынандай мәліметтерді келтіруге болады.

1. Айсыз түннің жарықтығы – 10 kg/м2

2. Ай бетінің жарықтығы – 2500 kg/м2

3. Шырақ жалынының жарықтығы – 5000 kg/м2

4. Ашық күнде ақ қар бетінің жарықтығы – 30000 kg/м2

5. Күннің жарықтығы – 1500000000 kg/м2 .

Жарық 30000 kg/м2 артық болса көзді шағылыстырып аштырмайды, оның жайлы шамасы 5000 kg/м2 дейін болады.

6. Шағылу коэффициенті әртүрлі заттар бетінің оған түскен жарық ағының шағылыстыру қабілетін сипаттайды. Бұл коэффициент беттен шағылған жарық ағыны мен сол бетке түскен жарық ағының қатынасына тең болады.

Ндірістік жағдайларды жарықтандыру Өндірістік шу және діріл - student2.ru

Сәуле шағылу коэффициенттің шамасы беттің түсімен байланысты болғандықтан 0,02-ден 0,95 дейін өзгереді.

7. Объекті мен фонның контрасты көрінетін заттың жарықтығы мен фонның жарықтығының ара қашықтығы ара қатысын сипаттайды, ол тең

Ндірістік жағдайларды жарықтандыру Өндірістік шу және діріл - student2.ru

Мұнда ВФ, ВЗ – фон мен заттың жарықтығы.

Объекті мен фонның контрасты үлкен (>0,5), орташа (0,2-0,5), кіші (<0,2) деп бөлінеді.

Табиғи жарық күн сәулесінің энергиясынан пайда болады. Өндірісте жұмыс орындарында қолайлы жағдайлар жасау үшін табиғи жарықтың маңызы өте зор. Ол жұмыс бөлмелерінде жақсы және біркелкі жарықтылық болуын қамтамасыз етеді. Табиғи жарық адамға үйреншікті, биологиялық және гигиеналық құны жоғары, үлкен психологиялық әсерін тигізеді. Сол себептен табиғи жарықты өндіріс бөлмелерінде жұмыс орындарын жарықтандыруға кеңінен қолданған жөн.

Бөлмелерді табиғи жарықпен жарықтандырудың үш түрі бар:

1. Бүйір жарығы – қабырғалардағы терезелер немесе қабырғаның шыны бөліктері арқылы.

2. Жоғарғы жарық – төбедегі терезелер (фонарьлар) немесе төбенің шыны бөліктері арқылы.

3. Аралас жарық – бүйір және жоғарғы жарықтың бірге пайдалану.

Жарықтың қандай түрін қолдануы бөлменің көлеміне, оның пайдалар арналғанына, қай жерде орналасқанына, жарыққа қоятын талаптарға тағы басқа факторларға сәйкес анықталады.

Табиғи жарықтың өзгешелігі сонда, оның бөлмелерде туғызатын жарықтылығы өте кең мөлшерде өзгереді. Бұл өзгерістер сөтке, жыл мерзімдері және метеорологиялық факторлармен байланысты болады. Сондықтан бөлмелерде табиғи жарықты абсолюттік мөлшермен нормалауға болмайды.

Табиғи жарықты нормалау үшін салыстырмалы көрсеткіш қолданылады, ол табиғи жарықтылық коэффициенті (ТЖК) деп аталады. ТЖК сол мезгілдегі сыртқы жарықтылыққа қатынасын айтады

Ндірістік жағдайларды жарықтандыру Өндірістік шу және діріл - student2.ru

Бөлме ішінде табиғи жарықтылық әдетте сыртқы жарықтылықтан аз болады, ал ТЖК оның сес аз екендігін көрсетеді.

Көру ісінің сипаты мен дәлдігі, жарықтың түрі және үйлердің орналасу территориясына байланысты ТЖК нормаланған мөлшерін формалармен анықтайды.

Ндірістік жағдайларды жарықтандыру Өндірістік шу және діріл - student2.ru

Мұнда еIII – ТЖК шамасы (үшінші поястік), %

m – жарық климатының коэффициенті

с – күн климатының коэффициенті.

Өндіріс бөлмелерінің табиғи жарықтылығын көру ісінің сипаты бойынша есептеу үшін арнайы методикаларды қолданады.

Жасанды жарық бөлмелерде табиғи жарық аз болғанда немесе оның жоқ кезінде қолданылады. Ол орындалған конструкциясына қарай үш түрге бөлінеді:

1. Жалпы жарық – бөлменеің барлық ауданың біркелкі жарықтандыруға арналған.

2. Жергілікті жарық - әр жұмыс орнын жеке дара жарықтандыруға арналған.

3. Қосынды жарық – жалпы және жергілікті жарықтың бірге қолданылған түрі болады. Жасанды жарықтың бұл түрі тиімді болғандықтан өндірісте кеңінен пайдаланады.

Неге арналғанына байланысты жасанды жарықтың 5 түрі болады:

1. Жұмыс жарығы - өндіріс бөлмелерінде күнделікті жұмыстарды ойдағыдай жүргізу үшін қажетті жарықтылықты қамтамасыз етуге арналған.

2. Авариялық (апат) жарық – жұмыс жарығы кенеттен сөніп қалған жағдайда жұмысты әрі қарай жүргізе беру үшін қолданылады. Сондықтан бұл жарықтың өзінің бөлек электр тоғының болуы керек.

3. Эвакуациялық жарық – жұмыс жарығы өшіп қалғанда бөлмелерден адамдарды аман-есен, қауіпсіз шығаруға арналған.

4. Кезекші жарық – бөлмелерді жұмыс істемейтін мезгілде жарықтандыруға қолданылады.

5. Күзетші жарық – түнде жарық территориясын жарықтандыруға қолданылады.

Өндіріс бөлмелерінде қолданылатын жасанды жарықтың негізгі көздері болып қызу және газоразрядтық шамдар пайдаланылады. Бұл шамдардың өзіндік артықшылығы мен кемшіліктері болады. Қызу шамдардың артықшылығы: жасалуы оңай, пайдалануда ыңғайлы, электр желісіне қосылуы қиын емес т.с.с. Кемшілігі мынада: пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) өте аз (0,05-0,1), жұмыс істеу мерзімі кіші (£1000 сағат), жарық берілісі кем (7-20 лм/Вт), өте қатты ысиды, көзді шағылыстырады т.с.с. Кейінгі жылдары галогенді қызу шамдары шығарылып жүр, олардың жұмыс уақыты 3000 сағатқа дейін болады, жарық берілісі 40 лм/Вт дейін жетеді. Қызу шамдары кемшіліктеріне қарамай әлі де болса көп жағдайларда кең қолданылып жүр.

Қазіргі кезде газоразрядтық шамдар өндірісте кеңінен пайдаланады. Олардың ішінде люминесценттік шамдар көбірек қолданылады. Бұл шамдардың артықшылығы: үнемділігі, жұмыс істеу мерзімі үлкен (8000-12000 сағат), жарық берілісі 50-100 лм/Вт, жарық спекторы табиғи жарық спекторына жақын, жарықтығы аз болғандықтан көзді шағылыстырмайды, жарық түсін өзгертуге болады т.с.с. Кемшілігі мынада: стробоскопиялық эффект – көрініс түйсігінің бұрмалануы, шамның жыпылықтауы, электр желісіне қосылу жүйесінің күрделілігі төмен температураларда жұмыс істеуінің нашарлау және т.б.

Газоразрядтық шамдардың жаңа түрлері қолданылып жүр: натрий, галоид тағы басқа шамдар, олардың жарық берілісі 110-130 лм/Вт дейін болады.

Жасанды жарық электр шырақтарын пайдалану арқылы орындалады. Шырақ деп жарық беретін электр аспабын айтады. Ол шам және арматурадан тұрады. Арматураның қажеттілігі:

1. Жарық арналған керекті бағытта үнеммен тарату.

2. Адамның көздерін шамның шағылыстыру әсерінен қорғау.

3. Шамды кірлену және сынудан сақтау.

4. Шамды орнату және электр желісіне қосу.

Шырақтардың негізгі сипаттамалары мыналар болады: кеңістікте жарық ағынының таралу түрі, қорғаныш бұрышының шамасы, пайдалы әсер коэффициенті.

Жарық ағынын таралу өзгешелігіне қарай шырақтар мынандай болады:

1. Тура жарық беретін – олар жарық ағынының 90% артығын тікелей жұмыс істейтін жердің бетіне түсіреді.

2. Шағылған жарық беретін – олар жарық ағынының 90% артығын төбеге түсіріп, одан шағылған жарық ағынын жұмыс істейтін жерге түсіреді.

3. Аралас жарық беретін – олар тура және шағылған жарық ағынын жұмыс орындарына түсіреді.

Өндіріс жарығына қойылатын негізгі талаптар. Өндіріс жұмыс орындарында еңбек етуге қолайлы, қауіпсіз жағдайлар жасау үшін қажетті жарықтылықты қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінуі керек. Сондықтан өндірістік жарыққа мынандай талаптар қойылады.

1. Жұмыс орындарында жарықтылық гигиеналық нормаларға байланысты заттардың көріну жағдайына сәйкес болу керек. Егер жарықтылық үлкен болса заттардың көрінісі жақсарып, оларды тез ажыратуға болады, жұмыстың өнімі артады. Мәселен, жарықтылықтың 50 лк тең 1000 лк дейін жоғарылауы еңбек өнімділігін 25% дейін арттырады. Бірақ жарықтылықты үлкейтудің шегі бар, одан асса нәтижесі азайып, кей жағдайда ұнамсыз әсерін тигізуі мүмкін.

2. Жарық жұмыс орындарында және айналадағы кеңістікте біркелкі таралуы керек. Бұл жағдай болмағанда, адам көзін өте жарық жерден көмескі жерге немесе керісінше ауыстырғанда, оның көзі өте жарық жерден көмескі жерге немесе керісінше ауыстырғанда, оның көзі талып, ауруы мүмкін.

3. Жарық адамдардың көз алдында керексіз жарқыл туғызбау керек. Өйткені жарқыл адамның көзін шағылыстырып, оның тез шаршауына, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне, жарақаттануының тууына себеп болуы мүмкін.

4. Жұмыс зоналарында өте қараңғы көлеңкелер болмауы жөн. Өйткені олар заттардың көрінісін азайтып, формасы мен өлшемін өзгертіп, қолайсыз жағдайлар туғызады.

5. Жұмыс орындарында жарық ағының қолайлы бағытталуын қамтамасыз ету керек.

6. Жарықтылықтың мөлшері әрқашан тұрақты, біркелкі болу керек. Оның қобалжу (құбылу) белгіленген шектен шықпауы жөн.

7. Жарық қондырғыларын пайдалануда сенімді, үздіксіз, ұзақ уақыт мерзімде жұмыс істейтін болу керек.

8. Жарық қондырғылары ешқандай қауіптілік пен зияндылықты туғызбайтын болу керек (жылу шығу, тоқ соғу, өрт шығу, жарылыс болу және т.б.).

9. Жарық қондырғылары құрылыста арзан, пайдалануда ыңғайлы, қарапайым болу керек.

Шырақтың пайдалы әсер коэффициенті оның нақтылы жарық ағыны мен шамның жарық ағынының қатынасына тең болады. Бұл коэффициент шырақтың үнемділігін көрсетеді, әдетте 1 кем болады.

Конструкциясына байланысты шырақтардың бірнеше түрлері болады: ашық, қоршалған, жабық, шаң өткізбейтін, ылғалдан қорғанған, жарылыстан қауіпсіз тағы басқалары. Айналадағы ортаның жағдайына сәйкес пайдалануға олардың қажетті түрін қолданады.

Үлкен ашық алаңды жарықтандыру үшін прожектор жарығы қолданылады. Олардың негізгі типтары: ПЗС, ПСМ, ПКН, ПЗР, СКсН-10000, ОУКсН-20000 тағы басқалары, шамдарының күші 200-ден 20000 Вт дейін болады. Қазір ксенонды, сынап доғалы тағы басқа жарығы күшті шамдары бар прожекторлар кеңінен пайдаланылып жүр.

Жұмыс орындарында қажетті жарықтылықты қамтамасыз ету үшін өндіріс бөлмелерінде әр жұмысты жүргізу жағдайына сәйкес жасанды жарықтың нормалары белгіленген (СНиП-П-4-79). Бұл нормалар жұмыстың дәлдігі, жарықтың түрі, жарық көзінің типы, фонның сипаты тағы басқа факторлар арқылы анықталады. Жасанды жарықты есептеу үшін қолданылатын бірнеше әдістемелер бар.

Наши рекомендации