Бақылау сұрақтары. Егеу –бұл операция кескіш құралдардың қатарына жатады
Дәріс. Беттерді егеу
Егеу –бұл операция кескіш құралдардың қатарына жатады. Олар өлшемдері мен пішіндері әр түрлі жолақтарды, тіліктер немесе шыбықтар түрінде болады, жұмыс беттерінде тіліктері бар (тістері үшкір ұшталған 2.17 сурет). Егеудің ұшы сүйірленген өзек түрінде болады және егеудің сабын орнату үшін қолданылады.
.
а- жазық, б – үшкір тұмсықты жазық, в – төртбұрышты, г, – үш жақты,
д – дөңгелекті, е – жартылай дөңгелекті, ж – ромб тәріздес, з – пышақты.
2.17-сурет.Егеулердің түрлері
Қос бедерлі егеу болатты, шойынды егеуге қолданады. Бұл егеулерде төменгі бедері (негізгісі) 550 бұрышпен жасалады, ал жоғарғысы – 700. Бедерлердің осылай орналасуына орай, өңделетін бетте терең жыралар жиналмай, беті таза әрі тегіс болады.
Доғалық бедері бар егеулерді мыс, алюминий және басқа металлдарды егеуге қолданады.
Қылауықты бедері бар егеур былғары, резеңке, ағаш және басқа жұмсақ материалдарды егеуге қолданады.
10 мм ұзындыққа шақ келетін бедердің саны бойынша егеулерді төмендегідей 6 нөмірге бөлінеді: № 0 және 1 – тұрпайы егеу, № 2 және 3 – жеке, № 4 және 5 – жұмсақ.
Егеулердің өлшемі кесілмеген бөліктің миллиметрлік ұзындығымен анықталады; егеулерді өлшемдері түрліше – 75 пен 500 мм аралығында дайындайды.
Егеулердің материалы – көмертекті құралды болат У12...У13 немесе хромды болат 13Х және ШХ15. Егеулерді 54 HRC қаттылығына дейін шыңдайды.
Қылауықтар (надфили) (2.18- сурет) егеулердің жұқа түрі болып келеді, түрлері: жазық, үшжақты, төртбұрышты, дөңгелек, жартылай дөңгелек, сопақтау, ромб тәріздес, ара.
2.18 – сурет. Надфили (қылауықтар)
.
2.19- сурет. Жазықты қырғыш
Жазықты және қисық сызықты беттерді өңдеуге арналған кескіщ құрал. Өзара әрекеттесетін жақсы дайындалған беттерді алу қажет болғанда қолданылады. Қырғыштарды У12, У12А көміртекті болаттан дайындала, ал олардың жұмыс бөлігі 58...66HRCэ қаттылығына дейін шыңдалады. Қырғыштарды әдетте ескі егеулерден жасайды, ұштарындағы бедерлерді ұштайды. жазық қырғыштардың сүйірлену бүрышы 900. Үш жақты қырғыштарда үш кескіш жиектері бар (жазықтарда және дөңестерде) және сүйірлену бұрышы 600.
а- арнайы щетка, б-жұмсақ металл қырғыш
20- сурет. Егеулерді тазалау
Белгісалғыш (кернер) (20-сурет) кертіктерде азғантай тереңдетулер (қуыстар) жасауға арналған, орта бөлігінде дөңгелек бүрлеуі бар немесе қырланған өзек түрінде болады, оның бір ұшында 45...600 бұрышты конустық сүйірі бар, ал екінші ұшы конусқа созылған. Осы ұшы бойымен балғамен жеңіл түрде ұрылады. Белгісалғыштарды У7А құралдық көміртекті болаттан дайындайды. Белгісалғыштың үшкір бөлігі 55...59 HRCэ, ал соғатын бөлігі 40...45 HRCэ қаттылығына дейін шыңдалған.
Дебиет
Бақылау сұрақтары
1. Егеуді даңдауда өңделетін дайындаманың қандай параметрлерін есепке алу қажет?
2. Өңделген беттің егеудің керту нөмірден сапасы неге байланысты болады?
3. Қайқы сияқты беттерді өңдеу үшін егеуді қалай таңдау керек?