Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері

Қосылысқан жерлердің бұзылу себептері және оның жұмысқабілеттілігін қалпына келтіру әдістері.Машиналардың өмір ұзақтығы (уақыт қоры) олардың кейбір қосылысқан жерлерінің жұмыс қабілетін сақтау ұзақтығына тәуелді.

Жұмыс процесі кезінде қосылысқан жерлердің элементтері қажалады, яғни , олардың құрылымдық параметрлеріне жататын: беттерінің кедір-бұдырлығы, геометриялық пішіні, жұмыс беттерінің өлшемдері - өзгереді.

Көрсетілген параметрлердің өзгеруінің жиынтығы қосылысқан жерлердің негізгі құрылымдық параметрінің – саңылаудың өзгеруіне, сондай-ақ бөлшектердің өзара орналасуының бұзылуына әкеледі. Саңылаудың шектік шамасына жеткен кезде қосылысқан жер жұмысқабілетін жоғалтады. Бұл жерлердің жұмысқабілетін қалпына келтіру үшін бастапқы саңылауды, яғни, қосылысатын бөлшектердің бастапқы орналасуын қамтамасыз ету керек. Ол үш әдіспен іске асырылады:

1) бөлшектердің өлшемдері өзгертілмей;

2) бастапқы өлшемдері өзгертіліп;

3) бастапқы өлшемдері қалпына келтіріліп.

Бөлшектердің орналасуын олардың өлшемдерін өзгертпей қалпына келтірумына тәсілдермен іске асырылады: саңылауды реттеумен, қажалған бөлшектердің бірін ауыстырумен немесе оны басқа жұмыс қалпына ауыстырып қоюмен.

Бөлшектердің орналасуын ішінара қалпына келтіру, егер жөнделген қосылысқан жерлердің уақыт қоры кезекті жөндеу аралық кезеңге жеткілікті болса ғана тиімді. Бөлшектердің бастапқы өлшемдерін өзгертіп орналасуларын қалпына келтіру әдісі мынадай тәсілдермен әске асырылады: жөндеу өлшемдерін қолданумен, қосымша жөндеу бөлшектерін пайдаланумен.

Бөлшектердің өлшемдерін бастапқы шамаларына дейін жеткізумен орналасуларны қалпына келтіру әдісі қосылысқан жерлердің бастапқы құрылымдық параметрлерін толығынан қалпына келтіреді. Бұл кезде оның жұмысқабілеті толығынан қалпына келтіріледі.

Тозған бөлшектерді жөндеу тәсілдерінің сыныптамасы.Жөндну кәсіпорындарында бөлшектерді пайдалану нәтижесінде бұзылған қосылысқан жерлердің орналасуын, механикалық беріктігін, тозуға төзімділігін және жегіге төзімділігін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін бөлшектерді жөедеудің әртүрлі тәсілдері кеңінен қолданылады.

Тозған бөлшектерді жөндеудің тәсілдері мыналар:

1) механикалық өңдеу;

2) қысыммен өңдеу;

3) пісіру;

4) балқыма құю;

5) металдау;

6) гальваникалық өсіру;

7) дәнекерлеу;

8) үйкеліске қарсы қорытпаны қайта құю;

9) пластмассамен жабу;

10) желімдеу.

Жөнделген бөлшектердің өмір ұзақтығы оның бастапқы физика-химиялық қасиеттеріне және әсіресе оның жұмыс беті қандай дәрежеже өзгеруіне тәуелді. Бөлщектерді жөндегенде оның физика-химиялық және пайдаланымдық сипаттарын, атап айтқанда шаршауға беріктігін нашарлатпайтын, ал егер бұл мүмкін болмаса, онда оларды аз ғана дәрежеде өзгертетін жөндеу тәсілдерін қолданған жөн.

Бөлшектердің бастапқы өлшемдерін қалпына келтіру негізінен екі жолмен іске асырылады. Олар:

1) тозған беттерді өсіру;

2) тозған беттерді пластикалық деформациялау.

Механикалық өңдеумен бөлшектерді жөндеу.Жөндеу өлшемдері тәсілі. Бұл тәсілдің мағынасы қосылысқан тозған бөлшектердің бірін, әдетте, жасалуы қиынын,дұрыс геометриялық пішін беру және талап етілген кедір-бұдырлылықты алу үшін алдын-ала белгіленген жөндеу өлшемдеріне дейін механикалық өңдейді де, ал екіншісін жаңасымен немесе алдын-ала белгіленген өлшемге дейін жөнделгенімен алмастырады. Сонда қосылымдардың бастапқы бірігуі (саңылауы) қамтамасыз етіледі.

Стандартталған жөндеу өлшемдері алдын-ала белгіленеді, олардың саны мен сандық өлшемдері анықталады. Сол өлшемдерге сәйкес қосымша бөлшектердің комплектісі жасалынады.

Білік-мойынтірек жұбының жөндеу өлшемдерін анықтау үшін екі жағдай қарастырылады:

1) сыртқы беті бойынша білік біркелкі қажалғанда (9.1-сурет, а);

2) сыртқы беті бір жағынан қажалғанда (9.1-сурет, б).

Біркелкі қажалған білік механикалық өңдеумен (тозған бетте сызат, сызық және т.с.с. болғанда) немесе жай ғана қослысатын жөндеу өлшемді бөлшекті ауыстырумен (тозған беттің сапасы жақсы болса) жөнделеді. Білік мойнының жөндеу өлшемдері келесі қатынастарда анықталады: I жөндеу өлшемі  
Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru

9.1 – жөндеу өлшемдерін анықтаудың

сұлбасы: а – білік біркелкі тозған кезде;

б– білік бір жағынан жазған кезде.

Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru ; (9.1)

II жөндеу өлшемі

Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru ; (9.2)

III жөндеу өлшемі

Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru , (9.3)

мұнда, dб – біліктің бастапқы диаметрі, мм;

Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru - біліктің жөндеу өлшемдері, мм;

х – жөндеу өлшемін алуға арналған әдіп, мм;

Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru - жөндеулік аралық, мм

Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru (9.4)

Жөндеу өлшемдерін белгілегенде бөлшектің беріктігі, қаттылығы кемитінін, кейбір жағдайларда өзіндік күшсалмақ артатынын ескеру керек.

Біліктер үшін жөндеу өлшемдерінің саны:

Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru , (9.5)

мұнда, dmin – біліктің шектік рауалы ең кіші өлшемі, мм.

Бір жағынан тозған білікті жөндегенде бөлшекке дұрыс геометриялық пішін беру және ақаулы беттік қабатты алып тастау үшін механикалық өңдеу қажет болады. Бұл кездегі білік мойнының жөндеу өлшемдері мынадай:

Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru , (9.6)

Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru . (9.7)

Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru шамасын мына формуламен анықтайды:

Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru , (9.8)

мұнда, Smax – қосылыстағы ең үлкен рауалы саңылау, мм;

Sбас – қосылыстағы бастапқы саңылау, мм;

Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru - мойынтірек білікке қарағанда қанша есе тез тозатынын ескеретін коэффициент;

Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru - мойынтіректің тозу шамасы, мм.

Сырғанау мойынтіректерінде саңылауды реттеу үшін аралық төсемдер пайдаланылады. Олар бөлшектердің қажалуына қарай саңылаудың шамасын Sбас шамасында ұстап тұру үшін біртіндеп алынып тасталып отырады. Аралық төсемдердің жалпы қалыңдығын т мына формуламен анықтайды:

Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru . (9.10)

Бұдан:

Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru . (9.11)

Ішкі цилиндрлік беттер үшін бірінші және соңғы жөндеу өлшемдерін есептеуге арналған формулалар мынадай:

біркелкі тозған кезде

Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru ; (9.12)

Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru ; (9.13)

Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru . (9.14)

бір жақты тозғанда

Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru ; (9.15)

Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru ; (9.16)

мұнда, Dб – тесіктің бастапқы өлшемі, мм;

Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru - тесіктің жөндеу өлшемдері, мм.

Жөндеу өлшемдері тәсілінің артықшылықтары: бөлшектің қызмет уақытының артуы; қымбат және жасалуы қиын бөлшектің жөндеу технологиясының қарапайымдылығы; қосылымдағы алмаастырылатын бөлшекті алдын-ала дайындап алу мүмкіншілігі, бұл жөндеу уақытын қысқартуға және құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Бұл тәсілдің кемшіліктеріне қосылысатын бөлшекті алмастыруды, бірнеше жөндеу өлшемдерінің болуына байланысты артық қосымша бөлшектердің болуын жатқызуға болады.

Бұл тәсіл компрессорлар мен іштен жану қозғалтқыштарының цилиндрлерін, иінді біліктің мойындарын, ротор үстелінің тісті тәжін және басқа бөлшектерді жөндегенде қолданылады.

Қосымша жөндеу бөлшектері тәсілі. Бұл тәсілдің мағынасы қажалған бетті жөндеуге оған тікелей бекітілетін жөндеу бөлшегін пайдалану болып табылады. Қосымша бөлшектің қалыңдығы әдетте жөнделетін тозу шамасынан едәуір артық, сондықтан қосымша бөлшекті бекітпестен бұрын жөнделетін бөлшектің қажалған қабатын алып тастайды.

Бұл тәсілді пайдаланып біліктің шеткі мойындарын жөндегенде, егер оның механикалық беріктігі мүмкіндік берсе, мойынды кіші өлшемге дейін өңдейді, сонан кейін төлкені жабыстырады да, мойынды қажетті өлшем мен кедір-бұдырлылықтарға дейін өңдейді. Төлкені білікке өосымша штифтермен, бұранда арқылы немесе электрлік пісірумен бекітуі де мүмкін.

Біліктің ортаңғы мойындарын жөндегенде екі жарты төлкені пайдаланады. Оларды алдын-ала өңделген жерге штифтермен немесе пісірумен бекітіп, сыртын қажетті өлшемге дейін өңдейді.

Қажалған тесіктерді жөндегенде оладың өлшемдерін үлкейте қңғылайды да, оған жөндеулік төлке енгізеді. Сонан кейін төлкенің ішін қажетті өлшемге дейін өңдейді. Жөндеу төлкесінің қабырғасының қалыңдығы болаттар үшін 2÷2,5 мм кем емес те, шойындарда 4÷4,5 мм болуы керек. Қосымша жөндеу бөлшектерін алдын-ала дайындап қоюға болады.

Қарастырылып жатырған тәсілдің кемшілігі механикалық өңдеу нәтижесінде негізгі бөлшектің механикалық беріктігінің кемитіндігі.

Бөлшектің бір бөлігін алмастыру тәсілі. Бұл тәсілдің мағынасы – бөлшектің қажалған бөлігі алынып тасталып, оның орнына қосымша бөлшек қойылады. Алмастырылған бөлік бөлшектің негізгі бөлігімен пісірумен, бұрандамен, желімдеумен немесе басқа бір тәсілмен біріктіріледі де, сонан соң қажетті дәлдік пен беттің кедір-бұдырлылығына дейін түпкілікті механикалық өңделеді.

Бұл тәсілдің кемшілігі жылулық өңделген бөлшектер үшін бұған ұқсас жөндеудің күрделілігі.

Бөлшектерді қысыммен жөндеу.Бөлшектерді қысыммен жөндеудің мағынасы пластикалық деформацияның көмегімен бөлшектің материалдарын тарату нәтижесінде жұмысшы беттің бастапқы өлшемдерін қалпына келтіру болып табылады.

Бұл тәсілмен жөндегенде мынадай негізгі талаптар орындалуы керек:

1) жөнделетін бөлшектің жұмысшы емес беттерінде артық материалдар қоры болуы;

2) материалдың жеткілікті пластикалылығы;

3) жөнделген бөлшектің механикалық қасиеттері жаңанікінен кем болмауы;

4) механикалық және жылулық өңдеу жұмыстарының көлемі аз болуы;

5) бұл тәсілмен жөндегенде шынықтырылған немесе беріктендірілген бөлшектер алдын-ала жасытылуы немесе босаңсытылуы керек.

 
 
9.2-суретте тозған бөлшектерді қысыммен жөндеудің түрлері – отырғызу, кеңіту, жаншу, созу, таптау – көрсетілген. Отырғызу (9.2-суретте, а) биіктігін кеміту есебінен тұтас немесе ортасы тесік бөлшектердің сыртқы өлшемдерін ұлғайтуға және ортасы тесік бөлшектердің ішкі өлшемдерін кемітуге қолданылады. Отырғызу кезінде бөлшектің өсіне вертикаль бойымен әсер ететін күш Р

Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru

9.2 – сурет – бөлшектерді қысыммен

өңдеудің түрлері.

бағыты деформация Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru бағытымен беттеспейді.

Кеңіту (9.2-сурет, б) бөлшектің биіктігін сақтай отырып немесе азғана өзгерте оның сыртқы өлшемдерін үлкейту үшін қолданылады. Бұл кезде әсер етуші күш Р бағыты деформациямен Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru бағыттас, металл ортадан сыртқы жиекке ығыстырылады.

Жаншу (9.2-сурет, в) ортасы тесік бөлшектердің сыртқы беттерінің өлшемдерін кеміту есебінен ішкі беттерінің өлшемдерін кемітуге пайдаланылады. Жаншу кезінде сыртқы күш Р бағыты деформациямен Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru бағыттас, металл сыртқы жиектеріне қарай ығыстырылады. 5.6-суретте төлкені жаншуға арналған құрал көрсетілген.

Созу (9.2-сурет, г) бөлшектің кейбір жерлерінің көлденең қимасын кеміту есебінен оның ұзындығын өсіруге пайдаланылады. Бұл кезде сыртқы күш Р бағыты қажетті деформация Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru бағытымен бағыттас емес.

Таптау (9.2-сурет, д) бөлшектіңкейбір жерлеріндегі металды ығыстырып оның сыртқы өлшемдерін ұлғайтуға немесе ішкі өлшемдерін кемітуге қолданылады. Таптау кезінде сыртқы күш Р пен деформация Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru бағыттары қарама-қарсы.

Түзету деформацияланған бөлшектің пішінін қалпына келтіруге қолданылады. Түзету кезінде сыртқы күш Р пен деформация Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері - student2.ru бағыттары бағыттас. Түзетуді статикалық күш түсірумен немесе қақтамалаумен іске асырады.

Статикалық күш түсіруде престер қолданылады. Оның кемшіліктері: кері әсер салдарынан тұрақты пішін алудыңқиындығы,шаршауға беріктіктің төмендеуі және бөлшектің көтеру қабілетінің кемуі. Түзетуді тұрақтандыру үшін қыздыруды немесе қос түзетуді, яғни бөлшекті қарсы жағына қарай майыстырып, содан кейін қайтадан түзетумен қалпына келтіруді қолданады.

Қақтамалаумен бөлшектің кез-келген жерін қалаған бағытта түзетуге болады. Қақтамалауға пневмобалғаны пайдаланады. Қақтамалаудан кейін бөлшекті жарықтың бар-жоғына тексеру керек.

Бөлшектерді қысыммен жөндеудің артықшылықтары: қалпына келтіру сапасының жоғарылығы, стандартты жабдықтардың пайдаланылуы, металдарды өсірудің қажеті жоқтығы, яғни үнемділігі.

Бұл тәсілдің кемшіліктері: жөнделетін бөлшектердің түрлері шектеулі,кейбір жағдайларда қайтадан жылулық өңдеулер жүргізу керек, әрбір бөлшекті жөнжеуге арнайы жарақ қажет.

Әдебиеттер: 2 нег. [41-43], 3 нег. [113-122], 7 қос. [28-38].

Бақылау сұрақтары:

1. Қосылысқан жерлерді қалпына келтірудің қандай әдістері бар?

2. Бөлшектерді жөндеу тәсілдерінің сыныптамасы қандай?

3. Бөлшектерді механикалық өңдеудің қандай тәсілдері бар?

4. Бөлшектерді қысыммен жөндеудің мағынасы неде?

Наши рекомендации