І тарау Былғары бұйымдардың тарихын жетілдіру

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

МУНАСИПОВ с.е., Анарова Ғ.С.

«Былғары бұйымдарын ЖОБАЛАУ»

Оқу құралы

Тараз 2015 ж

ӘОЖ

КБЖ

М.

Мунасипов С.Е., Анарова Ғ.С.

Былғары бұйымдарының констукциялау және модельдеу: оқу құралы. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, 96 бет

Рецензенттер:

Бектұрғанов Б. Б. Тараз инновациялық гуманитарлық универсиетінің кафедра меңгерушісі б.ғ.к., доцент

Уалиев Б.М., М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті, т.ғ.к.

Приведены основные этапы развития изделий из кожи, общие сведения из анатомии и физиологии верхних и ниж них конечностей, антропометрии стопы и кисти рук. Даны конструктивные характеристики обуви, колодок и кожгалантерейных изделий. Описаны раз личные способы получения разверток боковой поверхности колодки, методы проектирования обуви и кож галантерейных изделий различных конструкций. Рассмотрены пока за тели технико-экономичес кого анализа конструкций изделий из ко жи. Освещены вопросы серийного градирования шаблонов деталей из делий из кожи и др. Репродуцирование (воспроизведение) любым способом данного

издания без договора с издательством запрещается.

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы дүниежүзілік сауда ұйымына (ВТО ) кiру кезеңiнде тұр, ол үшін әлемдiк стандарттарға сай өнімдер өндірісін жолға қою қажет. Бұл мақсатқа жету үшін білімді, жоғары білікті мамандар керек. Осыларға байланысты, «Индустриалды - инновациялық даму стратегиясы бағдарламасына» сәйкес мамандарды даярлаудың, студенттерді оқытудың жаңа технологияларын қолдануға және оқу процесстерін ақпараттандыруға көбірек көңіл бөлу қажет. Осы мақсаттарға жету үшiн, бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру үшін, конструкторлық-технологиялық жаңа ақпараттары бар оқулықтар мен оқу құралдары керек.

Былғарыдан тігілетін аяқ киім мен қолғаптардың жаппай өндіріске қажетті конструкциясын жасау үшін, адамның аяқ қолы физиологиясын, анатомиясын жақсы білу қажет. Модельер жаңа сән жасау үшін қажетті бөлшектердің пішіні мен өлшемдерін дұрыс анықтап, оларды біріктірудің тиімді тәсілдерін таба білуі керек. Ол бұйым конструкциясының тиімділігі мен үнемділігі жайлы ұмытпауы керек. Қарастырылып жатқан бұйымдардың материалдық сыйымдылығы көп болғандықтан, бұл көрсеткішті азайтуға басты назар аудару қажет.

Осыларға байланысты оқу құралында теріден жасалатын бұйымдарды модельдеу және конструкциялау саласы мамандарын максималды қажетті біліммен қамтамасыз етуге арналған материалдар берілген.

Мұндай қажетті білімге жататындар:

- былғарыдан жасалған бұйымдардың даму тарихы;

- анатомия, табан физиологиясы мен адам буындары жайлы мәліметтер;

- былғарыдан жасалған бұйымдардың конструктивтік сипаттамасы;

- былғарыдан жасалған бұйымдарды жобалау тәсілдері;

- бұйымдардың технико-экономикалық сипаттары.

Былғарыдан жасалған бұйымдарды үлгілеу және конструкциялау саласындағы ақпараттардың көбеюіне байланысты барлық бөлімдер бойынша материалдар жаңартылды.

І тарау Былғары бұйымдардың тарихын жетілдіру

Аяқ киімнің алғашқы қарапайым түрлеріне адам аяғын ораған аң немесе жануар терісі жататын. Аяқ киімнің атқаратын қызметінің бірдей екендігіне қарамастан, көне заманда-ақ аяқ киім пішімі географиялық орналасу аймағына, климат жағдайына байланысты болған. Оңтүстік елдерде (Египет, Алжир, Грекия) сандалий түріндегі аяқ киімдер кең таралған. Сандалийлер бізге жеткен ең көне аяқ киім (Египет, б.д.д. 1400 жыл) болып саналады.

Бекітілетін белдікшелер мен ұлтандардан тұратын жетілдірілген конструкциялар қол еңбегінің жоғары дәрежеде дамығандығын көрсетеді.

Орталық аймақтарда ауа райының суықтығына байланысты табанды ғана қорғап қоймай, сонымен қатар, аяқтың бетін де қорғау қажеттігінен туфлилердің алғашқы түрлері (шарықтар, поршнилер) және жартылай бәтіңкелер мен бәтіңкелер пайда болды. Ауа райы қатал солтүстік аймақтарда етіктер кең таралды. Көне ғасырлардың аяқ киімдерінің ортақ белгілеріне мыналар жатады. Оны былғарының тұтас бір кесіндісінен жасайтын, ол аяқтың табанын қорғайды және киілген сайын аяқ пішіміне қалыптаса береді. Аяқ киімдер негізінен симметриялық етіп жасалатын, яғни екі аяққа бірдей болатын, бірақ сол кездің өзінде - ақ асимметриялық аяқ киімдер (Псковта,Ұлы Новгородта) әр аяққа жеке арнаулы аяқ киімдер (оң және сол аяқтарға) жасалған.

Аяқ киiмде өкше болмаған, оның жоғарғы жағы мен табанындағы былғарының қалыңдығы бірдей болатын, табанға салынған былғары жылдам тозатын.

Аяқ киiмнің барлық жағы біркелкі тозуын қамтамасыз ету үшін табанына екі-үш қабат былғарыдан жасайтын болды. Осылайша аяқ киiмнің табаны жеке бөлшек ретінде қалыптасты, оны қалың былғарыдан жасап, аяқ киiмнің жоғары жағының бөлшектеріне жіппен тігіп, бекітетін. Аяқ киiмнің жоғары жағына жұмсақ былғарыдан, табанын қалың, қатты былғарыдан жасайтын болды. Былғарыны үнемдеу үшін және аяққа ыңғайлы болуы үшін аяқ киiмнің жоғары жағын екі немесе одан да көп бөлшектерге бөле бастады. Аяқ киiмге аяқ пішінін беру үшін кеспектер (болванкалар) қолданыла бастады. Х1Vғасырдан бастап, аяқ киiмнің өкше жағының тозу мерзімін ұзарту үшін бірнеше қабат былғарыларды қолдана бастады, осылайша аяқ киiм өкшесі жеке бөлшек ретінде қалыптасты. ХVI-ХVII ғасырларда өкше аяқ киімнің ажырамас бөлігіне айналды. Орташа және биік өкшелер табан пішініне әсерін тигізеді, осыған байланысты аяқ киiмнің жаңа элементі –ұлтарақ (стелька) пайда болды. Дәл осы бөлшек арқылы табан мен өкшені ағаш бізөкшемен (шпилька), металл шегелердің көмегімен бекіту мүмкіндігі пайда болды. Аяқ киiм өндірісінде ағаштан жасалған симметриялы қалыптар кеңінен қолданыла бастады. Аяқ киiм конструкциясы мен оны өндіру технологиясында XIX ғасырда жаңа кезең пайда болды, оған 1845 жылы тігін машиналарының, кейінірек арнаулы аяқ киiм тігетін машиналардың жасалуы ықпал етті. Аяқ киiмнің жоғарғы жағы бөлшектерді көбейтуге, оларды қалыпқа салып керу жұмыстарын механикаландыруға мүмкіндіктер туды. Аяқ киiмді механикалық жолмен өндіру тәсілі жақсы дами бастады, бірақ аяқ киiм машиналарын өндіру бірнеше мемлекетте ғана жүзеге асырылды. Аяқ киiм өндірісін механикаландыру нәтижесінде аяқ киiмді конструкциялау ғылымы дами бастады. Аяқ киiмдерге жаңа материал түрлері - резеңке, картон, нитроцеллюлозадан жасалған материалдар қолданыла бастады. Резина өндірісі технологиясының дамуы нәтижесінде пішімді (монолитті) табандар пайда болды, оларда - табан, өкше, төсеніш, табан орта сынасы бірге болды. Табанға резеңкені кеңінен қолдану нәтижесінде, аяқ киiмнің жоғарғы жағы бөлшектерді бекітудің жаңа тәсілдерін қажет етті, себебі резеңке табан тігуге келмейді, оны бұрандалы шегелер де дұрыс ұстамайды. Сондықтан, резина табанды желімдеп бекіту тәсілі ойлап табылды.

Аяқ киiмнің жоғарғы жағы бөлшектер жасанды және синтетикалық материалдардан жасау - аяқ киiмнің конструкциясына үлкен өзгерістер әкелді. Осындай материалдардан силиконды матрицалар мен жоғары жиілік ток көздерін (ТВЧ) қолданып аяқ киiмнің жоғарғы жағы бөлшектерін жасай бастады.

Аяқ киiм адам костюмінің бір элементі ретінде, адамның эстетикалық қажеттіліктерін де қанағаттандырады.

Өткен ғасырларда қазақтар мал және егін шаруашылығымен, аңшылықпен, балық аулаумен айналысқан. Олар жүн, тері, былғары өнімдерін өндірумен, ағашқа ою-өрнектер салумен, зергерлік өнермен, тоқыма өндірісімен де айналысқан.

Аң, мал терілері мен былғары киім тігуге, аяқ киім жасауға кеңінен қолданылған. Қазақтар жаңадан сойылған мал терісін ашық жайып кептірген, содан кейін ашыған айранға ұн қосып жағып, іш жағына қаратып орап 2-3 күн ұстаған, оны сумен әбден жуып-шайғаннан кейін, тұзды суға салып біраз уақыт ұстаған, судан алғаннан кейін қайтадан кептірілген терінің бетін пышақпен қырған. Осы жұмыстардың барлығы қолмен істелетін, иленген былғарыны табиғи бояулармен бояған. Боялған былғарының түстері пайдаланылған өсімдік тамырларына байланысты сары, қызғылт, сарғыш болған. Жүндерді өңдеумен және тоқымашылықпен әйелдер айналысатын, ал еркектер – тері, былғары илеумен, былғары ыдыстар, ат әбзелдерін жасаумен, былғары тігумен айналысқан.

Өткен ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениетінің белгісі ретінде қазақтардың ұлттық костюмін айтуға болады. Даланың аптап ыстығы, өңменнен өтетін ызғырық желі, қыстың қақаған аязы, ауа райының құбылмалылығы - осының бәрі ұлттық костюмде есепке алынған. Ұлттық костюм тұрғындардың барлық топтарына бірдей (тек жас айырмашылығы ескерілген) болып тігілетін. Ерлер костюмдері көбінесе түймеленбейтін, сондықтан белбеу костюмнің қажетті элементі болып саналды. Белбеулердің ең көне түріне кісе белбеу жатады, оның басқа белбеулерден айырмашылығы – оған былғарыдан жасалған оқшантай және пышақ қыны ілінеді. Белдіктер металлдан жасалған бляхалармен көркемделетін. Ересек еркектердің барлығы былғарыдан тігілген көксаупыр етігін киетін, оның басқа етіктерден айырмасы – жасыл түсті былғарыдан тігілетін, оны былғарының жұмсақ кезінде бетіне тары сеуіп, тарыны батыру арқылы шұбар былғары алатын. Қазақтардың ескі үлгідегі етіктерінің тұмсық жақтары үшкір, көбінесе жоғары қарай қайқы болып келеді және оң, сол аяқтарға бөлінбеген, сондықтан орындарын ауыстырып кию арқылы ұзақ мерзім киюге болатын. Биік өкшелі былғары етіктер де болған. Сонымен қатар, еркектер биік өкшелі, қонышы киізден тігілген саптама етіктер киетін. Аяқ киiмнің ең қарапайым түрі кедейлер киетін шоқайлар болатын, шоқайды жартылай иленген былғарыдан тігетін, тасты жерлермен жүруге арналған шарықтар да қолданылатын. Қазақ әйелдерінің киімдері жас ерекшеліктеріне қарай бөлінетін. Қыздар костюмінің құрамына : металл бляшкалары бар былғары белбеу; былғарыдан тігілген жеңіл биік өкшелі етік немесе тұмсығы жоғары қайқы кебіс - галошымен кіретін. Жас келіндердің костюмі де қыздардың костюмдері секілді, айырмашылығы - белбеу ғана.

Қазақтардың балалар костюмі ересектер костюмінің кішірейтілген түрі болып саналады. Қазақтардың ұлттық костюмдері осы күндерге дейін сақталған, көне көз қариялар оларды осы күндерге дейін пайдаланады. Қазіргі кездері осы заман костюмдерімен бірге алды ашық шапандар, тақиялар, шеттері барқытпен көмкерілген қалпақтар, бағалы терілерден тігілген бөріктер, тымақтар, саптама етіктер пайдаланылады. Ұлттық дәстүрлер қазіргі заман костюмдерінде де сақталған.

Қазіргі заманғы қазақтардың ұлттық киімдерінде еуропалық стильдер бар, дәстүрлі ұлттық киім элементтері де қолданылады, олар әртүрлі жастағы адамдарға лайықталып тігіледі. Қазіргі кездері адамға қажетті барлық киімдер - іш киімнен бастап сырт киімдердің барлығы дайын күйінде сатылады, сондықтан ерекше жағдайларда болмаса ұлттық киімдерді тігу қажеттігі туындамайды. Қазіргі кездері қолдан тоқылған матадан шекпен тікпейді, аң, мал терілерінен де киімдер тікпейді. Алтын жіптермен кесте тігетін шеберлер мен зергерлердің жұмыстарына сұраныстар аз.(1 сурет)

І тарау Былғары бұйымдардың тарихын жетілдіру - student2.ru

Сурет. 1.1. Былғарыдан жасалған белбеу

Кейінгі жылдары жүргізілген зерттеулер көрсеткеніндей, ғылыми-техникалық прогресс пен сән талаптарына сәйкес ұлттық костюмдерде де өзгерістер пайда болуда. Мемлекеттік мұрағаттар экспонаттарын толықтыру мақсатында тұрғындардан алынған дәстүрлі ұлттық киімдерден де эволюциялық өзгерістерді байқауға болады.

І тарау Былғары бұйымдардың тарихын жетілдіру - student2.ru Егер біз болашақ ұрпақ үшін өткен ғасырлардың материалдық құндылықтарын сақтап жеткізгіміз келсе, кейбір дәстүрлі маталарды, мысалы шекпен, мауыты, бәтес, бедерлі, атлас өндіруді, ұлттық нақыштағы ою-өрнек кестелеуді, металлдан жасалатын әшекей бұйымдарды, қымбат, бағалы тастар орнатылған белбеулер жасауды қолға алуымыз қажет.(2 сурет)

Былғары - галантерея бұйымдарының тарихы да костюм, аяқ киім тарихы секілді ұзақ және қызғылықты, олар да ұзақ жылдар бойы дамып, жетілдіріліп отырған. Қолғаптар адам қолдарын суықтан және басқа сыртқы табиғи әсерлерден қорғауға арналған. Чемодан, сөмке, портфель, әмиян, қапшық секілді былғары - галантерея бұйымдары, заттарды тасымалдауға, сақтауға, қоршаған ортаның әсерлерінен қорғауға арналған. Бұл бұйымдардың көпшілігі әсемдік бұйымдары ретінде немесе костюмге қосымша элемент ретінде пайдаланылады.

Сурет. 1.2. Әйелдер аяқ киімі

XIX ғасырдың басында

Сөмке, қолғап, әмиян және белдіктер баяғы заманнан қазіргі уақытқа дейін киім ансамбілінің ажырамас элементтері болып саналады. Қазіргі кездері былғары - галантерея бұйымдары деп аталатын бұйымдар көне замандардан бері қолданыста болған, оны әр жерлерде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері дәлелдейді. Бұл бұйымдардың конструкциялары аяқ киім конструкциясы секілді қарапайым түрінен бастап, күрделі түріне дейін дамыған. Таулы Алтайдағы Пазырық тобы қорғандарына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізгенде, әртүрлі конструкциядағы сөмкелер, қапшықтар, әмияндар табылған, олардың арасында бұлғын терісінің екі бөлек кесіндісінен біріктіріліп тігілген қарапайым қапшық табылған. Олардың арасында күрделі конструкциялы бұйымдар, атап айтқанда жақсы иленген жұқа былғарыдан тігілген сөмке табылды. Бұл сөмкенің орта бөлігі ағаш таяқшаға бекітілген, ол арқылы сөмке теңдей екі бөлікке бөлінген, төменгі жиектері домалақтанып көмкерілген. Сөмкені үш жолаққа бөлінген қайыс таспаға бекіткен, оның екі шеткі жолақтары таяқшаның шеттеріне, ал ортаңғысы таяқшаның ортасына бекітілген. Бұл сөмкенің ішінен күміс айна, сұйық құятын құты, тік бұрышты жалпақ сөмке және т.б. заттар табылды. Үлкен сөмкенің көлемі 20х30см, ішінен шыққан кіші сөмкенің көлемі 13,5х23см, жоғарғы жағы аздап қайырылған. Кіші сөмкенің жиектері оюланған тығыз былғарымен көмкерілген, ортасында жұмсақ жұқа былғарыдан күрделі конструкциялы қалта тігілген. Сонымен қатар, қазба жұмыстарында қалың, қатты, былғарыдан жасалған тағы бір сумка табылды, оның іш жағына жұмсақ, жұқа былғарыдан тігілген сыртқы қапқағы бар қалта тігілген. Бұл қалтаның көлемі сумкадан үлкен, сондықтан оның жоғарғы бос бөлігі жинақталып, сумка ішіне салынған. Сөмке леопард терісінен жасалған, онда күрделі оюлар салынған, алтын жалатылған мыс пластинкаларымен көркемделген. Сөмкеден дәрілік қасиеті бар және асты дәмдендіретін кориандр дәндері табылды. Жарты шар түріндегі қапшық та табылды, оның ішінде сақал бояуға арналған бояулар шықты. Новгородта жүргізілген қазба жұмыстарында 11-15 ғ.ғ. жататын пышақ қындары, доптар, қапшықтар, сөмке, қолғаптар табылды. Сол кездерден қалған кітаптардағы мәліметтер бойынша Новгородта 15-16 ғ.ғ. қапшықтар жасайтын қол өнершілер болған, оларды Амошналар (сондықтан шеберлерді Амошенниктер) деп атаған. Қазба жұмыстарында табылған қапшықтардың көпшілігінің төменгі жақтары дөнгелектенген, жоғарғы жағында қайыз бау өткізетін тесіктері болған, осы бауларды тартып, қапшықтың аузы байланатын. Қапшықтардың ішіне матадан астар тігілген. Екі бөліктен тұратын тік бұрышты қапшықтар да кездеседі, олардың бір бөлігі екіншісіне қарағанда ұзындау болады, ол қақпақ рөлін атқарған. Кейде қақпақты басқа былғарыдан жасап тігетін болған. Орыс халқының аңыздарында Апереметті деген атпен белгілі болған тері қапшықтар туралы жиі айтылады, олар қазіргі заманғы шаруашылық сумкалары мен чемодандардың ролін атқарған. Сонымен қатар қапшықтардан пішіні мен көлемі жағынан ерекшеленетін сөмкелер де табылған. Кейбір сөмкелер кестеленіп безендірілген. Новгород қазбаларында бір немесе екі былғары бөліктерінен құралған қолғаптар табылды. Мұнда бас бармаққа арналған ұя бөлек жасалған. Кейбір қолғаптарға жоғалудан сақтайтын бау тігілген. Кейбір жазбаларда Арукавици перстатых (бес саусақты қолғаптар) жайлы мәліметтер кездеседі. Олар «сырттан әкелінген» деген мәліметтер бар, қазба жұмыстарында олар табылған жоқ.

Қолғаптар Батыс елдерінде XV ғасырдың соңы - XVI ғасырдың басында пайда болды. Сөмкелер мен қапшықтарда әртүрлі бөлшектердің пайда болуына техологияның дамуы ықпал етті. Сөмкелерді бастапқыда материалдың біртұтас бөлігінен жасайтын, оның жоғарғы жағы баумен буылатын. Су, ылғал, қар, шаң қапшық ішіне кірмес үшін аузын жабатын қақпақ жасалды, оларды кейінірек клапан деп атады. Жұмсақ материалдардан жасалатын сөмкелер берік болуы үшін ішкі қалталар тігілетін, кейінірек сөмкенің іші бірнеше бөліктерге бөлінетін болды.

Еуропада сөмкелер XI ғасырда пайда болды. Олар кішкентай сөмке-қапшықтар (әмияндар) болатын, оларға ақсүйек топ өкілдері қайыр беру үшін тиындар салатын, сондықтан тиын салғыш Alamoniere (монетник) деген атқа ие болды. Осындай Alamoniere әмиянін 1235 жылы қайтыс болған саксон ханшасы Беренгардының бейітіне қойылған мүсіннен көруге болады. Ол баумен белге байланған жұмсақ қапшық түріде жасалған. Бау қапшықтың аузын бууға қолданылған. Қапшықтың шеттері былғарымен безендірілген. Мұндай қапшықтарды күміспен безендіру кеңінен таралған. XV ғасырға дейін ерлер мен әйелдердің сөмкелерінің бір-бірінен айырмашылықтары болмаған. XIII ғасырда белге, иыққа ілінетін сөмкелер мен қолға ұстап жүретін сөмкелер пайда болды. Сол кездері кестелеу өнері жақсы дамыды. Ауқатты, бай адамдардың қызметшілерінің қатарында кестелеу шеберлері де болды. Көбінесе сөмкелер кестеленетін. Олар жалпақ, тікбұрышты немесе тікбұрышты пішінінде болатын, олардың қолға ұстайтын баулары болатын. Оларды қымбат, бағалы маталардан тігіп, бетіне алтын, күміс жіптермен кестелер салынатын. Кестелер әртүрлі болатын, бірақ олардың құрамында иесінің гербі міндетті түрде кестеленетін, ол визит карточкасының ролін атқаратын. Кестелер сол кездегі поэзия туындыларының иллюстрациясы болып табылатын.

Мысалы, Францияның бір мұражайында алқызыл бархыттан тігілген кестеленген сөмке сақталады, ол сөмкеде А. Романның танымал орта ғасырлық поэмасының «Роза туралы» тақырыбы жазылған. XV ғасырға дейін сөмкелер аристократия ортасында өте шектелген түрде қолданыста болды. Бұл шектеудің саудагерлерге және зат алмастарын ауыстырушыларға қатысы болмады. Олардың костюмдерінің бөлінбес бөлшегі - белдеріндегі үлкен әмияндары болды. Зат алмастырып, ауыстыратын адамдардың көптеген анық портреттерін немістердің және нидерландтық живопистік мектептері қалдырды. Олар әрқашанда белдерінде немесе қолдарында үлкен теріден жасалған сөмкелермен суреттерде көрсетілген. Бұл олардың мамандықтарының атрибуты болды. Дәл осындай сөмкелер-әмияндар орта ғасырлық дәуірде ежелгі орыс жерінде де танымал болды. XVI ғасырдың танымал мемлекеттік қайраткері Иван Калита өзінің лақап атын, осындай ақша салатын әмияннан күлкілі түрде өзінің сараңдығы және дүниеқорлығы үшін алды. Сондықтан, ежелгі орыс жерінде, сөмке сияқты зат саудагер үшін, аристократқа қарағанда тартымды болып саналады. XV-ғасырдан бастап костюмдегі сөмкенің рөлі тез өзгерді. Ол енді қоғамның барлық таптарында өте танымал затқа айналды.

Негізінен , бұл әдеттегідей белбеуге ілінген сөмкелер ер адамдар және әйел адамдар сөмкелері болып ажыратылатын болды. Әйелдер теріден немесе матадан жасалған, жібек және металл жіппен тігілген, жеңіл әдемі түрдегі сөмкелер алып жүреді, олар ұзын белдікке, жіпке немесе белдегі шынжырға ілінген, әйел жиі түрде мұндай сөмкені алдына қойып, оны ілінетін тұтқасынан ұстап жүреді. Еркектер беліне сөмкені қысқа темір немесе теріден тұзақпен бекітеді, ол дөрекі теріден кесілген шеттерімен жасалған. Мұндай сөмкеде міндетті түрде артында қалта орын немесе тұзақ болады, ол жерге кішірек қанжар салынады. Мұндай сөмкелер «А ну шама» деп аталады. Европадағы әдемі «А ну шалер» орламандтық Каэне қаласында жасалды және сол қаладын барлық Европа бойынша таратылды. Тиындар салатын арнайы әмияндар болды, оларды «Аперо» деп аталады. XV ғасырдың аяғына қарай, «Апуша» көлемі маңызды мөлшерде артты, олардың ішінде әр түрлі заттарды алып жүретін болды. Міне, мысалы, Ренессанс дәуіріндегі итальяндық әйелдердің сөмкесіндегі заттардың барлығын көрейік. Оның ішінде ақшалар, косметика, кілттер, тарақ, хош иісті шариктер, айна және майда заттар. Мұндай сөмкелер кнопкамен басылып жабылатын немесе баумен тартылып жабылатын. XVI ғасырдың басында бірнеше рет рамолық құлып пайда болды, олар осы күнге дейін сақталған. Алғашқы кезенде бұл зат ерекше әдемі жасалған зат болды. Мұндай құлыптарды күмістен және кейде алтыннан жасады, өрнектеп эмальмен және меттал бетіне бедер салып, нақыштап сәндеді. Құлып бастары әр түрлі ғажайып пішінде, таңғажайып құбыжықтар түрінде болды. Құлыпта - әдепке үйрететін немесе діни бағыттағы жазуларды бастыра орналастыру өте сәнді болды. Дәл осы уақытта әйелдер арасында жаңа ерекше сөмкелер сәнге айналды. Бұл жеңіл бөліктерден жасалған үлкен сөмке, алдыңғы қабырғасына майда әмияндар тігілген, олардың әр бірінің өз құлыптары бар немесе бір рамкаға екі-үш кішірек сөмкелер бекітілген. Сөмкенің әрбір бөлімі тек белгіленген заттар үшін арналған. Бірнеше жүз жылдан соң, мұндай әмияндар ішкі бөлімдерге және қалталарға айналады, бірақ ХVІ ғасырда оларды мақтаныш түрде көрсетуге қоятын болды. ХV –ХVІ- ғасырлардың көптеген өрнектері осы сөмкелерде бейнеленіп сақталып қалды. Европалық коллекцияларды бір қатар сол заманның заттары сақталуда. Ежелгі орыс жерінде ХVІ-ғасырдың басында сөмкелерді тек еркектер алып жүрді. Олар сөмкелерді белінде тағып жүрді, бірақ бірнеше ішкі бөліктері бар жазық сөмкелер қолданыла бастады, оларды иықта ұзын белдікке тағып алып жүрді. Олар қақпаққа жабылды,күмістелген жіпке тігілген, сәнделген. Мұндай сөмкелер орташа топқа жататын адамдардың заттары болды. Осындай сөмке Москвадағы кремльде троицк қақпасының жанында археолгиялық қазбалар жүргізген кезде табылды. Сөмкенің бір данасы мемлекеттік «Оружейная Палатада» сақталуда. Бұл акуланың терісінен тігілген жазық кішірек сөмке, бай кейіпте күмістеліп тігілген. Ол сөмке екі қысқа белдікке ілініп тұр және белге ерекше күміс ілгіш көмегімен бекітілген. Мұндай сөмкелер XVIII ғасырға дейін қолданыста болды, бұл кезде дәстүрлі орыс костюмі европалық киіммен ортадан шығарылады. Европада XVII ғасырда еркектер және әйелдер киімдерінде қалталардың кеңінен таралуына байланысты «Апушалар» сәннен қала бастады. Еркектерде тілінген қалталардың заманауи қалталардан айырмасы болмады. Әйелдер костюмінде қалталар айналатын белдемше ішіне жасырынды және белге байланған қымбат емес матадан тігілген майда қалталар түрінде көрінеді. Бірақ сөмке мүлде жоқ болып кетпеді. Әйелдер қымбат маталардан тігілген кішкентай сөмкелерді белдеріне ілді немесе қолдарына ұстап жүрді. Ол сөмкелерде XVII ғасырдағы сәнді, бедерлеп тігілген тіпті сәндеу орын алды. Бұл көрініс, осылай сәндеу барокко стиліндегі, көтеріліп тұратын ауырлау костюмге өте сәйкес келді. Осындай жібек және металл жіптермен тігу, желіммен кенептен жасалған арнайы қаңқада орындалды, оның іші киізбен толтырылған, бұл тігіс өте биік бедерлі түрде болуы үшін. Осы уақытта осыған дейін аз ғана тараған тереңдетіп өрнек салып және тері бойынша тілу пайда болды. XVIII ғасырда сөмкені нағыз өнер туындысына айналдырды. Сәнге жеңіл бөліктерден құрастырылған, ерекше ұзартылған, үшкір астыңғы бөлікпен кішкентай «Аперстер» кірді. Оларды жібектен жасады және жіптермен бистер тігіп әшекейледі моншақтармен сәндеді. Өрнектер сәнді маталардың суреттерін қайталады немесе живописші суретші Антуани Ваттиның «Агаланттық мейрамдар» рухындағы тұтас сахналық көріністерді бейнеледі. Осы уақытта ілмектермен немесе тоқыма бізімен тоқылған сөмкелер пайда болуы. Оларды жалпақ жіпте ұстап алып жүрді. Шын мәнісінде қолда жүретін сөмкелер қолданысқа тек XIX ғасырдың басында қосылды. «Ампир» сәні жұқа матадан жеңіл көйлектер, адам денесін жеңілдетіп анықтап бөлектеп көрсететін құралды, ол көйлектер ауыр белдер мен қалталар үшін орындар қалдырмады. Сондықтан қолға ұстайтын сөмке әйелдің өзі ажырамайтын қажетті затқа айналды. Кішкентай «Аперо» Францияда «Аретикюль» деген атпен қайта дүниеге келді. Жалпы айтқанда, Ежелгі Грециямен және Риммен әуестену сөмкелерде көрініс тапты. Оларды гректік-римдік оюлармен әшекейлеуі, ал сөмкенің ең сәнді пішіні (формасы) «этрустік виза» болып саналды. Бұл сөмкелерді ұзын жіптік баумен алып жүрді, оны орындық арқасына асып қоятын. Наполеонның Египетке жорықтары киімге шығыстық өзгерістер енгізді, сөмкелер арасында жазық «Аташка» қатты теріден немесе тығыз матадан, пішіні бойынша гусарлардың сөмкелеріне ұқсайтын, пайда болды. Осындай «Аташкалар» иесінің аты-жөні бас әріптермен көркемделіп әдемілеп жазылған әшекейленген, бұл сөмкелерді әсіресе «патриоттық бағытқа бұрылған» әйелдер ұстап жүрді. Бірақ осының өзінде XIX ғасырдың бірінші жартысында, «Аретикюль» ерекше танымал болып қала берді. Әдемі әйелде осындай сөмкелердің бірнеше түрі болуы керек болды. Міне 1808 жылғы Париждік сән журналының жазғаны: «Бірде бір сәнді әйел зиялы ортаға өзінің «Аретикюлінсіз»келмейді,оның ішінде, оның өзінің бет орамалы, карта үшін ақшалары және әтірлері, иіс су салынған құтылары болуы керек. Олар бұл маусымда қымбат маталардан жасалады. Күмістелген жіптермен көмкеріледі, шашақтармен және жібекпен. Олар көйлекпен қандай түсті матадан тігілсе, сол түстен жасалады.

Әйелдердің сөмкелеріне шектен тыс көңіл бөлуі, сықақшылардың назарынан тыс қалмады. Олардың біреуі күлкілі қалжың ойлап тапты: «А ре Пиккюль» –«де Диккюль», бұл жерде француз тілінен аударғанда: «ебедейсіз» - «оғаштау зат». Осы күлкілі атау кейінірек, әйелдер сөмкелерінің тұтас тобына арнайы атау ретінде негізделіп беріледі. Х1Х ғасырдың ортасында әйелдердің киімдері қайтадан сәнді, салтанатты болады. Алуан түрлі бейнеленген бөлшектермен көмкерілген. Оның ішінде қалталар пайда болды, ол қалталарға әйелдер теріден жасалған кішкентай әмияндар салып жүрді. Бірақ, уақыт өте келе сөмкелер қайтадан, байлық ерекше заты ретінде сәнге айналды. Оларды тасбақамен, маржандармен, алтынмен, күміспен көмкерді, әшекейледі. Ең қымбат сөмкелерде құлыптық айналасын қымбат тастармен әшекейлеп көмкерді. Мұндай сөмкелердің қолға ұстайтын тұтқалары алтын жіңішке шынжырмен алмастырылды. Сөмкелерді қолда ұстап жүрді немесе беліне ілді. Пішіні бойынша олар, қайтадан ескі «бағалы, құнды затқа» ұқсас болды, теріден жасалған немесе бисермен төгілген. Оларға «шателен» атауы берілді. ХХ ғасырдың басы – сәннің қарқынды даму кезеңі болды. Оның әртүрлі еркеліктеріне ере отырып, сөмкелер әртүрлі пішіндерде және размерлерде өзгеріп отырды. Ғасырдың басында сөмкелердің пішіні әлі жазық, бірақ оны жасап шығару техникасы маңызды түрде өзгерді. Мына әдеттегідей үйренген детальдар ботандар, сыналар қатты тұтқа, сөмкелердің құрылысында тек жаңа ғасырдың басында ғана шын мәнісінде мықтап қолданыла бастады. Сөмкелердің құрылысында ХХ ғасыр төңкеріс жасаған кезең болуы нақтысында, сөмке бізге үйреншікті заманауи түрге енді. Сөмкелерді маусымдар және орындары бойынша бөліп қою орын алды. Осы уақыттан бастап тері галантериясында маусымдық сән ауысымы туралы айтуға болады. ХХ ғасырда сән еркін қолданысқа енуі және тұрғындардың барлық таптары үшін қолжетімді болды. Терілік – галантериялық бұйымдар жаппай қолданыстағы заттарға айналды. ХХ ғасырдан бастап, әсіресе бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, өнеркәсіп және кәсіпорындарға көптеген әйелдер, жұмыскрлер және қызметкрлер келді, ыңғайлы және қымбат емес сөмке, заманауи әйелді сөмкесіз елестету мүмкін емес екендігін көрсетті.

ХХ ғасырдың бірінші он жылдығы әсірсе, экзотикалық материалдармен әуестену әдеттегідей артты: жыландардың, қолтырауындардың, кенгурулардың терілерінен. Бұл терілер қазірдің өзінде ең әдемі сөмкелер үшін, сүйікті материалдар болып қала береді. Атап айтқанда, ХХ ғасырда теріден жасалған сөмкелер, алдыңғы өткен жүз жылдықта өте танымал болған матадан тігілген сөмкелерден, барынша асып түсті.

Қызығатындай жаңалық 1903-1904 жылдары – сауыттық маталдық тордан жасалған сөмкелер – күмістелген, алтын жалатылған немесе алтынның өзінен жасалған. Олар тік бұрыштың пішінінде болды, вертикаль бойынша созылған және рамалық құлыпқа бекітілген, жиірек түрде эмальмен әшекейленген. Бірінші дүниежүзілік соғыс, әйелдер киімдерінің пішінін барынша өзгеткенімен, терілік – галантериялық бұйымдарға жалпы әсерін тигізген жоқ. Қатты сөмкелердің құрамдас бөліктерінің пайда болуымен, олардың негізгі пішіндері тез жасалып шығарылды, келесі жылдары бұл сөмкелер сол маусымның сәндік бөлшек бөліктерімен толықтырылып отырды, әр түрлі варианттарда жасалды. 1918 жылға дейін жеңіл құрастырылған сөмкелер және жартылай жеңіл сөмкелер қабырғаларында жеңіл қатпарлары басқалардан басымдыққа ие болды.

Бұл сөмкелерді көптеген және талғамсыз жасалған фурнитуралармен , майда заттармен әшекейледі, ескі зер салынған, металлға бедер салып нақыштап қайталайтын түрде. Соғыс кезеңінде сөмкелер қатаң пішінде болып келді. 1920 жылдары бірінші рет нағыз қысқа көйлектер пайда болуы, сән әйел денесін, ер бала денесіне ұқсатып ерекшелігін көрсетуге бағытталды. Осы кезеңде кітапшалар сөмкелер танымал болды. Ал 1924 жылы аз уақытқа сәнге бисермен тігілген сөмкелер келді. 1930 жылдары жартылай қатты құрастырылған сөмкелер сәнді болды. Олар өте қатаң пішінде болды және оларды көркемдеу, әшекейлеу мүлде болмайды. 1941-1949 жылдары соғыс әйелдер сәніне, айрықша таңба салды. Ауыр аяқ киімдер, көйлектер мен жакеттердің әдейі кеңейтілген иықтары, әскери пилоткалар мен фуражкелерді еске түсіретін бас киімдер. Сөмкелер үлкен көлемде болды, оларды иыққа салып алып белдікпен жүрді. Осы кезеңде алғаш рет сөмкелер планшеттер қолданысқа шықты, олар соңғы жылдары жастарда өте танымал. 1950 жылдары сөмкелерде сәнде, көркемдеу бөлшектерінің көптігімен астарлы романтикалық сызықтар ерекшеленді. Сөмкелер өздерінің ғасырдың басындағы пішімдеріне қайта келді – жазық, жеңіл контурмен, айқын ашық фурнитураларымен. Дәл осы жылдары, химия саласының дамуымен байланысты , терілік – галантериялық өндіріске жасанды материалдар келді. Бұл материалдар, бұйымның декоративтік мүмкіндіктерін кеңейтті, өздерінің ерекше фактурасымен және көптеген таза технологиялық міндеттерді қарапайым түрге келтірді, жеңілдетті. 1960 жылдардың басында, алдыңғы он жылдыққа қарағанда, сәнде қатаң, негізінен жұмсақ тегіс жоғарғы жағы бар сөмкелер болды, олар негізінен трапеция пішіндес, ерекше жазық. Соңғы жылдары киім ансамблінде сөмкенің декаративтік рөлі артуының тенденциясы байқалады. Сөмке енді, аз байқалатын бөлшектің, тек толықтырушы рөлді ғана ойнамайды, ол өз бетінше ерекшеленіп көріне бастайды. Заманауи костюмнің қарапайым және батыл еркін сұлбасында, аяқ киім және терілік галантереялық бұйым, ансамбльді ұстап тұратын және ұйымдастыратын екі негізгі акценті бөлікті құрайды. Техниканың дамуы және әсіресе химияның теріден жасалған галантереялық бұйымдарды құрастыруға өз үлесін қосты. Бұл бұйымдардың көпшілігі тек дәстүр бойынша терілік – галантереялық бұйымдар деп аталады, бұл аумақта жасанды материалдар барынша кеңінен қолданылады және олардың ассортименті әр жыл сайын барынша көбейіп келеді. Терілік – галантереяға болашақтың сәні қандай жаңалықтар, өзгерістер әкелді, айту қиын. Бірақ мына нәрсені күмәнсіз айтуға болады, терілік – галантереялық бұйымдар өздерінің барлық даму тарихында, ешқашанда ХХ ғасырдың екінші бөлігіндегідей алуан түрлі болып кеңінен тараған емес.

II-тарау Аяқ қолдың анатомиясы мен физиологиялық

Негіздері

Аяқ киім ыңғайлы берік, сәнді әрі гигиена талаптарына және шарттарына сай келіп, басқа киімдермен үндесіп тұруы керек. Ол табанды жарақаттандырудан сақтап, адамның қимыл-қозғалысына кедергі келтірмей, табанның тері қабаттарына шектен тыс қысым түсірмейтіндей, ыңғайлы болуы қажет. Аяқ киім бұл талаптарға сай келуі үшін оның ішкі өлшемі мен пішініне сәйкес болуы тиіс.Бұлай болмаған күнде аяқ киім сыртқы түрін тез жоғалтып, мерзімінен бұрын тозады, табанның пішінін өзгертіп, аяқты қажайды, мүйізгектің пайда болуына жол береді. Күш түскен кездегі (тұрғанда, жүргенде) табанның өлшемдерінің өзгеруін ескеру қажет. Аяқ киімді кигенде башпайлар еркін қимылдайтындай болуы шарт. Тар немесе кең аяқ киімнің теріге (қажау, мүйізгек т.б.), қан айналуының бұзылуына тырнақ теріге батыл өсуіне және т.б.әкеп соғатынын ескерген жөн.

Аяқ киім және былғары-галантерея бұйымдары адамға арналған болғандықтан, сапалы бұйым шығару үшін былғары бұйымдар құрастыру мамандары оның аяқ-қол анатомиялық және физиологиялық және құрылысы мен олардағы өтетін құбылыстарды білуі қажет. Сонымен қатар табан, балтыр және қолдың типтік өлшемдерін бөліп шығару әдістерін жақсы білген жөн.

Табан өлшемінің қимыл-қозғалыс ында өзгеруін, бұлшық еттер жұмысын, дене салмағының тірекке таралуын және биомеханиканың басқа мәселелері мен таныстық аяқ киім бөлшектерінің өлшемдері мен формаларын нақты таңдауға маманға (инженер конструкторға) көмектеседі.

Демек, сапалы және ыңғайлы бұйымдар өңдеу үшін дене құрылысын, ондағы болатын құбылыстарды білуі қажет. Мұны анатомия, физиология және биомеханика ғылымы арқылы біле аламыз.

Анатомия – тірі ағзаның құрылысы, атқаратын қызметі және дамуы туралы ғылым. «Анатомия» атауы «anatomie» – жарамын деген грек сөзінен шыққан.

Физиология – денеде өтетін тіршілік құбылыстарын және мүшелердің қызметін зерттейтін ғылым. "Физиология" атауы грек сөзінен құралған латеральды деп атайды.Қол-аяқ мүшелеріне қатысты: проксималды (денеге біршама жақын) және дистальды (денеден біршама қашық орналасқан) атауларын қолданады. Дене құрылысының ассиметриялығы, әсіресе, ішкі мүшелердің құрылысы мен орналасуына әсер етеді. «рһуsis» – табиғат және «логия» – оқу.

Морфология – ағза құрылысын зерттейтін ғылым, «mорһе» – форма және «логия» – оқу.

Биомеханика жануарлар мен адамдардың қозғалысын зерттейтін ғылым.

Анатомия, физиология, морфология мен биомеханика өзара тығыз байланысты. Себебі, тірі ағзаның құрылысы мен тіршілгі немесе түрі мен қызметі бір-бірінен ажырамайды әрі өзара шартты болады [2].

Бұл ғылымдар адамның жасына, жынысына, нәсіліне, тұлғасына байланысты ерекшеліктерін, тіпті әрбір адамның дене құрылысының варияциясын қарастырады және осы саладағы зерттеулер нәтижелері жеңіл өндіріс бұйымдарының стандартты үлгілерін жасауда пайдаланады.

Наши рекомендации