Аң терісі- үлбір (пух) жартылай фабрикалық ассортименті
Астарлық материалдар ассортименті
Және қасиеттері
Киімде астар өте маңызды роль атқарады: ол киімнің эксплуатациялық және эстетикалық қасиеттерін жақсартып, тозудан және кірлеуден сақтайды. Астар маталар салмағы бойынша жеңіл, жууға төзімді, үйкелуге, терге және химиялық тазалауға бояуы берік, негізі бойынша аз отыратын болуы керек. Киімде астар өте маңызды роль атқарады: ол киімнің эксплуатациялық жэне эстетикалық қасиеттерін жақсартып, тозудан және кірлеуден сақтайды. Астар маталар салмағы бойынша жеңіл, жууға төзімді, үйкелуге, терге жэне химиялық тазалауға бояуы бері негіз бойынша аз отыратын болуы керек.Астар маталарды көбінесе саржалы, сәтенді және атласты айқаспамен, сирек жаккардты, тегіс боялған, сирек жолақ түрінде баспа суретті және ала маталы болады, ені 80-15Осм, сызықтық тығыздығы 105-180г/м2, матаның отыруы негіз бойынша- 3,5-5%, арқау бойынша 1,5-2%.
Сыртқы бетінің тегістігінің арқасында бұл маталар үйкеліске төзімді, бірақ сырғанақ болып келеді, сондықтан астарды пішкенде төсем кезінде қабат санын азайтып, арнайы қысқыштарды қолданады.
Астар маталар тозуға төзімділігі, салмағы және сыртқы түріне бай- ланысты киімде қолданылатын сырт матаға сэйкес болуы керек.
Астарға арналған маталар негізінен химиялық жіптерден ол негіз және арқау бойынша сызықтық тығыздығы 11-16,6 текс вискозлы. негіз және арқау бойынша сызықтық тығыздығы 6,7 текс капронды, негіз бойынша сызықтық тығыздығы 13,3 текс вискозды жэне арқау бойынша сызықтық тығыздығы 6,7 текс капронды, негіз бойынша сызықты тығыздығы 13,3-16,6 текс вискозды жэне арқау бойынша сызықты тығыздығы 18,5-25 текс мақта иірімінен, негізі бойынша сызықтық тығыздығы 16,6 текс вискозды жэне арқау бойынша сызықтық тығыздығы 25 текс вискозды иірім, негіз бойынша сызықтық тығыздығы 13,3 текс вискозды жэне арқау бойынша сызықтық тығыздык 16,6 ге ацетатты болады.
Астар маталардың ассортиментін кеңейтудің перспективалы бағыты,
олардың беттік тығыздықтарын азайту және сызықтық тығыздығы 13,3 текс аспайтын вискозды жіптерді қолдану керек.
Ацетатты жіпті құрамдас маталар тозуға төзімділігі аз және ұзақ киюге арналмаған киімдер үшін қолданылады.
Негіз бойынша сызықтық тығыздығы 15,4 текс және арқау бойынша 11,8 текс иірімнен жасалған мақталы-лавсанды маталы (мақталы 33% жэне лавсанды 67%) талшықтар қүрамынан дайындалатын саржлы айқаспалы 1/3 астар кұрылымы өңделеді. Беттік тығыздығы -135г Тэжірибелі эксплуатациялау кезінде ол үйкеліске төзімді: киіс мерзімі-1500 күн болады.
2. Аралық материалдар ассортименті.Аралық материалдардың ассортименті көп түрлі.Оларға маталар,бейматалар,трикотажды жайма және комплексті материалдар жатады.Табиғи және химиялық талшықтарының әр түрлі тәсілімен өндіріледі.Аралық материалдар киім бөлшектерінің форма тұрақтылығын созылудан сақтауда,желден және төменгі темперетурадан қорғауда қолданылады.Тігін өнеркәсібінде аралық материалдардың тағайындалу.талшықтың құрамы,құрлымы бойынша көп түрі қолданылады.Тігін бұйымдарының бөлшектеріне қаттылық беруге қызмет етеді;флизелин,синтепон,дублерин,бартовка. Флизелин (нем. Vlieseline ) – желімделген және желімделмеген, модификацияланған және модификацияланбаған целлюлозды талшық негізіндегі беймата материалдардың қағаз типті классы.Қасиеті:боялмаған флизелин – ақ, кейде сарғылт түстегі қағаз типті беймата материал. Әртүрлі түстегі флизелин болды.Флизелин- өндірісте, киімнің өңірінде, жағасында, белдікте, жармада, қалта қақпашасында, жапырақшасында, патада, хлястикте қолданылады. Дублерин –тоқылған желімдік аралық мата.Оны сырт киімдерге ойындысының,қолтық яғни артқы бойдың мойын ойындысының созылудан сақтау үшін қолданылады. Флизелинге қарағанда тігін өнеркәсіптерінде жиі пайдаланылады.Дублерин созылмайды,ол негізгі және қалың маталардан дайындалған бұйымдарға аралық мата ретінде қолданылады.Мысалы,былғарыдан жасалған бас киімдерде. Дублерин әйелдер костюмында,блузкалар, көйлектерінде сырт пішімдерін жаксы сақтайды.Дублерин тоқылған және пальтолық маталардың,сонымен қатар ерлер және әйелдер костюмдарының ұсақ түктер мен желімдердің шығып кетуінен сақтайды
Аң терісі- үлбір (пух) жартылай фабрикалық ассортименті
Аң терісі- үлбір (пух) жартылай фабрикалық ассортименті әр түрлі және де аң терісі – үлбір шикізатының ассортиментінен көбірек болып табылады. Аң терісі мен үлбір көптеген бояуларға боялған, қырқылған, жұлынған және жақ-н түрде өңдіріледі. Өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өнімдердің классификациялары бойынша аң терісі улбір жартылай фабрикалық ассортименті 89 класқа жатады – “Үлбір және қой тоны бұйымдары” жатады және де оның ішіндегі “Өңделген терілер” 891-ші топшаға кіргізіледі, бұл топша 9 топқа бөлінеді, соның ішінде:
891100-каракульді терісі (қозы терісі)
891200-қой мен ешкі тұқымының терісі
891300-үлбірлі үй жануарлардың терісі
891400- үлбірлі өзен жануарлардың терісі
891500-аң терісінің көктемдік түрі
891600-аң терісінің қысқы түрлері кеміргіштердің
891700-аң терісінің қыстық түрлері (ит, мысық, аю терілері)
891800-резервті топ
891900- аң терісінің қыстық түрлері.
Аң терісінің жартылай фабрикатталған үйренген кезде, олардың терісінің әр түрлі учаскелерінің талшықты жамылғысына, оның үлбірінің тығыздығына, биіктігіне, жұмсақтығы мен биіктігіне, жүнінің қалыңдығына, түсіне, қылшық және түбіт талшығының бояуына ,олардың өлшемдеріне маңыз қойып қарау қажет.
аң терісі жартылай фабрикалар сапасын тері сортына, ақаулар тобына, өлшеміне және түсіне байланысты белгілейді.
үлбір үй жануарының жартылай фабрикасы екі топшаға бөлінеді:
көктемгі топшаға мыналар кіреді: солтүстік бұғы терісі, құлан елбірісі, бұзау терісі.
Бұлғын терілері. бұлғын (сурет 8.1) тынық мұхитының жағалауына дейінгі ормандарда мекен етеді. сондай-ақ, бүлғын солтүстік қазақстанның тайгалы ормандарында, камчаткада, сахалинде жэне шантар аралдарында мекен етеді. Бұлғын ең әдемі жэне бағалы тері береді, сондықтан ол «үлбір патшасы» деп танылған. Бұлғын терісі түкті жабынының нэзіктігі, қалыңдығы, түсі жэне жылтыры бойынша әлем нарығында ең жақсы деп танылған. Бұлғын терісінің түкті жабыны қалың, өте жібекті, терісінің ұзындығы 30-55 см дейін, құйрығы - 10-18 см аралығында. Жалпы бояуы құмды сары түстен қанық құба түске дейін құбылады, құйрығы және аяғы қара, басы және құлағы арқасынан ашығырақ түсте, аяқ жастықшалары бәсеңдетілген. Ормандық сусар (сурет 8.2) еліміздің орманды, орманды-далалы аймақтарында мекен етеді.
Кидус жұмсақ сусар мен бұлғынның будандасуынан шыққан, бұлғын дамыған аудандарда және тайгалы ормандарда мекен етеді.
Харза алыс шығыс сусары, ол тек алыс шығыс елінің оңтүстік аудандарындағы ормандарда ғана кездеседі.
Құмды сарышүнақ терілері. Құмды сарышүнақ Заволжье, Қазақстан және Орта Азия аудандарында мекен етеді. Терісі аз өңделетіндіктен құмды сары шүнақ терілерінінің эканомикалық мэні аз.
Белгілері: Терісінің үзындығы 23-38 см, ал құйрығы 6-12 см. Терінің жон арқасында қылшық шашты әлсіз күңгірт жолақ айқындалған. Қысты күні үлбірі ашық сары бояулы. Құмды сарышұнақ терілеріне аңшылық тек көктемде ғана іске асады, үйқысынан тұрған соң 1-1,5 айдан кейін. Мамыр айында қүмды тышқанның түкті жабыны құрсағында және иығында сирей бастайды, түлеу барлық терісін қаптайды.
Су тышқан терілері Су тышқаны - жерде, суда мекендейтін ұсақ қоректілер. Оның жүнді жабыны талшықты және қалың бархатты түбітті болып келеді, суда жүзгенде және сүңгігенде ылғалданбайды.. Суық сулы ортадан жылы қанды жануарлардың былғарысын жекелейтін, жүнді жабынының мұндай құрылымы су тышқанын басқа ұсақ қоректілермен, сондай-ақ жартылай суда өмір түзушілермен жалғастырады. Қара күзен терілері. ТМД елдерінде қара күзенннің екі түрі ғана өмір сүреді. ТМД елдерінің европа бөлігінде кең тараған. Қазақстанның Сібір және батыс бөлігінде кең тараған. Америкалық күзен ТМД елдеріне 1928 жылы Солтүстік Америкадан аң шаруашылығына өсіру үшін әкелген болатын. Белгілері. Европалықтан бөлек америкалық қара күзендер айтарлықтай ірі, жоғары сапалы болып келеді. Өлшемі бойынша қара күзен - кішкене ғана аң. Дене ұзындығы еркегінікі 50-70 см, ал ұрғашы күзендікі - 40-60 см.
4. Арнайы және жұмыс бұйымдарына арналған материалдар ассортименті.
Арнайы киiм жасау үшiн үлкен берiктiкке ие арнайы жаймаларды қолданады. Осы топқа көбiнесеөте арзан мақта маталы және зығыр жаймалары қолданылады, олар гигиеналық және үйкелiске шыдамды келеді.Арнайы және жұмыс бұйымдары түрлері және арналуына қарай әртүрлі жаймаларды қолданады.Халаттар,алжапқыштар және т.б үшінмадаполамды бөз, сәтен тағы басқалардыпайдалана алады; комбинезондар, жұмыс костюмдары үшiн мақта маталы жаймалар-спецдиагональ,капроны бар диагональ, спецтрико, тик – саржаны,молескин, полудвунитканы, «Нефтяник» матасы арт. 3262, «Лесоруб» арт. 3064, «Тайга» арт. 3065 және зығыр жаймалары - полотно льняное суровое, зығырлы парусина, брезентті парусинажәне т.б.Осы жаймалар тағайындауларға байланысты су өткiзбейтiн, шiруге қарсы немесе отқа шыдамды қоректендiрілгенболуы мүмкін.Арнайы киімдерді дайындауда төмендегі классикалық жаймалар қолданылады:диагональ (саржевая), молескин (сатиновая), репс (ложнорепсовая), трико (комбинированных переплетений), коверкот (диагоналевая). Диагональ –артикулы бойынша үлкен көлемде шығарылатын, саржалық өрімді өте кең тараған мата.Жылулық кеудеше,әскери жейде,арнайы киімдер және жадағайды дайындауда қолданылады.Арнайы киімге арналған диагоналдар 15-25% штапелді капронды құрайды.Тігін өндірісінде диагональ құйылуы мен сетінегіштігімен сипатталады және негізі бойынша отыруы 6%.Молексин- төмен сызықтық тығыздықты кардалы иірімжіптен жасалған күшейткіш сатинді өрімнен өндірілетін,тегіс жылтыр бетті мата.Тығыз молексин тозаң өткізбейтін қасиетімен сипатталады.Жұмыс күртешесін,шалбар,комбинезон дайындауда қолданылады.Жоғары тозуға төзімділікке және сетінегіштікке ие,бірақ отыруы болмашы (1-2%) береді.Репс-қалың негізден жасалған,көлденең кесілген тігісті маталық өрімді мата.Тегіс боялған матаның пайдалану аймағының кеңдігі олардың әртүрлі масса мен өңделуін қамтамасыз етеді.Көбіне 1м2 матанын копшілігі 250 г салмақпен өндіріледі, ал кейбір арнайы киімдерге арналған 1м2 костюмді матаның салмағы 480 граммға жетеді.Коверкот-екі түсті ширатылған иірімжіптен жасалған күшейтілген атластан немесе диагональді өріммен өндіріледі.Осы матаның негізінің тығыздығы,негізсінің тығыздығынан едәуір жоғары (екі немесе одан жоғары).