Антропометрлік зерттеулер әдістемесі
Әр антропометриялық зерттеуде екі кезеңді бөліп шығаруға болады:
Біріншісі – зерттеулермен байланысты проблемаларының жиынтығын жасау; екіншісі – зерттеулер.
Бірінші кезеңде зерттеулер мақсаттарын нақтылайды және дәлдейді, зерттеу әдісін және өлшеуіш аппараттары таңдап алады, өлшеулерге жататын адамдар санын анықтайды, өлшемдерді жүргізетін қызметкелерді оқытады, оларды өлшеуіш аспаптар мен және жабжықтармен қамтиды, құжаттарды дайындайды .
Антропометриялық зертеулерде сапалы өткізудің қажетті шарты болып біріңғайланған әдістеме және өлшеу техникасын дәлме- дәл орындалуын бұзбау табылады
Антропометриялық зертеулердің әдістемесінің жеңілдігіне орай оның техникасы қарапайым болып көрілуі мүмкін. Адам денесінің соны мен қатар, табан және қолбасының өлшемде өлшенетін адамның орналасу күиіне тәуелді. Осыған орай, табандарды өлшеуді адам денесі қатаң тік (вертикальды) және екі табанға біркелкі тіріктенген күйде жүргізіледі. Табандар арақашықтығы 20 см болуы тиіс.
Қолбасының орналасуы күйі айқын өлшемдік белгілерді өлшеу барысында және әр түрлі өлшеу бағдарламарын пайдаланғанда әр түрлі болуы қажет: саусақтар жазылып немесе бүгіліп тұруы, қолбасы тіректік бетте алақан немесе латериальды қырымен орналасуы және т.б. Өлшеуіш аспаптың, құралдың немесе табан және қолбасының антропометрлік аспапта орналасуы әдістеме талаптарына дәлме- дәл сәйкесті болуы тиіс. Өлшеу техникасын сақтау, алынған мәліметтердің салыстырмалығына және дәлдігіне алдын ала жағдай жасайды.
Өлшеулерді, ережелерге сәйкес жалаңашталған оң табан және қолбасында өткізеді. Өлшеу алдында табанда немесе қолбасында антропометрлік нүктелер мен сызықтарды белгілейді. Олар, қаңқаның анық байқалынатын және жеңіл табылатын анатомиялық нүктелеріне (бұдырмақтарға, адамдарға, сүйектердің өсінділеріне және т.б.), жұмсақ ұлпаларына немесе тері астында пайда болған майлы жрлеріне сәйкес болуы қажет.
Бұл нүктелерді біреулері антропометрияның классикалықтарына жатса, қалғандары өлшемдік типология салуға және бұйымдарды жобалауға қажетті белгілерді өлшеу кезінде бастапқы болып табылады.
Аяқта келесі нүктелерді белгілейді: өкше, сүйек, бұдырығының, ең шығыңқы 1 нүктесін (21.а, б суреттер); ішкі тобық ортасын 2; табан иілу нүктесін 3; бойлық күмбездің максимальды биіктігінің 4 нүктесін (қайық тәрізді сүйектің бұдырығы) табан ортасының 5 нүктесін; бірінші тілерсек-бақай буынының ең шығыңқы 6 нүктесін (ішкі шоғыр нүктесі); бірінші тілерсек-бақай буынының ортасының үстінде орналасқан 7 нүктені; табанның алдыңғы 8 нүктесін (бірінші немесе екінші башпайда орналасқан) – өкшенің ең шығыңқы 1 нүктесінің барынша алыс орналасқан; екінші башпайаралықтың ең терең 9 нүктесін; үшінші башпайаралықтың ең терең 10 нүктесін; бесінші башпай соңын белгілейтін 11 нүктені; бесінші тілерсек-бақай буынының ең шығыңқы 12 нүктесін (сыртқы шоғыр нүктесі); сыртқы тобық ортасын 13; өкшелік дөңгелектенудің төменгі 14 нүктесін (21.б сурет); балтыр бұлшықетінің төменгі шетінің деңгейінде орналасқан 15 нүктені; балтырдың артқы бұлшықеттер тобының ең дамыған жерінің 16 нүктесін; тізе қақпағының астында балтырдың ең тар жерінің 17 нүктесін.
Сурет 21. Табан және балтыр нүктелері
Қолбасында келесі антропометрлік нүктелерді және жұмсақ ұлпалардың қатпарлары мен бейнеленген сызықтардағы нүктелерді белгілейді: бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші саусақтардың бұлшық ұлпаларындағы 1-5 соңғы нүктелерді (22.а сурет);алақандық бетте тенар табанын шектейтін тері қатпарының ең төменгі нүктесін – 6 тенар табанын; алақандық беттегі қолбасының табанының сызығының ортасының 7 нуктесін.
Қолбасы табанының сызығы – шыбық сүйектің бір тәрізді өсіні арқылы қолбасын ию (жазу) кезінде алақандық (тыс) бетінің проксимальды бөлігінде пайда болатын терінің қатпарының сызығы; саусақ аралықтарының ең терең 8-11 нүктелерін (22.б сурет); латеральды беттің ең кең жерінде орналасқан тенардың 12 ең дөңестік нүктесін; қолбасының табанының тыс бетіндегі сызығы ортасының 13 нүктесін (22.в сурет).
Сурет 22. Қол басының нүктелері
Бірінші алақандық сүйегі басының ортасының 14 нүктесін; бірінші, үшінші және бесінші саусақтардың тырнақтары ұзындықтары орталарының 15-17 нүктелерін; бесінші, алақандық сүйектің басы ортасының 18 нүктесін.
Барлық өлшеулерді белгілі антропометриялық жазықтарда жүргізеді. Бір саггитальды және бір горизонтальды жазықтарда бірақ, әр түрлі фронтальдық жазықтарда орналасқан өлшемдерді бойлық немесе ұзындық (мысалы, табан ұзындығы, саусақ ұзындықтары, башпай ұзындығы және т.б.) деп аталады. Бір горизонтальдық және фронтальдық жазықтарды бірақ, әр түрлі саггитальды орналасқандарды көлденең (мысалы, табан ені, қолбасы ені және т.б.) деп атайды.
Өлшеулерді табан немесе қолбасының беттері арқылы жүргізуге болады. Бұл кезде белгілі қималардың айналым өлшемдері (мысалы, табан айналымы, қолбасы айналымы, тенардың бірінші және екінші доғалары және т.б.) алынады.
Антропометрлік аспаптар
Антропометрлік зерттеулерді ұласқан және ұласпайтын әдістерін пайдаланады.
Ұласқандарға өлшеуіш аспабы зерттейтін объектпен ұласқа қатысатын әдістерді жатқызады. Алынған ақпарат дискретті, жеке нүктелер координаттары түрінде, және қима контурларын сипаттайтын аналогтық болуы мүмкін. Ұласпайтын әдістерде зерттелетін дененің беті фотограммалар, сәулелік және рентгендік суреттер түрінде алынады. Алынған бейнелерден ақпарат саналып алынады, оларды дифференциалды және интегралдыларға бөледі. Дифференциалдық ақпарат қималар немесе бөліктердің өлшемдері және формалары туралы сипаттама беретін үздіксіз немесе нүктелердің шифраланған координаттар түрінде беріледі.
Интегралдық ақпарат объектінің толық геометриялык сипатын алуға мүмкіндік береді, яғни, оның кеңістік орналасуын, формасын және өлшемдерін.
Ұласқан әдістер кәдімгідей өте қарапайым. Олардың негізгі кемшілігіне өлшеуіш аспаптың ұласқа келген кезендегі қол, табан жұмсақ бұлшық еттер ұлпасын деформациялау, және осыған орай, дәлдігі жоғары мәліметтер алуға қиындық тудыруы жатады. Бұдан басқа, бұл әдістер едауір еңбек сұранымды, өлшеулер көп уақыт қажеттілігін талап етеді де зерттеленетін адамды шаршатады. Ұласпайтын әдістер жоғары өнімдікті, объективті және дұрыс мәліметтерді алуды қамтиды, объектті қимыл-қозғалыс кезінде зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс кемшіліктеріне аппараттардың және бейне алу үрдісінің күрделілігі жатады.
Ұласқан әдістерде келесі аспаптар мен құралдарды пайдаланады.
Плантограф (23.а сурет) табан ізінің суреті (плантограмманы) мен габарит контурлары туралы аналогиялық ақпарат алуға арналған [5]. Аспап поливинилхлоридтық немесе полиэтилендік қабыршық 2 керілген 1 рамкадан тұрады. Рамка 3 тиянақпен топсалар арқылы біріккен. Тиянақтың 4 жұмсақ жастығы бар. Оған штемпельді бояу жағып таза қағазды жатқызады. Плантографпен жұмыс істегенде рамканы тиянаққа жатқызып, табанда қабыршаққа орналастырады да қағазға табан ізінің суретін түсіріп алады.
Электрұласқандық контурографы (23.б сурет) қағазға табанның Габариттік зоналарын айналмалы үшбұрыштықта бекілген
1 инемен көшіруге қолданады. Табанды айналдыра сызу кезінде бұлшық ет ұлпаларының деформациялауына жол бермеу үшін контурографқа, 3 және 4 дабылдауыш лампалы электр схемасы орнықтырылған. Айналма үшбұрыш және табан арасындағы қысым нормальды кезде ине А орынға жайғасады (23.в сурет).
Сурет 23. Ұласқан аспаптар сұлбалары
Бұл кезде бір 4 лампа жанады, ал қысым мүмкіндіктен асып кетсе, ине Б орынға жайғасып 3 лампа жанады.
Табанның қималары туралы аналогиялық ақпаратты контурографтар көмегімен алады.
М.Я. Орловтың вертикальдық конструкциялы контурографы (24.а сурет) тиянықты жылжымалы бекілген ұзын жұқа тілімшелерінің жиынтығынан тұрады.
Тілімшелер горизонтальды орналасқан контурограф (24.б сурет) табанның өкшелік бөлігінің бойлық-өстік қимасының контурына ұқсас контур алуға мүмкіндік береді.
Сурет-24. Контурографтар
Д.Е. Медзерянның контурографының (24.в сурет) конструкциясы мен әрекет принципі жоғарғы аталғандарға ұқсас. Ол табанның көлденең қималарының өлшемдері мен формаларын полярлы координаттарда алуға мүмкіндік береді.
Ұласқандық әдіс пен дискретті ақпаратты алу үшін Ю.П. Зыбин және В.К. Макаричеваның табанөлшеуіш аспабы (25 сурет) пайдаланады. Ол табанның антропометриялық нүктелерін үш координат жүйесінде анықтауға арналған. Табанды өкшенің ең шығыңқы нүктесі және екінші башпай аралық ортасы арқылы өтетін өсі бойынша дәл орналастыру үшін табанөлшеуіштің башпайаралық тетігі және табанның өкшелік бөлігінің жұмсақ бұлшық ет ұлпаларының қысылу дәрежесін бақылайтын дабыл жүйесі бар.
Сурет 25. Ю.П. Зыбин және В.К. Макаричеваның табан өлшеуіші
Табанөлшеуіштің мөлдір тіректін 3 тақтайшасы 1 тиянаққа бекілген 5 башпайаралық тетік өлшеу кезінде екінші және үшінші башпай арасында орналасатын тетік тіректін тақтайшаның саңылауында 13 орнықтырылған. Өлшеніп жатқан табан ұзындығына байланысты тетікті серіппеленген төлке 4 көмегімен бойлық бағдарлаушы 2 бойымен саңылаудың кез келген жеріне жылжытуға болады.
Табанөлшеуішке табанды орналастырған кезде, оны өкшелік тірекке шамалы қысымдап түйістіреді. Өкшенің тіректе қысымды реттейтін 14 дабыл жүйелері орналасқан.
Табанөлшеуіштің (25.б сурет) өлшеуіш жүйесі ұзындық өлшемдерді өлшеуге арналған екі сызғышпен, ені және биіктік өлшемдерді өлшеуге арналған 16 горизонтальдық және 17 вертикальдық сызғыштардан тұрады.
Балтыртабанөлшеуіш (26.а сурет) балтыр мен табанды өкшені әр түрлі биіктікке көтергенде өлшеуге мүмкіндік береді. Табанның өкше биіктігін, 1 шаблонға қондырады.
Аспап тиянағында органикалық шишадан жасалған тақтайша бекітілген. Трафарет бойынша табанның өкше көтеріңкілігіне байланысты ұзындық және ендік өлшемдерінің өзгеруін анықтайды.
Аяқ киімді табанға қалыптастыратын аспапты (26.б сурет), Н.К. Кушнир жасаған. Ол табанның өлшемдерінің өкшені көтергенде және сонымен қатар күш әсерімен өзгеруін анықтауға мүмкіндік береді. Аспап тиянағының 1 плитасында артқы және қаптал қабырғаны өкшеге арналған 4 тірек бекілген, өкше астының 3 тірегі биіктігі өзгеріп тұратын өкшенің тығыздығы табанның шоғырдағы айналым өлшемдерінің өзгеруін тұрақтандыратын 5 өлшеуіш таспалар, 2 шығырлар бекілген. Табанға салынатын күшті өзгертіп тұру үшін 2 шығырлар арқылы 6 арқандар жіберілген, олардың бір сандарына 7 жүктер бекілген, ал қалғандары өлшеуіш таспалармен қосылған.
Табан және балтыр биіктігін анықтайтын өлшеуіш (26.в сурет) миллиметрлік шкалы сызғышты 1 тіреуі бекілген 3 тиянақтан тұрады. Тіреуде антропометрлік нүктелерді анықтауға арналған горизонтальдық 4 сілтегіш 2 қозғалтқышқа бекілген. Ені 5-6 мм өлшеуіш таспа мен табан және қолбасының беттерінің өлшемдерін анықтайды.
Сурет 26. Аяқ-қол өлшейтін аспаптардың сұлбалары
Жылжымалы циркульмен немесе штангенциркуль мен (26.г сурет) қолбасының екі антропометриялық нүктелерінің ең қысқа арақашықтығын анықтайды.
Қолбасын кәдімгі (табиғи), күйінде өлшеу үшін (шамалы иілген саусақтары мен) оны жатқызатын шаблондарды пайдаланады. Шаблондар өлшеніп жатқан қолбасының айналымына тәуелді белгілі қисық бетті болуы тиіс (27 сурет ).
Жоғарыда аталған табан өлшеуіш аспаптардың кемшіліктеріне табанның, балтырдың горизонтальдық қималарының контурларын анықтауға мүмкіндік бермейтіні жатады. Осыған орай, табан және балтырдың горизонтальдық қималарын өлшеу арқылы гео-метриялық ақпараттарын кеңейту мақсаты мен А.Ж. Бопеев, В.А. Фукин және С.Е. Мұнасипов жаңа табанөлшеуіш аспабын жасады [12].
Сурет 28. А.Ж. Бопеев, С.Е. Мунасипов, В.А. Фукинның табанөлшеуіші
Аспап 1 тиянақтан, 3 тұмсықтық және 2 өкшелік тіректерден, табан және балтырдың горизонтальдық қималарын анықтауға арналған құралдан тұрады. Құрал 4 бағыттауыш және олардың бойы мен 5 жылжымалар көмегі мен 7 қысқыштар арқылы бекітілген 9 өлшеуіш білікті 8 рамалы 6 вертикальдық тіреулер жылжиды.
Аспаптың тіректік бетінде табан ұзындық өлшемдерін анықтауға арналған 10 өлшеуіш сызғыштар және табанды дұрыс бағыттауға арналған 11 аспаптың өсі орналасқан.
Табан және балтырды бұл аспап көмегімен өлшеуді келесі кезеңдермен жүргізеді. Табанды тіректік бетке 11 өсі бойынша бағыттап оның ұзындығының басы болып саналатын ауыспалы өкшелік тірек арқылы орналастырады. Өкшелік тіректі зерттелетін табан өлшемдері мен формасына сәйкес таңдап алады.
Табанды дұрыс бағыттау үшін оның өкшесі тірек пен түйісуі, ал екінші башпайаралық аспаптың 11 өсі бойында орналасуы тиіс.
Табан ұзындығы ең ұзын башпайының тұмсықтық тірек пен түйісетін нүкте арқылы анықталып 10 өлшеуіш сызғыштармен өлшенеді.
Табан және балтырдың горизонтальдық қималарының контурларын былай алады.
Вертикальдық тіреулерді горизонталь бойынша тиісті бөлікте орналастырады да 8 тікбұрышты раманы өлшеу жүргізетін биіктікте тұрақтандырады. Раманың 9 өлшеуіш біліктерін табан мен түйіскенше жылжытады. Бұл кезде барлық біліктердің орналасуы табанның горизонтальдық қимасының контурын анықтайды. Әр өлшеуіш біліктің милиметрлік бөліктері өлшеу нәтижелерін жылдам және жеңіл жазып алуына мүмкіндік береді.
Полярлы үш координат жүйесінде табанмен балтырдың горизонтальдық және вертикальдық қималарын 29 суретте көрсетілген аспап арқылы алуға болады. Аспапты М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің "Былғары, үлбір және былғары бұйымдар технологиясы" кафедрасының т.ғ.к., проф. А.Ж. Бопеев және т.ғ.к., доцент С.Е. Мұнасипов жасаған.
Сурет 29. А.Ж. Бопеев, С.Е. Мунасиповтың табан өлшеуіші
Адам денесін түсіруге арналған фотосуретті антропометриялық зерттеулер әдісі ретінде бірінші болып В.В. Бунак және П.Н. Башкиров ұсынған. Фотографиялық әдіс суреттерге бағынбайтын анатомиялық ерекшеліктерді есепке алып объектіні зерттеуге мүмкіндік береді.
Фотографиялық суреттер адам денесінің және бөліктерінің морфологиялық ерешеліктерін айқын көрсетеді.
Фототабанөлшеуіш аспап айналар жинағынан, фотокамерадан және қысымдайтын электр контактінен тұрады. Антропометрлік мәліметтерді алу мақсаты мен суреттерді өңдегенде электрондық және механикалық құралдарды пайдаланады. Электрондық құралмен өлшеу нәтижелерін алатын қималар 306 суретте, ал 30.в суретте-фотосуретті табанның қаптал, фронталь және плантарлық беттерінен алынған фотосуреттерін өңдеу тәсілі көрсетілген.
В.З. Ильченко (Укр. БӨҒЗИ) жасаған фотоаспап, (30.г сурет) фотоплантограф және фотогабаритограф қиындысы болып табанның габариттік зоналарын анықтауға мүмкіндік береді.
Бұлгарияда қолданылатын фотоаспап (30.д сурет) бір-біріне белгілі бұрышты орналасқан айналардан құрылған төрт оптикалық жүйе мен фотообъективтерден тұрады.
Сурет 30. Фототабанөлшеуіштер сұлбалары
Ю.П. Зыбинның және В.А Фукинның фототабанөлшеуіш аспабының әрекеті фотообъективтың оптикалық жүйесінің фокалдық жазықтығына қима контурын бейнелейтін, зерттеленетін бетке бағытталған жіңішке және параллельді сәуле шоғырының көмегімен алынатын "сәулелік қимасын" жасау болып табылады.
Табанның әр түрлі күйдегі қималарының жиынтығын алып, оның өлшемдерінің өзгеруін бақылауға болады.
Кеңістік-күрделі денелердің өлшемдері мен фотоларын зерттеу және қайта өңдеу үшін стереофотограмметрия әдісін пайдаланады [13].
Бұл әдісті қолданып дененің стереоскопиялық кеңістік суретін алуға болады. Стереоскопиялық деп кеңістікті көлемдік қамауда қамтитын екі бейнені (стереожұпты) атайды. Арнайы аспаптар мен стереожұптарды қараған кезде жеке нүктелердің бейнелері бір-біріне сәйкес келмеуіне әр нүкте қараушыдан әр түрлі тереңдікте орналасқандай елес беріп бір көлемдік бейнені құрайды.
Осы стереофотограмметрия принципі стереофотоөлшеуіштер (32.а-в суреттер) және стереофотоплантографтарда (32.г, 31.д суреттер) пайда-лынады.
Сурет 31. Ю.П. Зыбин және В.А. Фукинның фототабанөлшеуіші
Сурет 32. Растрлық оптикалық жүйелі аспаптар сұлбалары
Олар көлемдік объектілердің суреттерін екі нүктеден екі стереокамералар мен түсіреді де стереосуреттерді біріктіріп қарағанда объектінің көлемдік қабылдауын қамтиды. Стереосуреттер стереоавтограф пен өңделеді. Пашаев Б.С. стереофотоплантографымен алынған табанның із жағының горизонтальдық қималары 33 суретте көрсетілген.
Осы принцип Б.С. Пашаев пен Б.М. Фамицын аспабында (34 сурет) қолданылады. Бұл аспап табан мен балтырдың гипстік бедерлерін стереоскопиялық фотосуреттерде пайдаланады [14].
Сурет 33. Б.С. Пашаев және В.М. Фамицин аспабаның сұлбасы | Сурет 34. Стереоплантограммалар |
Аспап аяқты немесе гипстік бедерді орналастыратын 1 бұрылмалы үстелден 3, тест-объектіден 5, стереофотограмметриялық камералардан 4, жарық рефлекторларынан және 2 экраннан тұрады. Суретке түсіруді: алдыңғы, артқы, қаптал беттің оң және сол жақтарынан орындайды.
Рентгенографикалық әдіспен де адам денесінің қималарын алуға болады. Бірақ, бұл әдісті қолдану адам ағзасына рентген сәулелерінің тигізетін зиянды әсерлерінен шектеледі.
Голографиялық интерферо-метриялық әдісі объектінің көлем-дік бейнесін оптикалық кванттық генераторының (лазердің) сәуле-лерін (35 сурет) қолданып алу мүмкіндігінде негізделген [15].
Әдістің келешегі мол, бірақ, адам денесін жаппай өлшеуге әлі бейімделмеген.
Адамның аяқ және колбасының құрылысын зерттеуге гипстік бедерлер мүмкіндік береді. Гипстік бедерлер табан және қолбасы туралы дискреттік және аналогтық ақпараттарды алуға пайдаланады.
Лшеу бағдарламалары
Әр антропометриялық зерттеу белгілі өлшеу бағдарламасы бойынша жүргізілуі тиіс. Бағдарламаға тек қана қойылған мақсатты шешуге қажетті белгілерді енгізу қажет. Мысалы, егер өлшеулерді табандардың өлшемдік технологиясын салу мақсаты мен жүргізсе, онда табан ұзындығы мен оның шоғырдағы айналым өлшемін зерттеген жеткілікті, ал қолбасының өлшемдік типологиясына - бесінші алақан сүйегінің басының деңгейіндегі айналым өлшем мен үшінші саусақтың флексорлық ұзындығын. Барлық қалған өлшемдер топтардың морфологиялық сипаттамаларын толықтырады да аяқ киім қалыптарын, аяқ киімді немесе қолғаптар және биялайларды жобалауға кажетті.
Табанның пропорцияларын анықтау үшін оның ұзындығын, шоғырдағы айналым өлшемдерін, сыртқы және ішкі шоғырлардағы өндерін, сыртқы және ішкі шоғырларға, өкше ортасына, башпайлардың соңдарына дейінгі қашықтықтарды, сыртқы және ішкі тобықтарға дейінгі кашықтық пен олардың орталарытта дейінгі биіктіктерді білу қажет.
Қалып ізін жобалау үшін, оған қоса табанның статикалық деформацияларын анықтау және сипаттауға өлшеу бардарламасына табанның плантограммасын алуды қосу қажет.
Кейбір арнайы және өндірістік биялайлар және аяқ киімдерді дайындау үшін қимыл-қозғалыстары кейбір өлшемдік белгілерінің өзгеруін білу керек. Бұл жағдайларда арнайы өлшемдеу бардарламаларын жасайды. Арнайы бағдарламаларға еңгізілген белгілерді статикалық және динамикалық жағдайларда өлшейді. Статикалық және динамикалық өлшеулерді бірдей бастапқы нүктелер араларында жүргізеді. Қандай бағдарлама болмасын әр өлшемдік белгіге өзінің нөмірі және оларды өлшеу техникасы барлық бағдарламаларда сақталады.
Табанның ұзындық өлшемдерін 1 нүктеден (21.а сурет қара) бастап 2, 3, 5, 6, 8, 11, 12, 13 нүктелерге дейін, ал табан биіктік өлшемдерін тіректін беттен бастап 2, 3, 4, 5, 7, 13 нүктелерге дейін өлшейді.
Балтыр биіктік өлшемдерін (21.б сурет қара) тіректін беттен бастап 15, 16 және 17 нүктелерге өлшемдерін плантограммалардан алады. Плантограм маны былай өңдейді (36.д сурет қара), із суретінің ең кең жеріндегі өкше тірегінің ортасының Ғ нүктесі және екінші башпайаралықтың 9 нүктесі (36.д сурет) арқылы өсті жүргізеді.
Сурет 36. Табанның гипстік бедерін алу және
плантограмма сұлбалары
Белгіленген 6 және 12 нүктелердің горизонтальдық проекцияла-рынан өске перпендикулярлар тұрғызып, оларды горизонтальдық проекциямен ішкі жағынан (m-нүктесі) және сыртқы жағынан (f нүктесі) қиылысқанша созады. 12 және m-нүктелер арақашықтығы табанның Шн.п. сыртқы шоғыр бойынша, ал 6 және f нүктелер арақашықтық Шв.п ішкі шоғыр бойынша ендерін сипаттайды.
Өкшенің енін Шп горизонтальдық проекция бойынша табанның өкшесінің ізінің суретіні ең кең жерінде өлшенеді.
Үлкен башпайдың ауытиқу αбұрышын ОВ сәуле үлкен башпайдың горизонталдық проекциясының контурына ішкі шоғырдың 6 нүктесінен жүргізілген жанама сызық арасында өлшейді.
Айналым өлшемдерді (216 сурет қара) миллиметрлік бөлімді майысқақ таспа мен өлшейді. Ішкі Ов.п. және сыртқы Ок.п, шоғырлар арқылы табанның айналым өлшемдерін анықтаған кезде таспаның өлшейтін шеті өкшеге қарай тұрып 6 және 12 күктелерде (21.а сурет қара) жатуы тиіс. Табан ортасының Ос (216 сурет қара) айналым өлшемін таспаны табанның тыс бетінің 5 нүктесі арқылы өткізіп анықтайды (21.а сурет қара). Ос.г. айналым өлшемін анықтағанда таспаны табанның иілу 3 күктесі (21.а сурет қара) және өкшенің дөңгеленуінің теменгі 14 нүктесі арқылы өткізеді.
Балтырдың О1, О2, О3 айналым өлшемдерін 15, 16 және 17 нүктелерге сөйкес өлшейді. Өлшеуіш таспа өлшенетін бөлікке тығыз, бірақ оны қыспай жанасып балтырдың шартты вертикальдық өсіне перпендикуляры орналасуы тиіс.
Колбасын өлшегенде келесі өлшемдік белгілерді (мм) зерттейді:
- қолбасының ұзындығын алақан Ди және тыс Дт, жақтарынан (22.а, в сурет қара) – қолбасының табанының ортасынан алақандық немесе сыртқы жағынан үшінші саусақтың ең шеткі күктесіне дейінгі арақашықтың;
- бесінші сәуле бойынша алақанның ұзындығын 10 қолбасының табанының төртінші саусақаралық нүктеге дейінгі арақашықтық (алақандық бетте жылжымалы циркульмен өлшейді, циркуль штангасы қолбасының өсіне параллельді болады);
- әр саусақтын флексорлық l1, l2, l.3, l4, l5 және сыртқы Д1, Д2Д3, Д4, Д5 ұзындықтарын – өлшеніп жатқан саусақтың сыртқы немесе алақандық беттерінің тік (вертикальдық) өсіне проекцияланғая сәйкесті саусақаралық нүктесінен саусақтың ұшының нүктесіне дейінгі арақашықтық;
- қолбасының табаныныда алақандық беттің тенарына дейінгі Н арақашықтықты (22.а сурет қара);
- бірінші, үшінші және бесінші саусақтың тырнақтарының ортасынан қолбасының тыс беті бойынша сәйкесті саусақтың ұшының нүктелеріне дейінгі өлшенілетінен арақашықтық;
- алақандық беттегі тенар табанынан бірінші саусақтың жарғағының ортасына дейінгі L1 арақашықтықты;
- алақан жағынан өлшенген бірінші саусақтың ұшының нүктесінен тенар табанына дейінгі L арақашықтықты (өлшеуді қолбасының өсіне параллельді етіп сызғыш пен немесе жылжымалы циркульмен орындайды);
- көмекші I-I сызығынан екінші саусақ өсіне дейінгі С арақашықтықты;
- бірінші және екінші саусақаралық нүктелерінің Л арақашықтығын (алақандық бетте жылжымалы циркульмен немесе сызғышпен саусақты шамамен 350 бұрып өлшейді);
- бесінші алақан сүйегінің басы деңгейіндегі қолбасының айналымы Он (өлшеуді майысқақ таспа мен орындайды, қолбасы алақанымен үстелде жатады, үлкен саусақ шетке қайырылған);
- тырнақтың ортасы тырнақтың ортасы Он және алақан-бапай буын арқылы өлшенген бірінші саусақтың айналымы 01 (майысқақ таспа қисық орналасады да шетімен бірінші саусақаралық жарағын шамалы басып өтеді);
- тенардың бірінші г1, д1 және е1, ж1 доғаларының ұзындығын I-I қосымша сызықтан бастап үлкен саусақтың тенарының ең кең жеріндегі қатпарына сәйкес жеріне дейін және оның бойының төменгі үштен бір биіктігі деңгейінде (таспа тенар өсіне нормальды орналасуы тиіс);
- саусақтар аралық нүктелердегі деңгейдегі саусақтардың қалың-дығын t2.
Барлық өлшеулерді жазық саусақтарда жүргізеді.
Дп, Дт және l0 өлшемдік белгілерді қолбасы бос немесе салбырап және саусақтар жазық күйінде өлшейді. Жылжымалы циркульмен l1-l5, Д1-Д5, Н, lH, L1өлшегенде қолбасы медиальды бетімен үстелде өлшейтін адам ға алақан жағы мен бұрылып,бірінші саусақ екіншінің алдында, бірінші саусақтың тыс беті және екінші саусақтың радиальдық беті бір жазықтықта, бірінші саусақ екіншіге шамамен 350 бұрышқа қарама – қарсы қарай тұрады.
Әр адам өлшемдерді бланкіге енгізіледі (1 кесте). Бланкіде белгілері нөмірлері өлшеу бағдарламасының белгілерінің нөмірлеу жүйесіне сәйкес болуы тиіс.
Кесте 1
Антропометрлік өлшеулерді жазуға арналған бланкі.
Ел
Жыныс Күні
Аты-жөні Бланк нөмірі
Туылған күні
Жасы
Жастық тобы
Туылған жері: А – қала
В – аул
Ұлты: әкесі шешесі –
Мамандық: әкесінің шешесінің –
Жанұядағы балалар саны
Белгі нөмірі | Белгінің мағынасы | Белгі нөмірі | Белгінің мағынасы |
3.2 Табандардың және қолбастырының