Алгоритм: Бас ми жарақаты кезіндегі жедел көмек

Алгоритм: Мойын жарақаттары кезіндегі жедел көмек

Мақсаты: Науқастың жағдайын жақсарту, асқынулардың алдын алу ( механикалық асфиксия,тыныс алу депрессиясы, қан жоғалту).

Болуы мүмкін асқынулар:

- Тыныс алудың бұзылуы , шок;

- Қан кету;

- Механикалық асфиксия;

Керекті құралдар:

· Залалсыздандырылған қолғаптар.

· Кетатоп немесе кетарол - 2,0. 1% димедрол ерітіндісі.

· Децинон немесе 5% аминокапрон қышқылы.

· Полиглюкин 500 мл

· Кофеин натрий бензоатын

· Шприцы

· ҚКҚ

· Залалсыздандырылған таңғыш дәкелері.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)

2. Науқасты тыныштандыру, іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру

3. Қолды антисептикалық ерітіндімен гигиеналық өңдеу, .

4. Залалсыздандырылған бір реттік қолғапты кию.

5. Науқасты шалқасынан жатқызу;

6. Груша тәрізді сорғышпен немесе электросорғышпен мұрыннан және тамақтан қан мен сілекейдісорып алу ;

7. Ауырсынуды басу: б/е 2,0 кетатоп және кетарол,1% димедрол ерітіндісі.

8. Қан кеткен жағдайда уақытша қан тоқтату (саусақпен басу, жарақатты тығындау, таңу).

9. Антисептикалық ерітіндімен жарақаттың айналасын өңдеу;

10. Жарақатты таңу;

11. Қан тоқтататын препараттарды енгізу:дицинон немесе 5% аминокапрон қышқылы;

12. АҚҚ төмендеген жағдайда к/т 500 мл дейін полиглюкин, 20 %-2,0 кофеин натрий бензоатын енгізу;

13. Зақымдалған аймаққа мұзды мұйық қою;

14. Көмейдің ісінуінен пайда болған III-IV дәрежелі стеноз болған жағдайда трахеостомия жасау;

15. АҚҚ, тыныс алуды, пульсті бақылау;

16. Жартылай отырғызған жағдайда хирургиялық бөлімге жеткізу;

17. Қолғапты шешім, ҚКҚ-ға тастау.

18. Қолды жуып, кептіру.

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.
  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы
  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы
  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

Алгоритм: Бас ми жарақаты кезіндегі жедел көмек

Мақсаты: Емдік.

Корсеткіштері: Бас миының жабық жарақаты (мидың шайқалуы, соғылу, қысылуы, бас сүйектері негізінің және бет сүйектерінің сынуы)

Қарсы көрсеткіштер: Өмірге сәйкес емес ауыр жарақаттар

Керекті құрал жабдықтар:

§ Зембіл;

§ Бір реттік шприц 5.0 анальгетиктер енгізу үшін;

§ Бір реттік шприц 20.0 дәрі дәрмектерді енгізу үшін ;

§ Бір реттік шприц 2.0 гемостатикалық дәрі дәрмектерді енгізу үшін

§ Гемостатикалық дәрілер (дицинон – 2,0)

§ Мұзды мұйық,

§ Залалсыз материалдар (шарик, салфеткада, мақта, бинт)

§ Электросорғыш;

§ Спирт, антисептикалық сұйықтық;

§ Залалсыздандырылған қолғаптар.

§ ҚКҚ

Пациенттің мүмкін болатын мәселелері:

Ø есінен тану, шок , кома

Ø қан кету

Ø механикалық асфиксия, құсу;

Ø жедел жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі

Іс-әрекет алгаритімі :

1. Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)

2. Науқасқа іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру

3. Қолды антисептикалық ерітіндімен гигиеналық өңдеу (бөлімшелерден тыс жағдайда қалта антисептигі қолданады).

4. Залалсыздандырылмаған бір реттік қолғапты кию.

5. Науқасты горизантальды қалыпта бас жағын биіктетіп зембілге жатқызу,

6. Бұлшықет ішіне 2.0 кетатопты немесе кетаролды, 1% димедрол ерітіндісін енгізу

7. Қан кету кезінде қан тоқтату (саусақпен басу арқылы, жараның тығыз тампонадасы, қысатын байлам), байлам салу

8. Қан тоқтататын препараттар енгізу : дицинон, этамзилат

9. Көк тамырға 40% глюкоза ерітіндісі 20,0, витамин С 5% 4мл немесе 25% магний сульфаты ерітіндісі; егер қан қысымы төмендемесе;

10. Басына мұзды мұйық қою

11. Ес түссіз кезінде құсық массасымен және тілдің жұтылуынан механикалық асфиксияның дамуының алдын алу шараларын жүргізу: (басын бір жағына қарай бұру, ауыз қуысын механикалық жолмен, яғни салфеткамен немесе электросорғышпен сору) және тілді салфеткамен ұстап өзіне қарай тарту

12. Қан қысымын, пульсін бақылау

13. Бас жағын биіктетіп зембілге жатқызып, травматология бөліміне тасымалдау

14. Қолғапты шешім, ҚКҚ-ға тастау.

15. Қолды жуып, кептіру.

Нәтижені бағалау: Науқастың қал жағдайымен гемодинамикасын жақсарды, қан кету тоқтатылды , жарақатқа таңғыш салынды, науқас дұрыс тасмалданғанды

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.
  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы
  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы
  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

.

Наши рекомендации