Шоғырлық сорап станциялары
Тазартушы құрылымдардан су кәсіпшілік аумақтағы шоғырлық сорап станцияларына жіберіледі. Шоғырлық сорап станциялары судың қысымын айдау қысымына дейін көтеріп, оны суайырғыш тарақшаларға және ары қарай айдаушы ұңғыларға жібереді.
Мұнайлы қабаттарда қабат қысымын ұстап тұруға қажетті суды айдау үшін сорапты станциялар ретінде ОТСС (ОТСС-30, ОТСС-60, ОТСС-120, ОТСС-180, ОТСС-500) ортадан тепкіш сораптық агрегаттардың негізіндегі блокты шоғырлық сорап станциялары (БШСС) қолданылады (6.3-сурет).
Шоғырлық сорап станциялары құрылысқа жұмсалынатын қаражатты және уақытты үнемдейді. Мұнда станцияның өзі зауытта жасалынған блоктардан құралады (сораптық блок, таратушы құрылымы, басқару блогы т.б.). БШСС екі сораптық блоктан, төменгі вольтті басқару аппаратураларының блогы, жалпыстанциялық щиттер блогы мен тарамдану блоктарынан тұрады. Әр блоктың жабдықтарды бекіту плиталары болады. Станцияның сораптары мен қабырғаларының іргетасы болмайды. Сондықтан да оны жинауға 2-3 ай ғана уақыт жұмсалып, бағасы арзандайды.
6.3-сурет. БШСС-ты компоновкалау жоспары
Блоктар: І-сораптық; ІІ-төменгі вольтті аппаратуралар; ІІІ-басқару; ІV-тарақтану; 1-май жүйесінің ыдысы; 2-ортадан тепкіш сорап; 3-тісті муфта; 4-электрлі қозғалтқыш; 5-жергілікті басқару посты; 6-қабылдау коллекторы; 7-ысырма; 8-манометрлік колонка; 9-сору құбыры; 10-дренаж суының құбыры; 11-электр жетекті ысырма; 12-кері клапан; 13, 21-айдау құбырлары; 14-суды бұрып алу құбыры; 15-стансаның басқару щиттері; 16-дренаж суының ыдысы; 17-, 25-жылыту пештері ПЭТ-2; 18-жалпыстансалық щиттер; 19-ауысу; 20, 22-реттеу вентильдері; 23-лақтыру коллекторы; 24-басқару шкафы; 26-дифманометрлер шкафы; 27-айдау коллекторы
Сораптық блокта май жүйесінің ыдысы, ортадан тепкіш сорап және оны электрлі қозғалтқышпен байланыстыратын тісті муфтасы бар сораптық агрегат орналасқан. Май жүйесінің ыдысында май сорабы, сүзгілер және май салқындатқыш бар. Сораптық блокта жергілікті басқару посты құрылған. Қабылдау коллекторынан су ысырма, манометрлік колонка және сору құбыры арқылы сорапқа келіп түседі. Сораптың шығу жағында электрлі жетегі бар ысырма, кері клапан мен айдау құбыры бар. Дренажды су құбыр арқылы дренажды су ыдысына келеді. Айдалатын су бірнеше сораптардан құбырға жиналып, таратқышқа беріледі. Онда реттеу вентильдері, айдау құбыры, лақтыру коллекторы, басқару және дифманометрлер шкафы орналасқан.
Төменгі вольтті аппаратуралар блогында жалпыстанциялық щиттер, ал басқару блогында – станцияның басқару щиттері құрастырылған. Барлық блоктардың жылыту пештері бар.
Мұндай станцияларда ЦНС типті ортадан тепкіш сораптар қолданылады (6.4-сурет). Олардың номиналды өнімділігі 180 м3/сағ, тегеуріні 900-ден 1900 м-ге дейін. Сонымен бірге, өнімділігі 500 м3/сағ, тегеуріні 1400, 1650 және 1900 метрлік сораптар да шығарылады. Олардың жетектік электрлі қозғалтқыштарының қуаты 800-ден 4000 кВт-қа дейінгі аралықта болады.
6.1-кестеде ЦНС-180 сорабының негізгі параметрлері көрсетілген.
6.1-кесте
Параметрлері | Сораптың шифрі | ||||||
ЦНС-180-950 | ЦНС-180-1185 | ЦНС-180-1422 | ЦНС-180-1660 | ЦНС-180-1900 | |||
Өнімділігі, м3/сағ | |||||||
Тегеуріні, м | |||||||
Секциялар саны | |||||||
Тұтынатын қуаты, кВт | |||||||
| СТД-800 | СТД-1000 | СТД-1250 | СТД-1600 | СТД-1600 |
6.4-сурет. ЦНС сорабының сұлбасы
|
6.5-сурет. ЦНС сорабының күш түсіру дискісі мен сальнигі (а) және подшипниктің қимасы (б)
Секциялар ұзын шпилькалардың (7) көмегімен жинақталады. Подшипник (1) секциялар мен қақпақтардың екі жағында орналасады. Олардың құрылымдары бір-біріне ұқсас. 6.5 б-суретіндегі подшипниктің қимасында оған май беру және майды құйып алу орындары көрсетілген.
6.6-суретте ЦНС сорап агрегатының майлау сұлбасы мен агрегаттағы су коммуникациялары берілген. Май жүретін құбырлар тұтас сызықпен, ал судікі – пунктирлі сызықтармен белгіленген. Мұнда электрлі қозғалтқыштың, сораптың подшипниктері және тісті муфта майланады. ЦНС сорабын іске қосу алдында жібергіш май сорабы (6) майды қысыммен береді. Қысым 0,1 МПа-ға жеткенде ЦНС жұмыс істей бастайды да, негізгі май сорабы іске қосылады. 5 минут жұмыс істеген соң жібергіш май сорабы тоқтайды. Май арнайы майсалқындатқышта дренажды жүйедегі сумен суытылады.
6.6-сурет. ЦНС сорабының майлау жүйесі
1-электрлі қозғалтқыш; 2-сорап; 3-айдау кеңістігін сору жағымен байланыстыру құбыры; 4-май салқындатқыш; 5-май сүзгілері; 6-жіберу май сорабы; 7-май ыдысы
6.7-суретте ЦНС типті сораптардың секцияларының саны әртүрлі болған кезіндегі сипаттамалары келтірілген.
6.7-сурет. Секциялар саны әртүрлі ЦНС типті сораптардың сипаттамалары
Мұнай кәсіпшіліктерінде суды қабаттарға айдау жүйесінде ортадан тепкіш сораптардың келесі түрлері де қолданылады: 8НД10-5, 5МС7-10, 5Ц10 және 9Ц12.
8НД10-5 сорабының өнімділігі номиналды режимде сорап білігінің айналу жиілігі 2950 мин-1-ке тең болғанда, 320 м3/сағ шамасында болады. Бұл режимде сорап тегеуріні 425 м-ге жетеді. Біліктің нығыздығын қамтамасыз ету үшін сальниктер мен бүйірлік нығыздағыштар қолданылады және сальникке салқындату мақсатында су беріледі.
5МС7-10 сорабы секциялы болып келеді, 10 секциясы бар, айдалатын сұйық жұмыстық тек дөңгелектің бір жағынан кіреді. Айналу жиілігі 2950 мин-1 болғанда, ол 110-нан 195 м3/сағ дейін сұйық айдайды, тегеуріні 1120-680 м аралығында. Айдалатын сұйықтың температурасы 60 0С-тан аспау керек. Сораптың тұтынатын қуаты 600-750 кВт.
5Ц10 және 9Ц12 сораптары да секциялы, сәйкесінше 10 және 12 секциялардан жинақталады. 5Ц10 сорабы біліктің айналу жиілігі 2950 мин-1 болғанда, номиналды режимде 270 м3/сағ су береді, тегеуіріні 1600 м. Тұтынатын қуаты – 1800 кВт. 9Ц12 сорабының номиналды өнімділігі – 150 м3/сағ, тегеуіріні – 1500 м. Тұтыну қуаты – 900 кВт-ты құрайды.
БШСС станциясын өндіріске енгізу қабаттарға су айдау жүйелеріне жұмсалынатын қаржының тек бір бөлігін ғана азайтады, атап айтқанда тек құрылыс жұмыстарын ғана. Жүйені ары қарай жетілдіру – қабаттық суды пайдаланып, оларды қабатқа батырмалы ортадан тепкіш электрлі сораптармен беру әдісі пайдаланылады. Мұндай кезде батырмалы электрлі сораптар (ЭЦП) шамалы тереңдіктегі (100-300 м) қабат суын 1000-3000 м3/тәу өнімділікпен айдау ұңғымаларына 1300-1100 м тегеурінмен бере алады. Сонымен бірге, қабат суы атмосфералық ауамен түйіспейді, яғни өзінің қасиеттері бойынша бұл су қабатқа алдын ала дайындықсыз айдалады. Бір ЭЦП сорабының беретін су мөлшері шамамен 5-10 ұңғымаларға жеткілікті болады. Мұндай су алғыш және айдау қондырғыларын су айдалатын ұңғымаларға жақын орналастырып, тарату құбырларын мейлінше қысқартуға болады.