Электр тоғының адам ағзасына әсері
Электр тоғының адам денесінен өткен кезде оған тигізетін әсері әр түрлі болады: термиялық (қыздыру), электролиздік, биологиялық, механикалық әсері. Бұл жағдайларда адам денесінің басиы мүшелерінің (ми, жүрек, өкпе т.б.) жұмыс істеу әрекеті бұзылуы мүмкін.
Термиялық әсер – денеден өткен тоқтың әсерінен нерв жүйесі, қан тамырлары, бұлшық еттер, сүйектер тағы басқа органдарын қызуынан және дененің кей жерлерінің күюінен тұрады. Электролиз әсері – электр тоғының, тұз ерітінділерін және басқа органикалық сұйық заттарды ірітіп, бұзуымен байланысты болады. Биологиялық әсер – дегеніміз электр тоғының нерв жүйесіне әсерін тигізіп, дененің жанды тканьдарын қоздырып, бұлшық еттерінің еріксіз дірілдеп, тартылуы блады. Бұл жағдайда жүрек пен өкпе еттері де тартылып, олардың жұмыс істеу әрекеті тоқтатылады. Механикалық әсер – бұл бұлшық еттер үзіліп, жыртылып, сүйектер сынып тағы басқадай жараланудан болады.
Сонымен адам денесінен өткен электр тоғының әсерінен организмде әртүрлі ауыр бұзылыстар болып, адам қатты зақымданып, өлім қауіпі тууы мүмкін.
Бұл көрсетілген электр тоғының организмге тигізетін әртүрлі әсерін біріктіріп негізгі екі топқа бөлуге болады: электр зақымдары (жарақаттары) және электр соққысы.
1. Білінетін тоқ – адам денесінен өткенде білінетіндей тітіркену тудырады.
2. Жібермейтін тоқ – қолда қалған өткізгіш, қолдың бұлшық етін тартылтып дірілдетеді.
3. Фибриляциялық тоқ – жүректі, жүрек талшығын тәртіпсіз бейберекет тартылады.
Реакция білдіретін тоқтың ең кіші мәнін, табалдырықтың мәні деп атаймыз.
2-1 кесте
Білінетін | Тоқ 50-60 Гц,мА | - тоқ, мА |
Жібермейтін | 0,6-1,... | 5-7 |
Фибриляциялық | 10-15 | 50-80 |
Ауыр күю, тұншығу, паралич өлім | 80-100 >5000 | 100-150 |
Тәжірибеден қауіпті зақымдану электр тоғының денемен түйісетін жеріне байланысты. Мысалы: қауіпті жерлер, мойын, ішке, алақан сырты, қолтық асты.
2. Тоқтың адам бойынан жүру уақыты. Тоқ жүру уақыты көп болса, зақымдану да ауыр. Кейде тез әсер еткен үлкен мінді тоқта ауыр із қалдырмайды.
Адамды электр жүйесінің элементі деп қарастырсақ, оның электр параметрлерін, кедергі, сиымдылық, жиілікті анықтауға болады. Адамның денесінің кедергісі – активті сиымдылық қасиет көрсетеді. Rk – адам терісі кедергісі. Ск – терінің сырты диэлектрик қасиеті арқылы жасалған сиымдылық, RВН – ішкі органдарының электр кедергісі.
Сыртқы терінің 500 кОм кедергісі бар. Май, сүйек, қан, нерв талшықтары, бұлшық ет аз кедергіні көрсетеді. Ішкі органдарының кедергісі 400-600 Ом.
Электр есептерінде адам денесі кедергісі 1000 Ом-нан алынады. Бұл кезде сиымдылық есепке алынбайды. Электр тоғы қауіпін бағалау үшін электр қауіпсіздік шектерін аламыз. Оларға: 1. ұзақ рұқсат беруші тоқ. Ол қанша уақыт өтсе де ешқандай ауыратын белгі көрсетпейді. 1к=10 мА. 2. Рұқсат етілген фибриляциялық туғызбайды. 3. Шекті рұқсат етілген жанасу кернеуі Rп доп=1 кОм. 4. Электр тоғының рұқсат ету ұзақтығы 2-2 кестеде анықталады.
2-2 кесте
Жиілік | Әсер ету ұзақтығына байланысты t,c шекті тоқ Ih, мА | ||||||||||
0,01-0,08 | 0,1 | 0,2 | 0,3 | 0,4 | 0,5 | 0,6 | 0,7 | 0,8 | 0,9 | ||
50 Гц | |||||||||||
400 Гц | |||||||||||
Тұрақты тоқ |
2-3 кесте
Зақымдану себептері | Электр зақымданудың жалпы санынан % |
1. Кернеу астында тұрған ашық тоқ жүретін бөліктерге тиісу | |
2. Оқшаулама бұзылуы арқасында, кернеу астында тұрған құралдың өткізгіш бөлігіне тиісу | |
3. Өз қасиетін жоғалтқан тоқ жүретін бөліктерге жанасу, төменэлектр кедергісі бар заттармен тоқ жүретін бөлшектерге тиісу | |
4. Жерге авария арқасында тұйықталған еден, қабырға, конструкция элементтерімен тиісу | |
5. Электр доғасы арқылы зақымдану |
2-4 кесте
Реакция | Айналмалы тоқ | Тұрақты тоқ |
Сезілетін | 0,6-1,5 | 5-7 |
Жібермейтін | 10-15 | 50-80 |
Фибриляциялы | 80-100 | 100-150 |
Тұншығ, ауыр күю, жүрек параличі, өлім | >5000 (бұл кезде фибриляциялық болмауы да мүмкін) |
2-5 кесте
Тоқ жолы | Жүрек арқылы өтетін тоқ, % |
қол-қол | 3,3 |
сол қол-аяқ | 3,7 |
оң қол-аяқ | 6,7 |
аяқ-аяқ | 0,4 |
1 кВ артық кернеуі бар электр қондырғыларының ашық бөлу құрылғыларында, электр беру әуе жүйелерінде, адам организміне магнит өрісінің әсерін ұмытпауымыз керек. Жоғары кернеулі электр қондырғыларында істейтін қызметкерлердің жоғары шаршауы, бас ауырып, жаман ұйықтағандығы байқалған.
Электр өрісінің мынандай түрлері бар: 1. Кернеуі рұқсат етілген мәннен жоғары электр өрісінде ұзақ, ылғи болғанда байқалатын биологиялық немесе негізгі. 2. Адамның құралдар мен конструкцияның жерленген жеріне жанасқандығы, жерден оқшауланған машина корпусы мен механизмдерге жанасқандағы – электр разрядының әсері. 3. Жерден оқшауланған объектілерінен адам денесінен өтетін тоқ әсері.
Бөлу құрылғылары мен әуе жүйесінің тоқ кернеуі 400, 500, 700 кВ қызмет ететін қызметкерлердің, электр тоғы әсерінен қорғайтын басшы нұсқауды бір сөтке ішінде қызметкердің электр магнит өрісінде қорғану құралдарынсыз бөлу рұқсат етілген уақыт көрсетілген:
5 кВ/м – ге дейін шексіз;
5-10 кВ/м – 3 сағ;
10-15 кВ/м – 1,5 сағ;
15-20 кВ/м – 10 мин;
20-25 кВ/м – 5 мин.
Осыларға сәйкес, электр қауіпсіздік шараларын қарастыруға болады. Адам тоқ әсерінен тоқ жүретін бөліктеріне жанасқан кезде, құрылғыға жақын келген кезде, электр қондырғыда авариялық кесте болғанда, электр қондырғыларының параметрлерінің нормаға сәйкес болмағанда, және ҚТЕ және электр қондырғысын дұрыс пайдаланбағанда болады. Адамның тоққа түсуінің статистикалық мәліметі белгілі 2-3 кестеде электр тоғы адам денесінен өткенде тік түйісуіне және жанама болып екіге бөлінеді.
Тік түйісуіне – ҚТЕ бұзғанда, электр қондырғыны дұрыс пайдалану. Жанама – оқшаулама құрылғысында тесілу болғанда. Корпус тұйықталғанда адамның құралдарға тиіп кетуі – бір фазалы жанасу болып табылады. Адамның – тоққа түсу түрлері 2-4 кестеде көрсетілген.
Термиялық әсер – денеден өткен тоқтың әсерінен нерв жүйесі, қан тамырлары, бұлшық еттер, сүйектер тағы басқа органдардың қызуынан және дененің кей жерлерінің күюінен тұрады. Электролиз әсері – электр тоғының қанды, тұз ерітінділерін және басқа органикалық сұйық заттарды ірітіп, бұзумен байланысты болады.
Биологиялық әсер – дегеніміз электр тоғының нерв жүйесіне әсерін тигізіп, дененің жанды тканьдарын қоздырып, бұлшық еттерінің еріксіз дірілдеп, тартылуы болады. Бұл жағдайда жүрек пен өкпе еттері тартылып, олардың жұмыс істеу әрекеті тоқталады. Механикалық әсер – бұл бұлшық еттер үзіліп, жыртылып, сүйектер сынып тағы басқадай жараланудан болады.
Сонымен адам денесінен өткен электр тоғының әсерінен организмде әртүрлі ауыр бұзылыстар болып, адам қатты зақымданып, өлім қауіпі тууы мүмкін.
Бұл көрсетілген электр тоғының организмге тигізетін әр түрлі әсерін біріктіріп негізгі екі топқа бөлуге болады:
электр зақымдары (жарақаттары) және электр соққысы.
Электр зақымдары дегеніміз дененің әр жерінде анық білінген жарақаттар, оларға жататын электр күйіктері, терінің металдануы, электр офтальмиясы, механикалық зақымдар.
Күйіктер денеден үлкен тоқ өткен жағдайда немесе тоқ өткізгішке тиіскенде электр дугасының әсерінен пайда болады.
Терінің металдануы электр дугасының әсерінен металл балқып, оның бөлшектері мен буы терінің астына кіруі мүмкін. Бұл жағдай пісіру жұмысы, рубильникті щиттан ажырату, тоқтың қысқа тұйықталу кезінде пайда болады.
Электр офтальмиясы деп электр дугасының ультракүлгін сәулелерінің әсерінен көздің сыртқы шырышты қабығының қабынуын (ісінуін) айтады.
Механикалық жарақаттар тоқтың әсерінен бұлшық еттерінің еріксіз қатты дірілдеп, тартылып, қысқаруынан болады. Бұл жағдайларда ет жыртылу, қан тамырлары үзілу, сүйек сыну, буындар орнынан шығу зақымдары пайда болады.
Электр соққысы деп тоқтың әсерінен дене еттерінің қозып, дірілдеп, еріксіз тартылуын айтады. Бұл жағдайда анық көрінетін жарақаттар болмайды, тек барлық организм біртұтас зақымданады, оның жұмыс істеу бұзылып, қан айналысу және дем алу процесстері тоқталуы мүмкін.
Электр соққысының төрт дәрежесі болады:
1. Адам естен танбайды, бұлшық еттер еріксіз дірілдеп, құрысып, тартылады.
2. Адам естен танады, бұлшық еттер дірілдеп тартылады, бірақ жүрек пен өкпе жұмыс істейді.
3. Адам есінен танып, жүрек пен өкпенің жұмыс істеу әрекеті бұзылады.
4. Клиникалық өлім (4-8 мин), қан айналысы және дем алу процессі тоқталады.
Клиникалық (жорымал) өлім кезінде адамның дем алысы, жүрек соғуы, организмнің ешқандай реакциясы болмайды. Бірақ организмнің ешқандай реакциясы болмайды. Бірақ организм әлі тірі болады. Осы кезде оған жедел медициналық көмек көрсетсе (жасанды тыныс алдыру, жүрек әрекетін қоздыру) оны тірілтуге болады. Ал егер бұл мерзімнен уақыт өтіп кетсе клиникалық өлім биологиялық (шындық) өлімге айналып, адамды тірілтуге болмайды.
Электр тоғынан болған өлімнің себептері: дем алу және жүрек соғуының тоқтауы, жүрек фибрилляциясы, электр шогы. Фибрилляция дегеніміз жүректің ырғақсыз (ритмсіз), ретсіз соғуы болады. Бұл жағдайда жүрек қанды айдамай, қан айналысы тоқтап, асфикция болады.
Электр шогы деп – денеден өткен тоқтың әсеріне жауап ретінде организмнің ауыр нерв рефлекторлық реакциясын айтады. Бұл реакция қан айналысын, тыныс алысын, заттар алмасуын тағы басқа қауіпті зиянды өзгерістер туғызады.
UC – тұрақты жүйе кернеуі немесе тоқтың 1 фазалы жүйесі, UФ – фазалы кернеу, UЛ – сызықтық кернеу, Uпр – жанасу кернеуі, Uш – қадамдық кернеу, IH – адам денесінен өтетін тоқ, Rh – дене кедергісі, Rо – жерлендіру құрылғысы кедергісі, R – оқшауламаның жермен салыстырғадағы кедергісі, Rпер – жерге тұйықталу жеріндегі өту кедергісі.