Асқынулары | Белгілері | Себептері | Профилактикасы |
Инфильтрат механикалық жарақат аймағындағы жасушалардың көбейіп тығыздалуы | -ауырсыну; - гиперемия; - жергілікті температуралық реакция; | - Бұлшық етке инъекция жасағанда иненің қысқалығы; - бір жерге біріңғай көп енгізу; - жылытылмаған майлы ерітінділерді енгізу; | Инфильтратты туындатушы себепті болдырмау. Емі: жылытқыш беру. йодтан тор жасау, капста жапырактарын жапсыру т.б. |
Абсцесс ұлпанын ірідеуы | -ауырсыну; - тығыздалу; - гиперемия; - жалпы температуралық реакция; | Асептика ережесін бұзу. | Асептика ережесін сақтау. Емі: хирургиялық ем. |
Майлы эмболия майлы ерітіндінің қан тамырларға түсіп, оларды бітеуі | Егер эмболдар тамырларға түссе: - ентігу; - тырысулық жөтел; - көбінде өліммен аяқталады. Егер эмбол үлкен қан айналым шеңберіне және ми тамырларына түссе: - көрудің, естудің, сөйлеудің және т.б. бұзылуы; - толық салдану; | Тері астына және көк тамырға инъекция жасағанда кездейсоқ иненің қан тамырларға түсуі. | Шприцті тартып көріп, иненің қан тамырларға түспегендігіне көз жеткізу. |
Аллергиялық реакция дәрілерге, сарысуларға, вакциналарға төзімділіктің болмауы | Құбылмалы, әр түрлі: - тұмау; - қышыну; - конъюктивит; - Квинке ісінуі; | Химиялық заттарды және өзге ақуыздарды енгізген кездегі ағзаның жауап қайтаруы. | Аллергиялық тарихын білуі және аллергиялық сынақ жасалуы тиіс. |
Анафилактикалық шок аллергиялық реакцияның жылдам әсері | - тахикардия; - тыныс алу ырғағының бұзылуы; - тырысулар; - естен тану; - АҚҚ-ның төмендеуі және т.б; | Химиялық заттарды және өзге ақуыздарды енгізген кездегі ағзаның жылдам жауап қайтаруы. | Тексерілуі керек: - аллергиялық тарихын; - аллергиялық сынағын; - Безредки әдісімен иммундық сарысу енгізуін Жедел көмек- анафилактикалық шокты көріңіз. |
Жүйке талшықтарының зақымдануы | - неврит; - толық салдану; - шала салдану; | - инъекция жасалынатын бөліктің бұрыс таңдалуы (механикалық); - дәрінің ( кальций хлориді) бөлігі тері астында қалып, некроз туындатуы. - тамырлардың бітелуі; | - инъекция жасалынатын бөлікті дұрыс таңдау; - көк тамырға инъекция жасағанда тітіркендіретін дәрілердің ұлпаға түсуіне жол бермеу; |
Некроз ұлпалардың жансыздану | - ауырсыну; - ойылу; | - қатты тітіркендіретін дәрілік заттардың венепункцияға бұрыс енгізілуі (мысалы: 10 калций хлорид ерітіндісі) ; | Дұрыс енгізу ережелерін қолдану. Көмек: инъекция жасалынған аймаққа 0,9 натрий хлоридін енгізу (концентрациясын төмендетеді). |
Гематома тері астына қанның құйылуы | - қан түстес дақ. | Тесілу: - венепункция кезіндегі венаның перфорациясы; - кездейсоқ тері асты мен көк тамырдың тесілуі, тамырлардың зақымдануы. | Венепункция ерезесін сақтау. Көмек: қыздырушы компресс қою. |
Иненің сынуы | | - инені канюлаға дейін енгізу; - кездейсоқ бұлшық етті жиыру, егер науқас психикалық және физикалық жағынан инъекцияға дайын болмаған жағжайында; | - инені соңына дейін енгізбеу; - науқаспен психопрофилактикалық әңгімелесу өткізу; - инъекцияны тұрып істемеу; |
Дәріні қате енгізу | Енгізілген химиялық препараттар әртүрлі әсерлер көрсетуі мүмкін. | Мейірбикенің ұқыпсыздығы. | Тағайындалғанды және дәрілік заттың аталуын оқу. Көмек: - егер инъекция тері астына жасалса, онда жгутты жоғары байлау. - антогонистті енгізу; - инъекция жасалынған аймаққа 0,9 натрий хлоридін енгізу (концентрациясын төмендетеді). |
Тромбофлебит венаның тромбпен бітелуі. Флебит: вена қабынуы. | - ауырсыну; - гиперемия; - венаға енгізілетін аймақта инфильтраттың болуы; - дене температурасының көтерілуі; | - венепункцияны біріңғай бір жерге енгізу; | - веналар реттілікпен; Емі: дәрігер нұсқауымен |
Сепсис жалпы жұқпалы ауру | - қабыну; | - көк тамырға инъекция жасағанда асептика ережелерінің бұзылуы; - залалсыздандырылмаған ерітінділердің қолданылуы; | Асептиканы сақтау. Емі: дәрігер нұсқауымен. |
Вирустық гепатиттер және ЖҚТБ | | - зарарсыздандыру және залалсыздандыру ережелерінің бұзылуы | №661, 553 бұйрықтарды сақтау. |
Ауа эмболиясы қан тамырлардың ауамен бітеліп қалуы. | - майлы эмболия сияқты; | - системадан және шприцтен ауа көпіршіктерінің жойылмай енгізілуі. | - көк тамырға инъекция жасағанда системадан және шприцтен ауаны шығару; - шприцте 0,5-1 мл дәрілік заттың қалуы; - көк тамырдан тамшылатып инъекция жасағанда кішкене дәрілік затты қалдыру; |