Дәріс тақырыбы: 1000 В-тан жоғары кернеулі кабель желісінің құрылғысы және монтаждауы.
Дәрістің мақсаты:1000 Вт-таң жоғары кернеулі кабельдік желісінің мотнаждауы мен құрылғысы. Ғимаратарға, кабельдік құрылыстарға және басқа бөлмелерге кабельдердің кірмелері. 110-220 кВ-ті кернеулі кабельдік желісінің монтаждау ерекшілігі.
12.1 Кабельдік муфталар мен ұштық қосылғылар.
Кабельдерді тармақтау, бір-біріне жалғау және оларды электр аппараттарына не ауа электр желісіне қосу үшін, кабельдік муфталар мен ұштық жабық қосылғылар қолданылады. Кабельдік муфталар мен қосылғыларды топтастыру үшін бірыңғай терминологиялар, анықтамалар және белгілер енгізіледі. Жалғағыштык кабельдік муфта (С) — кабельдерді бір-бірімен жалғауға арналған құрылғы. Тоқтатқыштың кабельдік муфта (Ст) — көлбеу жоларнада тартылған кабельдерді бір-бірімен жалғауға және осы жағдайда олардың құрамындағы арнайы кабельдік қоспаның ағып кетуіне жол бермеуге арналған құрылғы.
Токтатқыштық-өтпелі кабельдік муфта (СтП) — көлбеу және тік жоларналарда тартылған май сіңдірілген әр түрлі қағаз изоляциялы кабельдерді бір-бірімен жалғауға және осы жағдайда олардың құрамындағы арнайы кабельдік қоспаның ағып кетуіне жол бермеуге арналған құрылғы.
Тоқтатқыштық-өтпелі кабельдік муфта (СтП) — көлбеу және тік жоларналарда тартылған май сіңдірілген әр түрлі. қағаз изоляциялы кабельдерді бір-бірімен жалғауга және осы жағдайда майдың ағып кетуіне жол бермеуге арналған құрылғы.
Тармақтандырғыштық кабельдік муфта (О) — магистраль кабель желісіне тармақтандыру кабелін жалғауға арналған құрылғы.
Ұштың кабельдік муфта (К) — кабельдерді ауа электр желісіне және сыртқы қондырғының (КН) не ішкі қондырғының (КВ) электр аппараттарына қосуға арналған құрылғы.
Ұштық кабельдік жабық қосылғы (КВ) — кабельдерді ішкі қондырғының электр аппараттарына қосуға арналған құрылғы. Кабельдік қосылғы арнайы қорғаныштық қорапсыз болады.
Муфталар мен қосылғылар типтеріне, маркаларына және маркалар ішіндегі шамаға орай топтасады.
Муфтаның не қосылғының типі оның қолдану орнын және мақсатын көрсетеді. Маркасы муфтаның не қосылғы типінің, материалының және құрылмалық дайындалуының белгілерінен құралады. Көлденең қимасы әр түрлі кабельдерге арналған муфталар мен қосылғылардың маркаларын олардың габариттік мөлшеріне (марка ішіндегі шамаға) орай топтайды.
Жер астында не кабельдік құрылыстар ішінде тартылған кернеуі 10 кВ-ке дейін пластмасса изоляциялы кабельдерді бір-бірімен жалғауға өздігінен желімделінетін тілімдерден не қыздырылып кигізілетін түтіктерден жасалынатын ПСсл-і маркалы жалғағыштық муфталар қолданылады.
Кернеуі 10 кВ-ке дейін қағаз изоляциялы кабельдерді бір-бірімен жалғауға СЭ маркалы эпоксидті және СС маркалы қорғасын жалғағыштық муфталар пайдаланылады. СЭ маркалы муфталар тұрқы ұзындығынан (СЭв) не көлденеңінен (СЭ) бөлінген екі бөліктен тұрады. Тұрқы пластмассадан жасалынған көлденеңінен бөлінген екі бөліктен тұратын муфта СЭФ деп белгіленеді. СЭс маркалы муфтаның тұрқының сыртында пластмассалық қаптамасыз болады.
СС маркалы жалғағыштық муфта қорғасыннан құбыр түрінде дайындалады. Муфтаны механикалық зақымнан қорғау үшін, оның сыртына қаптама кигізеді. Шойыннан құйылған саңылаусыз қаптама КзЧГ, саңылаулы қаптама КзП деп белгіленеді.
Кернеуі 1 кВ-ке дейін пластмасса изоляциялы кабельдерді электр желісіне қосу үшін ЗПКМЧ және 4ПКМ.Ч маркалы шойыннан құйылған ұштық діңгектік муфталар пайдаланылады.
Кернеуі 6 және 10 кВ қағаз изоляциялы кабельдерді сыртқы қондырғыларда ұштау үшін мынадай маркалы муфталар қолданылады: КНА (тұрқы алюминийден), КНЧ (тұрқы шойыннан), КНСт (тұрқы болаттан).
Кабельдік желіні ауа әлектр желісіне қосу үшін мынадай маркалы ұштық діңгектік муфталар пайдаланылады: КМА (тұрқы алюминийден), КМЧ (тұрқы шойыннан).
Кернеуі 10 кВ-ке дейін қағаз изоляциялы кабельдерді ұштау үшін КНЭ маркалы ұштық эпоксидті (тұрқы эпоксидті компаундтан құйылған) муфталар қолданылады.
Ішкі қондырғыларда кабельдерді ұштау үшін тұрқы эпоксидті компаундтан құйылған және тарамдарын изоляциялауға арналған түтіктері бар КВЭ маркалы ұштық эпоксидті қосылғылар пайдаланылады. Олар әр түрлі болып дайындалады: қыздырумен кигізілетін ПВХ түтікті КБЭтв маркалы; найритті резинке түтікті КВЭн маркалы; кремний-органикалық түтікті КВЭк маркалы; үш қабатты (іші мен сыртында ПВХ қабат, ортасында полиэтилен кабат) түтікті КВЭт маркалы.
Кернеуі 10 кВ-ке дейін пластмасса изоляциялы кабельдерді ұштау үшін, ПКВ (қүрғақ бөлмелерде) және ПКВЭ (ылғалды бөлмелерде) маркалы ұштық косылғылар қолданылады.
Кабельдерді бір-бірімен жалғау және оларды электр аппараттарына қосу үшін, көптеген материалдар мен бұйымдар пайдаланылады. Материалдар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі материалдар жұмыс орындалғаннан кейін дайындалған бұйымдардың, құрылғылардың құрамында қала береді. Мысалы, эпоксидті компаунд муфтаның тұрқына құйылып. катқаннан кейін, муфтаның құрамына енеді. Негізгі материалдарға кара және түсті металдар, электр изоляциялық және химиялық материалдар, бояулар, лактар т. б. жатады.
Жалғағыштың муфталар мен ұштық қосылғыларды монтаждауда құятын және сіңдірілетін кұрамдар пайдаланылады. Қүятын құрамдар муфтаның электрлік беріктігін және герметикалғгын жоғарылатын үшін қолданылады. Олардын қатарына МК маркалы май-канифольдік, МБ және МБМ маркалы битумдық, КФМ маркалы канифоль-фарфордық құятын құрамдар жатады.
Кабельдік арматураны жасауға және муфталар мен ұштық қосылғыларды толтыруға К-176, К-115, УП-б-199 маркалы эпоксидті компаундтар (эпоксидтік шайырлар негізінде дайындалатын көп құрамды қоспалар) дайдаланлады.
Ұштық және жалғағыштық, муфталардың ішіне құюға толтырғыш қосылған полиэфир шайыр мен полиизоцианаттан тұратын ВИЛАД 13-1 маркалы полиуретанды компаунд қолданылады.
Кернеуі 1 ... 35 кВ қағаз изоляциялы кабельдердің жалғанатын тарамдарын изоляциялау үшін кабельдік қағаздан дайындалған шығырлар, рулондар, бобиналар пайдаланылады.
Муфталар мен ұштың косылғыларды монтаждауда әр түрлі тілімдер қолданылады. Олар пайдалану мақсатына орай изоляциялық, жартылай өткізгіш, адгезиялық тығыздатқыш және қосымша болып бөлінеді. Кең қолданылатын ленталар маркалары: СЭЛ, ЛЭТСАР, ЛЭТСАР ЛП, ЛЭТСАР ЛПП, ЛЭТСАР ЛПм, ЛЭТСАР ЛППм, ПВХ, ЛВ, ПЛ, ЛМБ, ЛХМ, ЛЭС. Осы маркалы тілімдерммен қатар эпоксидті компаунд не битум сіңдірілген мата тілімдер пайдаланылады.
Кабельдердің жалғанған және ұшталған тарамдарын қосымша изоляциялау және оларды жарық, температура және ауа әсерінен қорғау үшін изоляциялық түтіктер қолданылады. Олардың қатарына ХВТ және ТТВ маркалы тү-тіктер, ТТЭ—С, ТТЭ—Т, ТТШ маркалы қыздырумен кигізілетін полиэтилен түтіктер жатады.
Негізгі материалдарға пісіруге және дәнекерлеуге арналған бұйымдар (термиттік патрондар, сіріңкелер т. б.) және материалдар (дәнекерлер, флюстер т. б.) жатады.
Қосымша материалдар (газ, бензин, пластилин, электродтық бор, түрлі асбесті жіптер, зығыр жіп т. б.) технологиялық жүмыстарды орындауға пайдаланылады. Мысалы, газ кабельдік сіңдірілетін құрамдарды қыздыруға, пластилин эпоксидті муфтаның саңылауларын бітеуге қолданылады.
12.2 Кабель ұштарын тарамдау және жалғау.
Кабельдік муфталар мен ұштық қосылғыларды монтаждаудың алдында, әрқашанда, белгілі тәртіппен орындалатын технологиялық операциялар жиынын – кабель ұштарын тарамдау не кабельді тарамдау деп атайды. Осыған кабельдің қүрылымына орай белгілі үзындықта кезекпен, оның сыртқы жамылғысын, сауытын, қабықшасын, экрандарын және изоляцияларын алу жұмыстары жатады.
Кабель үштарын тарамдау, муфталар мен қосылғыларды монтаждау – біртұтас технологиялық процесс. Бұл жұмыстар кабель қабықшасын алудан муфтаны не ұштың қосылғыны саңылаусыз бітеуге дейін үзіліссіз орындалады.
Кабельді тарамдауды жұмыс шеберлігі екінші-үшінші разрядтан төмен емес екі кабельші-электр монтерлер орындайды.
Кабельді тарамдаудың алдында жұмыс орнын мұқиятты түрде дайындау керек. Жүмыс орнында барлық қажетті техникалық аспаптар мен айла бүйымдар болуы тиіс және тазалық сақталуы керек. Тазалық сақталмаса, кабель ұштарына ылғал және басқа заттар еніп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда муфталардың не ұштық қосылғылардың, электрлік беріктігі және жүмыс істеу мерзімі азаяды.
Кабель ұштарының тарамдалатын үзындығы кабельдің кернеуіне, көлденең қимасының ауданына, оның және пайдаланылатын муфтаның не ұштық қосылғының қүрылмасына байланысты келеді.
Кабель ұштарын тарамдау оның түріне байланысты болады. Мысалы, кернеуі 6 кВ белдік изоляциясы пластмассадан, оның үстіне металл және жартылай өткізгіш экрандары, болат тілімдер сауыты, сондай-ақ пластмасса шланг түрінде сыртқы жамылғысы бар кабель үштарын тарамдау мынадай тәртіппен орындалады (6.2-ші сурет). Кабель үштарын тарамдауда оның жамылғылары, сауыттары, изоляциялары тарқап кетпес үшін, олардың әрқайсысына болат талсымнан не мақта жіптен құрсаулар оралады.
Алдымен электр қондырғысына қосуға қажетті ұзындықты өлшеп алып, НС маркалы қайшымен кабельдің ұшын кеседі. Сосын кабельдің қосуға арналған ұшының белгілі «А» ұзындығына арнайы айлабұйыммен, сыртқы пластмасса жамылғының үстінен, тереңдігі оның жарты қалыңдығындай сақиналык және бойлық тіліктер жасайды. Содан кейін тіліктелген пластмасса жамылғыны алып тастайды. Сыртқы жамылғының кесілген жерінен 40 мм қашықтықта сауыттың үстіне болат талсымнан құрсау орайды. Арнайы сауыт кескішпен құрсауға жақын жерде сауыттың жоғарғы және төменгі болат тілімдерін кесіп алып тастайды. Дәнекерлік лампаның не газдық жанарғының көмегімен кабельдің ұшын қыздырып, сульфаттық кағаздан, кабельдік жіптен және битумдық құрамнан тұратын кабельдің жастығын алып тастайды. Содан соң ғана-бельдің қабықшасын бензин сіңдірілген шүберекпен сүртіп тазартады. Сауыттың жоғарғы және төменгі болат тілімдеріне жермен қосатын сымды дәнекерлеп бекітеді. Сауытты кескен жерден 30 мм қашықтықта металл экран тілімдерін үстіне құрсау орайды. тілімдерді кабель ұшынан бастап тарқатады да, кесіп алып тастайды. Егер тілімдер муфтаны экрандауға пайдаланылатын болса, оларды кеспей орап жинап қояды. Бүл жағдайда кабель ұшын «А» ұзындықтан артықша ұзындықта тарамдайды. Металл экраннан кейін жартылай өткізгіш экранды кесіп алады. Оны металл экраннан 10 мм ұзын қалдырады, Белдік пластмасса изоляцияны алу үшін, жартылай өткізгіш экранды кескен жерден 10 мм қашықтықта, тереңдігі изоляцияның жартылай қалыңдығына тең болатын сақиналық тілік жасайды. Сосын сақиналык, тіліктен бастап, кабель ұшының соңына дейін, жоғарғыдай тереңдікке бойлық тілік жасайды. Содан кейін белдік изоляцияны алып тастайды. Кабель тарамдарын ажыратып, қолмен не шаблонның көмегімен оларды керекті радиуспен иеді. Содан соң кабель тарамдарының фазалық изоляциясын «Г» ұзындықта пышақпен кесіп алады да, изоляциялардың үшын пышақпен конус тәрізді қылып жонады. Конус тәрізді учаскенің үзындығы кабельдің кернеуіне байланысты келеді. Мысалы, кернеуі 6 кВ болғанда бұл учаскенің ұзындығы 10 ... 15 мм болады,
Кабельдер ұшының тарамдалатын ұзындық мөлшері пайдаланылатын муфталар мен ұштық қосылғылардың түріне байланысты келеді. Бұл мөлшердің мәні арнайы техникалық құжаттарда беріледі.
Резенқе изоляциялы кабельдердің ұштарын пластмасса изоляциялы кабельдердің ұштарындай тарамдайды.
Кабель ұштарын тарамдау кезінде оның қабықшасын, экранын, сауытын, сондай-ақ муфталардың металл тұрқысын жермен не нөлдік сыммен қосу орындалады. Бұл қосылыс қызметкерлерді электр тогы әсерінен қорғау және кабель изоляциясы тесіліп, жермен қосылған кезде, қысқаша тұйықталу тогының әрекетінен қабықшалардың еріп кетпеуі үшін керек.
Муфталар ішінде кабель тарамдарын жалғағаштық және тарамдатқыштық гильзаларды сығымдап, пісіріп не дәнекерлеп жалғайды.
Кабель тарамдарын электр қондырғыларына қосу үшін, олардың ұштарына арнайы ұштықтар сығымдалынып, пісіріліп не дәнекерленіп бекітіледі.
Кабель тарамдарын ұштау және жалғау тәсілдерін таңдап алу — кабельдің кернеуі мен тарамдарының материалына байланысты келеді. Бүл жағдайда пайдаланылатын ұштықтар мен ғильзалардың түрлері жобада және арнайы анықтамалық әдебиетте көрсетіледі.
Кабель тарамдарын сығымдап ұштауға және жалғауға ПК-ЗМ, ПК-4 маркалы қол пресс-қысқыштар, РМП-7М, ПГР-20М1 маркалы механикалық және гидравликалық престер, ПГЭП-2М, ПГЭ-20 маркалы электр жетекті гидравликалық престер қолданылады.
Кабельдердің алюминий тарамдарын ұштауға және жалғауға газдық, термиттік, түйіспелі не доғалық пісіру тәсілдері пайдаланылады.
Кабель тарамдарын бір-біріне және ұштықтарға дәнекерлеп жалғауға арнайы аспаптар, бүйымдар және дәнекерлер қолданылады. Бұл тәсілде пропан-ауалық, пропан-оттегілік не ацетилен-оттегілік жанарғылар не дәнекерлеуік шамдар пайдаланылады.
12.3 Кабель желілерін эксплуатациялауға тапсыру және қабылдау.
Кабель желілерін эксплуатациялауға тапсыру және қабылдау барлық кабельдерді тарту және муфталарды монтаждау жұмыстары түгел аяқталғаннан кейін орындалады.
Кабель желілерін монтаждаудағы барлық жұмыстар жобаға, «Құрылыстық мөлшерлер мен ережелерінің» мен «Электр техникалық құрылғылар» деген бөлімінің талаптарына, кабельдерді тарту нұсқауларына және кабель муфталарын монтаждау туралы техникалық құжаттарға сәйкес орындалады.
Эксплуатациялауға қабылдауда кабель желілерінде бақылау және электрлік сынау жұмыстары өткізіледі.
«Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелері» мен «Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдаланудағы қауіпсіздік техникасының ережелеріне» сәйкес барлың техникалық қадағалауды кабель желісін болашақта эксплуатациялайтын мекеме жүргізуі тиіс.
Негізінде техникалық қадағалау мына жүмыстардан тұрады:
1. зауыта өткізілген сынау протоколдарымен және желігі әкелінген кабельдің қалпымен танысу;
2. кабельдік жоларнаның және кабельдік арнайы құрылыстардың дайындығын тексеру;
3. кабельдерді тарту және муфталарды монтаждау кезінде осы жұмыстардың сапалы орындалуын бақылау;
4. жоба бойынша кабельдік желіні коррозиядан қорғау шараларының орындалуын тексеру.
Кабельдік құрылыстарда бақылау жүргізгенде мынадай жайттерді көреді: су ағатын еңістің барлығын, электрлік жарықтандыру, желдету және су тарту жүйелерінің жұмысын, қүрылыстардың ішкі мөлшерлерінің жобаға сәйкестігін, темір-бетон бөліктерінің қалпын, құбырлардың дүрыс төселуін және т. б.
Кабельдерді тарту жүмыстарының сапалы орындалуын анықтауға мына жұмыстар жатады: динамометрмен кабельдердің тартылу күшін анықтау; кабельдердің иілу радиусын, тартылу тереңдігін, параллель тартылған кабельдердің бір-бірінен және шеткі кабельдердің қүрылыс қабырғаларынан ара қашықтығын анықтау; кабельдердің әр түрлі күрылыстармен қиылысқан және оларға жақын тартылған желілеріндегі ара қашықтықты анықтау; құм төсеменің, қорғағыштық жамылғылардың және таңбалық тақтайшаның барлығын, муфталар алдында кабельдің артықша ұзындығы қалдырылғандығын бақылау.
Муфталарды монтаждаудың сапасын бақылауга мына жүмыстар кіреді: муфтаның типтік мөлшерінің кабельдің көлденең қимасына сәйкестігін тексеру; муфтаны монтаждауға жүмыс істеу мерзімі өтпеген материалдардың барлығын анықтау; керекті аспаптар мен айлабұйымдардың түгелдігін тексеру; монтаждау технологиясы мен тәртібінің міндетті түрде орындалуын бақылау.
Кабельдердің таңбалау тақтайшаларында олардың маркасы, кернеуі, тарамдарының саны мен көлденең қимасының ауданы, кабель желісінің нөмірі не аты белгіленеді. Жалғағыштық муфталардың тактайшаларында осыдан басқа олардың монтаждалынған күні және жүмысты орындаған кабельші электромонтердің тегі көрсетіледі. Ұштық қосылғылар мен муфталардың тақтайшаларында кабельдің қай жерден қай жерге дейін тартылғандығы беріледі.
Кабельдерді тарту, муфталар мен ұштык, қосылғыларды монтаждау жұмыстарын бітіргеннен кейін оларды «Электр қондырғыларын құру ережелерін» тағайындаған талаптарғ
а сәйкес сынайды. Осы уақытта кабель тарамдарының ток көздерінің фазаларына дұрыс қосылғандығын тексереді де табылған кемшіліктерді түзейді.
Кабель желісін эксплуатациялауға тапсыру үшін, арнайы қүжаттар керек болады. Олардың құрамындағы негізгі қүжат — кабель желісінің жобасы. Жобада барлық техникалық, ұйымдастыру және финанс мәселелері толық қамтылады. Құжаттар құрамында мына актылар мен протоколдар болады: орлар мен кабельдік құрылыстарды монтаждау жұмыстарын жүргізуге қабылдау, құбырларды төсеу және бекіту жұмыстарын орындау, барабандағы кабельді тарту алдында тексеру нәтижесі туралы актылар; зауыта өткізілген кабельдерді сынау протоколдары; орлар мен каналдарды жабу алдында толтырылатын кабель желісінің тартылу сапасы туралы акт; кернеуі 1000 В-тен жоғары кабель желілерін тарту және кабельдік муфталарды монтаждау туралы журналдар, сондай-ак, монтаждау жұмыстарын аяқтағаннан кейін өткізілген кабельдерді электрлік сынау нәтижесі туралы протоколдар. Осы актылар мен протоколдар жалпы тізімге тіркеледі.
Кабель желісін эксплуатациялауға қабылдау акт бойынша жүргізіледі.
Қабылдау-тапсыру құжаттарының негізінде кабель желісінің паспорты толтырылады. Оған кабельдердің маркасы мен ұзындыгы және муфталар туралы мәліметтер, кабель желісінің сипаттамалары, сондай-ақ желіні коррозиядан, тербелуден және механикалық зақымнан арнайы қорғау туралы мәліметтер жазылады. Паспортта кабель желісінің жоларнасы мен пішінінің схемасы беріледі.