Алгоритм: Өңеш күйігі кезінде жедел көмек көрсету

Мақсаты:Ауырсыну сезімін басу,науқастың жағдайын жақсарту,жұтынудың бұзылуын жою, шоктың алдын алу

Қарама-қарсы көрсеткіші : жоқ

Жабдықталуы:

- зембіл

- бір реттік шприцтер инелерімен

- бір реттік системалар

- трамадол 2,0 мл н/е промедол 2%-2,0;

- атропин 0,1%-1,0

- но-шпа -2,0

- залалсыз материалдар

- спирт

- залалсыз қолғап

- ҚКҚ

Пациентте болуы мүмкін мәселелер:

- естен тану, шок

- қан жоғалту

- механикалық асфиксия

- жедел қан-тамыр жеткіліксіздігінің дамуы

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолдарымызды гигиеналық антисептикалық өндеуден өткізу. Бір реттік залалсыз қолғапты кию.

  1. Қолды антисептикалық ерітіндімен гигиеналық өңдеу (бөлімшелерден тыс жағдайда қалта антисептигі қолданады).
  2. Науқасты қарау, тыныштандыру, жатқызу.

4. Ауырсынуды басу үшін б/е трамадол -2,0 немесе 2% раствора промедол 2,0мл. ерітіндісін енгізіңіз

5. Тері астына спазмолитиктер енгізу: атропин 0,1%-1,0 мл және но-шпа 2%-2,0 мл ерітінділері

6. Сұйықтықтар ішкізу: натрий гидрокарбонатының әлсіз ерітіндісі, өсімдік майы, сүт т.б.

7. Құстырту

8. Полиглюкин 300мл 30 мл 2% новокаин ерітіндісімен система арқылы к/т енгізу

9. Қолғапты шешім, ҚКҚ-ға тастау.

10. Қолды жуып, кептіру.

11. Шалқасынан зембілге жатқызып, реанимация бөліміне тасымалдау

12. АҚҚ, пульсін бақылау

Нәтижесін бағалау:науқастың жағдайы мен гемодинамика көрсеткіштері бір қалыпты, ауырсынуы басылды

Құжаттандыру:

1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

Алгоритм: Электр жарақаты кезіндегі жедел көмек

Мақсаты: электр тогымен және табиғи токпен зақымданғанда жедел көмек көрсету

Көрсеткіші: зардап шегушіге электр тогының және найзағайдың әсер етуі

Керекті құралдар: резеңке қолғап, ағаш таяқ

Іс-әрекетінің алгоритмі:

1. Электр тогының әсерін тоқтату:

- Ток көзін ажырату

- Резеңке қолғап киіп ток өткізгішті алып тастаңыз

- Зардап шегушінің денесіне жанасқан ток сымдарын құрғақ ағашпен алып тастаңыз да денесін киімінің шетінен ұстап тартып тегіс жерге алып шығыңыз

Зардап шегушінің жағдайын бағалаңыз

3. Клиникалық өлімнің белгілері байқалса Сафар бойынша АВС тәртібімен реанимациялық шаралар жүргізіңіз:

Сафарийдің үш әдісі: басын артқа шалқайтыңыз, төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжытып аузын ашыңыз;

Нәтижені бағалау:Ұйқы артериясында пульстың анықталуы, көз қарашығының тарылуы, тері түсінің өзгеруі.

Құжаттандыру:

1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

Алгоритм: Жүрек - өкпе реанимациясын жүргізу

Мақсаты: Терминалдық жағдайдағы және клиникалық өлім жағдайындағы науқастарды тірілту.

Көрсеткіші:Кенеттен жүрек тоқтауы, клиникалық өлім, электр жарақаты, суға батқанда, жол апаты, оқыс жағдайлар,және т.б.

Қарсы көрсеткіштері:Реанимация шарасын кеш бастау, онкологиялық және созылмалы аурулардың терминалды кезеңдері, қарттық кезең.

Керекті құралдары:

- Залалсыздандырылған қолғап , бетперде.

- Залалсыздандырылған таңғыш мата (салфеткалар, бинттер, медициналық марлі)

Науқаста мүмкін болатын жағдайлар :

- Декортикация

- Реанимациядан кейінгі синдром

- Қабырғалардың сынуы,кеуде тұысының зақымдануы

- Тілді жұтқанда тыныс мүшелерінің жабылып қалуы, құсық пен тыныс алу жолының бітелуі

Жүрек-өкпе реанимация шараларының алгоритмі:

  1. Науқасқа жақындап, ес-түсін анықтау:

Сізге не болды?!- Сұрақ қою

Иығынан қағу

  1. Өзіндік қан айналымының деңгейін анықтау: ІІ-ІІІ саусақтармен мойының екі жағынан, мойын шеміршекпен бұғана-төс-емізік бұлшық еттердің алдынғы ішкі жақтын арасында ұйқы артериясы- ның соғысын анықтау.

Жүрек соғысы жоқ.

  1. Науқасқа қарай елу, тыныс алуды анықтау, кеуденің козғалысын көру. Тыныс алу естілмей, сезілмей, көрінбесе, онда тыныс алу жоқ.
  2. Ес-түсінін, өзіндік тыныс алудың және жүрек соғысының болмауы жүрек-өкпе реанимациясының тікелей көрсеткіші.
  3. Дәрігерді немесе жедел жәрдемді үшінші адам немесе басқа м/б арқылы шақыртамыз.
  4. Жүрек-өкпе реанимациясына кірісу.
  5. Қолды семсер тәрізді өсіндіден 2см. жоғары, омыртқа бағанасына 90 градус бұрыш жасап,алақан негізін төс сүйегінің үстінен көбелек тәрізді қою.

Қол түзу шынтақ буынында бүгілмеуі керек

Қолымызды алмастан төсті 5 см ішке қарай ығыстыра, минутына 100 рет жиілікте басамыз. Жасанды дем беру мен компрессия қатынасы - 2:30;

Ø Зақымдалушының басын бір жағына бұру, екі саусаққа дәкені орап, ауыз қуысын бөгде заттардан тазартыңыз.қайтадан басын түзетіп жатқызыңыз.

Ø Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру үшін Сафардың үштік әдісі бойынша: басын шалқайту, төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту, аузын ашыңыз;

Ø Өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін зақымдалушының аузына дәке қойыңыз.

Ø Бір қолмен маңдайын тірей ұстап мұрнын қысамыз, екінші қолмен астыңғы жағын ұстап тұрамыз;

Ø Өкпеге ауа жинап, науқастың ерніне ерніңізбен толық қамтып 2 рет ауа үрлеңіз, кеуде тұсы 3–4 см көтерілгенше, пассивті дем шығарғанша, дем беру минутына 12 рет немесе Амбу қапшығын пайдалану (интервал 5 секунд).

Ø Әр 1 – 2 минутта реанимацияның тиімділігін анықтаймыз (ұйқы артериясының тамыр соғысын анықтау, көз қарашығының тарылуы, терінің түсінің өзгеруі)

Ø Тіршілік белгілері пайда болған кезде ЖӨР критерилерін тоқтату.

Ø Дәріген немесе жедел жәрдем келгенше пульс пен тыныс алуды бақылау. Зақымдалушыны тынышталдырамыз.

Ø Жедел жәрдем арқыл зардап шегушіні реанимация бөлімшесіне жеткізу.

Нәтижені бағалау:Ұйқы артериясында пульстың анықталуы, көз қарашығының тарылуы, тері түсінің өзгеруі.

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.
  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы
  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы
  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

Наши рекомендации