Сын есімнің сөйлемдегі қызметі

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

Емле Жұрнақ Мысал
Көмектес септіктің жалғаулары -мен, бен, пен баламен,жұлдызбен, жолдаспен;
Тәуелдік мағынадағы жұрнақтар (иелік форма) -нікі, -дікі, -тікі Майранікі, атамдікі, Мақсаттікі;
Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтар -еке, -ке, -сымақ, -тай, -жан Басеке, кісісымақ, шешетай
Белгілі бір сөздерге ғана жалғанатын шет тілінен енген жұрнақтар -қор, -паз, -қой, тал, -дар, -хана, -кер, -гер, -кеш, -кес, -күнем, ов(а), -ев(а), -ин(а), -бей Еңбекқор, өнерпаз, әуесқой,сімтал, кіріптар, емхана,айтыскер, қаламгер,арбакеш,даукес,пайдакүнем,Әуезов(а), бейтарап.

Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбай жасалатын күрделі сөздерде бар. Мысалы,

қос сөздер: салт-дәстүр, некен-саяқ, азық-түлік, қыз-келіншек, көрші-қолаң, аумалы-төкпелі, аға-іні, т.б.;

біріккен сөздер:Есекқырған, Екібастұз, түйетабан, Алтынемел, көкқұтан,итмұрын, егеуқұйрық, ақсүйек, Аягөз, т.б.;

тіркес сөздер:келе жатыр, көк ала, жақын жер, самал жел, жетпіс тоғыз,алтыншы үй, талдырмаш денелі, т.б.

Дыбыс үндестігі
ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ
Сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын ілгерінді ықпал дейміз. (1 –>2) Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз: (2<- 1)
бала-лар (бала-дар не бала-тар емес), күздік (күз-тік емес), қар-лы (қар-ды, қар-ты емес), от-пен (от-бен я от-мен емес), космос-қа (космос-ға я космос-да емес), Ленинград-қа (Ленинград-ға емес). Қоныспек Қонысбек Тыныспек Тынысбек тас пер тас бер күрек — күрегі, доп — добы, тарақ — тарағы, тап — таба, тауып — (тапып емес). Жанпейіс -Жампейіс асшы -ашшы, колхозшы -колхошшы

Лексика(грек. лексикос — сөздік) — тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам.Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады.

Морфология-сөз құрамы қосымша жән сөз таптарын зерттейді.

Антоним- мағыналары бір біріне қарама-қарсы сөздер.

Омоним- дыбысталуы бірдей бірақ мағыналары әр түрлі сөздер.

Синоним- айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер.

Дара: түбір сөз, туынды сөз; күрделі сөз: қос сөз, біріккен сөз, қысқырған сөз, тіркескен сөз.

Жалғау: көптік, жіктік, септік, тәуелдік; жұрнақ: сөз тудырушы, сөз түрлендіруші.

Сөздің тура мағынасы: терең көл, ашық терезе, өткір қайшы, домбыра шерту, майлы төстік.

Ауыспалы мағынасы: терең ой, ашық мінез, өткір көз, сыр шерту, майлы дастархан.

4

4

4

4

4

4

6

6

6

6

6

9

9

9

Түрі Ереже Мысал
Көнерген сөз Тарихи шығармаларда ғана кездесетін, қолданыстан шығып қалған, мағынасы көмескі сөздер. Көнерген сөздер екігебөлінеді: 1) тарихи сөздер; 2) архаизмдер.
Тарихи сөздер ескі заманда қолданылған, дәуірі өткен тарихи сөздер атауы хан, патша, уәзір, би, аға сұлтан, садақ, жебе, сауыт, айбалта ,қызыл әскер, қызыл отау,
Архаизмдер халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, әдет-ғұрпына байланысты қолданылатын, әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отыратын ескірген сөздер - мата атаулары: патсайы, торқа, биқасап, дүрия, т.б – әдет-ғұрып атаулары: бесік құда, сауын айту, ұрын бару, т.б. – үй тұрмысына қатысты атаулар: жаппа, лашық, саптыаяқ, кебеже, әбдіре, шидем, күпі, шекпен, сәукеле, т.б.
Жаңа сөз (неологизм) Ғылым мен техниканың дамуына байланысты қолданысқа енген тілдегі жаңа сөздер Жаңа сөз Бұрынғы сөз
кеден таможня
ұшақ самолет
ғарыш космос
үнтаспа кассета
құжат документ
ғаламтор интернет
Кәсіби сөз Кәсіп, шаруашылық, өнер түрлеріне қатысты сөздер көнек, қауға, жылым, торша, әңгелек,сота.
Диалект сөз Белгілі бір аймақта тек ауызекі тілде ғана қолданылады сөз. Диалект сөз Әдеби сөз
сым шалбар
азанда таңертен
бәдірен қияр
оттық сіріңке
көпшік ожау
Кірме сөз Қазақ тіліне шет тілінен енген сөз қалам,ұлыс,кино,дос.
Термин сөз Ғылым, техника, спорт, мәдениет, т.с.с салаларға жататын сөз. Басты белгісі тура мағыналы сөз. фонетика, лексика, күш,дыбыс,әріп,оптика,энергия,қуат.
Табу сөз: Халықтың нанымы бойынша, атын тура атауға тыйым салынған сөздер Табу сөз Баламасы
қорасан шешек ауруы
ұылыма қасқыр
жасыл түсті жай түсті
Эвфемизм мағынасы тұрпайы сөздің орнына ұғымды жұмсартып қолданылатын сыпайы сөз Қоспай айт, бақиға аттанды, ақ саусақ
Дисфемизм эвфемизге қарама-қарсы мағынады сөздер, яғни мағынасы сыпайылықты білдіретін сөздің орнына қолданылатын тұрпайы сөз Өтірікші, өлді, жалқау

Түбір

Сын есімнің сөйлемдегі қызметі - student2.ru Сөз құрамы

Дара сөз: түбір сөз(ән, дос, біл) туынды(әнші, достық,білгір)

Күрделі сөз: біріккен сөз(тас+бақа, Екі+бас+тұз)

қос сөз-сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөз.

Қысқарған сөз(ТМД, ҚазҰМУ,кг,ГАЗ-33)

Тіркескен сөз: күрделі зат есім, (алматы қаласы)

к сын есім, (қара кер)

к сан есім, (он бес, екі жүз сексен)

к етістік, (деп айтты, келіп отыр, ала сал)

к үстеу, (ала жаздай, күні бойы)

Сын есімнің сөйлемдегі қызметі - student2.ru

Осымша

Жұрнақ-сөзге жаңа мағына беріп,туынды сөз жасайды.

Сөз тудырушы-түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, оған жаңа мағына береді:Қой-шы,өнер-паз,ой-ла,тау-лы.

Сөз түрлендіруші-сөздің мағынасын өзгертпейді, сәл түрлендіреді:Үй-шік,сандық-ша,алаң-қай,қала-шық.

Жұрнақ-сөзге жалғаудан бұрын жалғанады.

Жалғау
Тәүелдік ж Септік жалғауы: Жіктік жалғау Көптік жалғау
жекеше түрі: 1-жақ: -м,-ым,-ім. 2-жақ:-ң,-ың,-ің.-ыңыз,-іңіз,-ңыз,-ңіз. 3-жақ-сы,сі,ы,і; көпше түрі: 1-ж:-мыз,-ымыз,-міз,-іміз. 2-ж:-тарың, -терің,-тарыңыз,-теріңіз. 3-ж:- сы,-сі,-ы,-і. Атау:кім?,не?---- Ілік:кімнің?,ненің?-ның,дың,тың,нің,дің,тің Барыс:кімге?,неге?-а,е,ге,ға,қа,ке,на,не Табыс:кімді,нені-ны,ні,ды,ді,ты,ті Жатыс:кімде?,неде?-да,де,та,та,нда,нде Шығыс:кімнен?,неден?-дан,ден,тан,тен Көмектес:кіммен?,немен?-мен,пен,бен мен,сен,ол,біз,сендер,олар -лар-лер-дар-дер-тар-тер
       
Сөз түрлері:
Атауыш сөз: Көмекші сөз Одағай сөз
Белгілі бір ұғымның атауы болатын мағыналы сөздер лексикалық мағ.жоқ, басқа сөздің жетегінде жүретін сөздер үрлі көңіл-күйді білдіреді,жануарларды шақыруды қолданылады
Адам(кім?), Тау(не?), Жасыл(қандай?)Он үш(қанша?), Барады(не істейді?) Көмекші есім: алд,арт,үст,жан,маң т.б. Шылау: үшін,соң т.б Көмекші етістік:ет,жазда,е,де Па,Шіркін!Әттең.Ойпырмай.Шөре-шөре

 
  Сын есімнің сөйлемдегі қызметі - student2.ru

Сөз таптары:9

Зат есім-заттын,ұғымның,құбылыстың атын білдіретін сөз табы.

Тұлғасына қарай: негізгі(ат,ант,бата,құдық), туынды.(біл-ім,дос-тық,боран)

Құрамына қарай: дара(от,ара,қант,оқушы,тарақ), күрделі.(кемпірқосақ,ата-ана,ҚазМҰУ)

Атауына қарай: Жалқы есім(Асан,Ертіс,Алатау,Күн),Жалпы есім(кісі,өзен,тау,жануар,кітап)

Мағынсына қарай: деректі(ағаш,қалам,су,домбыра), дерексіз.(қайғы,арман,қуаныш,ақыл,сезім)

Жұрнақтары:

Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар:

Жұрнақ Мысал
-шы, -ші етік+ші, балық+шы, аң+шы
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жақсы+лық, дос+тық, шын+дық
-ша, -ше бөлім+ше, кітап+ша, маңдай+ша
-шық, -шік ойын+шық, үй+шік
-хана, -стан, -кеш дәрі+хана, кітап+хана, Қазақ+стан

Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар:

Жұрнақ Мысал
-м,-ым,-ім бөл+ім, біл+ім, тоқта+м
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе бөл+ме, тоқы+ма, кес+пе
-қы, -кі, -ғы, -гі шап+қы, бұр+ғы, сүз+гі, ашыт+қы
-ыс, -іс, -с жең+іс, айт+ыс, тала+с
-ық, -ік, -қ, -к,-ақ,-ек қаз+ық, көр+ік, сұра+қ, тіле+к
-ыш, -іш, -ш қуан+ыш, өкін+іш, қызған+ыш
-н,-ын,-ін қуан+ыш, өкін+іш
-уыш, -уіш тырна+уыш, еле+уіш, түйре+уіш
саба+у, жама+у, көсе+у
-ынды,-інді шай+ынды,үй+інді
-ғыш,-гіш,-қыш,-кіш сүз+гіш, сыпыр+ғыш
-ыр, -ір, -р, -ар, -ер үң+гір,шұ+қыр

Зат есімнің сөйлемдегі қызметі:

Ереже Мысал
Зат есім сөйлемде атау септігінде тұрып, Бастауыш болады. Кейде «кім?не?» сұрақтары тәуелденіп қойыла береді. Жел күшейе түсті. Әкем үйге келді
Зат есім ілік септігінде тұрып және өзінен кейінгі сөзді айқындап, анықтауышболады. Қырда ауылдың ауылдың малдары жүр. Алтын сағат берді.
Зат есім атау мен ілік септіктерінен басқа септіктерде тұрып, толықтауышболады. Ертегімен ұрпағынды естелікке үйрет.
Зат есім барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп немесе көмекші есіммен, септеулік шылаумен тіркесіп, пысықтауыш болады. Көлеңкедеатам отыр. Отан үшін аянба
Зат есімдер сөйлем соңында жіктеліп келіп немесе атау септігінде тұрып, сөйлемде баяндауыш болады Бала-Артта қалған із. Мен оқушымын.

Көмекші есім

Сын есімнің сөйлемдегі қызметі - student2.ru

Сын есім

Заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы.

Тұлғасына қарай:Негізгі(сары,таза) туынды(сөз-шең,әл-сіз)

Құрамына қарай:Дара(ақ,бойшаң,жасыл,баласыз) және күрделі(ақ киімді, қара торы, таптаза).

Мағынасыны қарай:Сапалық(сұр.биік,үлкен,қызылдау) қатыстық(бойшаң адам,өнерлі бала)

Есім сөздерден сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар:

Жұрнақ Мысал
лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті Далалы,орманды
-сыз, -сіз Баласыз,есіксіз
-ғы, -гі, -қы, -кі Жазғы,ішкі,күзгі
-лық,-лік,-дық,-дік,-тық,-тік Балалық,жаздық
-шыл, -шіл Кекшіл, ымырашыл
-шаң, -шең Бойшаң, сөзшең
-дай, -дей, -тай, -тей Тастай, судай
-кер, -қой, -қор, -паз, -ымпаз, -імпаз Сәнқой, өнерпаз, пәлеқор
-и, -ы, -і Тарихи, қазақы


Ескерту: 1. Көрсетілген жұрнақтардың кейбірі басқа сөз табында да кездеседі. Мысалы: -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнагы зат есім де жасайды: жақсы-лық, жаман-дық, дос-тық, күнде-лік, орын-дық, т. б. -сыз, -сіз, -дай, -дей, -тай, -тей, -шақ, -шеқ, т. б. үстеуде де кездеседі. Мысалы: ақы-сыз берді, ат-сыз келді, қыс-тай дайындалды, тоты-дай сайрады, көйлек-шең отырды т. б.
Бұндай сөздер сөйлемде білдіретін мағынасы мен кызметі арқылы ажыратылады.
Араб-иран тілдерінен енген -кер, -қой, -қор, -паз жұрнақтары үндестік заңына бағынбайды, өйткені бұл жұрнақтардын жуан — жіңішке сыңарлары жоқ.

2. Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар.

Жұрнақ Мысал
-ғак,, -гек, -қак,, -кек, -ақ, -ек ұрыс-қак, тай-ғақ, үрк-ек, қорқ-ақ, бөл-ек
-ық, -ік, -қ, -к: тол-ық, сын-ық, аш-ық, ақса-қ, сире-к, біт-ік
-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: біл-гіш, жаз-ғыш, көр-гіш, айт-қыш, бар-ғыш
-ғыр, -гір, -қыр, -кір өт-кір, ұш-қыр, ал-ғыр, тап-қыр, біл-гір
-шақ, -шек ұрын-шақ, жасқан-шақ, сүрін-шек, қызған-шак,
-ыққы, -іқкі, -ңқы, -қкі бас-ыңқы, көтер-іңкі, шаш-ыңқы, салбыра-ңқы
-ынды, -інді, -нды, -нді жаса-нды, кұра-нды, түй-інді
-малы, -мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі Асыр-малы, жап-палы, үр-мелі, көш-пелі
-ымды, -імді, -мды, -мді жара-мды, шыда-мды, қон-ымды, келіс-імді
-аған, -еген қаш-аған, сүз-еген, теб-еген, қаб-аған
-улы, -улі қаңтар-улы, іл-улі, ая-улы, ас-улы
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қыз-ба, бұра-ма, бас-па, боя-ма

Сын есмінің шырайлары: біртектес сапалық сынның бір-бірінен айырмашылығын анықтайтын категориясы. Сын есімнің шырайларын түрлері:

Ереже Жұрнақ Мысал
Салыстырмалы шырай-бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырып, кем не артық екенің білдіреді: .-рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -қыл, -ғыл,-қылт, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шіл, -шылтым;-ілдір,-ша,-ше, -аң, -ғыш,-қыш,-қай, -гіш; Кішірек Ақ-тау Қызғылт
Күшейтпелі шырайды -белгілі бір сындық белгінің екіншісінің өте артық не өте кем екенін білдіреді,   қып-қызыл, үп-үлкен.

Сын есімнің сөйлемдегі қызметі

Ереже Мысал
Сын есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі –анықтауыш.Сын есім ілік септікте тұрып, заттаныпкеліп те анықтауышболады. Біп-биік тау шыңыкөгілдір аспанмен тілдесіп тұрғандай. Жақсының сөзі балдай, Жаманныңсөзі удай (мақал).
Сын есім сөйлемнің жіктеліп немесе заттанып келсе баяндауышыболады. Туған жер, сен неткен көріктісің.Сіз осы әулеттің үлкенісіз.
Сын есім етістіктің алдында тұрып, қалай? деген сұраққа жауап берсе, пысықтауышболады. Үйдің ауласындағы заттар ұқыптыжиналыпты.Сөйлеушің судайесілген, тыңдаушың бордайезілген.
Сын есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектессептіктерінің жалғауын меңгеріп, заттанып келіп, толықтауыш болады. Жақсыданүйрен, жаманнан жирен.
Заттанған сын сеім атауы септігінде тұрып, бастауыш болады. Сыпайысырын сақтар,әдепті арын сақтар.

Ескерту:Сын есім көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді. Бұл жалғауларды жалғаған жағдайда сын есім зат есімнің орнына жүреді. Сын есімнің зат есім орнына жұмсалуын сын есімнің заттануы – субстантивтенуі дейді. Ақылды (кім?) байқап сөйлейді, ақымақ (кім?) шайқап сөйлейді. Ақылды, ақымақ (адам) – бастауыш. Еріншектің (кімнің?) ертеңі бітпес. Еріншектің (адамның?) – анықтауыш.

Сан есім- заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы.

Құрамына қарай екіге бөлінеді:

Дара сан есім– бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер: үш, оныншы, елудей, ондаған, жүз.

Күрделі сан есім:

а)екі немесе одан да көп түбірдің тіркесуінен: жиырма бес, қырық шақты, сексен алты.

ә) сөздердің қосарлануы мен қайталануынан: екі-екіден, жеті-сегіз, бес-алты, тоғыз-тоғыздан.

б) сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігуінен жасалған күрделі сан есімдер: сексен – сегіз он.

Сан есімдер мағынасына қарай алты түрге бөлінеді:

Түрі Ереже Жасалу жолы Мысал
Есептік сан есім Нақты санын, есебін білдіреді.(қанша, неше?)   Төрт, жетпіс, мың, сегіз,алпыс
Реттік сан есім Заттың саналу ретін білдіреді. (нешінші?) Сан + (-ыншы,-інші,-ншы,-нші) Қырық екінші, жетінші
Жинақтық сан есім Заттың жинақталған санын көрсетеді. (нешеу?) Сан + (-ау, -еу ) («1,2,3,4,5,6,7») Біреу, екеу, үшеу, бесеу
Болжалдық сан есім Заттың санын дәл білдірмейді, шамамен болжап көрсетеді.(қанша, неше, қай шамалы, қаншадан?) 1)Сан+(-лаған, -леген, -даған, -деген, -таған, -теген,-лап,-леп,-дап,-деп,-дай,-дей,-тай,-тей) Жүздеген, қырықтай
2)Сан + көптік жалғауы + барыс, жатыс септік жалғ. Жасы қырық+тар-да, сағат алты+лар-ға шақырды
3)Сан + қосарлануы арқылы жасалады. Отыз-отыз бес, екі-үш, елу-алпыстай
4)Сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады: Елу шамалы, он шақты, мың қаралы, жетіге таман,
Топтау сан есім Заттың санын топтап көрсетеді, нешеден, қаншадан? Сан+шығыс септік жалғауыжалғануы арқылы Үштен, қырықтан,бес-бестен
Бөлшектік сан есім Заттың бөлшектік санын білдіреді 5\10 (оннан бес) , 3,01 (үш бүтін оннан бір) 1\2 (екіден бір, екінің бірі, екіден бірі)

Сан есімнің сөйлемдегі қызметі:

Ереже Мысал
Сан есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі –анықтауыш. Сегізқызым – бір төбе, Кенжекейім – бір төбе.
Сан есім атау септігінде тұрып, бастауышболады. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларын меңгерсе, толықтауышболады. Тоғызға (неге?) сегізді (нені?) қосу, оннан (неден?) бесті (нені?) алу, он үшпен (немен?) есептеледі.
Сан есімдер етістіктің алдынан келіп, пысықтауышболады Тоғыздабасталады, бес-бестен бөліну керек, алтыдан топтадық.
Сан есім жіктеліп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп баяндауышболады. Келген адамдар алтау екен. Біз бәріміз тоғызбыз.

Есімдік-зат есім,сын есім және сан есімнің орнына қолданылатын сөз табы. Соларды нұсқап, меңзеп, сілтепкөрсетеді. Есімдіктер орынбасар сөздердеп те аталады.

Мағыналық түрлері:

Түрі Ереже Мысал
Жіктеу есмідігі Белгілі бір жақ түрінде қолданылады Мен, сен, сіз, ол, сендер, сіздер.
Сілтеу есімдігі Нұсқау және көрсету мағыналарын білдіреді Сол, мынау, аналар, міне.
Сұрау есімдігі Жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар Кім, не, неше, қайда.
Өздік есімдігі Әр түрлі тұлғадағы «өз» деген бір ғана сөз Өз, өзім.
Жалпылау есімдігі Жалпылау, жинақтау мағынасын білдіреді Барлық, бәрі, күллі, барша, тегіс.
Белгісіздік есімдігі Затты, сындық белгіні, сан мөлшерді жорамалдап көрсетеді Кейбіреу, қайсыбір, әлдеқайда, әлдеқандай
Болымсыздық есімдігі Болымсыздық мағынаны білдіреді Еш+(кім,қайда,қашан), ештеңе,дәнеме.

Етістік-заттың іс-әрекетін қимылын білдіреді.

құрамына қарай екіге бөлінеді:дара етістік; күрделі етістік.

тұлғасына қарай екіге бөлінеді:

1)негізгі түбір етістікетістіктің өзінен жасалады:отыр, тұр, жүр, жатыр, оқы, кел, барды, жүгірді, жасаған.

2) Туынды етістікбасқа сөз таптарына сөз тудырушы жұрнақжалғану арқылы жасалады:ой-ла,ақыл-дас

Болу-болмауына байланысты:

Болымды: алды, жаздыр, өшірді.

Болымсыз: 1)етістікке+ма-ме-ба-бе-па-пе; жоқ, емес.

мағынасына қарай екіге бөлінеді:

Сабақты етістік– мағынасы жағынан тура объектіні, табыссептіктегі сөзді қажет етіп, кімді? нені? (не?)Отты (нені?) үрлеген жағады, шындықты (нені?) іздеген табады

Салт етістіктабыс септіктен басқа (атау, ілік, барыс, жатыс, шығыс, көмектес)септіктегі сөздермен тіркесе береді:Ата-анаңа (кімге?) құрмет көрсет. Қиындықтан (неден?) қорықпа. Жолдастарыңмен (кімдермен?) тату бол. Тілек (кім?) биледі, т. б.

Етістіктің сөйлемдегі қызметі:

Ереже Мысал
Етістіктер жіктеліп келіп, баяндауышболады. Мен биыл бітіремін.
Есімше мен тұйық етістік аутау септігінде тұрып, бастауыш болады Оқу – білім бұлағы. Оқыған озады.
Есімше мен тұйық етістік атау және іліктен септіктерінен басқа септіктетұрып,толықтауышболады. Білгенгемаржан, білмеске арзан
Көсемше қимылдың әр түрлі қасиетін білдіріп, пысықтауыш болады. Ол күлімсіреп қарады.
Есімше мен ілік септігіндегі тұйық етістік анықтауышболады. Оқудыңшегі жоқ. Іздегенадам мұратына жетеді.

ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК

Тұйық етістік– жақпен де, шақпен де байланысты болмайтын, қимылдың атауын ғана білдіретін етістіктің түрі.

Тұйық етістік – у -жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы:жаз+у,сұра+у,кел+у, сұрама+у,айтыспа+у,алыстат-у,оқ(ы)-у,қағу,тө(к)гу,се(п)б+у, т. б.

ТҰЙЫҚ ЕТІСТІКТІҢ ЕМЛЕСІ

1. Дауысты ы, ідыбыстарына біткен етістікке тұйық етістіктің -ужұрнағы жалғанғанда, түбірдегі ы, ідыбыстары түсіп қалады: оқы – оқу, тоқы – тоқу, бекі – беку, жібі – жібу;

2. Қатаң п, қ, кдыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -ужұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңғы дыбыстары ұяңб, ғ, гдыбыстарына өзгереді:жап – жабу, тақ – тағу, сеп – себу, төк – төгу, үк – үгу;

3.Етістіктің түбірі и, й, ідыбысына біткен жағдайда тұйық етістіктің -ужұрнағы жалғанғанда, сөздің соңғы дыбысы өзгереді: ки – кию, той – тою, кейі – кею, үй – үю;

4.Жу, бу, қуетістіктеріне тұйық етістіктің -ужұрнағы жалғанғанда жуу, буу, қуу,түрінде жазылады.

Етістіктердің шақтары: - іс-қимылдың уақытын білдіреді.

1.Осы шақ-сойлеп тұрған уақытта болып жатқан іс-қимылды білдіреді.

Шақ түрі Ереже Жасалу жолы Мысал
Ауыспалы осы шақ Күнделікті болып жатқан іс-қимылды білдіреді. Етістік + (-а,-е,-й)+жіктік жалғау Күнде барамын Күнде келемін
Нақосы шақ Дәл сөйлеп тұрған кездегі іс- әрекетті білдіреді. Қалып етістігі (жүр,отыр,тұр)+жіктік жалғау Мен жүрмін Мен отырмын Мен тұрмын

Наши рекомендации