Тұрғындарды Манту сынамасымен жаппай тексеруді жүргізгенде аталғантуберкулиннің түрлерінің қайсысын қолданылады? 9 страница

Науқаста менингококкты инфекцияның қай түрі дамыған?

*Менингит

*Менингоэнцефалит

*+Менингококкцемия

*Пневмония

*Менингококкты назофарингит

#14

*!Бойжеткен, 16 жасар, лицей оқушысы, ауруының 1-ші күні түскен. Жедел ауырған: кенеттен температурасы 40°С дейін жоғарылап, қатты басы ауырған, құсу жеңілдік әкелмеген. Жалпы жағдайы ауыр, айқын гиперестезия. Көз қарашығы кеңейген, жарыққа сезімтал. Желке бұлшық еттерінің кернеулігі өте айқын, Керниг симптомы екі жақты оң мәнді. Жүрек тондары тұйықталған, пульсі минутына 130 рет, ҚҚ – 100/50 мм.сын.бағ. Гемограммада: лейкоциттер – 18х109 /л., т/я –12, с/я- 82, моноциттер-2, лимфоциттер- 6, ЭТЖ - 45 мм/сағ. Жұлын-ми сұйықтығы: лайлы түстес, қысыммен ағады, Панди реакциясы (+++), цитоз: 1 мкл 900 жасушалар нейтрофилдер (83%) есебінен.

Менингококты инфекцияның қай түрі туралы ойлауға болады?

*+Менингит

*Менингококкцемия

*Менингоэнцефалит

*Менингококкты назофарингит

*Пневмония

#15

*!Бозбала, 17 жасар, ауырғанына 7 сағат болғанда қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригадасымен жеткізілген. Айқын қалшылдауға, бас ауруға, құсуға, дене температурасының 390С дейін жоғарылауына шағымданады. 4 сағаттан кейін денесі мен аяқ-қолдарында дұрыс емес жұлдызша тәрізді көптеген геморрагиялық бөртпелер пайда болды. Түскен кезде: жағдайы ауыр, есі-сопор, температурасы-36,50С, ентікпе-1минутта 25 рет, цианоз, қозғалмалы қозғыштық, пульсі жіпше тәрізді, ҚҚ: 60/40 мм. сын. бағ. Гемограммада: лейкоциттер – 24х109 /л., т/я –10, с/я- 80, моноциттер-4, лимфоциттер- 6, ЭТЖ - 42 мм/сағ.

Науқаста қандай асқыну болуы ықтимал?

*Тамыр ішілік қан ұю-синдром

*+Инфекционды-токсикалық шок

*Бас миының ісінуі

*Жедел бүйрек жетіспеушілігі

*Жедел жүрек –қантамыр жетіспеушілігі

#16

*!Ер адам, 19 жасар, ауруының 3 күні сілекей бездері тұсындағы екі жақты ісінуге, басының қатты ауыруына, қайтара құсуға шағымданып түскен. Пальпация кезінде сілекей бездері қамыр тәріздес тығыздықта, біріңғай ауырады, Мурсу симптомы оң мәнді, дене температурасы 39ºС, менингеалді симптомдар оң мәнді. Қандағы лейкоциттер саны - 5,4 х 10 9/л, ЭТЖ – 4 мм/сағ. Ликворда - лимфоцитарлы цитоз.

Ең ықтимал диагноз:

*Сіреспе

*Эпштеин Барр вирусы- инфекциясы

*+Паротитті инфекция

*Менингококты менингит

*Жедел іріңді сиалоаденит

#17

*!Зоотехник 57жаста, ауруының 3-ші күні дәрігерге бас ауруына, қызбаға, аяқтың бұлшық еттеріндегі , белдегі ауру сезіміне, сарғаю, зәрінің қарайуына және көлемінің азайуына шағымданып келді. Объективті: температурасы 38,1°С, склералардың инъекциясы, кеуде аймағында петехиальді бөртпелер, гепатоспленомегалия.

ЕҢ ықтимал болжама диагноз:

*Бруцеллез

*Трихинелез.

*+Лептоспироз

*Вирусты гепатит

*Псевдотуберкулез

#18

*!Ер адам, 40 жасар, қойшы, әлсіздік пен сілекей ағуға шағымданып түсті. Жедел ауырған: жұтынуы қиындап, басы айналған. Жалпы жағдайы орташа, температурасы 37,2 °С, беті қызарған, қозғыш, көп сөйлейді, өлімнен қорқады. ҚҚ: 120/80 мм.сын.бағ., пульсі минутына 120 рет. Ауырардан 2 ай бұрын атып өлтірген қасқырдың терісін алған. Жанұясында барлығы сау.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

*Сіреспе

*Ботулизм

*+Құтыру

*Нейробруцеллез

*Менингококты инфекция

#19

*!17 жастағы қыз бала, жақын жердегі Орталық аудандық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Ауру анамнезі анасының айтуы бойынша жиналды. Ауырғанына 6 күн болған. Аймақтық дәрігер «Қызылша, ауыр ағымы» болжама диагнозын қойған. Қарап тексергенде: есі-сопор жағдайда, қарашығы екі жағында бірдей, жарыққа сезімтал, клонико-тоникалық тырысулар байқалып, аузынан көпіршіктер ағуда. Керниг симптомы екі жағынан да оң. Денесінің барлық жерінде көптеген, бір бірімен қосылған дақты-папулезді бөртпелер бар. Акроцианоз. Тынысы шулы, ТЖ-28 мин. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі ритмді, толымы әлсіз, минутына 110 рет соғады. ҚҚ – 110/70 мм с.б.

Науқаста қандай асқыну дамыған болуы мумкін?

*Жеделдеу энцефалопатия

*+Жедел менингоэнцефалит

*Жедел менингит, мидың ісінуі

*Іріңді менингоэнцефалит

*Эпилепсия,эпилептикалық статус

#20

*! Қандай ауруға кенеттен ауыратын ірі лимфаденит, ауру сезімімен жергілікті гиперемия, гипертермия және периаденит тән?

Тұрғындарды Манту сынамасымен жаппай тексеруді жүргізгенде аталғантуберкулиннің түрлерінің қайсысын қолданылады? 9 страница - student2.ru

*+Оба

*Бруцеллез

*Туляремия

*АИВ-инфекция

*Инфекционды мононуклеоз

#21

*!Үйге шақырту. Ер адам 42 жаста, Маңғыстау облысының тұрғыны. Температурасы 39-40С-қа жоғарылауы мен қалтырауға, денесінің қақсауына, қатты бас ауруына, сол жақ кеудесінің ауруына,құрғақ жөтелге шағымданды. Кеше кешке жедел ауырған. 3күн бұрын ауру түйені союға қатысқан, қолын кесіп алған. Жайылған интоксикация есебінен науқастың жағдайы ауыр. ТЖ -30 рет мин. Пульс – 140 рет мин., ҚҚ-90/60 мм.с.б.. өкпесінің сол жағында жайылған құрғақ сырылдар. Кеше емханада болған, жатудан бас тартқан. Гемограммада: лейкоцит – 24х109/л, п/я нейтроф.-14%, с/я нейтроф – 82%, лимф. – 2%, мон. -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған.

ЕҢ ықтимал диагноз:

*+ Оба

*Грипп

*Бруцеллез

*Пастереллез

*Ку-қызбасы

#22

Қандай инфекциялық ауруға біріншілік терілік аффект тән?

Тұрғындарды Манту сынамасымен жаппай тексеруді жүргізгенде аталғантуберкулиннің түрлерінің қайсысын қолданылады? 9 страница - student2.ru

*Оба

*Листериоз

*Туляремия

*Пастереллез

*+Сібір жарасы

#23

*!45 жастағы ер адам емханаға оң қолының ортаңғы саусағында жара пайда болғанына шағымданып келді. Кауап пісіруші болып жұмыс істейді. 5 күн бұрын дене қызуы көтеріліп ауырған. Ауруының 4 –ші күні саусағындағы жараны байқаған, бір апта бұрын осы саусағын ет турап жатып кесіп алғанын есіне алды. Жара ауру сезімсіз, бірақ қолы шынтағына дейін қатты ісіп кеткен. Жағдайы орташа ауырлықта. Оң қолының ортаңғы саусағының терісінде жара, венчиктермен қоршалған гиперемия және жайылған ісіну көрінеді. Сол жақ қолтық астында лимфаденит. Гемограммада: лейкоцит – 20х109/л, п/я нейтроф.-4%, с/я нейтроф – 88%, лимфоцит. – 6%, моноцит. -2%.

ЕҢ ықтимал диагноз:

*Тілме, буллезді форма

*Листериоз, терілік форма

*Пастереллез, терілік форма

*Клебсиеллез, терілік форма

*+Сібір жарасы, терілік форма

#24

Қандай ауруға аздап ауыратын периаденитсіз лимфаденит, жергілікті периаденит, гиперемия және гипертермия тән:

Тұрғындарды Манту сынамасымен жаппай тексеруді жүргізгенде аталғантуберкулиннің түрлерінің қайсысын қолданылады? 9 страница - student2.ru

* Оба

*Листериоз

*+Туляремия

*Пастереллез

*Сібір жарасы

#25

*!Ер адам 28 жаста, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, маусымда стационарға ауруының 4-ші күні келіп түсті. Шағымы қатты бас ауруына, қалтырау, жүрек айну, құсу, қызылиектен қан кету. Қараған кезде: дене қызуы – 38,9°С, әлсіз. Беті ісінген, қызарған, конъюктивалары инъецирленген. Денесінде және аяқтарында аздаған петехиальді бөртпелер байқалады. Шымшу және жгут симптомдары оң. Жүрек тоны бәсеңдеген, Ps -56 рет минутына. АҚҚ– 90/60. Өкпеде везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ ауру сезімсіз. Бауыры 1,5 см ге ұлғайған ауру сезімсіз. Үлкен дәреті ботқа тәрізді, патологиялық қоспаларсыз.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*менингококкцемия

*Вирусты гепатит

*Бөртпе сүзек

*Грипп

* +ҚҚГҚ

#26

*!Әйел адам 45 жаста, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, ауруының 4-ші күні дәрігер терапевтке қаралған. Шағымы бастың қатты ауруына, қалтырау, дененің қақсауына, іш өту, мұрнынан қан кетуіне. Қараған кезде: дене қызуы – 39,9°С, әлсіз. Беті, мойны қызарған, көздің склерасы инъецирленген. Денеде, санның артқы бетінде көп емес петехиальді бөртпелер байқалады. Шымшу және жгут симптомдары оң. Жүрек тоны бәсеңдеген, Ps -56 рет минутына. АҚҚ– 90/60. Өкпеде везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ ауру сезімсіз. Бауыры 1,5 см ге ұлғайған. Үлкен дәреті екі күн болмаған

Бұл жағдайда қан анализіндегі қандай өзгерістер ЕҢ тән?

*лейкоцитоз

*нейтрофилез

*эозинофилия

*+тромбоцитопения

*ЭТЖ ның баяулауы

#27

*!Әйел адам 20 жаста, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, ауруының 4-ші күні дәрігер терапевтке қаралған. Шағымы бастың қатты ауруына, қалтырау, дененің қақсауына, іш өту, мұрнынан қан кетуіне. Қараған кезде: дене қызуы – 39,9°С, әлсіз. Беті, мойны қызарған, көздің склерасы инъецирленген. Денеде, санның артқы бетінде көп емес петехиальді бөртпелер байқалады. Шымшу және жгут симптомдары оң. Жүрек тоны бәсеңдеген, Ps -56 рет минутына. АҚҚ– 90/60. Өкпеде везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ ауру сезімсіз. Бауыры 1,5 см ге ұлғайған.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал:

*+ҚҚГҚ

*Грипп

*Бөртпе сүзек

*Вирусты гепатит

*Менингококкцемия

#28

*!21 жастағы бойжеткен жұқпалы аурулар ауруханасына айқын әлсіздікке, жүрегінің айнуына, құсуға, жүрген кездегі бас айналуына, тері қышуына, мұрыннан қан кетуіне, буындарының ауруына шағымданып түсті. Ауырғанына 15 күн болған, 3 ай бұрын стоматологта тістерін емдеткен. Қарап тексергенде: терісінің және склерасының айқын сарғаюы, терісінде тырнақ іздері байқалды. Бауыры 1,0 см-ге ұлғайған. Зәрі қоңыр түсті, өт пигментіне «оң».

Қандай синдром вирусты гепатиттің ауыр ағымын сипаттайды?

*Артралгиялық

*Диспепсиялық

*Холестатикалық

*+Геморрагиялық

*Астеновегетативті

#29

*!Ер адам, 35 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына терісінің және шырышты қабаттарының сарғаюына, зәрінің қоңырлануына, нәжісінің түссізденуіне шағымданып түсті. Екі ай бұрын стоматологта тістерін емдеткен. Бір аптадан бері ауырады: жүрек айнуы, құсу, буындарының ауыру сезімі мазалаған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, адинамия, тері жабындысы және көзге көрінетің шырышты қабаттары сарғайған. Тілі сары жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, бауыры 2,0 см-ге ұлғайған. Анализінде: АЛТ-1050 Ед/л (қалыптыда 41 Ед/л), АСТ-650 Ед/л, жалпы билирубин -265 ммоль/л, тікелей - 197 ммоль/л.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

*Лептоспироз

*Бауыр абсцесі

*Жедел холецистит

*Өт тас ауруы

*+Жедел вирусный гепатит

#30

*!43 жастағы ер адам, ауруханада Вирусты гепатит «В» диагнозымен 10 күн жатқан, шағымдары: айқын әлсіздік, тамақтан кейін құсу. Қарап тексергенде: есі бар, енжар, сұрақтарға баяу жауап береді, кейде дұрыс емес,түнде нашар ұйықтаған. Сарғаюы күшейген, бауыр көлемі бұрыңғыдай қабырға доғасынан 2,0 см төмен анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеу, ырғақты, жүрек соғысы минутына 94 рет, АҚҚ 130/80 мм. с. б. Зәрі қоңыр, нәжісі ахолиялық. ИФА˗да HBsAg+, anti HDV+,anti HB corе total+

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

*Вирусты гепатит А

*Вирусты гепатит В

*Вирусты гепатит Д

*Вирусты гепатит В+С

*+Вирусты гепатит В+Д

#31

*!Әйел адам 35жаста, учаскелік дәрігерге ауруының 8-ші күні айқын әлсіздіке, тәбетінің жоқтығына, жүрек айну, тәулігіне 4-5 ретке дейін құсуға, сарғаю, терінің қышуына, оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Бір апта бұрын ауырған, әлсіздік, жалпы селқостық пайда болған, кейін тәбеті біртіндеп төмендеген, жүрегі айнып, құсу болған, ауруының 5-ші күні зәрінің қарайғанын байқаған, ауруының 6-шы күні нәжісі түссізденген, кеше тәңертен туыстары склерасының сарғайғанын байқаған, құсу жиілеген.

Жағдайының ауырлығын қандай симптомдар көрсетеді?

*+Симптомы интоксикация

*Бауыр аймағындағы ауыру сезімі

*Нәжістің түссізденуі

*Холурия

*Сарғаю

#32

*!30 жастағы ер адам ауруханағ ауруының 9 күні терісінің қышуына, сарғаюға, аздаған әлсіздікке шағымданып келген. Аурығанына бір апта болған, әлсіздік дамып, біртіндеп тәбеті төмендеген, жүрегі айнып, 4-5 рет құсқан, дене температурасы 380С дейін көтерілген, ауруының 6 күні зәрі қоңырланған, ал ауруының 8 күні нәжісі түссізденген, ал кеше сарғайғанын байқаған, бірақ дене температурасы қалыпқа түсіп, жүрегі айнуы басылған, ал бүгін тәбеті ашылып, сарғаюы үдеген, терісі қыши бастаған. Ауруханада қанның биохимиялық анализдері тағайындалған. Вирусты гепатит А деген диагноз қойылды.

Базисті емге не жатады?

*Режим, емдәм №5, гепатопротекторлар

*Емдәм №5, антибиотиктер, гепатопротекторлар

*Режим, емдәм №5, ферменттер

*Емдәм №5, гепатопротекторлар, өт айдағыштар

*+Емдәм №5, режим, көп сұйықтық ішу

#33

*!40 жастағы ер адам емхананың жұқпалы аурулар кабинетіде «Созылмалы вирусты гепатит С» диагнозымен есепте тұрады.

Қандай синдром созылмалы HСV-инфекциясының бауырдан тыс көріністеріне жатады?

*Жильбер синдромы

*+Шегрен синдромы

*Ротор синдромы

*Криглер-Найяр синдромы

*Тітіркенген ішек синдромы

#34

*!Ер адам бірнеше жылдан бері емханада «Созылмалы вирусты гепатит С» диагнозымен есепте тұрады.

Созылмалы HСV-инфекциясының бауырдан тыс көріністеріне жатады?

*Калькулезді холецистит

*+Аутоиммунды тиреоидит Криглер-Найяр синдромы

*Криглер-Найяр синдромы

*Өкпе туберкулезі

*Өт шығу жолдары дискинезиясы

#35

*!26 жастағы әйел адам әлсіздікке, тәбеттің төмендеуіне шағымданады. Объективті: тері жабындылары және склерасы сарғайған, кеудесінде телеангиоэктазиялар пальмарлы эритема, байқалады. Бауыры ұлғайған.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

*АИВ-инфекциясы

*+Созылмалы вирусты гепатит

*Аутоиммунды тиреоидит

*Жедел вирусты гепатит

*Жильбер синдромы

#36

*!44 жастағы ер адам айқын әлсіздікке тәбеттің төмендеуіне, жүрек айнуына шағымданады. Анамнезде: 8 жыл бұрын «Созылмалы вирусты гепатит С» диагнозы қойылған. Ем қабылдамаған, тексерілмеген. Шамамен бір ай бұрын табанында ісіну пайда болған. Қарап тексергенде: «тілі жылтыр», «пальмарлы эритема», кеуде аймағында телеангиоэктазиялар байқалады. Гепатоспленомегалия. Биохимиялық қан анализінде: гипергаммаглобулинемия, орташа деңгейдегі билирубинемия, АЛТ – 80 Ед/л .

Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?

*Гепатокарцинома

*+Бауыр циррозы

*Қант диабеті

*Жедел вирусты гепатит В

*Өт шығару жолдарының дискинезиясы

#37

*!Жасөспірім 17 жаста учаскелік терапевтке ауруының 5-ші күні мынандай шағымдармен келген: тамақтағы ауру сезіміне, жұтынған кезде күшейуіне, бас ауру, жүрек айну, айқын әлсіздік, буындардағы ауру сезіміне, зәрінің қарайуына. Қараған кезде анықталды: дене қызуы 38,5° С. Тері жамылықтары, склерасы сарғыштанған лимфа түйіндері пальпацияланады, аңқасы – қызарған бадамша бездері ұлғайған лакунада іріңді жабынды. Іші жұмсақ оң жақ қабырға астында сезімтал, бауыр қабырға доғасынан +2,0+2,5см шыққан, консистенциясы тығыз.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*Лептоспироз

*Иерсиниоз

*Листериоз

*Вирусный гепатит

*+Инфекционный мононуклеоз

#38

*!32 жастағы ер адам, стационарға ауруының 4 күн түсті. Шағымы: дене қызуының 38”8C көтеріліп, қалтырауына, басының ауруы, жұтынған кездегі тамақтағы ауру сезіміне, іші бүріп ауырып, тәулігіне 3 рет іші өтуіне.Жер үйде тұрады, үйінде кеміргіштердің іздері байқалған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Денесі мен аяқ˗қолдарында дақты˗папулезді бөртпе анықталады. Склерасы субиктериялық. Аңқада қызару, жабынды жоқ. Барлық топтағы лимфа түйіндер ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан 1,5 см төмен пальпацияланады.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*Инфекциялық мононуклеоз

*Лептоспироз

*Сальмонеллез

*Вирусты гепатит

*+Иерсиниоз

#39

*!Ер адам 25 жаста, емханаға ауруының 6шы күні қаралды. Жедел ауырған, дене қызуы көтеріліп, қалтыраған. Басының ауруы мазалап, жүрегі айнып, құсқан. Іші бүріп ауырып, тәулігіне 2˗3 рет іші өттіп, тамағындағы ауру сезімі, құрғақ жөтел, артралгия мазалаған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 39.0С. Денесі мен аяқ˗қолдарында дақты˗папулезді бөртпе анықталады, тілі өңезделген, тамағы қызарған, бадамша бездері ұлғайған, сол жақ бадамша безінде іріңді˗некроздық жабынды анықталады. Барлық топтағы лимфа түйіндер ұлғайған. Гепотомегалия. Нәжісі сұйық.

Қанды және аңқадан алынған жағындыны бактериологиялық зерттегенде Iersinia enterocolytica бөлінді.

Иерсиниоздың қандай түрі ЕҢ дұрыс?

*Гепатитті түрі

*Баспалық түрі

*Абдоминалды түрі

*Асқазан˗ішектік түрі

*+Біріншілік генерализацияланған түрі

#40

*!49 жастағы ер адам емханаға дәрігер қарауына келді. Ауырғанына 5 күн болған, дене қызуы 39°С˗ға дейін көтеріліп, қалтыраған, буындары мен бұлшықеттері сырқырайды. Қарап тексергенде: ауызжұтқыншақта іріңді˗некроздық баспа, мойын˗жақ астық лимфаденит. Бауыры қабырға доғасынан 1,5 см төмен пальпацияланады. Эпидемиологиялық анамнезінде шикі көкөністерден (сәбіз, қырыққабат) жасалған салаттарды жиі қолданады.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*+Листериоз, баспалық түрі

*Іріңді˗некроздық баспа

*Иерсиниоз, жайылмалы түрі

*Вирусты гепатит, сарғаю алды кезеңі

*Созылмалы тонзиллит декомпенсация кезеңі

#41

*!32 жастағы әйел, ауырғанына 8 күн болғанда үйіне дәрігер шақырды. Ең бірінші күнінен бастап әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене қызуының 38-38,5°С.дейін көтерілуі мазалаған, тамағы ауырып, іші өткен. Келесі күні склерасы сарғайып, зәрі қоюланған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,5°С.. Барлық топтағы лимфа түйіндері ұлғайғані. Ауызжұтқыншақта – фарингит. Денесінің терісінде дақтыөпапулезді бөртпе анықталады. Бауыры қабырға доғасынан 1,5-2 см, төмен пальпацияланады, пальпациялағанда аздап ауырсыну сезімі анықталады.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал:

*Лептоспироз

*+Иерсиниоз

*Жедел вирусты гепатит

*Инфекциялық мононуклеоз

*Созылмалы вирусты гепатит

#42

*!Ер адам 36 жаста, стационарға түскен кезде, тоқтаусыз құсу, іш өту және шөлдеуге шағымданады. Қараған кезде: температурасы – 36,0°С, әлсіз. АҚҚ – 80/60 мм с.б. Пульсі – 105 рет минутына. Дауысы қарлыққан. Тері серпімділігі төмендеген. Іші тартылған, аурусезімсіз. Стул Үлкен дәреті күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз. Индиядан 5 күн бұрын келген.

Науқаста қандай ауру ЕҢ ықтимал?

*Ішек иерсиниозы

*Псевдотуберкулез

*Дизентерия

*Лямблиоз

*+Тырысқақ

#43

*!Ер адам 36 жаста, стационарға түскен кезде, тоқтаусыз құсу, іш өту және шөлдеуге шағымданады. Қараған кезде: температурасы – 36,0°С, әлсіз. АҚҚ – 80/60 мм с.б. Пульсі – 105 рет минутына. Дауысы қарлыққан. Тері серпімділігі төмендеген. Іші тартылған, аурусезімсіз. Стул Үлкен дәреті күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз. Индиядан 5 күн бұрын келген.

Қандай асқыну ЕҢ тән?

*Инфекциялық-токсикалық шок;

*+Гиповолемиялық шок

*Ішектің тесілуі

*Перитонит;

*Қан кету

#44

*!Әйел адам қырқүйекте 25 жаста, Өзбекістаннан келген, сонда бір апта болған. Келесі күні жиі құсумен және жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Дене қызуы – 36 С. Әлсіздік, аяқ-қолдарының құрысулары пайда болып, даусы қарлыққан. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, акроцианоз. Бет әлпеті үшкірленген. Жүрек тондары бәсеңдеген, ҚҚ – 90\60 мм с.б. Іші ішке қарай тартылған. Зәр мөлшері азайған.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

*Сальмонеллез

*Иерсиниоз

*+Тырысқақ

*Тағамдық токсикоинфекция

*Ботулизм

#45

*!Ер адам 36 жаста, стационарға түскен кезде, тоқтаусыз құсу, іш өту және шөлдеуге шағымданады. Қараған кезде: температурасы – 36,0°С, әлсіз. АҚҚ – 80/60 мм с.б. Пульсі – 105 рет минутына. Дауысы қарлыққан. Тері серпімділігі төмендеген. Іші тартылған, аурусезімсіз. Стул Үлкен дәреті күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз. Индиядан 5 күн бұрын келген.

Тырысқақтың заманауи ағымының ЕҢ жиі кездесетін варианты:

$$$001

Туберкулинді сынамада гиперергия кезіндегі химиопрофилактика курсының ұзақтығы:

A) Изониазид (Н) 3 ай бойы бір реттік және А және В тобындағы поливитаминдермен бірге

B) Изониазид (Н) + этамбутол (Е) 2 ай бойы бір реттік А және В тобындағы поливитаминдермен бірге

C) Изониазид (Н) 6 ай бойы және А, В тобындағы поливитаминдермен бірге

D) Изониазид (Н) + рифампицин (R) 3 ай бойы

E) Изониазид (Н) 2 ай бойы

{Дұрыс жауабы}= B

{Күрделілігі }= 1

{Оқулық}= (Фтизиатрия, Перельман М.И, Корякин В.А./аударған Т.Ә. Момынов, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$002

Алғашқы анықталған ТМБ+ туберкулезді науқастың интенсивті фазасы химиотерапиясында препараттар қосылысының ең биімді схемасы (категория I):

A) S + H (4 ай)

B) H + E (5 ай)

C) H + R (4-7 ай)

D) H + R + E (8 ай)

E) H + R + Z (12 ай)

{Дұрыс жауабы}= C

{Күрделілігі }= 1

{Оқулық}= (Фтизиатрия, Перельман М.И, Корякин В.А./аударған Т.Ә. Момынов, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$003

Наши рекомендации