Арыншааралық перденің ақауы. 17 страница
*Пакреатохолангиография
*Компьютерлі томография
!14 жастағы жас жігітте АГ байқалады, өте жоғары қан қысымымен, бала кезінен педиатрда тіркеуде тұрған. Жалпы тәжірибелік дәрігер бүйрек тамырларының патологиясы туралы ойлайды. Осыны анықтау үшін қай зерттеу ең мағыналы болып есептеледі:
*Бүйректің УДЗ
*Бүйректің сцинтиграфиясы
*Бүйрек артерияларының УДЗ
*+Бүйректік артериография
*Контрастты урография
!Стационарға 7 жастағы қыз бала түсті. Шағымдары: ауырсынумен жүретін зәр шығару, зәр түсінің өзгеруі. Жағдайы орташа ауырлықта. Еріннің шырышты қабаты мен сыртқы жыныс мүшелерінің шырышты қабаттарында герпетикалық бөртпелер. Зәрі қызыл түсті. Қан анализінде: Нв-102 г/л, Эр.-3,4х10-9/л, ЭТЖ-15 мм/сағ. Зәр анализі: эритроциттер бірыңғай. Тағайындау керек:
*Уросептиктер,физиоем, сульфаниламидтер
*Уросептиктер,спазмолитиктер, глюкортикостероидтар
*Уросептиктер,спазмолитиктер, зәр айдағыш заттар
*+Спазмолитиктер,уросептиктер, вирусқа қарсы заттар
*Сульфаниламидтер,глюкокортикостероидтар
!Он үш жастағы науқас бала, суық тигеннен кейін қолының буындарында ісіну мен ауыру сезімі пайда болғанын айтады. Жіті ауыру сезімдері басылғаннан кейін, таңертеңгілік құрысу пайда болды, зақымданған буындар саны көбейген. Натрий диклофенак тағайындалған. Сегіз айдан кейін бұл үрдістің белсенділігі аздап төмендеген, бірақ басқа да буындардың зақымдалуы байқалады. Рентгенде саусақтар буындарының сүйек-шеміршек деструкциясы көрінеді. Емдеу әдісін:
*Диклофенакпен емдеуді жалғастыру
*Стероидты емес қабынуға қарсы ем
*+Глюкокортикостероидты ем
*Антибиотикотерапиялық ем
*Физиоем тағайындау
!Он үш жасар бала әлсіздікке, тершеңдікке, 2 жылда 8 кг-ға арықтағанына шағымданады. Объективті: барлық лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыр қабырға доғасынан 2см шығып тұрады, көкбауыр ұлғайған. Қан анализі: гемоглобин –85 г/л, эритроциттер –3,0 х 1012/л, лейкоциттер - 135,0 х 109/л, таяқша ядролы – 3%, лимфоциттер – 96 %, моноциттер – 1 %, ЭТЖ – 28 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализі: жалпы билирубин - 45 мкмоль/л, тура билирубин - 11мкмоль/л. Сарысулық темір -28ммоль/л, Кумбс сынамасы оң. Негізгі диагнозды нақтылайтын зерттеу тәсілі:
*Иммуноферментті анализ
*+Стернальді пункция
*Трепанобиопсия
*Лимфа түйіндерінің биопсиясы
*Көкбауыр пункциясы
!Ауруханаға 15 жасар қыз бала жүректің дүрсілдеуіне, ентігу, әлсіздік, тітіркенгіш, тершеңдік, жүдеу шағымдарымен түсті. Бір жыл аралығында осы өзгерістерді байқайды. Ауыр стресс болыпты. Объективті: тынымсыз, көзжанары жақсы, қол саусақтарының треморы байқалады, Ромберг қалпы тұрақсыз, гипергидроз. Өкпеде - везикулярлы тыныс. Жүрек тондары қатты дыбысты, тахикардия ЖЖЖ минутына 110 рет, АҚ 140/50-160/40 мм. сын.бағ. Жиі іш өтулер байқалады. Науқасқа қандай зерттеу тағайындауға болады:
*Баримен мойын R-графиясы
*Қалқанша безінің УДЗ
*+Қанда Т3 пен Т4 анықтау
*Қалқанша безінің сцинтиграфиясы
*С-реактивті белокты анықтау
!4 жастағы бала, ауырғанына 2 күн болды, дене қызуы 37,7 С, мұрнынан су ағады, жөтел, тамағы қызарған, тыныс алу жиідігі минутына 25 рет, ЖСЖ – минутына 115 рет. Өкпесінің барлық жерінде бірдей таралған қатаң тыныс, сырылдар жоқ, перкуторлық дыбыс өзгермеген. Сіздің емдік әрекетің:
*Антибиотиктер + қақырық шығарушы препараттар
*Аналгетиктер + сульфаниламидтер
*+Жылы сұйықтық, қақырық шығарушы препараттар
*Эуфиллин, сульфаниламидтер
*Гистаминге қарсы препараттар, қақырық шығарушы препараттар
!2 ден 11 жасқа дейін балалардың дене салмағы қай формула бойынша есептейді:
*+10,5 кг+2п
*10,0 кг+2п
*10,5 кг +п
*10 кг +2п
*10,5 кг+4п
!2 аптадан -2 айға дейін жасындағы бала қанша сүт қабыладу қажет?
*дене салмағынын 1/4
*+дене салмағынын 1/5
*дене салмағынын 1/6
*дене салмағынын 1/7
*дене салмағынын 1/8
!Ольга 4,5 айлық анасының айтуы бойынша стационарға салмақ қоспауына, тәбеттінің төмендеуіне және тұрақсыз үлкен дәретке шағымданып түскен. Туылғандағы салмағы 3400 г; бойы 49 см. Үш айдан бастап жасанды тамақтандырылған. Жедел ішек инфекциясымен ауырған. Стационарға 6000 г салмағымен, 59 см түскен. Терісі ақ, сұрғыш реңмен, құрғақ, сертімділігін жоғалтқан, онай жиырылады. Бұлшықет тонусы бос. Кеудесінде және денесінде тері асты, майқабаты, әлсіз көрінеді, аяқ қолдарында жұқарған. Пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынусыз. Көкбауырмен бауыр оң жақ қабырға шетінде сезіледі. Үлкен дәреті тәулігіне 4-5 рет сары- жасыл түсті жағымсыз иісті. Аталған диагноздардың қайсысы дәлірек:
*гипотрофия 1 дәрежесі
*гипостатура
*+гипотрофия 2 дәрежесі
*гипотрофия 3 дәрежесі
*паратрофия
!3,5 айлық бала. 1,5 айдан бастап тершендік, ұйқысыздық қозғыштық, дірілдеу байқала бастады. Балаға Д витамині берілген жоқ. 3,5 айында шүйденің тақырлануы, тығыздалуы, үлкен еібегі 2,5*3,0 см, жиегі жұмсақ. Кеудесі төменгі аппертудасының кеіеюі байқалады. «Гаррисонова жүлгесі» пайда болған. Бұлшық ет гипотониясы, тіндердің тургоры төмендегені айқын. «Бақа» тәрізді іш қуысы. Іш қуысы жұмсақ. Бауыры қабырға доғасынан 2,5 см шығыңқы, көкбауыры 1 см-ге.
Биохимиялық қан анализі|: жалпы белок-52 г/л, Са-2.0 ммоль/л, фосфор-1,0 ммоль/л, сілттілі фосфатаза-1000 ед/л (N600 дейін). Қандай диагноз қойылады:
*рахит 2, жедел ағым, өршу кезеңі
*+рахит 2, жеделдеу ағымы, өршу кезеңі
*рахит 2, рецедивті ағым
*рахит 1, жедел ағым
*рахит 3, жеделдеу ағым
!Настя И, 4 жаста, клиникаға түскенде анасының айтуы бойынша шағымдары:баласының тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, қалыптан тыс заттарға тағамдық әуес болушылық (әк пен қабырға жеу). Түскен кезде: орташа ауырлық жағдайда, жылаушаң, тері жамылғысы мен көзге көрінетін шырышты қабаты бозғылт. Шашы көмескі, сынғыш. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасынан +2,5 см. Көкбауыр қабырға доғасы бойымен.
Жалпы қан анализі: Нb - 81 г/л, Эр - 3,0 х 1012/л, ЦП - 0,68; ретикулоциттер - 1,9%, Лейк - 7,2 х 109/л, п/ я -2%, с / я - 20%, лимф- 64%, эоз - 4%, мон -8, СОЭ - 15 мм/сағ. Анизо-, пойкило-, микроцитоз, эритроцитоз анықталған. Биохимиялық қан анализі: белок - 68 г/л, жалпы темір байланыстырушы қасиеті - 98,9 мкмоль/л. Болжамды диагноз?
*+теміртапшылық анемия орташа дәрежесі
*витаминжетіспеушілік анемия
*белок жетіспеушілік анемия
*теміртапшылық анемия жеңіл дәрежесі
*теміртапшылық анемия ауыр дәрежесі
!Бала 4 жаста 3 апта бұрын ЖРВИ мен ауырған. Аймақтық дәрігердің қарауында жағдайы орташа ауыр, бозарған, жас ағу, ринория. Жөтел мезілегіштік, көбіне құрғақ. Температурасы 37,4 С. Перкуторлы: қораптық дыбыс. Аускультативті: тыныс барлық жерде, тыныс шығару ұзарған, құрғақ ысқырықты сырыл, аздаған ылғалды орта көпіршікті сырыл. Тыныс алу жиілігі 28 мин. Кеуде клеткасының рентгені: Өкпе суретінің күшеюі, әсіресе өкпе түбірінде, өкпелік тін желденген, қабырғалар горизонтальді орналасқан, аралықтары кең.
Қандай диагнозды болжауға болады?
*+жедел обструктивті бронхит
*жедел бронхиолит
*жедел ошақты пневмония
*бронх демікпесі
*жедел жай бронхит
!7 жастағы бала шұғыл ауырды. Дене қызуы 39,0 С дейін көтерілді, бас ауырсынуына, құрғақ ауырсынуы жөтелге шағымданады. Баланы қарағанда: хал жағдайы ауыр дәрежеде, терісі ылғалды. Аңқасы гиперемияланған, ыңқылдап дем алады. ТЖ – 32 рет минутына. Өкпе перкуссиясында: оң жақ жауырын астындағы аймағында өкпелік дыбыс тұйықталған. Өкпені тыңдағанда: тыныс қатаң, тұйқталған аймағында тыныстың әлсіреуі байқалады, сырылдар жоқ. ЖЖЖ – 110 рет минутына. Іші жұмсақ. Бауыры қабырға доғасының астында.
Жалпы қан анализі: Гем – 105 г/л, эр – 4,0 х 1012 , лейк –18,6 х109, т/я – 10%, с/я – 57%, эоз –1%, моноцит – 9, лимфоцит – 23, ЭТЖ – 28 мм/сағ. Қандай диагнозды болжауға болады?
*жедел обструктивті бронхит
*жедел бронхиолит
*+жедел пневмония
*бронх демікпесі
*жедел жай бронхит
!Бала 1 жаста. Тексергенде анықталды: перкуторнлы-жүрек өлшемдері оңға және солға ұлғайған, аускультативті: төстің сол жақ қырында IV қ/а қатты систолалық шу, өкпе артериясының 2 тон акценті. ЭКГ- жүрек гипертрофиясы. Рентгенологиялық: өкпе суретінің күшеюі, жүректің оң және сол жақ бөліктеріне байланысты жүрек өлшемінің көлденең ұлғаюы. Диагноз?
*ЖАҚА
*+ҚАПА
*ААӨ
*Фалло тетрадасы
*қолқа тарылуы
!Бала 2 айлық, тексергенде анықталды: пальпаторлы-жүрек ұшы түрткісі жоғарылайтын, таралған, төменге ығысқан. Перкуторлы жүрек шекаралары солға кеңейген. Аускультативті: төстің сол жағында 2 қ/а қатты систоло-диастолалық шу, өкпе артериясында 2-ші тон акценті. Рентгенологиялық: өкпе артериясы доғасының биіктеуі, өкпе өлшемдерінің солға үлкеюі. ЭКГ: сол жақ жүрек гипертрофиясы. Диагноз?
*ҚАПА
*ЖАҚА
*+ААӨ
*Фалло тетрадасы
*қолқа коарктациясы
!Ауруханаға келесі шағымдарымен бала түсті: тізе бундарының ісіңуі, қимылдау шектелген, субфибрилды температурасы, 3 апта бұрын ангинамен ауырған. Осы ауруы табан буындарының ісінуімен және ауырсынуымен басталды, содан сәл басылды, бірақ тізе буындары қосылды. Қарағнада интоксикация тізе буындарыы іскен, қимылы ауырсынады, шектелген, тізелері ыстық, жерек көлдене шекаралары ұлғайған, жүрек тондары әлсіз, жүрекұшы түрткісінде систолық шу, 5 нүктеде. Қандай диагноз болуы мүмкін:
*+1 ревматизм, белсенді фазасы, миокардит, полиартрит
*ревматоидтық артрит, буын-висцералдық формасы
*инфекционды аллергиялық артрит
*жүйелік қызыл ноқта, белсенді фаза кардит, полиартрит
*1 ревматизм, белсенді фазасы, полиартрит
!12 жастағы науқас стационарға мынадай шағымдармен түсті: ерін аймағының,тілдің, білектерінің жансыздану сезімі,ауыз кебуі, жұтынудың қиындауы,шашалу.Объективті: ерін аймағының, білектердің, табандардың бозаруы, «ақ дақ » симптомының оң болуы байқалады. барилы R-граммада: өңеш перистальтикасының төмендеуі және колба тәрізді кеңеюі,үштен бір бөлігінің тарылуы байқалады. Болжамды диагноз:
*ЖҚЖ
*Дерматомиозит
*Ревматизм
*түйінді периартериит
*+жүйелі склеродермия..
!Бала 10 жаста, 3 апта бұрын баспамен ауырған. Соңғы 2 күнде кіші дәретке баруы азайған, зәрі қара-қоңыр түсті, бұлыңғыр. Қарағанда: бетінің, сирақтың ісінуі байқалады. ҚҚ 145/90 мм.с.б. Тәулігіне 300 мл зәр бөлінген, зәрі қызыл-қоңыр түсті, бұлыңғыр. Жалпы зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы – 1024, ақуыз 1,5 г/л, Э-көру аймағында өзгерген. Клиникалық қан анализі: Hb-105 г/л, лейкоцит- 9,2*109, т.я.-7%, с/я-71%, эоз-1%, лиф.-18%, мон-3%, тромб-530*109, ЭТЖ-25 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок 60 г/л, альбумин – 32 г/л, мочевина 15 моль/л, креатинин 140 мкмоль/л, калий 6,1 мэкв/л. Эндогенді креатинин бойынша Клиренс – 52 мл/мин. Науқастың бүйрек қызметі қалай бағаланады:
*жедел бүйрек жеткіліксіздігі
*бүйрек қызметінің бұзылуынсыз
*+жедел кезеңді бүйрек жеткіліксіздігі
*бүйректің концентрациялық қызметі төмендеген
*созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
!11 айлық бала стационарға физикалық дамуының артта қалуына (дене массасы 7,0кг), физикалық және эмоциональді жүктемеде ентігу мен цианоздың пайда болуына шағымданып түсті. Қарағанда тері жамылғысы диффузды цианозды. «барабан таяқшасы» және «сағат шынымы» симптомдары. Жүректің салыстырмалы тұйық шекаралары: сол жағы сол жақ бұғана сызығы, оң жағы оң жақ парастернальді сызық деңдейінде. Жоғарғысы 2қ/а. ЖЖЖ 150 рет мин. Бұғананың сол жақ қырында қатты систолалық шу естіледі, сол жақта 2 қ/а 2 тон әлсіреген. Диагностикада қай қадам негізгі болып табылады:
*+ЭКГ, ЭХО-КС, жүрек Р-графиясы
*ЭКГ, ФКГ, кардиоинтервалография
*ЭКГ, жүрек Р-графиясы
*ЭКГ тәуліктік мониторингі, ФКГ
*ФКГ, жүрек Р-графиясы
!Біріншілік босанғанға дейінгі патронаж учаскелік мейірбикемен жүргізіледі:
*Жүктіліктің бірінші триместрінде;
*+Жүкті әйелді емханада есепке алғаннан кейін;
*Жүктіліктің екінші триместрінде;
*Босанғанға дейінгі кез келген уақытта;
*Жүктіліктің соңғы триместрінде;
!I дәрежелі гипотрофия типі бойынша пренаталды дистрофияға тән салмақ –бой коэффициентін көрсетіңіз:
*44-40
*49-45
*54-50
*+59-56
*60-57
!Бала I жүктілік, I босанудан, туылған кездегі салмағы 2900 г., ұзындығы 49 см. Әйелдің қан тобы А(II), Rh(+) , баланың қан тобы АВ (IV), Rh (-) . Апгар шкаласы бойынша бағалау 7-8 балл . 3-ші тәулікте балада тері жамылғысының сарғаюы пайда болды. Емуі белсенді, құспайды. Биохимиялық қан анализінде тура емес билирубин фракциясы 90 мкмоль/л , трансаминазалар қалыпты. Болжам диагноз қандай:
*пренаталды гипотрофия
*Rh сәйкессіздік бойынша гемолитикалық ауру
*АВО сәйкессіздік бойынша нәрестенің гемолитикалық ауруы.
*+физиологиялық сарғаю
*асфиксия кезіндегі сарғаю.
!7 күндік нәрестені патронаждық қарау: іштің төменгі бөлігінде, аяқ қолдарда, әр түрлі даму сатысындағы көпіршіктер байқалады (өлшемі 0,5тен 1,5 см дейін , серозды-іріңді қосылысы бар, көпіршіктердің негізі эритематозды дақтар фонында инфилтрацияланған). Никольский симптомы теріс. Көпіршіктерді ашқанан кейін эрозия қалады. Бұрынғы көпіршіктер орнында қабыршақтар қалмайды. Баланың жалпы жағдайы бұзылмаған. Дене температурасы субфебрилді. Сіздің диагнозыңыз :
*+Туа біткен буллезді эпидермолиз
*Туа біткен сифилис
*Синдром Лайела
*Эксфолиативті Риттер дерматиті
*Пемфигус (нәресте көпіршігі)
!2 апталық қыз бала. Шағымдары мазасыздық, себепсіз жылау, кенеттен шыңғыру. Анамнезінен: бірінші жүктілік ,екінші жартысы гестоз фонында өткен, түсік тастау қаупі. Босану мерзімінде, асфиксиясыз. Объективті қарағанда:жағдайы орташа ауырлықта.Мазасыз, кезеңді құсулар болады. Гиперестезия, қылилық, симптом Грефе анықталды. Үлкен еңбегі 2,5х2,3см, керілген. Рефлекстер жылдамдатылған, мазасызданған кезде аяқ қолдары дірілдейді. Окулист қарауы: көз түбін зерттеген кезде веналардың толығуы, көру нервісінің дискісіне қан құйылған. Диагноз қойыңыз:
*жұлын-милық босану жарақаты
*орта дәрежелі асфиксия
*жеңіл дәрежелі церебралды ишемия, қозу синдромы
*+орта дәрежелі церебралды ишемия, бас ішілік гипертензия
*перинаталды энцефалопатия, тежелу сидромы
!2 жастағы балаға 2 апта бұрын АКДС екпесін жасады. 15 күні түнде кенеттен денесінде массивті ісік пайда болды. Анасарка. Зәр аз бөлінеді. Болжам диагноз:
*Жедел гломерулонефрит
*Аллергиялық реакция
*+Нефротикалық синдром
*Жедел пиелонефрит
*Жүрек шамасыздығы
!Отбасылық дәрігерімен уш жасар бала уй жағдайында тексерілді. Үш куннен бері науқастанып қалған дене қызуы 38 С. Жөтел, мұрыны бітелген. Жағдайы түнде нашарлаған, мазасыздық пайда болған, дауысы қарылығып жөтелі үрмелі боып қзгерген. Тыныс алуы шулы, тыныс алуы арақашықтықта естіледі, мұрық-ауыз үшбұрышының цианозы,боз, өңеш кілегей қабаты гиперемияланған, түйіршектелген. қабырға аралықтың ішке кіруі, сырыл естілмейді, пулсі 120рет минутына.Болжам диагнозыңыз:
*бронхопневмония
*обструктивтікбронхит
*бронхиалдық демікпе ұстамасы
*бронхтағы бөгде денелер
*+ЖРВИ ларинготрахит
!14 жастағы бала, шағымдары: жөтел, іріңді қақырықтың бөлінуімен, әлсіздік.
Объективті қарағанда: өкпеде перкуторлы – қорапты дыбыс, аускультативті – қатқыл тыныс, барлық аймақта әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Бронхограммада – бронхтың дистальды шеттерінің «сынған ағаш тәрізді» өзгеруі. Сіздің диагнозыңыз:
*Жедел бронхиолит;
*Ошақты пневмония;
*Обструктивті бронхит;
*+Созылмалы бронхит;
*Бронхиальды демікпе.
!22 күндік нәресте. Өмірінің алғашқы күнінен көкжөтел тәрізді жөтел мазалайды.Тәбеті қанағаттанарлық, бірақ салмақ қоспайды. Перкуссияда: өкпенің кей аймақтарында өкпе дыбысының тынықталуы мен қысқаруы байқалады, аускультацияда – өкпенің екі жағында әр түрлі калибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар естіледі. Нәжісі көп мөлшерлі, өткір жағымсыз иісті, жабысқақ жылтыр түйіршіктермен, тәулігіне 6 ретке дейін. Сіздің болжам диагнозыңыз:
*+Муковисцидоз;
*Обструктивті бронхит;
*Жедел қарапайым бронхит;
*Ошақты пневмония
*Қайталамалы бронхит.
!Бала 2 жаста, 5 күннен бері дене қызуы жоғары. Жағдайы ауыр, дене қызуы 39оС, ылғалды жөтел, мұрын – ауыз үшбұрышының цианозы, мұрын қанаттарының керілуі, көз астында қара дақтар байқалады. Оң жақ жауырын астында өкпе дыбысының локальды қысқаруы және сол жерде әлсіз тыныс алу фонында, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Сіздің диагнозыңыз:
*+Жедел пневмония;
*Обструктивті бронхит;
*Жедел бронхиолит;
*Жедел бронхит;
*Плеврит.
!12 жастар науқаста жоғары температура, «тотық тусті» қақырықпен ылғалды жөтел, ентігу, бронхиальды тыныс, перкуторлы дыбыстың қысқаруы, нәзік крепитациялы сырылдар. Айтылған симптомдар нені көрсетеді:
*Жедел бронхитті;
*Обструктивті бронхитті;
*Бронхоэктаз ауру;ын
*+Крупозды пневмонияны;
*Экссудатты плевритті.
!Бала 10 жаста, кезеңді түрде болатын тыныс алудың қиындау ұстамасына шағымданады. Анамнезінде: тыныс алудың қиындау ұстамасы соңғы 1,5 жылда жылына 3-4рет мазалайды, өздігінен басылады,түнгі ұстама болмайды.Анамнезінде: атопиялық дерматит.
Обьективті қарағанда және кеуде қуысының рентгенологиялық тексеру нәтижесінде патология анықталмады. Пикфлоуметрия нәтижесі – ДШЖ (ПС* 85%. Диагноз қойыңыз:
*+Интермиттерлеуші бронх демікпесі, жеңіл сатысы
*Интермиттерлеуші бронх демікпесі, орташа сатысы
*Персистирлеуші бронх демікпесі, жеңіл сатысы
*Персистирлеуші бронх демікпесі, орташа сатысы
*Персистирлеуші бронх демікпесі, ауыр сатысы
!Бала А,, 5 жаста. Айқын цианоз, ойын ойнағанда және тыныш уақытта ентігу, жиі ұстама, ұстама кезінде бала тізерлеп отырып қалады. Бойы–100см, салмағы–12кг. АҚҚ- 110/70ммс.б.. ЖСЖ-115 рет/мин. Аускультативті: жүрек тондары қатты, төстің сол жақ қырында, эпи центрі II қабырға аралығына келетін систолалық шу естіледі. Ритмі ырғақты.
ЭКГ: α бұрышы +160 . Тахикардия ЖСЖ 142 рет мин. Оң жақ бөлімнің гипертрофиясы
ЭхоКГ: ОЖ 3,0 см. ОҚ ұз 5,0 см. СЖ 1,9 СҚ 2,0 см. Оң жақ өкпе сабауы 0,50 см, сол жағы 0.51 см. ФВ 64%. Қарыншааралық пердеде, аорта астылық ақау бар, өлшемі 1,6 см. Жүрекшеаралық перде деңгейінде (сброса) лақтырыс жоқ. Оң жақ қарыншаның шығу бөлігінің гипертрофиясы. Сол жақ қарынша гипоплазиясы. Аортаның оң жаққа бөлінуі 50% жоғары. Болжам диагнозыңыз ?
*+Фалло тетрадасы
*Фалло триадасы
*Магистральды тамырлардың екіге ажырауы
*Магистральды тамырлардың транспозициясы
*Жүрекше аралық перденің ақауы
!6 жастағы балада кенеттен қорқыныш сезімі, мазасыздық, әлсіздік, салқын тер пайда болды. Жалпы жағдайы ауыр, терісі бозарған, мойын тамырында пульсация көрінеді. Пульс 180 соққы минутына. Жүрек тоны қатты, жие. Жүрек, бауыр көлемдері –ұлғаймаған. Ісіктер жоқ. Диагноз қойыңыз:
*Кардиопатия
*Синусті тахикардия.
*+Пароксизмальды тахикардия.
*Симпатико-тоникалық коллапс, бастапқы фазасы
*Миокардит
!Қыз бала 4 жаста, жағдайы ауыр. 10 күн бұрын жедел бронхитпен ауырған. Қарағанда: тері жамылғысы бозарған, цианоз, беті ісіңкі, ентігу миутына 60 рет.Жүректің көлденең шекарасы үлкейген,, сол жаққа көбірек.Жүрек тондары тынықталған, өкпе артериясында II тонның акценті, топталған экстрасистолалар. Жүрек ұшында және V нүктеде орташа интенсивті систолалық шу, I тонға жақын естіледі. Өкпеде әр түрлі калибрлі ылғалды сырыл. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. Диагноз қойыңыз.
*Ревматикалық емес кардит, вирусты этиологиялы, жүрек өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, жедел ағымы, ауыр, Н1 «А»
*Ревматизм, активті фаза, кардит, Н1 «А»
*+Ревматикалық емес кардит, вирусты-бактериальды этиологиялы, жүрек өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, жедел ағымы, ауыр, Н2 «Б»
*Ревматикалық емес кардит, идиопатиялық түрі, жүректің өткізгіш жүйесінің зақымдалуы,, жеделдеу ағымы, ауыр, Н2 «Б»
*Ревматикалық емес кардит, бактериальды этиологиялы, жүрек өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, жедел ағымы, ауыр, Н2 «Б»
!Қыз бала, 6 жаста. Девочка, 6 лет. Аяқ – қолдағы, арқадағы бұлшықет пен буындардың ауырсынуына, қатты тамақты жұтудың қиындығына шағымданады. Объективті: тері жамылғысы қызыл – күлгін түсті, жоғарғы қабағында ісікті эритема, Готтрон белгісі анықталады. Болжам диагноз
*Склеродермия
*Ревматизм
*Ревматоидты артрит
*+Ювенильді дерматомиозит
*Жүйелі қызыл жегі
!Науқас К., 10 жаста , шағымы тыныш кезіндегі ентігу, ісік,тез шаршау. «ҚАПА» диагнозы бойынша кардиологта «Д» есепте тұрады.Жағдайы ауыр,мәжбүр қалпы. Акроцианоз. Бетінде,алдыңғы іш қабырғасында,тізе және табанда ісік анықталады. Тыныш жағдайда ентігу ТАЖ (40 рет мин.), өкпесінде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек шекарасы кеңейген. Тахикардия, ЖСЖ 128 рет мин. Бауыр қабырға доғасынан - 4,0 см ге шығыңқы.Осы науқаста жүрек жетіспеушілігінің қандай сатысы және түрі?