Жұқпалы аурулар» тақырыбы («Терапия» бағыты бойынша «Ішкі аурулар» пәні
Ішкі аурулар_ қаз
$$$001
Жұқпалы ауру анықталған жағдайда шұғыл хабарламаның жіберілу мерзімінің уақыты:
A) 5 минут
B) 12 сағат
C) 1 тәулік
D) 2 тәулік
E) 7 тәулік
(Дұрыс жауап) = В
(Күрделілігі) =1
(Әдебиет) = (Инфекционные болезни Шувалова Е.П М., 1995 г.)
(Курс) = 7
(Семестр) = 14
$$$002
Белгілер жиынтығы жедел басталған, іштегі ауырсыну болмаған жағдайда тәулігіне 7-10 рет іш өткен, нәжісі көп мөлшерде сұйық, патологиялық қоспаларсыз, дененің қалыпты қызуында алдыңғы жүрек айнусыз тәулігіне 5-6 рет лоқсу тән келеді: Мүмкін болатын диагноз:
A) Тырысқаққа
B) Дизентерияға
C) Эшерихиозға
D) Жалған туберкулезге
E) Ішек иерсиниозына
(Дұрыс жауап) = А
(Күрделілігі) =2
(Әдебиет) = (Инфекционные болезни Шувалова Е.П М., 1995 г.)
(Курс) = 7
(Семестр) = 14
$$$003
Белгілердің келесі жиынтығы: жедел басталу, дене қызуы қалыпты, тәулігіне 7-10 рет, жиі, сұйық, патологиялық қоспаларсыз нәжіс, іште ауырсыну жоқ, жүрек айнусыз құсу ... тән.
A) Эшерихиозға
B) Дизентерияға
C) Тырысқаққа
D) Жалған туберкулезге
E) Ішек иерсиниозына
(Дұрыс жауап) = А
(Күрделілігі) =2
(Әдебиет) = (Инфекционные болезни Шувалова Е.П М., 1995 г.)
(Курс) = 7
(Семестр) = 14
$$$004
Науқас С., 35 жаста, клиникаға аурудың 10-күні ауыр жағдайда түсті. Дене қызуы 39,4С. Шағымы: әлсіздік, бас ауруы, тәбеттің болмауы, ұйқының нашарлығы, іштің кебуіне. Тексеру кезінде: тері жабынының бозаруы, іштің терісінде бірен-саран розеолалар, ЖЖЖ минутына 68, АҚҚ 95/60 мм сын.бағ., тілінің түбірінде ақ түсті жамылғысы бар, бауыр мен талақ ұлғайған. Санасы сақталған. Диагнозды дәлелдеу үшін қажетті зерттеулер:
A) Өтті ортаға қанды себу
B) Жалпы қан талдауы
C) Қан мен несепте диастаздарды анықтау
D) Иммунноферменттік анализ
E) Қанның биохимиялық талдауы
(Дұрыс жауап) = А
(Күрделілігі) =2
(Әдебиет) = (Инфекционные болезни Шувалова Е.П М., 1995 г.)
(Курс) = 7
(Семестр) = 14
$$$005
Қалалық онкодиспансерге 55 жастағы науқас шағымданып келді. 2 ай бұрын сүт безі обыры бойынша операцияланған. Ауруханадан шыққаннан кейін ґзін қанағаттанарлық сезінген. Бірақ соңғы аптада қатты әлсіреу сезімі, лоқсу пайда болып, тәбеті жоғалған, ірі буындардағы ауырсыну, зәрінің қараюы мазалаған. Қарағанда терісі мен шырышты қабаттары сарғайған. Бауыры қабырға доғасынан 2 см төмен пальпацияланады, шеті тегіс ауырсынусыз. Диагнозды негіздеу үшін қажет зерттеулер:
A) HBs Ag, anti HBcor Ig M, anti HBcor Ig G
B) anti HBcor Ig M, anti HAV Ig M
C) HBs Ag, anti HAV Ig M
D) anti HBcor Ig G, anti HCV Ig M
E) antiHEVIgM
(Дұрыс жауап) = А
(Күрделілігі) =3
(Әдебиет) = (Инфекционные болезни Шувалова Е.П М., 1995 г.)
(Курс) = 7
(Семестр) = 14
$$$006
Науқас 22 жаста, студент, емхана дәрігеріне мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюына шағымданып келді. Аурудың басталуы туралы айта алмайды. Дене температурасы қалыпты. Қарағанда: жағдайы қанағаттаанарлық. Алдыңғы- және артқы мойын лимфа түйіндері 1,0см дейін, қолтықасты-1,5см дейін, шап-1,0см дейін ұлғайған, тығыз-эластикалы консистенциялы, ауырсынусыз. Қолында көптеген егу іздері бар. Ішкі мүшелер жағынан патология анықталмаған. Ішкі лимфа түйіндерінің ұлғаюы жоқ (іш қуысының УДЗ, кеуде қуысының рентгенографиясы). Неғұрлым болжамды диагноз:
A) АИВ-инфекция, біріншілік көріністер кезеңі
B) Жұқпалы мононуклеоз
C) Лимфогрануломатоз
D) Хламидиоз
E) Саркоидоз
(Дұрыс жауап) = А
(Күрделілігі) =3
(Әдебиет) = (Инфекционные болезни Шувалова Е.П М., 1995 г.)
(Курс) = 7
(Семестр) = 14
$$$007
22 жасар науқас жұқпалы ауруханаға түскенде бірінші тәулігінде қатты бас ауруы, жеңілдік әкелмейтін екі рет құсу, жарықтан қорқу, температураның 40С көтерулуі. Сырқат суықтануға байланысты. Объективті қарау кезінде есін біледі, бірақ көзі жұмылған, сұрақтарға дұрыс бірақ қиындықпен жауап береді. Екі жақтың Кернинг симптомы және желке бұлшықетінің ригидтілік байқалады. Қандағы көрсеткіштер: лейкоциттер 18*109/л, П-12%, С-72%, Л-16%, ЭТЖ-42 мм/ч. Алғашқыда тағайындалатын ем:
A) Пенициллин, преднизолон, маннитол
B) Диклофенак, супрастин, ципрофлоксоцин
C) Бисептол, фуросемид, лоперамид
D) Пенициллин, гентамицин, димедрол
E) Цефазолин, левомицитин, маннитол
(Дұрыс жауап) = А
(Күрделілігі) =3
(Әдебиет) = (Инфекционные болезни Шувалова Е.П М., 1995 г.)
(Курс) = 7
(Семестр) = 14