Тақырып №15 Қан айналымының кенет тоқтауындағы реанимация және интенсивті терапия.
Кіріспе
1.Венозды жүрек тоқтаған кезде төмендегі симптомдардың барі болады тек біреуінен басқа?
1. Тері қабаттарының лезде бозаруы, периодтық тырыспалы тыныс
2. Артерияларда пульстың болмауы, артериалық қан қысымының мүлде болмауы
3. Көз алмасының тонусының жоғалуы
4. Көз қарашығының лезде тарылуы
5. Операция немесе ашық жарақат кезіндегі қою қара қан, немесе қанның мүлдем тоқтауы
2.Жүрекке тура емес массаж жасаған кезде төмендегілердің барі орындалуы тиіс, тек біреуінен басқа:
1. Науқасты жұмсақ жерге жатқызу (диван, төсек)
2. Науқастың сол жағына орналасу
3. Қолды орналастыру: сол қолды кеңірек жағымен семсер тәрізді өсіндіден 2 көлденең саусақ жоғары орналасқан нүктеге, ал екіншіні – кресттәрізді біріншінің үстіне, саусақтарды бас жаққа қарай орналастыру
4. 4-5 см терендікке кеудені басу
5. осындай басуды минутына 100-110 рет жасау
3.Тоқтап қалған жүрекке ашық массаж жасаған кезде келесі әрекеттердің барлығы болады, біреуінен басқа
1. Кеуде клеткасы төстің сол жағынан плеврамен бірге 4-5 қабырғаралық бойынша бір тілумен кесіледі
2. Жүрек кеуде клеткасының сыртына шығарылады
3. 1 минутта пульстің пайда болуын қамтамасыз ететіндей, қарыншаларды және оң жақ жүрекшені минутына 60-80 рет жиілікпен ырғақты түрде қысу басталады
4. Параллельді сол қарынша қуысына 3-5 мл 10% раствора хлорлы кальций ерітіндісі және бірнеше рет араластырылған 0.5 мл 0.1% адреналин ерітіндісі енгізіледі
5. Ірі перифериялық артериялардың біріне қан алмастырғыштарды артериааішілік айдау жүргізіледі
4.Жүрек фибрилляциясы немесе қарыншалар жыпылығы кезінде төмендегілердің бәрі жасалады, тек біреуінен басқа:
1. Денені жоғары қалыпта ұстау
2. Жабық немесе ашық массаж көмегімен миокардтың тонусын қалпына келтіруге тырысады
3. сол қарынша қуысына 10 мл 1% новокаин ерітіндісін енгіземіз және массажды жалғастырамыз
4. жалғасатын фибрилляцияда дефибриллятор қолдану қажет.
5. Оның электродтарын гипертоникалық ерітіндіге малынған салфеткамен ораймыз, біреуін арқаның астына сол жауырын деңгейіне орналастырамыз, келесін кеуде клеткасының алдыңғы жағына төстің сол жағына тығыз орналастырамыз.
6. Қысымы 2 ден 4 кВ дефибриллятормен ток береміз
5.Жүрек тоқтауымен күресу үшін мына препаратардың бәрінің стерильді түрі болу керек, тек біреуінен басқа
1. перикард куысына және сол қарынша қуысына енгізу үшін әр түрлі концентрациядағы новокаин ерітіндісі, адреналин және норадреналин қоспасы
2. 10% калий хлорид ерітіндісі
3. 25% сіркеқышқылды магнезия ерітіндісі
4. 10% новокаин ерітіндісі
5. 40% глюкоза және инсулин ерітіндісі
6.Жедел тыныс жетіспеушілігінің ең басты себебіне бәрі жатады, тек біреуінен басқа:
1. Тыныстың тоқтауы (апноэ)
2. Тыныстың аздап жиілеуі, лезде тері қабаттарының бозаруы және артериялық қан қысымы мен пульсінің төмендеуі
3. Беткей жиі тыныс алу, қозу және есін жоғалту
4. Сирек тыныс (минутына 5-8 тыныс), тыныс алудың қиындауы, психомоторлы қозу
5. Тыныс алу жиілігінің өзгеруі, еріндерінің және бетінің бозаруы, комалық жағдай
7."АМБУ" аппараты арқылы жұмыс істеу үшін төмендегілердің бәрін орындау керек, тек біреуінен басқа:
1. Басына жастық салу, жоғары қалыпқа келтіру
2. Ауыз қуысын тазалау
3. Төменгі жағын алдыға қарай көтеру
4. Аузын және мұрнымен бірге масканы кидіріп басып ұстау
5. Өкпеге 500-700 см3 ауа "үрлеу", «гармошка болып» жұмыс істеу
8.Өлу процесінің қандай периодтары бар:
1) Клиникалық өлім
2) Социальды өлім
3) Декортикация
4) Децеребрация
5) Биологиялық өлім
Жауаптары:
1. 1, 5, 6;
2. 1, 2, 4;
3. 3,4,5
4. 2.3.4
5. Барлығы дұрыс
9.Реанимациялық шаралардың жетістігі келесі факторлармен шартталған:
1) Клиникалық өлімнің ерте диагностикасымен
2) Реаниматологты өзуақытында шақырту
3) Реанимациялық шараларды өз уақытында бастау
Жауабы:
1. 1
2. 2
3. 3;
4. бәрі дұрыс
5. 1.2
10.Клиникалық өлімнің ерте белгілері:
1) Рефлекстердің жоғалуы
2) Есінің жоғалуы
3) Қарашықтардың кеңеюі
4) Тері қабаттарының өзгеруі
5) Ұйқы артериясында пульстің болмауы
6) Тыныс алудың тоқтауы
Жауап:
1. 1,2,4,6;
2. 2,3,5,6;
3. 3,4,5,6;
4. 1,3,4,5;
5. 1,2,3,5.