Эпидемиологиялық жағдай

Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі

Республикалық орталық» ШЖҚ РМК

  «БЕКІТЕМІН» ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың бас директоры Байсеркин Б.С.   ___________________________ «______»_______________2015ж.  
   

АИТВ-ға байланысты профилактика, емдеу және күтім жасау бойынша инъекциялық есірткі тұтынушыларға арналған көрсетілетін қызметтердің кешенді пакетіне қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар

Азақстан Республикасы

Жыл

Осы құжат Қазақстан Республикасындағы инъекциялық есірткі тұтынушылар (ИЕТ) арасындағы АИТВ кезіндегі профилактика, емдеу және күтімге әмбебап қолжетімділікті қамтамасыз ету аясында жүргізілетін қызметтерді кеңейту бойынша ұсынымдар болып табылады.

Елдік ұсынымдарды «Качественное здравоохранение» USAID Жобасының қаржылық қолдауында инъекциялық есірткі тұтынушыларға байланысты профилактика, емдеу және зиянды төмендету саласында ұлттық сарапшылар дайындады. Авторлар құжатты әзірлеу барысында консультативтік көмек көрсеткені үшін Дэйв Барроузге (ЖИТС жөніндегі жобаларды басқару тобы, Сидней) алғыс айтады.

Елге арналған ұсынымдарды дайындауды түрлі есептік мәліметтер, сондай-ақ, ұлттық және халықаралық стратегиялық құжаттар негізінде жұмыс тобы іске асырды.

Жұмыс тобының мүшелері:

Елизарьева Алла Викторовна – ЖИТС-тың алдына алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық, эпидемиолог дәрігер, жетекші кеңесші.

Ескалиева АлтынайТукеновна –Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Директор

ГайлевичРоман -UNAIDS, Қазақстан және Түркіменстан бойынша үйлестіруші

ОмароваЖанерке -UNODC, Жобалық офицер

ЯдранкаМимица -UNICEF, Аймақтық маман

БолтаевАзизбек -«Содействие» жобасы, аймақтық маман

Сауранбаева Мира –АИТВ және ТБ жөніндегі диалогы USAID жобасы, Қазақстандағы директор

АманжоловНурали –АӨА Қазақстандық Одағы, Президент

ТургунбаевБолат - «Жолдас» қауымдастығы, ОҚО басшы

Кудусова Елена –«Качественное здравоохранение»USAID жобасы

Бұл басылым «Качественное здравоохранение» USAID жобасының арқасында шығарылып отыр.

Ысқартулар тізімі

АРТ / АРВТ – антиретровирустық терапия

ВГ – вирустық гепатит

АИТВ - Адамның иммун тапшылығы вирусы

ДДҰ - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

АВГ – А вирустық гепатиті

ВВГ – В вирустық гепатиті

СВГ – С вирустық гепатиті

КТМКК – Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі

ЖТБЖҚ – ЖИТС-ке, Туберкулезге және Безгекке қарсы күрес жөніндегі Жаһандық қор

ЕКТ – Ерікті кеңес беру және тестілеу

ШЭБ – Шолғыншы эпидемиологиялық бақылау

БҰДСЖ – Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі

СӨС – Салауатты өмір салты

ОТ – Орынбасушы терапия

АБК – Ақпараттандыру, білім беру және коммуникация

АТМ – Ақпараттық-танымдық материалдар

ЖЖБИ – Жыныстық жолдармен берілетін инфекциялар

АӨА – АИТВ-мен өмір сүретін адамдар

ИЕТ – Инъекциялық есірткі тұтынушылар

ИЕТБ - инъекциялық есірткі тұтынбайтындар

ЕАО –Еркінен айыру орындары

ЕЖЕ – Еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер

ҮЕҰ–Үкіметтік емес ұйымдар

ЖИТС ОҚО – ЖИТС облыстық, қалалық орталықтары

АОТ – Апиындық орынбасушы терапия

СП – Сенім пункті

АМСК – Алғашқы медициналық-санитарлық көмек

ТҚД – Туберкулезге қарсы диспансер

ШИТБ–Шприцтер мен инелерді тарату бағдарламасы

СЖ – Секс жұмысшылары

ЗТ – Зиянды төмендету

ЖИТС–Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы

БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары

ТБ – Туберкулез

DOTS –Тікелей бақылау арқылы емдеу

PEPFAR –ЖИТС-пен күрес жөніндегі АҚШ Президентінің Төтенше жоспары

UNODC –Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыскерлік жөніндегі басқармасы

UNAIDS –БҰҰ АИТВ/ЖИТС жөніндегі Біріккен бағдарламасы

Мазмұны

Қысқартулар тізімі………...................………………………………………………………………….. 3

1 Кіріспе………………………..................……………………………………………………….............5

1.1 Ғаламдық нұсқау...................................................................................................................................5

1.2 Эпидемиологиялық жағдай…………….....................……………………………………………….5

1.3 Инъекциялық есірткі тұтынушыларға арналған көрсетілетін қызметтердің кешенді пакетінің қысқаша мазмұндамасы……………………...................……………………………………………6

1.4 Жалпыға ортақ қолжетімділік…………………........……………………………………………….6

1.5 Қазақстан Республикасындағы инъекциялық есірткі тұтынушыларға арналған көрсетілетін қызметтердің кешенді пакеті.....…………………....……………………………………………….7

2 Негізгі бөлім. ҚР көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігінің ағымдағы жағдайы…….......……................................................................................................................................8

2.1 Шприцтер мен инелерді алмастыру бағдарламасы…………………....…………………………...8

2.2 АИТВ-ға тестілеу және кеңес беру.......................……………………….....……………………….9

2.3 Жыныстық жолдармен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) профилактикасы және оларды емдеу............…..........................................................................................................................................10

2.4 ИЕТ пен олардың жыныстық серіктестерін презервативтермен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар.............................................................................................................................………..11

2.5 Ақпараттандыру, білім беру және коммуникация (АБК) саласындағы ИЕТ пен олардың жыныстық серіктестеріне бағытталған мақсатты бағдарламалар…….......…………………………13

2.5.1Білім деңгейін көтеру…………………………………………......................……………………13

2.5.2Дағдыларды дамыту…………………………………….........……………………………………13

2.5.3Қатынастарды/көзқарастарды қалыптастыру………....…………………………………………14

2.5.4 АБК қызметтері қосады…………………………………............……………………………….14

2.6 Антиретровирустық терапия (АРВТ)……………………….............……………………………. 15

2.7 Вирустық гепатиттерді вакцинациялау, диагностикалау және емдеу……………...……………16

2.8 Туберкулездің адын алу, диагностикалау және емдеу…………………………….............……...16

2.9 Апиындық орынбасушы терапия(АОТ) және есірткіге байланысты емдеудің басқа да түрлері…………………………………………………………........................…………………………17

2.10 Аутрич жұмыс………………………………………...........………………………………………19

3 Қорытынды………………………………………...........……………………………………………..20

3.1 ҚР ИЕТ үшін Көрсетілетін қызметтердің кешенді пакетін жақсарту жөніндегі ұсынымдар……...................................................................................................................................…..20

3.2 Индикаторлар……………........……………………………………………………………………..22

3.2.1 ИЕТ арналған көрсетілетін қызметтердің кешенді пакетін іске асыру бағдарламаларын бағалау ндикаторлары…………………………………………………………………………………..23

3.2.1.1 Шприцтер мен инелерді тарату бағдарламалары………….....……………………………….23

3.2.1.2 Апиындық орынбасушы терапия (АОТ)…………………….............………………………..23

3.2.1.3 АИТВ кеңес беру және тестілеу……………………............................……………………….23

3.2.1.4 Антиретровирустық терапия (АРТ)………………………..........……………………………..23

1 қосымша. Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша көрсетілетін қызметтерді карталау (2014 жыл)…….....................................................................................................................................…24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……….................………………………………………………….. 26

Кіріспе

Жаһандық нұсқау

2009 жылы ДДҰ UNODC және UNAIDS бірлесе отырып иньекциялық есірткі тұтынушыларға арналған профилактика, емдеу және күтім жасау бойынша жалпыға ортақ қолжетімділік мақсаттарын әзірлеу жөнінде елдерге арнапТехникалық Нұсқау(«Техникалық нұсқау») жария етіп шығарды. Техникалық Нұсқауда барлық үш агенствоның бұрын жарық көрген нұсқаулары біріктіріліп, ең соңғы мәліметтерге негізделген ИЕТ-ға арналған кешенді көрсетілетін қызмет пакетінің халықаралық стандарты көрсетілген. Құжат ұлттық (немесе суб-ұлттық) деңгейді қамтитын мақсатты көрсеткіштерді,оның ішінде мәліметтер көзінің көрсеткіштері мен үлгілерін белгілеуге негізболады. 2012 жылдың қаңтар айында Техникалық Нұсқау қайта қаралып, бағдарламалау жөніндегі ұсынымдармен, индикаторлармен және мақсатты көрсеткіштер бойынша ұсынымдармен жаңартылған болатын.

2010 жылы ЖИТС-пен күрес жөніндегі АҚШ Президентінің Төтенше жоспары (PEPFAR) инъекциялық есірткі тұтынушылар үшін АИТВ-ның кешенді профилактикасының нұсқауының кайта қаралған, жаңартылған нұсқасын басып шығарды[1]. Бұл нұсқаумен PEPFAR Техникалық Нұсқауда белгіленген көзқарасты қолдайтынын растайды және PEPFAR қаржыландыратын елдер үшін түйінді аймақтарға ерекше мән береді.

Бұл құжат Казақстан Республикасында ИЕТ-ға көрсетілетін қызметтердің кешенді пакетін қабылдау және оны іске асыру жолындағы басымдықтар мен алдағы қадамдарына арналған ұсынымдар береді.

Эпидемиологиялық жағдай

2014 жылы Қазақстан Республикасында инъекция арқылы есірткілерді тұтынушы адамдардың бағалау саны 110940 құрады. Есірткі тұтынушылар үлесі елдегі 15-тен жоғары жастағы халық санына шаққанда 0,9% құрайды. Инъекциялық есірткі тұтынушылардың ең жоғарғы таралу деңгейі Павлодар облысында (2,0%), Қарағанды облысында (1,2%), Шығыс Қазақстан олысында, Оңтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласы бойынша 1,1%-дан байқалады.

АИТВ және ЖИТС эпидемиясы Қазақстан Республикасында шоғырланған сатыда тұр. Ол инъекциялық есірткі тұтынушылардың (әрі қарай – ИЕТ) қауымдастығына басымды түрде өтеді.

Ресми статистика деректері бойынша елде (1987 жылдан 31.12.2013-ке дейін) АИТВ жұқтырғандардың тіркелу саны 22109, оның ішінде 58,3% есірткі құралдарын тамырішілік егу кезінде парентеральды жолмен жұқтырғандығы анықталды.

АИТВ-ның таралуы жалпы тұрғындар арасында 0,1%-дан кем, ИЕТ арасында-7,9% және аймақтар бойынша 0%-дан (Қызылорда қ., Екібастұз қ.), 21,5%-ға дейін(Теміртау қ.) – құбылып тұрады, 2014 ж. ШЭБ мәліметтері.

СВГ-нің таралуы – 70,7% құрайды (ШЭБ – 2014ж.), бұлкөрсеткіш облыстарға байланысты 95,7%-дан Ақтөбе қаласында, Таразқаласында 48,6%-ға дейін аралықта ауытқиды.

Наши рекомендации