Мұрыннан қан кеткендегі жедел көмек көрсету алгоритмі
1.Баланы жұбатыңыз, отырғызып, басын алдына қарай еңкейтіңіз (қанның тыныс жолдарына
және асқазанға түсуінің алдын алу).
2.Қысып тұрған киімдерін босатыңыз, баланың ырғақты және терең ауызымен тыныс алуын
сұраңыз.
3.Қан ағып тұрған жақтың мұрын қанатын ортаңғы пердеге басыңыз.
4.Баланы ауызындағын түкіруін сұраңыз.
5.Қан тамырларын рефлекторлы тарылту үшін, баланың кеңсірігінің үстіне және желкесіне
30 минутқа салқын компресс қойыңыз.
6.Мұрынның қан аққан бөлігіне 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісіне немесе 0,1%
адреналин ерітіндісіне немесе 1% викасол ерітіндісіне немесе 5% аминокапрон
қышқылының ерітіндісіне малынған залалсыздандырылған дәке турундаларын енгізіңіз
немесе сұйық май, А, Е витамині қосылған гемостатикалық губка енгізіңіз .
7.Дәке турундаларын 12-24 сағатқа қалдырыңыз (турундаларды алардан кемінде 2 сағат
бұрын физиологиялық ерітінді тамызыңыз).
8.Жоғарыдағы шаралар көмектеспесе, тез арада ауруханаға жеткізіңіз.
Сусыздану диарея кезінде сырқат баланы А Жоспары бойынша жүргізу
Алгоритмі
- Баланың жағдайын бағалаңыз,сусыздану белгілерін анықтаңыз.
- Баланы емдеу тактикаңызды түсіндіріңіз.
- Анаға баласына ОРС ерітінділерін ішкізу керектігін түсіндіріңіз.
- 1 литр қайнап суытылған суда 1 пакет ОРС ұнтағын араластыра отырып,мұқият ерітіңіз.
- Дайындалған ерітіндіден мөлшерлі стаканмен балаға есептелген керекті көлемде ерітіндіні өлшеп алып ,ыдысқа құйып,анасына беріңіз.
- Анасына түсіндіріңіз:ОРС ерітіндісін бала қанша ішемін десе сонша және әр сұйық дәреттен кейін 2 жасқа дейінгі балаға-50-100мл,
2 жастан кейінгі балаға-100-200мл қосымша ішкізу керектігін.
- Анасына үйретіңіз;
-балаға ерітіндіні аз-аздан чашкеден немесе 1 шәй қасықтан әр 1-2 минут сайын ішкізуді;
-бала құсып қойса 10 минут күте тұрып,сонан кейін сұйықтықтарды ішкізуді әрі қарай өте еппен жалғастыруды;
-құсу және диарея белгілері толық өткенге дейін,ерітіндіні қолдау мөлшерінде
ішкізуді жалғастыру керектігін;
8. Анасына әдеттегідей тамақтандыруды жалғастыруын ұсыныңыз:
-баланы жиірек емізуді;
-егер бала аралас немесе қлдан тамақтандырылса-қосымша сұйық тамақтарды
(сорпа,күріш қайнатпасы) беруді және таза су ішкізуді;
- Анасына баланың ішкен сұйықтығы мен жеген тамағының көлемін және бөлген
нәжістің,құсықтың,зәрдің мөлшерін параққа тіркеп отыруын сұраңыз.
9. Анаға ОРС ерітіндісін дайындауды үйретіңіз.
10. Үй жағдайында емдеуге жететіндей ОРС пакеттерін ананың қолына беріңіз.
11. Қандай жағдайда медицина мекемесіне тез арада қайтып келу керектігін түсіндіріңіз.
Сапа менеджменті жүйесі Циклдік әдістемелік комиссия оқытушысының ашық тәжірибелік сабағының әзірлемесі | |
Сапа менеджменті жүйесі Циклдік әдістемелік комиссия оқытушысының ашық тәжірибелік сабағының әзірлемесі |