Сынып оқушыларының орындауында «катюша» әнін қарсы алыңыздар
Тақпақтарын қабыл алыңыздар.
1 - жүргізуші:Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас, әрі көптен күткен күнге 1945 жылдың 9-мамырына қайта оралтады.
Жауынгер біздің саңлақтар,
Жауды жеңген солдаттар.
Ардақты Отан – ел үшін,
Бақытты туған жер үшін. – дей келе 6 - сынып
Орындауында «Қазақ жігіттері» қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші: 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Оқ борады күні-түн
Жатты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды,
Батыр қазақ оқты алып.
Би: «Еркетай » би тобын қарсы алыңыздар.
1 - жүргізуші:Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қару шабуылға шығарды.Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.
Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам,
Анау жаудың танктері лаулаған.
Ресей кең, Отан кең , артымызда Москва.
Шегінуге хақымыз жоқ , хақымыз жоқ бір қадам.
2 - жүргізуші:Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып , өз Отанының бостандығы үшін күресті.
Орыс , қазақ , қырғыздан,
Құрылған бұл шағын топ.
Жауға үрей туғызған
Жайпап түсер жалын боп. – дей келе 8 – сынып оқушысы Жуасхан Мөлдірдің орындауында «Сарбаздар» әнін қабыл алыңыздар.
1 - жүргізуші: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград , Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын тікті 1945 жылы 30сәуірде.
Туын жықпай қолдағы,
Опат болды елі үшін.
Кеудесімен қорғады,
Азаттықтың жемісін.
Сынып оқушысы Махаман Самғаның орындауында монолог
Жүргізуші: Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды. 1942 жылы Алматы қаласындағы медицина институтында оқып жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық 100-бригадасы құрамында майданға аттанды.
Мәншүк Мәметова-Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза тапты. Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулеметті қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған. Каһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Н: 9 – сынып оқушысы Меруерттің «Ауылым әнім» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Әлия Молдагұлова (1925-1944) Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген. Әке-шешесінен жастайынан айырылған ол ағасының тәрбиесінде болып, олармен бірге Ленинградқа көшіп келеді. Кейіннен Ленинградтағы балалар үйінде тәрбие алады.
«Отан үшін алға!»-деп, барлық жауынгерлерді соңынан ертіп,жауға қарсы ұмтылды. Жаудың бораған оғына қарамастан қыстаққа бәрінен бұрын кіріп,бірнеше жаудың көзін жояды.
Әлия соғыс жылдары ірі-ірі шайқастарға қатысып,мергендігімен аты шықты. Ер жүрек мерген қыз 20-ға толмаған қыршын жасында жау оғынан көз жұмды.
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап снарядтар қаққан да ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Н: «Әр қашан күн сөнбесін!» 3 - сынып
1 – жүргізуші:Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – жазушы, қазақ халқының аты аңызға айналған атақты Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, гвардия полковнигі. 1941 жылдың күзінен бастап,соғыс аяқталғанға дейінгі барлық шайқастарға қатысқан.
Жас ұрпақ, асыр сап
Шырқайды Ерлікті ән қылып,
Небір заңғар таулар құлазып шөесе де,
Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік - дей келе оқушылардың орындауында хор «Отаным» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Талғат Бигелдинов ұшқыш болуды жастайынан армандап аэроклубта оқыды,кейін авиация училищесінде білім алып шығады. 1943-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Жаумен 305 рет әуе шайқасына түсіп,800-ден астам техникасы істен шығарып, 7 ұшағын атып түсірді. Жаудың жүздеген танкілерін, зеңбіректері мен солдаттарын жойды. 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағын алса,соғыстан кейін екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Би: «Еркетай» би тобын қарсы алыңыздар.
1 – жүргізуші: : Қасым Қайсенов (1909 – 2003 жылы) Соғысқа 1941 жылы шақырылды. Смоленск түбінде соғысты.
«Отан соғысы» орденімен марапатталған, «Маршал Жуков» медалімен, «1941-1945 жж.Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40жыл», «КСРО-ның Қарулы Күшіне 60 жыл»
Қасарысты жиырма сегіз,
Тынбай атты гранатты.
«Отан» деген отты лебіз-
Жандарынан жалын атты.
2 – жүргізуші: Қабиденұлы Төлеген Тоқтаров Қатардағы жауынгер.1942 жылдан бастап 1943 жылға дейін Сталинград майданында соғысқан. «Германияны жеңген үшін» медалімен марапатталған.
. Қасарысты жиырма сегіз,
Тынбай атты гранатты.
«Отан» деген отты лебіз-
Жандарынан жалын атты.
сынып оқушыларының орындауында «Катюша» әнін қарсы алыңыздар
1 - жүргізуші: Ия, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып , ерлік көрсеткен Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған аталарымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.
Кетпес олар естен мәңгі,
Кектері тұр кеудемізде,-
Ерлік даңқы - жеңіс таңы
Жарқыратып келді бізге.