Бап. Қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалыстарын берудiң кезектiлiгi
1. Қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалыстарын берудiң кезектiлiгi жеке еңбек, ұжымдық шарттарда, демалыс кестесiнде, жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген тәртiппен белгiленедi.
2. Өндiрiс қажеттерiне байланысты демалыс кестесi өзгерген жағдайда жұмыс берушi еңбек демалысының басталуынан кемiнде екi апта бұрын қызметкерге ол жөнiнде хабарлауға мiндеттi.
63-бап. Жыл сайынғы еңбек демалыстарын ауыстыру
немесе ұзарту жағдайлары
1. Жыл сайынғы еңбек демалысы қызметкер еңбек демалысы кезеңiнде еңбекке уақытша жарамсыз болған кезде, жүктi болуы мен босануы бойынша демалысы кезiнде толық немесе бiр бөлiгi ауыстырылуы немесе ұзартылуы мүмкiн, бiрақ бұл орайда еңбек демалысы кезiндегi күндерге еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы төленбейдi.
2. Жыл сайынғы еңбек демалысы (оның бiр бөлiгi) тек қызметкердiң келiсiмiмен немесе оның өтiнiшi бойынша ғана ұзартылуы немесе келесi жұмыс жылына ауыстырылуы мүмкiн. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бойынша келесi жылға еңбек демалысына қосылуы немесе қызметкердiң өтiнiшi бойынша басқа уақытта жеке берiлуi мүмкiн.
64-бап. Еңбек демалысынан шақырып алу
Жыл сайынғы еңбек демалысы жұмыс берушiнiң ұсынысы бойынша және қызметкердiң келiсiмiмен үзiлуi мүмкiн (еңбек демалысынан шақырып алу). Еңбек демалысының осыған байланысты пайдаланылмаған бөлiгi тараптар арасындағы уағдаластық бойынша ағымдағы жұмыс жылы iшiнде берiледi немесе қызметкердiң қалауы бойынша келесi жұмыс жылындағы еңбек демалысына қосылады, не өтемақы төленедi.
( P001942 ; V001211 ( 2-тарау 22-тармақты қараңыз)
65-бап. Жалақы сақталмайтын демалыстар
Тараптардың келiсiмi бойынша қызметкерге оның өтiнiшi негiзiнде жалақысы сақталмайтын демалыс берiлуi мүмкiн.
66-бап. Жүктiлiгi және босануы бойынша демалыстар.
Бала асырап алған әйелдерге (еркектерге)
берiлетiн демалыстар
Әйелдерге жүктiлiгi мен босануы бойынша босанғанға дейiн ұзақтығы жетпiс күнтiзбелiк күнге, босанғаннан кейiн елу алты (ауыр босанған немесе екi немесе одан да көп бала туған жағдайда жетпiс) күнтiзбелiк күнге демалыс берiледi. Есептеу жиынтықтап жүргiзiледi және демалыс әйелдiң ұйымда жұмыс iстеу ұзақтығына қарамастан, жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен жүктiлiгiне және босануы бойынша осы кезеңге төленген жәрдемақыны босанғанға дейiн нақты пайдаланған күндерiнiң санына қарамастан оған толық берiледi.
Жаңа туған нәрестелердi тiкелей перзентханадан асырап алған әйелдерге (еркектерге) бала асырап алған күннен бастап, сәбидiң дүниеге келген күнiнен елу алты күнге толғанға дейiнгi кезеңге (ата-анасының бiрiне) демалыс берiлiп, оның ұйымда жұмыс iстеу ұзақтығына қарамастан жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен оған осы кезеңге жәрдемақы төленедi.
67-бап. Үш жасқа дейiнгi балалары бар аналарға,
бала асырап алған әйелдерге (еркектерге)
жалақысы сақталмай берiлетiн қосымша демалыс
Жүктiлiгi мен босануы бойынша демалыстан басқа әйелге оның өтiнiшi бойынша баласы үш жасқа толғанға дейiн оған күтiм жасау жөнiнде жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс берiледi. Қосымша демалыс уақыты iшiнде оның жұмыс орны (қызметi) сақталады.
Жаңа туған нәрестелердi тiкелей перзентханадан асырап алған әйелдердiң (еркектердiң) өтiнiшi бойынша сәби үш жасқа толғанға дейiн оған күтiм жасау үшiн жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс берiлiп, осы кезеңде оның жұмыс орны (қызметi) сақталады.
Бұл демалыстың сәби үш жасқа толғанға дейiн кез келген уақытта толық немесе бөлiп пайдаланылуы мүмкiн.
Ескерту. 67-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
68-бап. Пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшiн
жеке еңбек шартын бұзған кезде төленетiн өтемақы
1. Жеке еңбек шартын бұзу кезiнде, оның қандай негiзде бұзылғанына қарамастан, өзiнiң жыл сайынғы еңбек демалысын алу құқығын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған қызметкерге өтемақы төленедi. ( P001942 қараңыз)
2. Егер жеке еңбек шартын бұзған күнге қарай қызметкер жұмыс жылының бiр бөлiгiнде жұмыс iстесе, өтемақы жұмыс iстеген уақытқа бара-бар төленедi.
3. Жеке еңбек шартын бұзу кезiндегi пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн өтемақы жеке еңбек шарты тоқтатылған күнi төленедi.
69-бап. Оқу демалысы
Бiлiм беру ұйымында оқитын қызметкерлерге емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау және қорғау, бiтiрушiлер емтихандарын тапсыру кезеңiнде ақы төленетiн немесе ақы төленбейтiн қосымша демалыс берiледi.
Ескерту. 69-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
7-тарау. Жалақы және еңбектi нормалау
70-бап. Жалақы
1. Жұмыс берушi осы Заңға, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес қызметкердiң еңбегiне ақы төлеуге мiндеттi.
2. Қызметкерлердiң еңбегiне ақы мерзiмдiк, кесiмдi түрде немесе еңбекке ақы төлеудiң өзге де жүйелерi бойынша төленедi. Ақы төлеу еңбектiң жеке және/немесе ұжымдық нәтижелерi үшiн жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Қызметкердiң жалақысы орындалатын жұмыстың саны мен сапасына, күрделiлiгiне қарай белгiленедi.
Қызметкерлердiң өндiрiс тиiмдiлiгi мен жұмыс сапасын арттыруға материалдық мүдделiлiгiн күшейту үшiн жыл iшiндегi жұмысының қорытындысы бойынша сыйлық, сыйақы беру жүйесi және материалдық көтермелеудiң басқа да нысандары енгiзiлуi мүмкiн.
4. Ұйымдарда еңбекке ақы төлеу жүйесi ұжымдық шарттармен немесе жұмыс берушiнiң актiлерiмен белгiленедi.
5. Жұмыс берушi қызметкерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен жұмыстардың белгiлi бiр түрлерiнiң күрделiлiгiн жұмыстардың және жұмысшылар кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығы, басшылар, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығы негiзiнде белгiлейдi. Аталған анықтамалықтарды әзiрлеу мен оларды қолданудың тәртiбiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды. Жұмыс берушi орындалатын жұмыстарды белгiлi бiр күрделi жұмысқа жатқызуды және қызметкерлерге бiлiктiлiк разрядтарын берудi жұмыстардың және жұмысшылар кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығында және басшылар, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының анықтамалығына, сондай-ақ қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн белгiленетiн үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарына сәйкес дербес жүргiзедi. ( P020041 ; V001333 қараңыз)
Ескерту. 70-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.