Оқытушылар туралы мағлұматтар

СИЛЛАБУС

Пән Жалпы гигиена - OG 2222

Мамандық: 051301 – «Жалпы медицина»

Оқу сағатының көлемі 108 сағат

Курс 3 Семестр 5-6_

Алматы, 2013 ж.

Силабусты ҚР ДМ Астана, «___» ___________ 2009 ж, Ғылым мен адам ресурстарын дамыту Департаментімен бекітілген «Жалпы гигиена» пәні жөніндегі Типтік оқу бағдарламасы негізіндежалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., проф. Кенесариев Ү.И., м.ғ.к., аға оқытушы Ержанова А.Е. қайта құрастырды. Мемлекеттік тілде қайта өңдеген оқытушы Адилова М.Т.

Жалпы гигиена және экология кафедрасының мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

«___»____________ 2013 ж. Хаттама № ___­­­­­­­­­­­­­

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор _____________ Кенесариев Ү.И.

ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

1.1 ЖОО аталуы:С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

1.2 Кафедра: Жалпы гигиена және экология

1.3 Пәні: Жалпы гигиена_- OG 2222

1.4.Мамандығы: 051301 – «Жалпы Медицина»

Оқу сағатының көлемі – 108 сағат

1.6 Оқитын курсы және семестрі: 3 курс, 5-6 семестр

Оқытушылар туралы мағлұматтар

Аты-жөні Ғылыми дәрежесі, лауазымы, атағы Алдыңғы реттегі ғылыми қызығушылығы Қол жеткізген табыстары, еңбектері
Кенесариев Ү.И. м.ғ.д., кафедра меңгеру-шісі, профессор Республиканың мұнай газ аймақтарындағы және ракеталық-ядролық сынақ полигондары аймақтарындағы қоршаған орта мен халық денсаулығы жағдайларын зерттеу және өзекті халықаралық бағдарламаларды іске асыру. Республикалық медициналық ЖОО арналған жалпы гигиена және экология жөніндегі типтік бағдарламаларды дайындаушы, 300-ден асатын еңбектердің, оның ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі «Экология және халық денсаулығы», «Коммуналдық гигиена» оқулықтарының, «Тағамтану гигиенасы» оқу құралының және қазақ тілінде жазылған «Радиациялық гигиена» оқу құралының авторы. Жалпы гигиена және экология бойынша барлық факультеттерде дәрістер оқиды.
Анамбаева А.И. м.ғ.к, доцент Республиканың мұнай-газды аймақтарындағы қоршаған орта мен балалардың денсаулық жағдайларын зерттеу. Стоматология факультетіне арналған типтік және жұмыстық бағдарламаларды дайындаушы. Медициналық ЖОО студенттеріне арналған жалпы гигиена бойынша «Гигиена лечебно-профилактических организаций» және «Гигиена детей и подростков» оқу құралдарының авторы. Стоматология факультетінің студенттеріне жалпы гигиена мен экологиядан дәрістер оқиды.
Амрин М.К. м.ғ.к, доцент. Республиканың мұнай-газды аймақтарындағы және ракеталық-ядролық сынақ полигондары аймақтарындағы қоршаған орта мен халық денсаулығы жағдайларын зерттеу. Медико-профилактикалық және фармацевтикалық факультеттерге арналған медициналық экология жөніндегі типтік және жұмыс бағдарламаларды дайындаушы. Орыс және қазақ тілдерінде жазылған «Ауа гигиенасы» оқу құралының авторы. Медико-профилактикалық және басқа да факультеттердің студенттеріне жалпы гигиенадан, медициналық экологиядан дәрістер оқиды.
Аликеева Г.М. м.ғ.к., аға оқытушы Республиканың мұнай-газды аймақтарындағы қоршаған орта мен халық денсаулығы жағдайларын зерттеу. Қазақ және орыс тілдеріндегі «Су гигиенасы», «Қазақстан аумағындағы бірінші медициналық қызметкерлері» оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Экологиядан дәрістер оқиды.
Алимова Н.Е. аға оқытушы Республиканың мұнай-газды аймақтарындағы қоршаған орта мен халық денсаулығы жағдайларын зерттеу. «Қоғамдық денсаулықты сақтау», «Фармация» мамандық-тарына арналған экология жөніндегі жұмыстық бағдарламалар мен силлабустарды дайындаушы. Медициналық ЖОО студенттеріне арналған жалпы гигиена бойынша «Гигиена питания» және «Гигиена детей и подростков» оқу құралдарының авторларының бірі. Фармацевтика факультетінің студенттеріне жалпы гигиенадан дәріс оқиды.
Адилова М. Т. Оқытушы   Барлық факультеттерде жалпы гигиенадан және экологиядан сабақ жүргізеді. Кафедраның әдістемелік материалдарын дайындауға және мемлекеттік тілге аударуға қатысады.
Сламқұлова С.Ш. Оқытушы   Барлық факультеттерде жалпы гигиенадан және экологиядан сабақ жүргізеді. Кафедраның әдістемелік материалдарын дайындауға және мемлекеттік тілге аударуға қатысады.
Оразымбетова А.М. Оқытушы Республиканың ракеталық-ядролық сынақ полигондары аймақтарындағы қоршаған орта мен халық денсаулығы жағдайларын зерттеу. Барлық факультеттерде жалпы гигиенадан және экологиядан сабақ жүргізеді. Кафедраның әдістемелік материалдарын дайындауға және мемлекеттік тілге аударуға қатысады.

1.8 Жанаспалы ақпарат:кафедраның тұрған орны Төле би көшесі, 94, 1 оқу корпусы

тел. 2926722

факс 2926722

1.9 Пәннің саясаты

Студент кафедраның келесі талаптарын орындауы тиіс:

- Сабаққа кешікпеуі; 3 кешігу себепсіз 1 сабақ жібергенге тең болады.

- Жіберілген дәрістер оқып өтелмейді, бірақ дәріс оқылған тарау бойынша білімдерін бақылау кезінде бағасы 1 баллға төмендетіледі және емтихан тапсыру кезінде қосымша сұрақ енгізіледі.

- Жіберілген сабақтарын оқытушы тағайындаған белгілі бір уақытта оқып өтеуі керек, жіберген сабақты уақытында өтемеген жағдайда баға 25% төмендейді.

- Оқу үрдісіне белсенді қатысуы тиіс;

Тәжірибелік сабақтардың барлық тапсырмаларын орындау және талаптарға сәйкес нәтижесін жазу;

- Студенттің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) және оқытушымен бірге орындайтын СӨЖ тапсырмаларын жеткілікті деңгейде орындауы және оларды белгіленген мерзімде өткізуі тиіс; уақытында өткізбеген жағдайда бағасы 25% төмендетіледі.

- Тарау бойынша білімдерін (рубеждік) бақылауды өз уақытында тапсыруы тиіс, оларсыз емтихан тапсыруға рұқсат берілмейді, өз уақытында тапсырмаса әрбір аралық білімдерін бақылау жұмысына рейтингі 1 баллға төмендейді.

- Аудиторияда ақ халатта болуы тиіс.

БАҒДАРЛАМА

Кіріспе.

Гигиена- адамдардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін аурулардың алдын алу мақсатында, медицинаның алдын алу жөніндегі негізгі пән болып табылады. Қоғамның денсаулығы қазіргі жағдайда оның санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылығымен және азаматтардың қауіпсіз тіршілік етуіне құқықтылығымен анықталады. Қоршаған орта мен адам ағзасының ортасында өзара тығыз қарым-қатынас бар, ортаның қолайсыз факторлары үнемі әсер етіп отырған жағдайда, сонымен қатар, әсіресе,адамға қауіпті болып табылатын қазіргі уақытта жаңа техногенді факторлардың аумағы кеңейген сәтте, сыртқы орта қарқынды ластанған кезде тұрғындар денсаулығының төмендеуіне және көптеген аурулардың дамуына себепкер болады. Аурулардың даму қаупін төмендету, популяцияның денсаулығын сақтауға тек алдын алу шаралары ғана көмек бере алады, себебі, емдеуге, яғни дамыған ауруды емдеуге қарағанда, сырқы ортаның зиянды факторларын жою және олардың әсерін төмендету жолы арқылы аурулардың алдын алуға бағытталған. Осы шаралардың ғылыми негізін адам ағзасы мен қоғам денсаулығына сыртқы орта факторларының әсерін зерттей отырып, гигиеналық нормативтер мен санитарлық ережелерді дайындайтын гигиена ғылымы болып табылады.

Алдын алу шараларын тек қана гигиенист дәрігерлер ғана емес, сонымен қатар, гигиенаның ғылыми негіздерін жақсы білуге міндетті емдеу бағытындағы емдеу дәрігерінің де жұмысының негізгі бөлігі болып табылады. Дәрігердің гигиеналық білімділігі оған алдын алу жұмыстарын білімді түрде жүргізуге және тиімді атқаруға мүмкіндік береді, ортаның әртүрлі теріс факторларының адам ағзасына әсерін біле отырып, емдеу-диагностикалық шараларды дұрыс жүргізе алады, сонымен бірге, тұрғындардың гигиеналық білімділігін жоғарылата отырып, сауықтыру шараларды тиімді жүргізе алады.

2.2. Пәнді оқыту мақсаты:

Медициналық қызметкерлерге, оның келешектегі кәсіптік жұмыстарының барлық аспектілеріне қажетті аурудың алдын алу жөнінде ойлауын қалыптастыру.

Тек қана жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың біріншілік және екіншілік алдын алу сұрақтарын шешуге мүмкіндік беретін ғана емес, сонымен қатар, дұрыс диагноз қою, ауруларды адекватты емдеу және қалпына келтіру, халықтың гигиеналық салауаттылығын арттыру үшін де қажетті гигиеналық білімдерінің негізін қалыптастыру.

2.3. Пәнді оқыту міндеттері:

· Адамның тіршілігі мен өндірістік жұмыс жағдайындағы қоршаған ортаның әртүрлі факторларының жеке адамның денсаулығына және қоғам денсаулығына әсер ету табиғаты мен сипаты туралы түсінікті қалыптастыру.

· Аурулардың алдын алу, сау адамдардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін гигиеналық білімді қалыптастыру.

· Аурулардың этиологиясы немесе қауіп-қатер (риск) факторы ретінде қоршаған орта факторларының рөлін атап көрсетуді және бұл білімдерін өзінің кәсіптік жұмысында қолдану дағдысын қалыптастыру.

· Гигиеналық сұрақтар жөнінде жаңа ақпараттар табуды және оны нақты кәсіптік міндеттерін шешу үшін қолдану дағдысын қалыптастыру.

· Гигиеналық білімдерін халықтың гигиеналық сауаттылығын арттыру үшін қолдану дағдысын қалыптастыру

2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері:

Білімдерін қалыптастыру:

1.Ауаның гигиеналық маңызын. Атмосфералық ауаның физикалық қасиеттерінің, табиғи химиялық және биологиялық құрамының және ластануының адам ағзасына әсерімен байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды.Ауа райы мен климат жағдайларының адамның денсаулық жағдайына әсерін.

2. Әртүрлі бағытта жұмыс істейтін жабық бөлмелерге қойылатын гигиеналық талаптар. Қолайсыз микроклимат жағдайының, ауаның химиялық, бактериялық ластануының ағзаға әсер етуін алдын алу жөніндегі шараларды.

3. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың пайда болуы мен таралуындағы су факторы мен топырақтың және олардың алдын алу жөніндегі гигиеналық шараларды

4. Жеке және ұжымдық рационалды тамақтану мен оған медициналық бақылау жүргізудің гигииеналық негіздері.

5. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы мен денсаулық жағдайларының мәселелері. Балалардың денсаулығының жоғарғы деңгейі мен дұрыс дамуын қамтамасыз етудің гигиеналық негіздері.

6. Өнеркәсіп кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығындағы жұмыс үрдістері мен жұмыс ортасының ең көп таралған зиянды факторларының гигиеналық сипаттамасын. Өндірістегі кәсіптік патологиялардың, өндірістік жарақаттанулардың алдын алу және жалпы ауру-сырқауды төмендету жөніндегі шараларды.

7. Иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде медицина қызметкерлерінің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар мен радиациялық қорғаныс принциптерін

8. Елді мекендерді жоспарлаудың гигиеналық негіздерін.

9. Жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салты негіздерін.

10. Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу әдістері мен түрлерін.

11. Соғыс уақытында медициналық қызметке жүктелген санитарлық-гигиеналық шараларды жүргізудің тәртібі мен көлемінің мазмұнын.

Дағдыларын қалыптастыру:

1. Тұрғын және қоғамдық үйлердегі микроклимат параметрлерін, ауа ортасының сапасын, желдетуді, жылытуды,жарықты зерттеуді және бақылау жүргізуді.

2. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың дамуындағы су факторының және топырақтың рөлін бағалауды және олардың алдын алу жөнінде шаралар жүргізуді.

3. Суды зарарсыздандыру үшін құрамында хлоры бар препараттардың дозасын есептеуді және зарарсыздандыру жүргізуді.

4. Жеке адамның және халықтың ұйымдастырылған топтарының тамақтануы ұйымдастырылуын және құндылығын бағалауды және оларға медициналық бақылау жүргізу және дозиметрлерді қолдануды орындай алуы тиіс.

5. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен дене дамуының жағдайын бағалауға, күн тәртібін ұйымдастыруға, оқу-тәрбиелік үрдісіне медициналық бақылау жүргізу.

6. Кәсіптік зияндылықтардың адам ағзасына әсер ету қауіпін бағалауды, қажетті алдын алу шараларын ұсынуды

7. Радиоактивті заттармен және иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі барлық гигиеналық талаптарды іске асыруды. Науқастардың медициналық сәулеленуге ұшырауын шектеу.

8. Белгілі бір жұмыс жағдайында сәулеленуге ұшыраудан алған дозаны және қауіпсіз жұмыс параметрлерін есептеуді Ауруханалардың орналасуы, жоспарлануы жабдықталуы және күтіп ұстауы гигиеналық талаптарға сәйкес келуін бағалауды. АІИ-ң алдын алу шараларын және ауруханалардың санитарлық режиміне бақылау жүргізуді орындай алуы тиіс.

9. Әскери уақытта лабароторияға зерттеу үшін, дайын тағам мен суға сынама алу, тағамдық азықтарға санитарлық сараптама жүргізу, сонымен қатар, олардың радиоактивті заттармен ластануы кезінде зерттеулер жүргізу.

10. Дала жағдайында суды залалсыздандыруға және түссіздендіруге бақылау жүргізуді іске асыру.

11. Әскери уақыттағы аурулар, соның ішінде жұқпалы аурулардың дамуы мен таралу факторларын анықтау және олардың алдын алу шараларын ұйымдастыру. Қарулы күштерде санитарлық бақылау нысандарының санитарлық жағдайын бағалау. Гигиена аумағында алынған білімдерді тұрғындар арасында ағарту шараларын жүргізу барысында қолдану.

2.5. Пререквизиттер:философия, политология, социология, құқық негіздері, информатика, экология, медициналық биофизика, химия, молекулярлық биология және медициналық генетика, биохимия, қалыпты анатомия, қалыпты физиология, патологиялық физиология, микробиология, клиникаға кіріспе, ішкі аурулар пропедевтикасы.

2.6. Постреквизиттер: эпидемиология, коммуналдық гигиена, тамақтану гигиенасы, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, қоғамдық денсаулық сақтау, ішкі аурулар, балалар аурулары, жұқпалы аурулар, жалпы хирургия, акушерство және гинекология, неврология, оториноларингология, онкология, жалпы тәжірибе.

2.6. Пәннің қысқаша мазмұны.

Гигиена қоршаған орта нысандарының (ауа, су, топырақ, тағамдық азықтар, өндіністік ортаның) табиғи және антропогендік факторларын және осы факторлардың адам денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттейді. Алынған мағлұматтардың негізінде ол адамды қоршаған ортаны-тіршілік ортасын және өндірістік іс-әрекет ортасын қорғауға және сауықтыруға бағытталған, солар арқылы адамның денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған ғылыми тұрғыдан негізделген гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелерді, алдын алу шараларын дайындайды.

Қазіргі гигиена көп салалы пән, оның құрамына коммуналдық гигиена, тамақтану гигиенасы, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер, емдеу-алдын алу мекемелерінің, радиациялық, әскери, әлеуметтік гигиена, т.б. кіреді. Гигиена қоршаған орта факторларын және олардың адам ағзасына әсерін зерттеу мақсатында анатомия, гистология, қалыпты және патологиялық физиология, патологиялық анатомия, биохимия, биология, микробиология, сондай-ақ медициналық емес климатология, метеорология, агрохимия, топырақтану, агрономия, математика ж.т.б. сияқты іргелі медициналық пәндердің зерттеу әдістерін және олардан алған мәліметтерін қолданады.

Гигиена барлық клиникалық пәндермен тығыз байланыста, себебі денсаулық жағдайын бағалауға арналған өзінің зерттеулерінде ол клиникалық зерттеу әдістерін және қоршаған орта факторларының әсерінен пайда болатын патологиялардың клиникалық көріністері мен ағымының (барысы) сипаты туралы мағлұматтарды кеңінен қолданады. Сонымен қатар, гигиена дайындаған нормативтер, ұсыныстар, ережелер емдеу медицинасының барлық емдеу-алдын алу жұмыстары оның негізі болып табылады.

Рбір сабақтың (дәрістердің, тәжірибелік, семинарлық, зертханалық сабақтардың, өзіндік жұмыстардың) тақырыптарының, түрі мен ұзақтығының тақырыптық жоспары.

Наши рекомендации