Дәрігер-интерндерге арналған қазақша тест. 2 страница
49. Емханаға ауыз қуысы сауықтыру мақсатында 10 жасар бала келді. Объективті: бөшке тәрізді пішінді орталық күрек тістердің кесу қырларында жарты ай тәрізді ойықтар бар, шұқып тексергенде ауырмайды.
Төменде аталған тістердің қайсысы осы көрініске НЕҒҰРЛЫМ тән?
1. Турнер тістері;
2. Қашалған тістер;
3. Гетчинсон тістері;
4. Мөлдір тістер;
5. Ретинирленген тістер.
50. Емханаға ауыз қуысының санациясы мақсатында 10 жасар бала келді. Объективті: жоғарғы және төменгі күрек тістер бөшке тәрізді пішінді, шұқып тексергенде ауырмайды.
Төменде аталған тістердің қайсысы осы көрініске НЕҒҰРЛЫМ тән?
1. Фурнье тістері;
2. Турнер тістері;
3. Қашалған тістер;
4. Мөлдір тістер;
5. Ретинирленген тістер.
51. Емханаға ауыз қуысының санациясы мақсатында 10 жасар бала келді. Объективті: жоғарғы және төменгі күрек тістертің кесу қырында жарты ай тәрізді ойықтар бар, шұқып тексергенде ауырмайды.
Қандай емдеу тактикасы НЕҒҰРЛЫМ қажет?
1. Фторлак жағу;
2. Ақауды герметизациялау;
3. Цементпен пломбылау;
4. Металлокерамикалық сауытпен қаптау;
5. Сәулемен қатаятын материалмен пломбылау;
52. Ауыз суының құрамында 3,0 мг/л фтор бар тұрғылықты жердің балаларының көбінде, тістерінің кіреукелерінде аздап білінетін дақтардан күңгірт қоңыр түске дейінгі өзгерістер байқалады.
Осы аймақтағы балаларда НЕҒҰРЛЫМ қандай ауру дамыған?
1. Жергілікті гипоплазия;
2. Жүйелі гипоплазия;
3. Эндемиялық флюороз;
4. Жетілмеген амелогенез;
5. Тісжегінің декомпенсирленген түрі.
53. Ауыз суының құрамында 3,0 мг/л фтор бар тұрғылықты жердің балаларының көбінде, тістерінің кіреукелерінде аздап білінетін дақтардан күңгірт қоңыр түске дейінгі өзгерістер байқалады.
Осы аймақтағы науқасқа қандай емдеу тактикасы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
1. Фторлак жағу;
2. Цементпен пломбылау;
3. Натрий фториді ерітіндісімен аппликациялау;
4. Металлокерамикалық сауытпен қаптау;
5. Ауыз суын фторсыздандыру, ремтерапия
54. Профилактикалық тексерілуге емханаға 8 жасар баласы мен анасы келді. Объективті: бор тәрізді түстегі орталық тістердің кіреукесінде эрозия түріндегі ақаулар бар. Анамнезінде: осы аймақтың балаларында осындай көріністер жиі кездеседі.
Осы клиникалық көріністер қандай ауруларға НЕҒҰРЛЫМ тән?
1. Жергілікті гипоплазия;
2. Жүйелі гипоплазия;
3. Эндемиялық флюороз;
4. Жетілмеген амелогенез;
5. Жетілмеген дентиногенез.
55. Емханаға профилактикалық тексерілуге 14 жасар жасөспірім қаралды. Объективті: барлық тістердің кіреберіс бетінің кіреукесінде тамшы тәрізді, дөңгелек пішінді ақаулар бар, табаны пигменттелген. Сыныптастарында өзгерістер әртүрлі дәрежеде.
Болжамды нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Жергілікті гипоплазия;
2. Жүйелі гипоплазия;
3. Флюороз дақты түрі;
4. Флюороз жолақты түрі;
5. Флюороз бор тәрізді-теңбілді түрі.
56. Емханаға профилактикалық тексерілуге 14 жасар жасөспірім қаралды. Объективті: барлық тістердің кіреберіс бетінің кіреукесінде тамшы тәрізді, дөңгелек пішінді ақаулар бар, табаны пигменттелген. Сыныптастарында өзгерістер әртүрлі дәрежеде.
Қандай ем тактикасы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Фторлак жағу;
2. Ремтерапия, цементпен пломбылау;
3. Натрий фториді ерітіндісімен аппликациялау;
4. Металлокерамикалық сауытпен қаптау;
5. Ремтерапия, ақауды композитпен қалпына келтіру.
57. Ауыз суының құрамсындағы фтордың мөлшері 1,6 мг/л-ден көп аймақ тұрғындарына балаларын ерте қосымша және жасанды тамақтандырудан бас тарту жайлы тағайындалады.
Осы алдын алу шарасы қандай ауруға НЕҒҰРЛЫМ тән?
1. Эндемиялық флюорозға;
2. Жүйелі гипоплазияға;
3. Жергілікті гипоплазияға;
4. Гиперстезияға;
5. Тісжегіге.
58. В Емханаға ауыз қуысының санациясы мақсатында 10 жасар бала келді. Объективті: тіс кіреукелерінің бор тәрізді өзгерістері фонында пішіні және тереңдігі әртүрлі, табаны ақшыл қоңыр түсті ақаулар анықталды.
Осы жағдайта төменде аталған емдеу тактикаларының қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Тістерді жұлу, протездеу;
2. Егеу, пломбылау;
3. Ортодонттық ем, ремтерапия;
4. Ағарту, ремтерапия, реставрация;
5. Эндодонттық ем, ақауды қалпына келтіру.
59. Төменде аталған аурулардың қайсысында тістерде көптеген бор тәрізді дақтар, кіреуке күңгірт, «тірі» емес тәрізді болады?
1. Тісжегіде;
2. Ұлпа қабынуында;
3. Флюорозда;
4. Пародонт қабынуында;
5. Периодонт қабынуында.
60. Төменде аталған клиникалық көріністердің қайсысы тіс тіндерінің жүйелі гипоплазиясында НЕҒҰРЛЫМ айқын?
1. Кедір-бұдыр, эрозиялар;
2. Сұр түсті тістер, дақтар;
3. Сайлар, дақтар, шұңқырлар;
4. Ашық дентин, тістер түсінің өзгеруі;
5. Кіреукенің жұқаруы, патологиялық қажалу.
61. Анасы 9 жасар баласының тістеріндегі эстетикалық ақауға шағымданып келді. Қарап тексергенде: күрек және үлкен азу тістерде, кесу қыры мен шайнау бетіне параллель созылған шұңқырлар орналасқан, табанында тегіс жұқарған кіреуке сарғыш-қоңыр түсті.
Төменде аталған болжамды нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Жүйелі гипоплазия, эрозивті түрі;
2. Гипоплазия, сайлы түрі;
3. Флюороз, жолақты түрі;
4. Жетілмеген амелогенез;
5. Кіреуке некрозы.
62. Анасы 9 жасар баласының тістеріндегі эстетикалық ақауға шағымданып келді. Қарап тексергенде: күрек жәнеүлкен азу тістерде, кесу қыры мен шайнау бетіне параллель созылған шұңқырлар орналасқан, табанында тегіс жұқарған кіреуке сарғыш-қоңыр түсті.
Төменде аталған емдеу тактикаларының қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Ремтерапия;
2. Ағарту;
3. Протездеу;
4. Ламинациялау;
5. ШИЦ-пен пломбылау.
63. 13 жастағы бала тістердің жеке бөліктерінің шытынауы мен сынуына шағымданып келді. Қарап тексергенде: жылтырлығы жоқ, бор тәрізді тістер анықталды. Үлкен азу тістердің сауыттары жоқ, шайнау беттерінде эрозиялар, күрек тістердің кесу қырлары шытынаған, дентині ашылған.
Төменде аталған емдеу тактикаларының қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Сәулемен қатаятын композитпен пломбылау;
2. Ремтерапия, протездеу;
3. Ремтерапия, реставрация;
4. Сауытпен қаптау;
5. Ламинациялау
64. Анасы 9 жасар баласының тістеріндегі эстетикалық ақауына шағымданып келді.Анамнезінен бала кезінде токсикалық диспепсиямен ауырғаны анықталды. Объективті: күрек тістердің кіреберіс бетінде, тұрақты үлкен азу тістердің төмпешіктерінде шекарасы анық сары түсті дақтар бар. Дақ беті тегіс, метилен көгімен боялмайды.
Төменде аталған емдеу тактикаларының қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Ремтерапия, ламинациялау;
2. Тістерді жұлу, протездеу;
3. Егеу, пломбылау;
4. Ремтерапия, ортодонттық емдеу;
5. Эндодонттық емдеу, ақауды қалпына келтіру.
65. 13 жасар баланың ауыз қуысын жоспарлы санациялау кезінде сарғыш-қоңыр түсті, цилиндрлік пішінді тістер анықталды, кейбір тістерде кіреуке аралшықтар тәрізді сақталған. Анамнезінен әкесінен осындай тістер анықталды.
Осы жағдайда қандай емдеу тактикасы НЕҒҰРЛЫМ қандай?
1. Ремтерапия, реставрация;
2. Ремтерапия, ламинациялау;
3. Тістерді жұлу, протездеу;
4. Егеу, пломбылау;
5. Эндодонттық ем, ақауды қалпына келтіру.
66. Балалар стоматологиялық емханасына 12 жасар баласының ауыз қуысын сауықтыру мақсатында анасы келді. Анамнезінде: инфекциялық ауруларымен ауырған. Қарап тексергенде: жоғарғы күрек тістерінің кіреберіс бетінде дөңгелеу және сопақ пішінді, көлемі мен тереңдігі әртүрлі шұңқырлар бар, кіреукесі жұқарған, түбі мен қабырғалары тегіс.
Төменде аталған аурулардың қайсысымен салыстырмалы нақтама жүргізген дұрыс?
1. Орта тісжегімен;
2. Жергілікті гипоплазиямен;
3. Сына тәрізді ақаумен;
4. Тістің қатты тіндерінің некрозымен;
5. Флюороздың эрозиялы түрімен.
67. Төменде аталған себептердің қайсысы кіреукенің жергілікті гипоплазиясының дамуында мүмкін болады?
1. Жүктілік кезіндегі анасының аурулары;
2. Өмірінің алғашқы жылындағы жалпы аурулары;
3. Баласын жасанды тамақтандыру:
4. Емшек жасындағы баласы бар ананың ауруы;
5. Уақытша тісінің қадалып шығуы.
68. Стентон–Капдепон синдромында қандай тіндердің зақымдануы айқын?
1. Уақытша тістердің кіреукесі;
2. Тұрақты тістердің кіреукесі;
3. Тұрақты тістердің кіреукесі мен дентині;
4. Уақытша және тұрақты тістердің тіндері;
5. Уақытша және тұрақты тістердің дентині;
69. Төменде аталған емдеу тактикасының қайсысын флюороздың дақты түрінде қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Тіс пасталарын қолдану, ортодонттық ем;
2. Эндодонттық ем, пломбылау;
3. Егеу, пломбылау;
4. Тістерді жұлу, протездеу;
5. Тегістеу, ағарту.
70. Анасы 9 жасар баласымен стоматологқа келді. Қарап тексергенде: тұрақты орталық және бүйір күрек тістердің жылтыр кіреукесі бетінде аздап білінетін бор тәрізді олақтар анықталды. Осындай өзгерістер осы сыныптағы басқа да балаларда байқалады.
Төменде аталған болжамды нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Флюороз, жолақты түрі;
2. Жетілмеген амелогенез;
3. Дақ сатысындағы тісжегі;
4. Жергілікті гипоплазия;
5. Кіреуке гиперплазиясы.
71. Фтор ағзаға мөлшерінен көп түскен жағдайда баланың дамып келе жатқан тістеріне қалай жағымсыз әсер етеді?
1. Фтордың кіреукенің ақуыздық элементтеріне әсер етеді;
2. Фтордың микроэлементтерімен бірге жағымсыз әсер етеді;
3. Тіс кіреукесіндегі зат алмасу үрдістерінің бұзылуы;
4. Энамелобласттарға токсикалық әсер етеді;
5. Микроэлементтер белсенділігің бұзылуы.
72. Орта тісжегіні НЕҒҰРЛЫМ қандай аурулармен салыстырмалы нақтама жүргізеді:
1. Ұлпаның созылмалы шіри қабынумен;
2. Беткей тісжегімен;
3. Терең тісжегімен;
4. Гипоплазиямен;
5. Флюорозбен.
73.Қабылдауға 3 жасар баласымен анасы келді. Қарап тексергенде: кп=4. 5.2, 5.1, 6.1, 6.2 тістерінде дентині тығыз, жанасу беттерінде орналасқан тісжегі қуыстары бар. Шұқып тексергенде аздап ауырады. Қағып тексергенде ауырмайды.
Төменде аталған болжамды нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Флюороз;
2. Гипоплазия;
3. Орта тісжегі;
4. Сына тәрізді ақау;
5. Беткей тісжегі.
74. Төменде аталған препараттардың қайсысын реминералдаушы емге қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
1. Фторлак, кальций глюконаты, ремодент;
2. Фторлак, кальций глюконаты, витамин С;
3. Фторлы натрий, ремодент, витамин Е;
4. Кальций глюконаты, ремодент, В тобының витаминдері;
5. Фторлы натрий, кальций глицерофосфаты, азотты-қышқылды күміс.
75. 9 жастағы баладағы, тісжегінің декомпенсирленген түрінің тісжегісінде төменде аталған емдеу тактикаларының қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Егеу, шыныиономерлік цементпен аралық төсем, композиттік материалмен пломбылау;
2. Егеу, І қабылдауда емдік төсем, ІІ қабылдауда пломбылау;
3. Егеу, аралық төсем, композиттік материалмен пломбылау;
4. Егеу, қальций құрамды қойыртпақ, аралық төсем, композиттік материалмен пломбылау;
5. Егеу, шыныиономерлік цементпен пломбылау.
76. 13 жастағы балаға 1.1 тісінің орта тісжегісі деген нақтама қойылды.
Төменде аталған пломбылық материалдардың қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Сәулемен қатаятын композиттік материал;
2. Поликарбоксилатты цемент;
3. Шыыниономерлік цемент;
4. Силикофосфатты цемент;
5. Силикатты материал.
77. 4 жастағы балада тісжегінің декомпенсирленген түрі. Шала туылған. Гипертензионды синдром бойынша невропатологта тіркеуде тұр. Стоматолог тісін емдетуге көнбейтінің анықтады. Жансыздандырудың қандай түрін қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Гипноз ;
2. Премедикация;
3. Инъекциялық;
4. Аудиоанестезия;
5. Жалпы жансыздандыру.
78. Бала 5 жаста. 8.5 тісті орта тісжегі бойынша егеп-тазалағанда сауыты сынды.
Осы асқынудың дамуында төменде аталған себептердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Тісжегі қуысын сапасыз өңдеу;
2. Борды енгізу тереңдігін бақыламау;
3. Тісжегі қуысының қабырғалары қалың;
4. Бордың бағыты дұрыс емес;
5. Гипердиагностика.
79. 7 жастағы бала стоматологиялық емханаға профилактикалық тексерілуге келді. КПУ+кп- 8. Ауыз қуысы бұрын емделген. Объективті: 3.6 және 4.6 тістердің шайнау бетінде кіреуке деңгейінде тісжегі қуысы бар, сайлары тар, терең. Шұқып тексергенде кедір-бұдыр.
Осы жағдайда төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
1. Профилактикалық пломбылау әдісі;
2. Құрамында фторы бар заттармен аппликациялау;
3. Кейінге қалдырып пломбылау;
4. Уақытша пломбылау;
5. ART- әдісі.
80.Бала 7 жаста. Анасымен бірге кеңес алға келді. Нефрологта диспансерлік тіркеуде тұр. Тісжегінің субкомпенсирленген түрі деген нақтама қойылды. Объективті: 7.5 тістің медиальды-шайнау бетінде жиектері тегіс емес, жұмсарған ақшыл дентині бар орташа көлемді тісжегі қуысы бар. Шұқып тексергенде қабырғаларында ауыру сезімі бар.
Төменде аталған емдеу тактикаларының қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Егеп тазалау, силикатты цементпен пломбылау;
2. Егеп тазалау, химиялық композитпен пломбылау;
3. Егеп тазалау, шыныиономерлік цементпен пломбылау;
4. Егеп тазалау, сәулемен қатаятын композитпен пломбылау;
5. Егеп тазалау, кальцийс құрамды қойыртпақ, уақытша пломбылау.
81. Анасы 7 жасар баласымен емханаға келді. 4.6 тістің бастапқы тісжегісі деген нақтама қойылды.
Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Тегістеу;
2. Егеп-тазалау;
3. Пломбылау;
4 Герметизация;
5. Ремтерапия.
82.Бастапқы тісжегінің нақтамасына төменде аталған заттардың қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Фуксин;
2. Фурациллин;
3. Люголь ерітіндісін;
4. Сутегі асқын тотығын;
5. Метилен көгін.
83. Терең тісжегіде емдік төсем ретінде төменде аталған қандай материалды қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Цинк-эвгенол қойыртпағын;
2. Эндометазоновую пасту
3. Иодоформ қойыртпағын;
4. Эндофил қойыртпағын;
5. Life қойыртпағын.
84. Төменде аталған көрсеткіштердің қайсысы бастапқы тісжегі кезінде реминералдық емнің тиімділігін көрсетеді?
2. Дақ көлемінің кішіреюі;
3. Дақ көлемінің ұлғаюы;
1. Кіреукеде ақаудың түзілуі;
4. Дақ пигментациясы;
5. Гиперестезия.
85. Т.Ф. Виноградова бойынша тісжегінің толық анықтамасын көрсет:
1. Созылмалы қабыну-деструкциялық үрдіс;
2. Тісжегі қуысы түзілу арқылы тістер қатты тіндерінің деминерализациясымен сипатталатын ағзаның созылмалы патологиялық үрдісі;
3. Тіс кіреукесі бүтіндігінің бұзылысымен жүретін созылмалы патологиялық үрдіс;
4. Пародонт тіндерінің зақымдалуымен жүретін тістің қатты тіндерінің патологиялық үрдісі;
5. Тістің қатты тіндерінің бүтіндігінің бұзылысымен жүретін жедел патологиялық үрдіс.
86. Ауыз қуысы бактериаларының ішінде төменде аталғандардың қайсысын НЕҒҰРЛЫМ жоғары кариесогенді қасиеттерге ие?
1. Коксак вирусы;
2. Candida albicans;
3. Bacterium fusiformis;
4. Streptococcus Mutans;
5. Гемолитикалық стрептококк.
87. Төменде аталған клиникалық көріністердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ балалардағы тісжегінің компенсирленген түріне тән?
1. Зақымданудың апроксимальды бетте орналасуы;
2. Тісжегінің асқынған түрінің басым болуы;
3. Асқынған тісжегінің % - ы төмен;
4. Тісжегі бар тістер көп;
5. Тісжегі жиілігінің өсуі.
88. Төменде аталған клиникалық көріністердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ балалардағы тісжегінің декомпенсирленген түріне тән?
1. Тісжегіге ұшыраған тістер көп, апроксимальды бетте орналасқан;
3. Пломбаның түсуі, екіншілік тісжегі байқалмайды;
5. Тісжегі жиілігі төмен, тісжегіге ұшыраған тістер аз;
2. Тістердің тісжегіге тұрақтылығы, жиілігі төмен;
4. Асқынған тісжегінің, жұлынған тістердің болмауы.
89. Анасы 3 жасар баласын профилактикалық тексеру мақсатында әкелді. Дәрігер-стоматолог қарап болғаннан соң, 5.1, 5.2, 6.1, 6.1, 6.2 тістеріне витальды бояу әдісі жүргізілді. Төменде аталған заттардың қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Тістің бетін 2% метилен көгі ерітіндісімен өңдейді;
2. Тістің бетін Люголь ерітіндісімен өңдейді;
3. Йодты калий ерітіндісімен аппликациялайды;
4. Тістің бетін бриллиант көгімен өңдейді;
5. Тістің бетін фуксинмен өңдейді.
90. Төменде аталған симптомдардың қайсысы бастапқы тісжегіге НЕҒҰРЛЫМ тән?
1. Дақтар үлкен азу тістерде орналасады;
2. Дақтар метилен көгімен боялмайды;
3. Дақтар кіреукеде тістер жарып шыққанға дейін пайда болады;
4. Дақтар тіс жарып шыққанннан кейін әртүрлі уақыттарда пайда болады;
5. Дақтар бірнеше тістер сауыттарының бір деңгейінде орналасады.
91. Төменде аталған симптомдардың қайсысы терең тісжегіге НЕҒҰРЛЫМ тән?
1. Тіске тиіп қалғанкездегі ауыру сезімі, бұрыннан бері мазалайды;
2. Түнде, өздігінен пайда болатын, 2 күн бойы мазалайтын ауыру сезімі;
3. Бірнеше күн бойы мазалайтын, тұрақты сыздаған ауыру сезімі;
4. Тітіркендіргіштерден туындайтын, оларды жойғанда басылатын ауыру сезімі;
5. Самайға, құлаққа берілетін ауыру сезімі, түнде мазалайды.
92. Бала 8 жаста. Дәрігер-стоматолог 3.6 тістегі орта тісжегі, декомпенсирленген түрі деген нақтама қойды.
Төменде аталған емдеу тактикаларының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Тісжегі қуысын егеу, уақытша пломбылау;
2. Емдік, аралық төсем, тұрақты пломбылау;
3. Дәрілік өңдеу, тұрақты пломбылау;
4. Аралық төсем, тұрақты пломбылау;
5. Емдік төсем, уақытша пломбылау.
93. Тісжегіні жалпы емдегенде ішке фтор препараттарын қай уақытта тағайындаған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Суда фтордың оптимальды мөлшерінде;
2. Фтордың мөлшері маңызды емес;
3. Суда кальцийдің көп мөлшерінде;
4. Суда фтордың көп мөлшерінде;
5. Суда фтордың аз мөлшерінде.
94. Праймерді қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс:
1. Герметизация үшін;
2. Композиттің адгезиясы үшін;
3. Кіреукені кондиционерлеу үшін;
4. «Майлы қабатты» алу үшін;
5. Тісжегі қуысын кептіру үшін.
95. 13 жастағы бала ауыз қуысының санациясы мақсатында қаралды. Қарап тексергенде: КПУ индексі =3. 1.1, 2.1 тістерінің жанасу беттерінде тісжегі қуыстары бар. Шұқып тексергенде қабырғасында ауырады.
Осы жағдайда қандай пломбылық материалды қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Комполайт, Кетак – моляр
2. Комполюкс, Витро-моляр
3. Эвикрол, композит
4. Адмира, Эстет
5. Фосфат-цемент
96 Анасы 4 жасар баласын дәрігерге әкелді. Қарап тексергенде дәрігер-стоматолог 6.5 тістің орта тісжегісі деген нақтама қойды. Кп-2.
Төменде аталған емдеу тактикасының қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Цементтен тұрақты пломба;
2. Эвикролдан тұрақты пломба;
3. Емдік төсем, уақытша пломба;
4. Емдік төсем, тұрақты пломба;
5. Шыныиономерлік цементтен тұрақты пломба.
97 Анасы дәрігерге 3 жасар баласын әкелді. Қарап тексергенде: кп = 4. Дәрігер-стоматолог реминералдаушы ем тағайындады.
Төменде аталған кезеңдердің қайсысы реминералдық ем кезінде маңызды болып табылады?
1. Кальций препараттарымен, кейін фтор препаратымен аппликациялау;
2. Ремтерапиядан кейін бұдырлы бетті тегістеу;
3. Эликсирмен шайғаннан соң ремтерапия;
4. Аппликациядан кейін лазермен сәулелендіру;
5. Тістерін тазалау, герметизация.
98. 5 жасар баланың анасы санация мақсатында қаралды. Қарап тексергенде: кп = 2. 7.4 тістің шайнау бетінде пигменттелген дентині бар тісжегі қуысы бар. Дентинді алғаннан кейін қуыс табаны тығыз, шұқып тексергенде кіреуке-дентин шекарасында ауыру сезімі бар. Қағып тексергенде ауырмайды.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1.II дәрежелі белсенділіктегі орта тісжегі;
2.III дәрежелі белсенділіктегі орта тісжегі;
3.III дәрежелі белсенділіктегі терең тісжегі;
4.II дәрежелі белсенділіктегі беткей тісжегі;
5.I дәрежелі белсенділіктегі орта тісжегі.
99. Бала 3 жаста. Анасы санация мақсатында әкелді. Бала ЛОР-дәрігерде диспансерлік тіркеуде тұр. Түнде бөтелкеден сүт қоспаларын сорады. Қарап тексергенде: кп= 6. 5.1, 5.2, 6.1, 6.2 тістердің мойын аймағының кіреберіс және таңдай бетінде жұмсарған кіреуке аймақтары байқалады. Шұқып тексергенде ауырмайды, тістері қақпен қапталған. Дәрігер-стоматолог «бөтелке тісжегісі» деген нақтама қойды.
Төменде аталған нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1.I белсенділік дәрежесі, орта тісжегі;
2.III белсенділік дәрежесі, орта тісжегі;
3.II белсенділік дәрежесі, беткей тісжегі;
4.III белсенділік дәрежесі, беткей тісжегі;