Тыныс-жүрек жансақтауы

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ

ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

З.К.Жұмаділова, Р.И.Әлібекова

А.И. Хайбуллина, Барқыбаева Н.Р.

Селғазина М.Б.

Ішкі аурулар клиникасындағы кезек күттірмейтін жағдайлар

(медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар)

Семей

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ

ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

З.К.Жұмаділова, Р.И.Әлібекова

А.И. Хайбуллина, Барқыбаева Н.Р.

Селғазина М.Б.

Ішкі аурулар клиникасындағы кезек күттірмейтін жағдайлар

(медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар)

Семей

УДК 000.00(автор жоо кітапханасынан алады)

ББК 00.00 я 0(автор жоо кітапханасынан алады)

Г00(автор жоо кітапханасынан алады)

Рецензенттер:

Төлеутаев Т.Б. - профессор, м.ғ.к., анестезиология және

реаниматология курсының меңгерішісі,

Карибаев К.Р. - м.ғ.к., доцент, факультетті терапия

кафедрасының меңгерушісі

З.К.Жұмадіова, Р.И.Әлібекова, А.И. Хайбуллина, Н.Р.Барқыбаева, Селғазина М.Б.

Ішкі аурулар клиникасындағы кезек күттірмейтін жағдайлар: Медициналық оқу орындарындағы студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар, Семей 2009

Медициналық оқу орындарындағы студенттерге арналған әдістемелік нұсқауларда ішкі аурулар клиникасындағы кезек күттірмейтін жағдайларың диагностикасы мен қарқынды емдеу сұрақтары қамтылған

ББК 00.00 я 0

Семей мемлекеттік медициналық университетінің Орталық әдістемелік кеңесі шешімімен бекітілді және басылымға ұсынылды.

№ 4____ хаттама 01__. _04__. 2009___ж.

© З.К.Жұмадіова, Р.И.Әлібекова, А.И. Хайбуллина, Н.Р.Барқыбаева, Селғазина М.Б.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 2

I бөлім

Тараулардың аталуы 4

Тараулардың аталуы 6

Тараулардың аталуы 8

Тараулардың аталуы 10

II бөлім

Тараулардың аталуы 12

Тараулардың аталуы 16

Тараулардың аталуы 18

Тараулардың аталуы 20

Және т.б.

Қысқартылған сөздер(егерде болса)

Кіріспе

Тыныс-жүрек жансақтауы

Тыныс-жүрек жансақтауын қажет ететін барлық жағдайлар «Клиникалық өлім» деген атпен біріктіріледі және ол тыныс пен қанайналымының тоқтауымен сипатталады. Қанайналымының кенеттен тоқтауы деп жүректің тек механикалық тоқтауы ғана емес, сонымен қатар қанайналымының қажетті минималды деңгейін қамтамасыз ете алмайтын жүрек жұмысын айтады. Осындай жағдай жүрек ырғағының адам өміріне қауіпті әртүрлі бұзылыстары кезінде дамиды: қарыншалардың фибрилляциясы, Адамс-Стокс-Моргань синдромымен сипатталатын толық АВ-блокадасы, қарыншалардың пароксизмді тахикардиясы. Қанайналымының тоқтау себептерін 2 топқа бөледі: кардиогендік және кардиогенді емес генездегі. Біріншісіне жүректің қанды айдау функциясының әлсіреуіне әкелетін жағдай мен коронарлы қанайналымының бұзылыстарын жатқызады. Осыларға әкелетін жиі себепке миокард инфаркты жатады. Екінші топқа тыныстың жіті жетіспеушілігінің дамуымен, нейроэндокриндік жүйенің қажуымен және айналымдағы қанның көлемінің азаюымен сипатталатын басқа жүйелер функцияларының айқын бұзылыстарынан болатын жағдайлар жатады.

Кенеттен қаза болуға (КҚБ) клиникалық көрініс белгілерінің пайда болуынан 6 сағатқа дейін ауруханаға түскен, көбінесе қарыншалардың фибрилляциясы салдарынан дамыған және басқадай аурулардың салдарынан дамымаған, жүректің кенеттен тоқтауын жатқызу ұсынылған. Сондықтан КҚБ терминімен дерттің жіті белгілерінің 1 сағат аралығында қанағаттанарлық жағдайдағы адамның кенеттен қайтыс болуы айтылады.

КҚБ-дың негізгі этиологиялық факторына жүректің ишемиялық ауруы жатқызылады. Сонымен қатар КҚБ 28% жиілікте ЖИА-ының алғашқы белгісі болып табылады. Көбінесе осы адамдарда бірнеше коронарлық артериялардың өте айқын стеноздық өзгерістері, ірі ошақты постинфарктық кардиосклероз белгілері және миокардтың жіті инфаркты анықталады. 40 жасқа дейінгі кенеттен қайтыс болған адамдар арасында ЖИА сирек кездеседі, көбінесе кардиомиопатия, жүрек ақаулары, митралды пролапс, оң қарыншаның аритмогенді дисплазиясы, Q-T аралығының ұзару синдромы және басқа да аурулар анықталады.

Кенеттен қаза болудың себептері.

ЖИА (90% жиілікте) 1. Коронарлық артериялардың (КА) жіті тромбозы; 2. КА стенозды атеросклерозынан миокардтың жіті ишемиясы; 3. КА жіті спазмы; 4. Миокардтың ұзақ мерзімдегі жіті ишемиясынан кейінгі қанайналымының қалыптасуы (реперфузиялық қарыншалық аритмиялар)
1. Эмболиялармен асқынған дерттер; 2. Коронар артерияла-рының стенозы 1. Инфекциялық эндокардит, жүректің жасанды қақпақшасы; 2. Аортаның жыртылмалы аневризмасы, мерез-дік аортит, КА артерииті
Жүректің басқа да аурулары Қолқа сағасының стенозы, миокардиттер, амилои-доз, саркоидоз, гемохроматоз, склеродермия, жүрек өсінділері, жүректің өткізгіштік жүйесінің туа біткен дегенерациялық аурулары (спортсмендерде), WPW синдромы, Q-T аралығының ұзару синдромы)

ЖИА науқас адамдардағы КҚБ-дың өте жиі механизміне қарыншалардың фибрилляциясы (90% жиілікте) жатады және ол миокардтың жіті ишемиясында да және онысыз да дамуы мүмкін. Қарыншалардың асистолиясы және электромеханикалық диссоциациясы (10% жиілікте) адамдардың ауыр халде болулары кезінде (шок, жүрек жетіспеушілігі, жүрекшелік-қарыншалық өткізгіштіктің ауыр бұзылыстары) кездеседі де, осыған байланысты ол адамдардың болжамы қатерлі болып саналады.

КҚБ реанимациялық шараларының тиімділігі қанайналымының тоқтауының алғашқы белгілерінің пайда болуына байланысты болады. Егер жансақтау шаралар алғашқы минутта жүргізілсе, онда оның тиімділігінің пайдасы 60-70% дейін артады, ал егер алғашқы 3 минутта болса – онда тиімділігі айқын төмендейді. Жүректің алғашқы тоқтауы кезінде адамның есі 10 секундтан соң жоғалады, ал спонтанды тыныс алудың тоқтауы 60 секундтан аспайды.

Жүректің тура емес массажы, жасанды тыныс алдыру және жүректің электрлік дефибрилляциясы қолма-қол және бір мезгілде басталуы тиіс. Жасанды тыныстандыру (ЖТ) минутына 12-16 рет жиілікте, жүректің массажы (ЖМ) минутына 80-90-100 жиілікте жасалуы тиіс. Егер екі реаниматор бірге жұмыс істесе ЖТ:ЖМ қатынасы 5:1 қатынасына тең болуы тиіс. Ал егер бір реаниматор жұмыс істесе, онда ЖТ:ЖМ қатынасы 10-15:2-3 қатынасына тең болуы керек. Алғашқы дефибрилляция токтың 5-тен 7 кВ-ға (200-300-360 Дж) біртіндеп өспелі энергиясын бірнеше разряд түрінде қайталап беру әдісімен жүргізіледі.

КҚБ кезіндегі ренаимациялық шараларды жалпы 3 этапқа бөледі:

І саты – жасанды тыныстандыру мен жүректің тура емес массажын және алғашқы дефибрилляцияның бірнеше разрядын қолма-қол жүргізілуі қажет;

ІІ саты – орталық венаны катетерлеу немесе көк матырға енгізу арқылы дәрілерді егу, дәрінің әрбір иньекциясынан соң жүргізіліп жатқан реанимациялық шаралардың үстінен дефибрилляцияны қайтап отыру қажет; егер спонтанды тыныстандыру тиімсіз болса немесе адамның өздігімен тыныс алуы қалыптаспаса, онда кеңірдек интубациясын жасап адамды аспаппен жасанды тыныстандыруға көшіру керек болады.Ал егер кеңірдек интубациясы венаны катетерлеуден бұрын жасалған болса, онда алдымен кеңірдекке (!) адреналин, атропин немесе лидокаин жіберген тиімді болады, одан соң көктамырға(!) тамшылап немесе толассыз басқа да дәрілерді енгізуге болады.

ІІІ саты – жүрек ырғағының бұзылыстарын, гемодинамикалық өзгерістерді және қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті анықтау және оны реттеу қажет.


І саты. Прекардиялық соққы беру. Жүректің тура емес массажын жасау. Жасанды тыныстандыру. Дефибрилляция жасау (5,6,7 кВ).

Тыныс-жүрек жансақтауы - student2.ru

Егер І саты тиімсіз болса, онда ІІ этапқа көшеді.

Егер І этап тиімді болса, онда ІІІ этапқа бірден көшеді.

ІІ саты.Жүрек ырғағы бұзылыстарының түрін анықтау.

Тыныс-жүрек жансақтауы - student2.ru Тыныс-жүрек жансақтауы - student2.ru

Тыныс-жүрек жансақтауы - student2.ru Тыныс-жүрек жансақтауы - student2.ru Тыныс-жүрек жансақтауы - student2.ru Қарыншалардың ассистолиясы не электромеханика-лық диссоциация. Қарыншалардыңұсақ толқынды жиырылулары.   Қарыншалардың фибрилляциясы.
Тыныс-жүрек жансақтауы - student2.ru Тыныс-жүрек жансақтауы - student2.ru Адреналин 1 мг венаға 3-5 минуттан соң, 2-2,5 мг трахея ішіне. Атропин 1 мг венаға 3-5 минуттан соң 2-3 мг-дық жалпылай дозасына дейін.
Қарыншалардың ірі тол-қынды жиырылулары

Тыныс-жүрек жансақтауы - student2.ru Тыныс-жүрек жансақтауы - student2.ru Шаралар тиімді болса

Шаралар тиімсіз болса

Тыныс-жүрек жансақтауы - student2.ru Тыныс-жүрек жансақтауы - student2.ru Лидокаин венаға 80-120 мг Дефибрилляция   Новокаинамид 10%-10,0 венаға Дефибрилляция
Тыныс-жүрек жансақтауы - student2.ru Тыныс-жүрек жансақтауы - student2.ru Жансақтау шараларды жүргізу ұзақтығы 10 минуттан асса – венаға натрий бикарбонатын егу қажет
ІІІ этап. ЭКС (электрокардиялық стимуляция жасау)

Шаралар тиімді болса Шаралар тиімсіз болса

Дәрілердің әрбір инъекциясынан соң бірнеше разрядты электрлік дефибрилляция жасалуы тиіс. Синустық ырғақ қалыптасқаннан кейін емді тұрақтандыратын антиаритмиялық терапия жүргізіледі және ол органикалық генезді қарыншалық экстрасистолия кезіндегідей әдіспен жүргізіледі.

Қазіргі кезде жансақтау шараларды өткізуде сілтілі қоспаларды (натрийдің бикарбонаты) қолдану ұсынылмайды, себебі олар жасушаішілік түсініксіз ацидозды және катехоламиндердің инактивациясын тудырады. Натрий бикарбонатын қолдану тек ұзақ жасалған ренаимациялық шараларда ғана қажет деп саналады. Яғни жансақтау шараларды жүргізу кезінде 10-15 минуттан соң, олардың тиімсіз кездерінде және ІІІ этапта метаболизмдік ацидозды реттеу үшін ғана жүргізіледі.

КҚБ клиникалық негізгі критерилері.

1. Кенеттен есінен тану, тартылу синдромының дамуы.

2. Тыныстың тоқтауы немесе агоналды тыныс алу белгілері (минутына 6–ға дейін болатын сирек және қорылды тыныс).

3. Ірі тамыр соғыстарының (сан, ұйқы артериялары), жүрек тондарының және артериялық қысымның жоғалуы.

4. Көз қарашығының кеңейуі.

5. Тері түсінің өзгеруі (көкшілденіп бозаруы).

6. ЭКГ-да тиісті механизміне сәйкес қарыншалардың фибрилляциясы немесе асистолиясы анықталады. Жүректің кенеттен тоқтауында немесе КҚБ кезінде жүректің сыртқы жарылуы синусты ырғақтың өте қысқаша тіркелуі мүмкін.

Шұғыл емнің қағидалары.

1. Аз қажетті мөлшердегі қанайналымы мен тынысты сақтау үшін қажетті реанимациялық шаралар.

2. Жүректің синустық ырғағын қалыптастыру.

3. Постреанимациялық синдромды емдеу.

4. Қарыншалар фибрилляциясы қайталануының алдын алу.

Дәрігерлік алғашқы көмек.

1. Прекардиялық аймаққа жұдырықпен соққы беру.

2. Өкпені жасанды тыныстандырумен қатар жүргізілетін жүректің тура емес массажы.

3. Электрлік дефибрилляция.

КҚБ кезінде, ЭКГ-ға түсірудің қажеттігіне қарамай, жансақтау шараларды қолма-қол тез бастау қажет. Шұғыл емдік шаралардың тиімділігі уақыт пен техникалық сауаттылығына тікелей байланысты екенін ұмытпаған жөн. Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмекті кез-келген қасында тұрған адам жасай беруі тиіс. Осындай кездегі өте қажетті шаралардың реттілігі «АВС» ережесі түрінде кеңінен белгілі:

1. Aire way open (открыть воздуху дорогу – ауаға жол ашу) – тыныс жолдары өткізгіштігін қалыптастыру;

2. Breath bor vinetim (дыхание для жертвы – ессіз адам үшін тыныстану) -өкпенің желденуін қалыптастыру;

3. Circulation on his blood (циркуляция крови – қанның айналуы) – қанайналымын қалыптастыру.

Наши рекомендации