Контурасы айқын бірен-саран қараюлар 5 страница

* Тербөртпе

* Гемангиома

* Күлдіреуік

* Телеангиоэктазия

*Уытты эритема

#561

*!Жаңа туылған нәрестеде өмірінің 4 сағатында төбе және шүйде сүйектері аумағындағы жұмсақ тіндерде жұмсақ эластикалық консистенциялы жайылған ісік анықталды.

Төменде көрсетілген болжамалы диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды?

*Босану кезіндегі ісік

* Кефалогематома

* Бас сүйегінің сынығы

* Төбе сүйегі аумағының жаншылуы

* Бастың шашты бөлігінің флегмонасы

#562

*!Нәресте жүктіліктің 43-ші аптасында туылды.Туылғандағы салмағы 4200,0 гр., бойы 54см.

Аталған белгілердің қайсысы мерзімінен асып туылған нәрестеге АНАҒҰРЛЫМ тән?

* Айқын лануго

* Бас сүйегінің жұмсақтығы

* Қызғылт, барқыттай тегіс тері

*Алақан мен табан терісінің мацерациясы

* Жақсы дамыған тері асты май қабаты

#563

*!Жергілікті дәрігерге 2 апталық нәрестенің анасы нәрестенің сүт бездерінің қатаюы мен жыныс жолдарынан бөлінділерге шағымданды Қарағанда нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық,қызуы қалыпты,салмақ қосып жатыр.

Төменде келтірілген болжамалы диагноздың қайсысы ЕҢ ықтималды?

*Жыныстық криз

* Екі жақты мастит

* Десквамативті вульвовагинит

* Физиологиялық мастопатия

* Этиологиясы анықталмаған вульвовагинит

#564

*!Мерзімі жетіп туылған нәресте дене салмағы 3500,0 гр., бойы 52см., Апгар бағанасы бойынша 8-9 баллмен туылды.Емшекті бірден емді, тек ана сүтімен тамақтанады.3 тәулікте перзентханадан шығарылды. Өмірінің 2 аптасында мойында, іштің төменгі, кеуденің жоғарғы бөлігінде диаметрі 1-2мм болатын майда қызыл дақтар пайда болды. Жалпы жағдайы өзгермеген, дене қызуы қалыпты.

Төменде көрсетілген факторлардың қайсысы жаңа туылған нәрестедегі тербөртпенің ЕҢ ықтималды себебі болып табылады?

* Артық тамақтандыру

* Инфекция

* Тоңу

*Жеткіліксіз күтім

* Босану кезіндегі терінің зақымдануы

#565

*!Төменде көрсетілгендердің қайсысы нәрестедегі бейімделу процесі бұзылысының ЕҢ негізгі себебі болып табылады?

* Капиллярлардың кеңеюі және қанағу серпімділігінің төмендеуі

* Кіндік тамырларының тарылып, ары қарай облитерацияға ұшырауы

*Туылғаннан кейін өкпе артериолдарының тұрақты тарылуы

* Артериалдық гипертензия

* Тахикардия

#566

*!Жаңа туылған нәресте тексеру барысында қатты дыбыс естігенде құшағын ашып, содан соң қолдарын қайтадан бастапқы жағдайға акеледі .

Бұл рефлекс қалай аталады?

* Робинсон

* Ұстау

* Бабкин

*Моро

* Бабинский

#567

*!Нәрестені асқазан түтікшесі арқылы тамақтандыру көрсетілген қандай ЕҢ маңызды қауіп-қатердің алдын алады?

*Аспирацияның

* Гипотрофияның

* Дегидратацияның

* Дисбактериоздың

* Ішек моторикасы бұзылысының

#568

*!Нәрестедегі аэрофагияны болдырмау жолы

* спазмолитиктер тағайындау

* баланы үзіліспен емізу

* емізген кезде баланы тік ұстау

* емізгеннен кейін баланы жатқызу

*емізгеннен кейін баланы тік ұстау

#569

*!Нәресте 2-ші жүктіліктен,1мерзімінен бұрын босанудан,Апгар бағанасы бойынша 6-7 баллмен жүктіліктің 34 аптасында туылды. Туылғандағы салмағы 2230,0 гр., бойы-43 см. Анамнезінен: жүктіліктің 1-жартысында токсикоз, екінші жартысында созылмалы пиелонефриттің өршуі байқалған.

Төменде келтірілгендердің қайсысы шала туылған нәрестенің өмір сүріп кету мүмкіндігін анықтайтын ЕҢ негізгі фактор болып табылады?

*Гестация мерзімі

* Жаңа туылған нәрестенің салмағы мен бойы

* Жүктіліктің және босанудың қолайсыз ағымы

* Туылу кезіндегі шала туылған нәрестенің жағдайының ауырлығы

* Жоғарғы дәрежелі перинаталдық қауіп-қатер тобынан болу

#570

*!Нәресте 10-шы жүктіліктен,5-ші мерзімінен бұрын босанудан жүктіліктің 28-29 аптасында туылды, салмағы 1420,0 гр., бойы-38 см.Анамнезінде: 5 аборт болған,анасы 42 жаста, үй шаруасындағы әйел, медициналық мекемесі жоқ ауылды жерде тұрады.

Аталған факторлардың қайсысы шала тууылудың ЕҢ ықтималды себебі болып табылады?

* Анасының білімі

*Көптеген аборттар

* Қоршаған ортаның әсері

* Анасының жасының 40-тан асқандығы

* Аумақтық медициналық қызмет көрсету деңгейі

#571

*!Нәресте 2-ші жүктіліктен, 1-ші мерзімінен бұрын босанудан,жүктіліктің 28 аптасында туылды,туылғандағы салмағы 1020,0гр.,бойы-37 см. Туылғаннан кейін нәрестеде гипотермия байқалды.

Төменде көрсетілгендердің қайсысы шала туылған нәрестедегі гипотремияның ЕҢ ықтималды себебі болып табылады?

* Дененің үлкен аумағы

* Туылғандағы төмен салмақ

* Қоршаған ортаның микроклиматы

*Термореттеу орталығының жетілмеуі

* Тері асты май қабатының жұқа болуы

#572

*!Нәресте 2-ші жүктіліктен,1мерзімінен бұрын босанудан,Апгар бағанасы бойынша 1-3 баллмен жүктіліктің 34 аптасында туылды. Туылғандағы салмағы 2350,0 гр., бойы-44 см.

Екпінді терапия жүргізілуде, нәресте ұзақ уақытқа парентералды тамақтануға көшірілген.

Көрсетілгендердің қайсысы шала туылған нәрестені ұзақ уақыт парентеральды тамақтандырудан болатын асқынудың ЕҢ ықтималды себебі болып табылады?
* Ішектің шырышты қабатының атрофиясының дамуы
* Гипотрофияның дамуы
*Инфицирлену даму қаупі
* Сору және жұту рефлекстерінің төмендеуі

* Ішекте қалыпты бифидум флораның қоныстануының ұзаруы

#573

*!Шала туылған нәресте жүктіліктің 28 аптасында, 1150,0гр. салмақпен, бойы 37cм.,тыныс алу бұзылысы синдромы және ОЖЖ-ң гипоксия белгілерімен туылды.

Өте төмен салмақпен шала туылған нәрестелерді тамақтандыру кезінде көрсетілгендердің қайсысы ЕҢ мүмкін мәселе болып табылады?
*Жиі апноэ

* Жиі аспирация
* Гипогалактия даму қаупі
* Емшек сүтінің жоғары калоражы

* Сүттің калоражын күнделікті есептеу қажеттілігі

#574

*!Шала туылған нәресте жүктіліктің 27 аптасында, 940,0гр. салмақпен, бойы 35cм. болып туылды.

Шала туылған нәрестені тамақтандыруда туындайтын ЕҢ ықтималды қиыншылықтар қандай?
* Ұзақ ұйықтау
* Ішек перистальтикасының төмендігі
* Липаза ферментінің белсенділігінің төмендігі

*Сору және жұту рефлекстерінің төмендігі

* Асқазан көлемінің кішілігі және тамақтың шығу уақытының ұзақтығы

#575

*!Шала туылған нәрестеде тыныс алу бұзылыс синдромының дамуында аталғандардың қайсысы ЕҢ мүмкін бейімдеуші фактор болып табылады?

*Гестация мерзімінің 34 аптадан төмен болуы

* Құрсақішілік инфекциялар

* Перинатальдық гипоксия

* Өкпенің туа біткен ақаулары

* Анасының экстрагенитальді патологиясының болуы

#576

*!Көрсетілгендердің қайсысы шала туылған нәрестелердің сұйықтық жоғалтуының ЕҢ ықтималды себебі болып табылады?

*Кувез жағдайында ұзақ уақыт болуы

* Емгеннен кейін аузынан артық сүттің шығуы

* Фототерапия

* Гипогалактия

* Гипотермия

#577

*!Шала туылған нәрестеге асқазан ішек жолдары жағынан қандай физиологиялық ерекшелік АНАҒҰРЛЫМ тән?

*Ішек перистальтикасының төмендігі

* Биш май түйіндерінің болмауы

* Сілекейде лизоцимнің аз болуы

* Қысқа, кең өңеш

* Асқазан көлемінің кіші болуы

#578

*!Шала туылған нәрестеге тыныс алу ағзалары жағынан қандай физиологиялық ерекшелік АНАҒҰРЛЫМ тән?

* Диафрагманың жоғары орналасуы

* Жоғарғы тыныс жолдары тар

* Кеуде қуысы жұмсақ

* Тыныс алу ритмі тұрақсыз, жиі апноэмен

*Альвеолаларда сурфактанттың мөлшері аз

#579

*!Шала туылған нәрестеге жүрек-қан тамыр жүйесі жағынан қандай физиологиялық ерекшелік АНАҒҰРЛЫМ тән?

* Артериалды қысымның төмен болуы

* Тамыр соғысы ритмі эмбриокардия типті

* Алғашқы сағаттардағы метаболикалық ацидоз

*Жиі тұрақсыз, әлсіз пульс

* Фетальді коммуникация қызмет жасауына байланысты шуылдың болуы

#580

*!Шала туылған нәрестеге орталық жүйке жүйесі жағынан қандай физиологиялық ерекшелік АНАҒҰРЛЫМ тән?

* Бұлшықет гипотониясы

*Терморегуляцияның толық жетілмеуі

* Тітіркендіргіштерге әлсіз жауап беруі

* Сору рефлексінің әлсіз болуы

* Қозғалысы ретсіз,шошыну, колының дірілдеуі, табан клонусы

#581

*!Шала туылған нәрестенің постнаталды күтімін ұйымдастырудағы ЕҢ маңызды принцип қандай?

* Күтуде қолайлы жағдай орнату

*Инфекцяның алдын-алу

* Дисбактериоздың алдын-алу

* Емшекпен емізу

* Иммунокоррекция

#582

*!Көрсетілгендердің қайсысы ұрықта ҚІДК дамуының ЕҢ ықтималды себебі болып табылады?

* Анасының зиянды әдеттері

* Ананың жасының 40-тан асуы

* Қолайсыз әлеуметтік жағдай

* Бала жолдасы мен кіндіктің даму ақаулары

*Созылмалы фетоплацентарлық жетіспеушілік

#583

*!Жаңа туылған нәрестеде өмірінің 8 күнінде бөксе, жамбас терісінде диаметрі 1-3 мм болатын іші іріңді ұсақ күлдіреулер пайда болды. Жағдайы қалыпты.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

* Пемфигус

*Везикулопустулез

* Фигнердің псевдофурункулезі

* Риттердің эксфолиативті дерматиті

* Туа біткен буллезді эпидермолиз

#584

*!Жаңа туылған нәрестенің басының шашты бөлігінде, арқасында диаметрі 1,0 см болатын қып қызыл түсті тері асты түйіндері пайда болды. Нәрестенің жалпы жағдайы нашарлаған, дене температурасы 380 С.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

* Нәрестенің некротикалық флегмонасы

*Фигнер псевдофурункулезі

* Везикулопустулез

* Адипонекроз

* Пемфигус

#585

*!Жаңа туылған нәрестеде қан алмастыру операциясынан соң 2 күннен кейін кіндік сақинасында қызару және инфильтрация пайда болды, кіндік тамырлары пальпацияланады. Кіндік жарасынан аздаған серозды-іріңді бөлінулер бөлінеді.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

* Суланған кіндік

* Кіндік жыланкөзі

* Кіндік фунгусы

*Іріңді омфалит

* Кіндіктің гангренасы

#586

*!Нәресте 1жүктіліктен,1 мерзіміндегі босанудан. Жүктіліктің үшінші триместрінде созылмалы пиелонефриттің өршуі байқалған. Босану ұрық маңы суының босануға дейінгі кетуімен асқынды.Жаңа туылған нәрестеде өмірінің 3-ші күнінде терінің табиғи қыртыстарында, бастың шашты бөлігінде іріңді бөртпелер пайда болды. Нәрестенің жалпы жағдайы бұзылмаған.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

* Тербөртпе

* Пемфигус

* Псевдофурункулёз

*Везикулопустуллез

* Токсикалық эритема

#587

*!Жаңа туылған нәрестенің өмірінің 5-ші күнінде терісінде ұсақ іріңді көпіршіктер пайда болды. Терісі аздап қызарған. Дене температурасы қалыпты, емшекті белсенді сорады, құспайды. Жалпы жағдайы дұрыс.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

* Риттердің эксфолиативті дерматиті

*Везикулопустулез

* Фигнер псевдофурункуллезі

* Пемфигус

* Тербөртпе

#588

*!Нәресте 4-ші жүктіліктен,1 мерзіміндегі босанудан, қанағаттанарлық жағдайда туылған. Жүктіліктің 2-ші триместрінде анасы пневмониямен ауырған. Жаңа туылған нәрестенің өмірінің 4-ші тәулігінде арқасының төменгі үштен бір бөлігінің терісінде қошқыл көкшіл түсті қызару, ісік пайда болды және уланудың жалпы белгілері: мазасыздық, әлсіздік, байқалды, ембейді, қызуы 38,7 0С дейін жоғарылады.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

* Күлдіреуік

* Адипонекроз

* Фигнер псевдофурункулёзі

* Риттердің эксфолиативті дерматиті

*Нәрестенің некротикалық флегмонасы

#589

*!Жаңа туылған нәрестеде өмірінің 6-шы күнінде табиғи қатпарлардың терісінде ұсақ эрозияларға айналған айқын қызарулар пайда болды. Нәрестенің жалпы жағдайы өзгермеген,қызуы қалыпты.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

* Риттердің эксфолиативті дерматиті

* Везикулопустулез

* Тербөртпе

* Пемфигус

*Баздану

#590

*!Жаңа туылған нәрестеге 12 күн. Перзентханадан 5-ші күні кіндік қалдығы түскен соң шығарылған, шыққаннан кейін кіндік жарасы суланады,кіндік сақинасында аздаған қызару, жеңіл инфильтрация бар. Кіндік жарасынан аздаған қанды бөліністер бөлінеді. Киімі кіндігіне жабысады. Жалпы жағдайы бұзылмаған, белсенді емеді. Дене қызуы қалыпты.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

* Урахус

* Сулы кіндік

* Амниотикалық кіндік

*Серозды омфалит

* Кіндік жыланкөзі

#591

*!Нәресте қанағаттанарлық жағдайда туылды, ана омырауын емеді, анасы жүктілік кезінде толықтай тексеруден өткен, ешқандай патология анықталмаған. Туылғаннан кейін 3 тәулікте перзентхандан шығарылған. 5тәулікте нәрестенің денесінде көлемі асбұршақтай өздігінен жарылып, қайтадан пайда болатын көпіршіктер пайда болды.Нәрестенің жағдайы бұзылған,жалпы улану белгілері байқалады.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*Нәрестелер пемфигусы

* Риттердің эксфолиативті дерматиті

* Везикулопустулез

* Туа біткен мерез

* Псевдофурункулез

#592

*!Жаңа туылған нәресте перзентханадан қанағаттанарлық жағдайда 3 тәулікте үйіне шығарылған. 7 тәулікте кіндік маңы терісінде ұсақ көпіршікті бөртпелер пайда болған. Ары қарай олардың көлемі асбұршақтай болып бүкіл денеге таралды, құрамында ірің бар, беті эрозиялы. Температурасы субфебрилді, әлсіз, сору рефлексі төмен.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

* Везикулопустулез

* Псевдофурункулез

* Тілме қабыну

*Нәрестелер пемфигусы

* Риттердің эксфолиативті дерматиті

#593

*!Мерзіміне жетіп туылған нәресте қанағаттанарлық жағдайда туылып, 3 тәулікте перзентханадан шығарылған.10 тәулікте сүт бездері ұлғайып, оның маңындағы тері жабындысы қызарған, іріңді бөлінулер бөлінеді. Дене қызуыы 38,6 0. Әлсіз, сору рефлексі нашарлаған.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

* Склерема

* Склередема

* Некротикалық флегмона

*Нәресте маститі

* Физиологиялық мастопатия

#594

*!Төменде көрсетілгендердің қайсысы флегманозды омфалитке ЕҢ тән болып табылады?

* Кіндік жарасынан серозды бөлінділер

*Кіндік жарасынан іріңді бөлінділер

* Кіндік жарасының эпителизациясының баяу жүруі

* Кіндік жарасының түбінде грануляцияның өсуі

* Нәресте мазасыздығында ұлғаятын дөңгелек пішінді дөмпулер

#595

*!Жаңа туылған нәресте, жасы 14 күндік, сору рефлексі біршама төмендеген, дене температурасы бір қалыпты. Терісі қызарған, түлеген, басының шашты бөлігінде, табиғи қатпарларында,аяқ-қол терісінде үлкендігі ине басынан асбұршаққа дейін баратын іріңді айқын көрінбейтін қабынған тәжді көпіршікті бөртпелер бар.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

* Пемфигус

*Везикулопустулез

* Риттердің эксфолиативті дерматиті

* Фигнер псевдофурункулезі

* Туа біткен буллезді эпидермолиз

#596

*!Көрсетілген патогендердің қайсысы омфалиттің ЕҢ ықтималды этиологиялық факторы болып табылады?

* Грамм оң флора

*Грамм теріс флора

* Шартты-патогенді флора

* Ассосацияланған флора

* Саңырауқұлақтар

#597

*!Жаңа туылған нәресте, жасы 8 күндік, III жүктіліктен, II босанудан, операциялық жолмен туылған, туылғандағы салмағы 2850,0гр, бойы 50 см. Өмірінің 7-ші күнінде кіндік жарасынан ірің бөліне бастады. Нәресте әлсіз, ему рефлексі төмендеген. Тері жамылғысы сұрғылт түсті, жалпы скелерема. Демікпесі бар, өкпені тыңдағанда әлсіз дыбыс. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия.

Қан көрсеткіштерінің қандай өзгерістері берілген патологияға ЕҢ тән болып табылады?

* Лейкопения, тромбоцитопения, таяқша ядролы солға қарай ығысу, ЭТЖ-6мм/сағ

* Лейкопения, тромбоцитопения, 10% бласты клеткалар, ЭТЖ-15мм/сағ

*Анемия,лейкоцитоз,нейтрофилёз,лимфопения, ЭТЖ-15мм/сағ

* Лейкопения, нейтрофилёз,эозинофилия, ЭТЖ-2 мм/сағ

* Анемия, лейкоцитоз, тромбоцитоз, ЭТЖ -1 мм/сағ

#598

*!Келтірілген тексеру әдістердің қайсысы сепсис диагнозын дәлелдеу үшін ЕҢ негізгі болып табылады?

* Коагулограмма

*Инфекция ошағын анықтау

* Қанның биохимиялық талдауы

* Бактериологиялық зерттеулер

* Қан мен зәрдің жалпы клиникалық талдаулары

#599

*!6 күндік шала туылған нәресте әлсіз, емшектен бас тартады,құсады. Өмірінің 5 күніне қарай дене салмағының 18%-н жоғалтты. Терісі бозғылт-сұр түсті, менингоэнцефалит белгілері бар. Өкпесінде ылғалды сырылдар естіледі. Іші кебіңкі, гепатолиенальды синдром, омфалит белгілері бар. Қанында лейкоцитоз, солға қарай ығысқан нейтрофиллез анықталды.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

* Туа біткен токсоплазмоз

* Туа біткен микоплазмоз

*Құрсақішілік сепсис

* Туа біткен листериоз

* Туа біткен мерез

#600

*!Жаңа туылған нәрестелер сепсисінде аталған көрсеткіштердің қайсысының жоғарлауы ЕҢ ықтималды болып табылады?

* Лейкопения мен лимфоцитоз

* Нейтрофилезді лейкоцитоз

*С-реактивті белоктың жоғарылауы

* Бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарлауы

* Нейтрофилдердің жас түрлері санының артуы

#601

*!Сепсис дамуында ЕҢ ықтималды себеп қайсысы?

*Гистологиялық зерттеудегі плацентит

* 18 сағаттан аса ұзақ сусыз кезең

* Урогенитальды инфекцияның болуы

* Перинатальды инфекциялардың болуы

* Үйреншікті мерзімінен бұрын босану

#602

*!Нәрестелер сепсисінің қай түрі ЕҢ жиі нәрестелер өліміне алып келеді?

* Ерте сепсис

* Кеш сепсис

* Септицемия

* Септикопиемия

*Септикалық шок

#603

*!Келтірілген клиникалық критерийлердің қайсысы жаңа туылған нәрестедегі жүйелі қабыну жауабы синдромына ЕҢ тән болып табылады?

*Температуралық гомоестаздың бұзылысы

* Тыныс алу жетіспеушілігі

* Коммуникабелдікті жоғалтуы

* Әлсіз сору рефлексі

* Терінің бозғылттығы және сарғыштығы

#604

*!Нәресте Апгар бағанасы бойынша 5-7 балмен туылды.III босану, 35 аптада,жүктілік кольпит және созылмалы пиелонефрит өршуі фонында өткен. Туылғандағы салмағы 2000,0гр.,бойы-44см. Жасы-12 күн. Туылғаннан бастап демікпесі, бұлшықет гипотониясы, құсу байқалады. Салмақты нашар қосқан.Терісі сары-сұрғылт түсті, ісінген. Аяғында склеремасы бар.Өкпесінде тынысы әлсіз, сырылдар жоқ, жауырын бұрышынан төмен перкуторлы дыбыс қысқарған. Жүрек тондары тұйықталған. Кіндік жарасы суланады, іріңді бөліністер бар.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

* Іріңді омфалит

* Катаралды омфалит

* Құрсақішілік пневмония

* Ерте сепсис,септицемия

*Кеш сепсис,септикопиемия

#605

*!Сепсисте антибактериалды терапияның негізі

*қоздырғыш анықталғаннан кейін антибиотикотерапияны коррекциялау

* синергизмге қабілетті препараттардың комбинациясын алу

* антогонизмге қабілетті препараттардың комбинациясын алу

* парентералды жолмен енгізу

* энтералды жолмен енгізу

#606

*!Нәрестелер сепсисінде токсикозбен күрестегі негізгі әдіс

* гемосорбция

*плазмаферез

* инфузионды терапия

* антибиотикотерапия

* антигеморрагиялық терапия

#607

*!Нәрестелер сепсисінде антибактериалды терапияны тоқтатудағы негізгі критерий

* жалпы жағдайының жақсаруы

* ішек биоценозының қалыпқа келуі

* жаңа метастатикалық ошақтардың болмауы

* жүйелі қабыну реакциясы синдромының тоқтауы

*гемограмма көрсеткіштерінің жақсаруы және алғашқы ошақтың тазалануы

#608

*!Нәрестелер сепсисіне төменде көрсетілген қандай лабораторлық көрсеткіш АНАҒҰРЛЫМ тән?

* Анемия

*Қаннан қоздырғышты себу

* Нейтрофилезбен лейкоцитоз

* Бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарлауы

* Альбуминдердің деңгейінің төмендеуімен гипопротеинемия

#609

*!Жаңа туылған нәрестелер асқазан-ішек жолдарының анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты қандай ауруларға АСА бейім болып келеді?

* Гиперацидті гастритке

* Жедел аппендицитке

* Жедел холециститке

*Инвагинацияға

* Жергілікті перитонитке

#610

*!Төменде көрсетілгендердің қайсысы нәрестенің алғашқы тыныс алуының ЕҢ маңызды физиологиялық механизімі болып табылады?

* Қандағы О2 жоғары концентрациясының тыныс алу орталығын тітіркендіруі

*Қандағы көмірқышқыл газының концентрациясының артуы

* Қандағы көмірқышқыл газының концентрациясының азаюы

* Диафрагманың спонтанды жиырылуы

* Шунттардың жабылуы

Наши рекомендации