Ана сүтінің биологиялық және химиялық қасиеттері.
Ртүрлі жастағы балаларды тамақтандыру ерекшеліктері
v Тек қана емшекпен тамақтандыру – емшек сүтімен емшекті емізіп тамақтандырумен қатар анасының сауылған сүтін алғашқы 4-6 ай бойына беру
v Көбіне емшекпен тамақтандыру – жоғарыдағы сияқты,оған қоса аздап су немесе басқа сусындар беру.
v Толық емшекпен тамақтандыру – тек қана және көбіне емшекпен тамақтандыру ұғымдарын қамтиды.
v Толық емес қосымшаланған емшекпен тамақтандыру – емшекпен тамақтандырумен қатар жасанды сүт қоспаларын, немесе 4-6 айдан бастап 30г артық қою қосымша тағамдар беру.
v Шыныдан тамақтандыру – жасанды тамақтандырудың баламасы, тамақтандыру тәсіліне байланысты шыныдан кез келген тағамдық қоспалармен тамақтандыру.
Бір жастан асқан балалардың тамақтануы
Бір жастан асқаннан кейін балалардың асқазан ішек жолдарының асты қорыту қабілеті жоғарылап өсе бастайды, дәмді сезу қабілеттері біртіндеп жіктеледі. Шайнау аппараттарының жіктеліп жетілуі ас – мәзірінде ұқыпты шайнауды қажет ететін қатты тағамдар енгізуге мүмкіндік береді.
Тамақтандыру кезіндегі сақталуы тиіс ережелер:
1.Барлық тағамдарды біртіндеп және белгіленген мөлшерде беру керек. Бастапқы кезде өте аз мөлшерде бөлшектеп, содан кейін үлкенірек бөлшектен, біртіндеп, әдеттегі дайындалған қарапайым тамақ беріледі;
2.Әрбір жаңадан берілетін тағамды анасы жүргізуі қажет. Бұл талап, әсіресе баланы басқа адам тамақтандыратын болса, өте маңызды.
3.Бір күнде тек бірғана жаңа тамақ қосу дұрыс
4.Балаға тамақты өзіне арналған үйреншікті ыдысынан берген жөн
5.АС мәзірінде жаңа тағамдар қосқанда қолайлы жағдайларды таңдау қажет. Баланың тісі шығып келе жатқанда, жаңа тамақ енгізуге болмайды. Яғни, жаңа тамақ тек қана дені сау балаға жаңадан беріле басталуы керек
6.Ас мәзіне өзгеріс, бала азды көпті болса да өзін аш сезініп тұрғанда енгізілуі қажет
7.Тамақтану ережесіне өзгеріс енгізгенде баланың даму ырғағын есепке алып отыру керек. Бірақ, бұл өзгерісті енгізуге кеш қалуға да болмайды, себебі, жасы өскен сайын ол өзгерістерді енгізу қиындай түседі.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тамақтануы
Мектепке дейінгі жастағы балалардың физикалық және нервтік – психикалық дамуының ең оңтайлы көрсеткіштері, оның күнделікті рационындағы 1 кг дене салмағынаесептелген белок, май, көмірсулардың қатынасы 1:1:4 құраған кезде байқалады.
Мектепке дейінгі балалардың тамақтануында сүт маңызды орынды алады. Тәуліктік рациондағы сүттің көлемі 500 г құрайды. Оған минералдық заттардың, толыққанды белоктың, ауыстырылмайтын аминқышқылдары көзі болып табылатын сүт қышқылды өнімдерін қосады. Белок көзі сиыр еті, тауық еті, қоян еттері, майлы қаз және үйрек еті, балаларға арналған ет консервілері жатады. Күндізгі рационға нанның әртүрлі сорттары және бөлкенандар өнімдері (кептірілген нандар, тоғаштар) кіреді. Қара нан дәрумендердің В тобына бай. Кондитерлік тағамдар мектеп жасына дейінгі балаларға зефир, қақ, қайнатпалар, повидло, жидектен жасалған тәттілер, карамелдер ұсынылады. Қант орнына жиі бал тағайындалады. Күріш, манная, қарақұмық жармалары тағайындалады. 5-7 жастан бастап ас мәзіріне бидай және сұлы қосылады. Табиғи және консервіленген шырындар, морс, сусындар, компоттар, жаңа жеміс – жидектер қолданылады. Тамақтану арасындағы үзіліс 3,5-4 сағат болуы керек.
Ана сүтінің биологиялық және химиялық қасиеттері.
Ана сүтінің құрамы жануарлар сүтінен белок, май, көмірсулар, минералды түздар және судың мөлшеріне, қарым-қатынасына байланысты өзгеше болады.Ана сүтінің құрамында көптеген белоктар кіреді, соның ішінде 18 белок қан сарысуының белоктарына сәйкес болып келеді.Ана сүтінің құрамындағы энергияның 47 пайызын май құрайды.Майдың баланың өсіп жетілуінде атқарар маңызы зор.Сонымен қатар ана сүтінің құрамында бифидобактериялардың өсуін стимулдайтын олигомен қантының маңызы бар. Ол бифидусфактор деп аталады.Ана сүтінің қ Ана сүтінің құрамындағы витаминдер жыл кезеңіне және бала емізетін ананың тағамының витаминдік құндылығына байланысты. Ана сүтінде, сиыр сүтімен салыстырғанда, майда еритін витаминдер (А, Д, Е) айтарлықтай көп болады.
Ана сүтіндегі Д витаминінің мөлшерінен активтілігі айтарлықтай артық екені белгілі болып отыр, өйткені ана сүтінің құрамында Д витаминінің активті метаболиттер бар. Олардың активтігі таза, Д3витаминіне (холекальциферол) қарағанда, 100-10000 есе артық болып келеді. Солай бола тұрсада, сиыр сүтінде ана сүтімен салыстырғанда, тиамин – 2 есе, рибофлавин – 3 есе, пантотен қышқылы – 3-4 есе, биотин – 5-6 есе, В12витамині – 10-11 есе артық болады. Дегенмен, сиыр сүтін қайнатып пісіргенде, сүт қоспаларын дайындау үшін, сұйылтқанда витаминдер мөлшері күрт азаяды, сондықтан, бұны жасанды сүт қоспаларымен тамақтандырғанда ескеріп отыру керек (сүт қоспаларын витаминдермен толықтыру, жеміс-жидек шырындарын немесе үгінділерін ерте беру).