Крму 200 каз 05_01_овп_каз 2 страница

Қандай дерт туралы ойлау кажет?

А) ЖИА. Стенокардия

В) остеохондроз

С) қабырғааралық невралгия

+D) спонтанды пневмоторакс

Е) плеврит.

$$$040

М., атты 40 ж.астағы науқас, төс артындағы кенеттен пайда болған, мойынына берілетін, тыныс алғанда күшейетін ауру сезіміне шағымданып бөлімше дәрігерін үйге шақырды. Ауру сезімі кеше кешкісін пайда болып, бір-бірте күшейіп таңға қарай қатты мазалады. Бір жеті бұрын тұмаумен ауырған. Жөтел жоқ.Жалпы жағдайы қанағаттандырарлық.Өкпеде сырыл жоқ.Жүрек тондары әлсіреген, перикард үйкелісі шуы естіледі. Қ/Қ -140/85 мм.сын.бағ.ЖСС-80рет минутына. ЭКГ-де өзгеріс жоқ..Дәрігердің әрекеті:

+А) ауруханаға жатқызу

В) плевраны пункциялау

С) антибиотиктер ұсыну

D) анальгетиктер жіберу

Е) нитраттар беру.

$$$041

48 жастағы науқас ер адам күш түскенде ентігуге, төс артындағы ауырсынуға, қан қысымының көтерілуіне шағым айтады.Ауырсыну нитроглицеринмен әрең басылады.Жүрек ақауымен, АГ көп жылдар бойы ауырады.Ретсіз емделген.Осы шағымдар 2 ай бойы қинайды.

Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Қ/қ-200/100 мм.сын.бағ.ЖСС-100рет минутына. Жүрек тондары әлсіреген.II қабырға аралығында диастолоалық шу естіледі. Бауыры 2см өскен. Экг-де ST тізшесі изолиниядан жоғары орналасқан.Вассерман реакциясы оң мәнді.Аяқтарында ісік бар.

Қандай ем нәтижелі?

A) аспирин

B) верапамил

C) нитроглицерин

+D) нейролептоанальгезия

E) конкор

$$$042

52 жастағы науқас амбулаторияға жүректің шалыс соғуына шағым айтып келді.ЭКГ-де синустық ритммен бірге кезектен тыс жиі қайталанатын қалыпты QRS комплексінің алдында деформацияланған Р тізшесінің болуы,РQаралығының қысқарып, толық емес компенсаторлық пауза байқалады. Науқаста ритмнің қандай бұзылысы бар?

A) cинустық аритмия

B) П дәр. атриовентрикулярлы блокада

+С) Жүрекшелік экстрасистолия

D) қарыншалық экстрасистолия

E) жыбыр аритмиясы

$$$043

Науқас 40 жаста, митральды қақпақшаның ревматизмдік стенозы мен жеткіліксіздігі бар. Жүрек соғуы ырғағының бұзылысы сезіміне шағымданады. ЭКГ – Р тісшісі жоқ, f толқындары, RR арақашықтығы әр түрлі. ЖСЖ – минутына 100. Қандай препаратты ұсыну қажет?

А) Нифедипин

+В) Изоптин

С) Лидокаин

D) АТФ

E) Конкор

$$$044

28 жастағы науқас аз ғана күш түскенде ентігу;жүректің жиі соғуына, жүрек тұсындағы ауырсынуға шағым айтады. Көп жылдар бойы жүрек ақауымен диспансерлі есепте тұр. Мезгіл сайын стационарда ем алады. Жағдайының нашарлауына 2ай болған. Үйде нитроглицерин ішеді.

Аускультацияда: сол жақ II-ші қабырға аралығында тұрақты систоло-диастолалаық шуылы естіледі. ЭКГ – сол жақ қарыншаға күш түсу белгілері. Рентгенологиялық зерттеуде: өкпе суретінің күшеюі, өкпе артериясы доғасының айқындылығы, өрлемелі қолқаның пульсациясы, сол жақ жүрекше мен қарыншаның ұлғаюы. Науқаста қандай жүрек ақауы бар?

А) қолқа коарктациясы

В) Эбштейн аномалиясы

С) Лютембаше синдромы

+D) Артериалық өзектің бітелмеуі

E) өкпе артериясының стенозы

$$$045

30 жастағы науқас әйел осыдан екі ай бұрын ревматикалық генезді митральды клапанның стенозына операция жасатқан. Қазіргі кезде шағымдары жоқ. Өкпе, жүрек, іш қуысы ағзаларын тексергенде өзгеріс жоқ. Стенозды болдырмаудың алдын-алу шаралары қандай?

А) ацетилсалицил қышқылен ұсыну

В) тонзиллэктомия

С) маусымдық бициллин ұсыну

+D) жыл бойы экстенциллин-безоанат

Е) клопидогрел

$$$046

14 - жастағы науқас, тізе, ірі буындарындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 39°С дейін жоғарылауына, жүректің соғуына, денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. Екі апта бұрын баспамен ауырған. Об-ті: іштің алдыңғы бетінде – сақина тәрізді эритема. Буындардың пішіні бұзылған, қолмен ұстағанда ыстық, қозғалтқанда қатты ауырады. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары естілмейді, брадикардия. ЖСЖ минутына - 52 рет. Қанда: эр-4,2 млн. Нв-140 г/л, лейкоциттер -15 мың. ЭТЖ-40 мм/сағ. Диагноз: Жедел ревматикалық қызба: кардит, ҚАЖ 1сат; полиартрит, сақина тәрізді эритема. Қажетті емдеу бағдарламасын таңдаңыз:

A) стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

В) Жүрек гликозидтері

С) макролидтер

+D) преднизолон

E) милдронат

$$$047

45 жастағы науқас әйелде саусақтарының некрозы бар Рейно синдромы байқалады. Тағам қабылдағанда жұтынуы бұзылған. Сыртұы қарағанда: қолының саусақтарының бүгілуі қиындаған, саусақтарының басы фалангтарының лизисі салдарынан қысқарған. Өкпенің гипертензиясы белгілері бар. Сіздің диагнозыңыз

А) Бюргер тромбангииті

В) жүйелі қызыл жегі

С) ревматоидты артрит

D) түйінді периартериит

+Е) жүйелі склеродермия

$$$048

52 жастағы науқас оң қабырға астындағы ауырcынуға, күрт әлсіздікке, лоқсуға, кейде құсуға, субфебрильді дене қызуына, жиі мұрнының қанауына шағым айтады. 1 жыл бұрын сол балтыр сүйегі сынған, ұзақ уақыт емделген,сол кезде қан құйылған. Қарап тексергенде: дене қызуы 37,40С; терісі және склерасы сарғайған, тамырлық жұлдызшалар, пальмарлы эритемасы бар. Шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан 5 см шығып тұр, шеті доғалданған, консистенциясы жұмсақ-эластикалық. Билирубин 39 мкмоль/л, тікелей 11 мкмоль/л, тіке емесі 28мкмоль/л; АЛТ 2,9 мкмоль/л, АСТ 3,6 мкмоль/л. Тимол сынамасы 11 бірлік. ЭТЖ 10 мм/сағ. Лейкоциттер 9,4х109/л. Бауыр биоптатында көпір тәрізді некроз, бөліктердің және порталды жолдардың лимфоидты және макрофагальды инфильтрациясы. Қан сарысуында Hbs Аg. Сіздің клиникалық диагнозыңыз:

A) вирусты гепатит А

B) бауырдың майлы гепатозы

C) люпоидты гепатит

+D) созылмалы вирусты гепатит В

E) бауыр циррозы

$$$049

42 жастағы науқас терісінің сарғаюына, күрт әлсіздікке, жүрек айну,ке йде құсуға, оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: терісі және склерасы сарғайған, денесінде тамырлық жұлдызшалар, петехиялар бар, гепатомегалия анықталады. ЭТЖ-8 мм/сағ., билирубин 68 мкмоль/л, АСТ 4,8 ммоль/л, АЛТ 5,8 ммоль/л, холестерин 7 ммоль/л, тимол сынамасы 9 бірлік, лактатдегидрогеназа 6,52; 5-нуклеотидаза 0,56, вирусты инфекцияның белсенділігінің маркерлері, HbeAg, HBVDNA, ДНК полимераза. Емдеу үшін қандай препаратты таңдайсыз?

A) преднизолон

B) цитостатиктер

+C) интерферон

D) глюкоза ерітіндісі

E) эссенциале

$$$050

28 жастағы жігіт, соңғы 4 айда қызыл иектен және мұрыннан қан кетуге, сан аймағындағы терілік геморрагияларға шағымданады. Қарағанда: терісі және көрінетін шырышты қабықтары бозарған, сарғыштау; лимфа түйіндері ұлғаймаған, бауыр мен талақ пальпацияланбайды. Қан анализінде: Нв-72 г/л, Эр-2,1х1012/л, L-2,0х109/л, т-1%, с-40%, л-53%, м-6%,Тр-40х109/л, ЭТЖ-48 мм/с. Сіздің диагнозыңыз:

А) гемолитикалық анемия

+В) апластическая анемия

С) темір тапшылық анемия

D) В 12- тапшылық анемия

E) тромбоцитопениялық пурпура

$$$051

Нозомикальды деп осы кезде пайда болған пневмонияны айтады:

A) Бұрын емделмеген адамда

B) Пациентті госпитализациялағаннан кейін 48 бұрын

C) Жүкті әйелде жүктіліктің 20-шы аптасынан кейін

D) +Пациентті госпитализациялағаннан кейін 48 сағат кешірек

E) Үй жағдайында басқа аурудан емделген науқаста

$$$052

А. атты науқас, 58 жаста, 10-15 жыл бойына ІІ дәрежелі артериалды гипертензиямен жапа шегеді. Бір жыл бұрын алдыңғы қалқа аймағының ірі ошақты миокард инфарктын өткізді. Аталған науқастың еңбек диагнозы қандай?

A) Еңбекке жарамды, режим сақтау

B) +ІІ топ мүгедегі

C) Дене жүктемесімен байланысты емес жұмысқа ауыстыру

D) Түнгі ауысым жұмысына ауыстыру

E) І топ мүгедегі

$$$053

ІІ дәрежелі артериалды гипертензиямен науқастарға келесі еңбек түрі көрсетілген:

A) Айтарлықтай дене жүктемесімен жұмыс

B) Айтарлықтай жүйке-психикалық шиеленіспен жұмыс

C) Түнгі ауысым

D) Шуыл, вибрация

E) +Шамалы дене жүктемесімен жұмыс

$$$054

55 жастағы науқас әйел, ІІ дәрежелі артериалды гипертензиямен жапа шегеді. 12 жыл бойына АҚ 165/100 мм сын. бағ. дейін көтеріледі. Аталған науқас әйелге қолдаушы терапияның қандай схемасын қолдануға болады?

A) Нифедипинмен қысқа әсерлі монотерапияны

B) +b-блокаторлар+диуретиктер

C) АПФ ингибиторлары+диуретиктер

D) АПФ ингибиторлары+кальций антагонистері+ жүрек гликозидтері

E) Адельфанмен монотерапия

$$$055

Шылым шегуші бронхитінің жиі асқынуларымен 50 жастағы науқаста бүгін түнде өмірінде бірінші рет төс артында күйдіру ұстамасы және ұстаманың тыныс алумен байланысты емес 2-3 сағатқа созылған мойынға таралымы, күрт әлсіздік және тершеңдік пайда болды. Қандай ауруды алып тастау керек?

A) Мойын остеохондрозы

B) Спонтандық пневмоторокс

C) Өкпелік жүрек

D) +Миокард инфаркты

E) Өкпе инфаркты

$$$056

Бірінші рет пайда болған стенокардия кезіндегі дәрігер тактикасы:

A) Үйге белсенді қатынаумен амбулаторлық жағдайда емдеу және бақылау

B) Науқас емханаға 2-4 сайын қатынай отырып амбулаторлық жағдайда емдеу және бақылау

C) Жоспарлы госпитализация (амбулаторлық жағдайды алдын ала емделумен)

D) +Шұғыл госпитализация

E) Емхананың күндізгі стационар жағдайында емдеу

$$$057

62 жастағы науқас әйелді соңғы 2 жылда жүрген кезде пайда болатын, баспалдақтан түскен кезде күшейетін тізе буындарындағы, көбіне оң жағында ауырсынулар мазалайды. Қарап тексерген кезде выпот есебінен оң жақ тізе буыны көлемі біршама ұлғайған. Тізе буындарының R-графиясында, екі жағынан да бірдей айқындалған остеофитоз анықталды. Нозологиялық диагноз қойыңыз:

A) +Екіншілік синовитпен остеоартроз

B) Псориаздық артрит

C) Подагра

D) Рейтер ауруы

E) Бехтерев ауруы

$$$058

50 жастағы науқас бүкіл денесінің ісінулеріне шағымданып келді. Ауру дамуына дейін 2 жыл бұрын 5 жыл бойына оң жақ жіліншік аймағында терең жара болған. АҚ жоғарыламаған. Қан талдауында: гемоглобин 45 г/л, несеп талдауында – үлес салмағы 1015, ақуыз 10 г/л, шөгіндісінде көптеген гиалинді және түйірлі цилиндрлер. Несепнәр, креатинин қалыпты мөлшерде. Зимницкий бойынша сынама өзгермеген. Болжамды диагноз:

+А) Екіншілік бүйрек амилоидозы

В) Созылмалы гломерулонефрит

С) Созылмалы пиелонефрит

D) Жедел пиелонефрит

E) Біріншілік бүйрек амилоидозы

$$$059

48 жастағы науқасты анықталған АГ бойынша қарап тексерген кезде, несеп талдауында ақуыз 1,2 г/л, эритроциттер 10-15 көру аймағында, үлестік мөлшер 1012. Бүйрек УДЗ-да патология анықталмаған, несепнәр және креатинин – қалыпты. Анамнезінде – ерекшеліктерсіз. Болжамды диагноз:

+А) Созылмалы гломерулонефрит

В) Гипертониялық ауру

С) Созылмалы пиелонефрит

D) Подагралық нефропатия

Е) Екіншілік бүйрек амилоидозы

$$$060

Науқаста тамақ ішкеннен соң жарты сағаттан кейін, дене жүктемесі және денесі еңкейгенде пайда болатын және күшейетін жүрек аймағына таралымымен семсер тәрізді өсіндінің басында күйдіретін ауырсынулар. Алмагелмен толықтай басылмайды. Сондай-ақ ауамен кекірікату, тұншығу ұстамасы, жөтел байқалады. Барий жүзгінімен рентгенологиялық тексеру кезінде – контрасты массаның асқазаннан өңешке рефлюксі. Аталғандардың барлығы күмәндәндырады:

А) Рефлюкс-эзофагит

В) Өңеш обыры

+С) Кардия ахалазиясы

D) Бронх демікпесі

Е) Созылмалы гастрит

$$$061

44 жастағы науқас, анамнезінде бір апта бойына ішімдік пайдаланған. Соңғы қабылдаудан кейін 12 сағаттан соң – жүрегі айну, қайта-қайта, жеңілдік бермеген құсу, эпигастрийдегі дискомфорт, күрт әлсіздік. Қарап тексерген кезде – жағдайы ауыр, аузынан ішімдік иісі, есеңгіреген, өңі қуқыл тартқан. АҚ 60/20 мм сын. бағ., ЖҚЖ минутына 60. Іш пальпациясы ауырсынулы, бұлшық еттік қорғаныс жоқ, іш перде тітіркену синдромы теріс. Дәреті бір рет, оформленный. Болжамды диагнозы:

+А) Панкреонекроз

В) Экзотоксикалық шок

С) миокард инфарктының абдоминальды формасы

D) Тағамдық токсикоинфекция

Е) Алкоголь суррогаттарымен улану

.$$$062

44 жастағы науқас оң жақ қабырға астындағы, эпигастрий аймағындағы ауырсынуларға, қайта-қайта құсуларға шағымдарымен клиникаға түсті. Науқас 3 күн бойы ішімдік пайдаланған. Жалпы жағдайы ауыр, терісі бозғылт, құрғақ, дене температурасы 38,6 0 С. Тамыр соғысы минутына 110. АҚ 80/40 мм сын. бағ. Тынысы везикулярлы, төменгі бөліктерінде екі жағынан біршама босаңсыған. Тілі өңезделген, құрғақ. Іші қампайған, жұмсақ, эпигастрииде ауырсынулы. Оң Кер, Керте, Воскресенский симптомдары. Науқаста қандай ауру болуы ықтимал?

A) Жедел холецистит

B) +Жедел панкреатит

C) Жедел гастрит

D) Асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауруы

E) Бауыр циррозы

$$$063

32 жастағы әйел адам жүрек қағуына, әлсіздік, күйгелектік, тершеңдік, арықтау шағымдарымен жалпы тәжірибе дәрігеріне келді. 1 жылдан аса ауыру. Объективті: әбігер, көздері жалтылдап тұр, қол саусақтарының треморы, Ромберг кейпінде қалыпты емес. Жүрегі: тахикардия, тамыр соғысы 1 минутта 110, АҚ 150/30, 160/40 мм сын. бағ. Дәреті – іш өтуге бейім. Науқасқа төменде көрсетілген диагноздардан болжамдысын қойыңыз:

A) Нейроциркуляторлы дистония

B) +Гипертиреоз

C) Гипотиреоз

D) Феохромацитома

E) Біріншілік альдостеронизм

$$$064

Қуық үсті безінің аденомасы бар науқаста тұншығу ұстамасын басу үшін қандай препаратты беруге болмайды?

+A) Атровент

B) Астмопент

C) Дитек

D) Теофиллин

E) Сальбутамол

$$$065

Науқас,45 жаста көбінесе таңертеңгі уақытта 100 мл мөлшеріндегі шырышты-ірінді қақырықты жөтелге, 380C дейін дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Жөтел 5-6 жыл бойы мазалайды. Өкпеде әлсіреген тыныс, құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі.

Кандай диагноз болуы барынша мүмкін?

А) Созылмалы катаральді бронхит

В) Өкпе абсцессі

С) Ошақты пневмония

+D) Созылмалы ірінді бронхит

Е) Бронхоэктаз ауруы

$$$066

47 жастағы, қантты диабетпен ауыратын және пневмонияға байланысты ем алып жүрген науқас 2 аптадан кейін қайтадан қалтырап, шылқып терлеп, дене қызуы 39оС дейін жоғарылады. Тыныс алу жиілігі -32 рет минутына, пульс -108 рет минутына. Қан қысымы 110/70 мм.с.б. Қанда: лейкоциттер- 18 мың, таяқша ядролы -14%, сегмент ядролы -52%, лимфоциттер – 34%, эритроциттер тұну жылдамдығы – 48мм/сағ. Қаннан алтынды стафилококк егіліп алынды. Эхокардиографиялық зерттеуде қақпақшалар өзгермеген. Науқаста қандай асқынудың дамуы барынша мүмкін?

+А) Сепсис

B) Инфекциялық эндокардит

C) Жедел жүрек жеткіліксіздігі

D) Жедел тыныс жеткіліксіздігі

E) Жедел респираторлық дистресс-синдромы

$$$067

38 жастағы науқас қабылдау бөлімшесіне артериялық қысымның жиі кенеттен 270\130 мм.с.б. дейін көтерілуіне, интенсивті бастың ауруына, жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тершеңдікке, дене қызуының 380С дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі артериялық қысым -260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоциттер-9,2х109 /л, эозинофилдер-7%; глюкоза- 7,6 ммоль/л, несеп анализі патологиясыз. Электрокардиограммада- синусты тахикардия 100 рет мин, жүрек электрлік өсінің солға ығысуы, сол қарыншаның гипертрофиясы.

Қорытынды диагноз қою үшін қандай тексеру барынша мәліметті?

+A) Қандағы котехоламиндерді анықтау

B) Қандағы кортизолды анықтау

C) Қандағы альдестеронды анықтау

D) Қандағы электролиттерді анықтау

E) Қандағы ренинді анықтау

$$$068

48 жасар әйел стационарға түсті. Анамнезінен: соңғы 1,5 ай ішінде дене қызуының периодты түрде 38-390С дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, аздаған физикалық күш түсу кезіндегі ентігу; өз бетінше аспирин, оксациллин қабылдаған. Қарағанда: дене қызуы-38,50С, тері жабындары бозғылт, беті мен алақандарында бірен-саран петехиальды сипаттағы экзантемалар, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары ырғақты, тахикардия, төстің сол жақ қырында ІІІ-ІV қабырғааралықтарда диастолалық шу, артериялық қысым 150/30 мм.с.б., орташа гепатоспеномегалия. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ-ның аса жоғарылауы, α2 және γ- глобулиндердің, с- реактивті белоктың, сиал қышқылдарының жоғарылауы. Несеп анализінде- патологиясыз.

Қандай ауруға күдіктенуге болады?

+A) Инфекциялық эндокардит және аорта жетіспеушілігі

B) Жедел ревматикалық қызба және қос жармалы стеноз

C) Жедел ревматикалық қызба және аорта жетіспеушілігі

D) Геморрагиялық васкулит

E) Ревматикалық емес миокардит

$$$069

38 жастағы науқас стационарға артериялық қысымының жиі кенеттен 270/130 мм.с.б., дейін көтерілуіне, интенсивті бастық ауырсындына, жүоек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тертеңдікке, дене қызуының 380Сдейін көтерілуіне шағынданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бөзғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі қан қысымы 260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоцитоз, гипергликемия, адреналин және норадреналиннің жоғарылауы. Бүйрек үсті безінің компьютерлык томографиясында істік тәрізді, гипоэхогенді түзілім байқалады .

Осы жағдайда қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс?

A) Нифедипин

B) Метопролол

+C) Фентоламин

D) Клофелин

E) Каптоприл

$$$070

62 жастағы науқас кардиологиялық бөлімшіге басынық ауырсынуы және бас айналуға тағымданың түсті. Анамнезінен: 10 жыл бойына артериялық гипертензия бойынша диспансерлік есепте тұрады, екі жыл алдын миокард инфарктісін өткерген Жағдайының нашарлауы соңғы 1 айда, оны дәрлектерді тұрақты қабылдамауымен байланастырады. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, пульс минутына 86 рет, артериялық қысым 200/100 мм.с.б. , жүрек жетіснеушілігі белгінері жоқ, аяұ тамырларының облитерирлеугі атеросклерозі белгілері бпр.

Бұл жағдай қандай дәрмек дұрыс?

A) Эгилок

+B) Нормодипин

C) Конкор

D) Атенолол

E) Небилет

$$$071

51 жасар ер адам, стационарға ұзақ ауырсынуға және оң қабырға астының түйіліп тұруына шағымданып түсті. Зерттегенде: сарғыштық жоқ, Кери симптомы оң мәнді, температурасы субфибрильді, ЭТЖ – 30 мл/сағ.

Болжам диагнозы қандай?

+A) Созылмалы холецистит, өршу

B) Созылмалы панкреатит, өршу

C) Асқазан ойық жарасы, өршу

D) Созылмалы гепатит, өршу

E) Одди сфинктерінің дисфункциясы

$$$072

17 жасар жас адам, амбулаторлы тексерілуде. Дені сау жағдайда 380С-қа дейін қызба пайда болды, сол кезде терісінде және кілеген қабатында геморрагиялық бөртпелер, экхимоздар пайда болды. Бір рет «мелена» болды, сосын нәжісте Грегерсен реакциясы екі апта бойы оң мәнді болып тұрды. Қанда тромбоциттер 60х109/л. Барлық белгілер өз бетімен ізсіз өтіп кетті. Осыдан алдын баспамен ауырып, сульфаниламид дәрмектерін қабылдаған.

Қандай диагноз болуы мүмкін?

A) Мәллори-Вейса синдромы

B) Бейспецификалық жаралы колит

C) Тоқ ішектің дивертикулезі

+D) Верльгоф ауруы

E) Меккеля дивертикулі

$$$073

Науқас 32 жаста. Шағымдары: жалпы әлсіздік, шаршағыштық, бас айналу, көз алдында «шіркейлердің» пайда болуы, ентігу, тырнақтарының сынғыштығы. Анамнезінен: 7 жүктілік болған, оның 4-інде түсік тастаумен аяқталған, етеккірі 5-7 күн, көп қан кетеді. Объективті: тері және көзге көрінетін сілемей қабаттары боз, таза, құрғақ. Тырнақтары жұмсақ, тез сынады. Ауыз бұрыштары тілінген. Жалпы қан талдауы: гемоглобин -62 г/л, эр -2,6х1012/л, лейкоциттер 4,9х109/л, тромбоциттер – 180х109/л. Эритроциттердің тұну жылдамдығы - 30 мм/ сағ.

Төменде аталған дәрілердің қайсысы ең ықтималды?

A) В12- дәрумені

B) Фолий қышқылы;

+C) Сорбифер-дурулес

D) Аскорбин қышқылы

E) Эритропоэтин

$$$074

45 жасар ер адам тамақтанғаннан соң және физикалық күштемеден кейін болатын төс артының ауырсынуына, қыжылдауға, жеген тамақты кекіруге, тамақты жұтынғанда қиындықты сезіну мазалайды. Зерттегенде:ЭКГ патологиясыз; Эндоскопиялық пиброгастродуоденоскопия: томенгі өңештің спиинктері жабылмайды, гиперемия, өңештің шырышты қабаты ісінулі, бір қатар эрозиялар.

Бұл жағдайда қандай дәрмектерді комбинациясы тиімді?

+A) домперидон + рабепразол

B) маалокс + ампициллин
C) омепразол + смекта
D) омепразол + маалокс
E) омепразол + но-шпа

$$$075

32 жасар науқас жедел «қанжа» тәрізді эпигастри аймағының ауырсынуына шағымданады. Анамнезінен:сонғы 3 жылда 12 елі ішек ойық- жара ауруымен аурады, және де ол жиі ресидив береді. Н2 гистамин блокаторлары терапиясына реакция оң мәнді. Қан құю жасалған. Ранитидинмен төрт апта терапия жүргізгенде жара тыртықталған.

Ары қарай емдеу тактикасы қандай?

+A) Кларитромицин+амоксициллин+омепрозол

B)Тетрациклин+метронидазол+омепрозол
C)Кларитромицин+метронидазол+квамател
D) Амоксициллин+де-нол+омепрозол
E)Амоксициллин+метронидазол+квамател

$$$076

48 жасар науқас оң қабырға астының ауырсынуына, сарғыштыққа жалпы әлсіздікке шағымданып, қабылдау бөліміне түсті. Анамнезінен: ішімдікті көп ішеді, бір апта бұрын өңештің барикозды кеңейген веналарына қан кету болған. Қарағанда: терісі және склерасы сарғыш, телеангиэктазиялы, іші кепкен, гепатоспленомегалия. Қанда: анемия тромбоцитопения, ЭТЖ-44 мм/сағ жалпы билирубинтура пракция есебінен68мк/моль-л.

Бұл жағдайда не тағайындаған жөн?

+A) Гептрал + жаңа тағайындалған плазма + дәрумендер С, К.
B) Преднизолон + гепабене + креон.
C) Гептрал + эритромасса + креон
D) Преднизолон + гепабене + креон.
E) Феррум-Лек + преднизолон + гептрал

Наши рекомендации