Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар* *2*52*2 2 страница
#266
*! Науқас Р., 44 жаста. Шағымдары: күшті қылғынып жөтелу, жасыл түсті, ал-қызыл қан жолақтарымен қақырық. Анамнезінен: бала кезінен созылмалы бронхитпен ауырады. Соңғы 4 жылда қақырық көп мөлшерде шығатын болған (300 мг/тәу. дейін), таңертең ауызы толып және жағымсыз иісті болып шығады, кейде қақырықта қан жолақтарын байқаған. Объективті: тері жамылғылары цианозды. Тырнақтары сағат әйнегі тәрізді, кеуде торы эмфизематозды. Аускультацияда өкпеде, көбіне сол жақ бұғана асты аймағында құрғақ және ылғалды, үнді, орташа көпіршікті сырылдар.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы ?
*өкпе рагы
*жедел плеврит
*бронхиальды астма
*өкпе туберкулезі
*бронхоэктаздық ауру
#267
*! 53 жастағы науқаста көбіне таңертең “ауыз толтырып тастайтын” 3 қабатты, қақырықты жөтел. Анамнезінде созылмалы бронхит. Өкпенің төменгі бөлімдерінде тұйықталған дыбыс. Өкпе аускультациясында ірі және орта көпіршікті сырылдар.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы ?
*өкпе абсцессі
*құрғақ плеврит
*крупозды пневмония
*бронхоэктатикалық ауру
*созылмалы обструктивті бронхит
#268
*! Зардап шегуші мойынан алақанның бүйірімен соққы алған. Тыныс алуы қиындап, даусы қарлығып, ұстамалы ысқырыкты жөтел пайда болған. Кейін қан қақыру мен жұтыну бұзылысы пайда болған.
Аталған асқынулардың ішінде қайсысы болуы мүмкін ?
*трахея жыртылуы
* көмей жарақаты
*өңештің закымдалуы
*дауыс байламдарының бекіген жерінен үзілуi
* қалқанша безіне қан кету көмейдің басылып қалуымен
#269
*!Науқас 25 жаста. Автокөлік апатында зардап шеккен. Жедел медициналық жәрдем дәрігерлері бригадасы шақыртылады. Беткей тыныс, тыныс алған кезде кеуде клеткасының пародоксальды қозғалысы байқалады, цианозды, гипотония.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрыс болуы мүмкін?
*гемоторакс
*гемоперикард
*іш қуысы мүшелерінің жыртылуы
*қабырғалардың көптеген сынықтары
*басты бронхтың травмалық жыртылуы
#270
*!Бала 2 жаста. Бүгін таңертең дене температурасы 38,7°С дейін көтерілген, шулы тыныс пайда болған, дөрекі урген жөтел, даусы қарлықкан. Кешке жағдайы нашарлады. Қосымша бұлшық еттердің қатысуымен, алыстан естілетін шулы тыныс , ауыз мұрын үшбұрышы цианозы, мазасыздық байқалады.
Төменде аталған болжам диaгноздардың ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
*жоғары тыныс жолдарындағы бөгде дене
*жедел ларинготрахеит, көмей стенозы
*бронх демікпесі
*пневмония
*көмей күлі
*пневмония
#271
*! Бала 3 жаста. Тұншығу, "урген" жөтел, тыныс шығарудың қиындауымен жүретін ентікпе ге шағымданды. Бір апта бойы дене температурасы көтеріліп, мұрнынан бөлінділер бөлінген, әлсіздік байқалған. Кенет Тұншығу ұстамасы, шулы тыныс пайда болған, даусы қарлықкан. Объективті: бала мазасыз, қосымша бұлшық еттер тыныс алуға қатысады. Бұғана асты, үсті аймақтары, қабырға аралығы тартылған. Терісі бозғылт. Алыстан естілетін шулы тыныс. Аускультация кезінде өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондар анық, ырғақты. ЖСЖ 90 рет минутына.
Төменде аталған болжам дигноздардың ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
*жедел бронхит
*ауруханадан тыс пневмония
*созылмалы обструктивті бронхиттің өршуі
*демікпелік статус, гипоксиялық кома кезеңі
* жедел ларинготрахеит, көмей стенозы 2 кезеңі
#272
*!Бала 1 жаста.Жедел ауырды, әлсіздік, мұрын ағуы пайда болды, дене температурасы 37,4 С. Кешке қарай дауыс қарлығуы, дөрекі үрген тәрізді жөтел, анда-санда қиындаған тыныс байқалады. Обьективті: жағдайы ауыр, температурасы 38,5 С. Тынысы шулы, дем алуы қиындаған. Бұғанаүсті, бұғанаасты шұңқырларының және эпигастральды аймақтың айқын тартылуы. Дауыс қарлығуы айқын, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы.Өкпеден бірен-саран құрғақ сырылдар естіледі, тыныс жиілігі 36рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, пульс толымы қалыпты. ЖСЖ- 120 рет минутына.
Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
*вирусты инфекция фонындағы жедел бронхит
*демікпелік статус, гипоксиялық кома кезеңі
*жедел ларинготрахеит, стеноз 2 дәрежелі, ТЖ 2
*созылмалы обструктивті бронхит өршуі
*ауруханадан тыс пневмония
#273
*! Науқас Г. 57 жаста. Тыныс алуының қиындауына шағымданады. Ұстамалары айына 2-3 рет. Қазіргі жағдайының нашарлығына 1 сағат болды. Жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Физикалық белсенділігі шектелген. Жеке сөздерді айта алады. Тері жабындылары көкшілденген. Тыныс алуға қосымша бұлшықеттері қатысады. Өкпе аускультациясында қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар. ТЖ 24рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, дұрыс ырғақты. ЖСЖ 92 рет минутына. АҚ 180/90мм.с.б.б.
Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
*өкпе артериясының тромбоэмболиясы
*ауруханадан тыс екіжақты пневмония. ТЖ1
*бронх демікпеci. Демікпелік статус I кезеңі, ТЖ III
* бронх демікпеci. Орташа ауырлық дәрежесіндегі ұстама
*ЖИА. Инфаркттан кейінгі кардиосклероз. Интерстициальді өкпе ісінуі
#274
*! Бронх демікпеciмен ауыратын науқастың жағдайы кенеттен нашарлады. Есінің бұлыңғырлануы, тахипноэ, тахикардия. Аускультация кезінде тыныс шулары естілмейді.
Төмендегі асқынулардың ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы:
*жүректік астма
*демікпелік статус
*жедел өкпелік жүрек
*спонтанды пневмоторакс
*өкпе артериясының тромбоэмболиясы
#275
*!Науқас Н. 60 жаста, бір тәуліктен асқан тұншығу сезіміне,ентігуге, тұтқыр қақырықты жөтелге шағымданып келді. Анамнезінен: тунгі уақытқа үнемі беротек, беклазон, теоатард қолданады. Объективті тексеруден: мәжбүрлі қалыпта отырады, ортопноэ. Тері мен шырышты қабаттардың диффузды цианозы. Тыныс алу жиілігі минутына 30 рет, көмекші бұлшықеттер қатысуымен. Перкуторлы өкпеден қорабтық дыбыс естіледі, аускультативті жайылған құрғақ сырылдар массасы анықталды. Жүрек тондары әлсіреген, ритмді. ЖСШ 94 рет минутына, АҚҚ 130/80мм.сын.бағ.
Аталғандардың ішінде аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы:
*БД орташа ауырлықтағы ұстамасы
*демікпелік статус 1 сатысы
*демікпелік статус 2 сатысы
*демікпелік статус 3 сатысы
*БД ауыр ұстамасы
#276
*!Тұншығу белгілері бар балада тыныс алу кезінде алыстан шапалақты шулар естіледі
Төменде аталғандардың ішінде осы дыбыс феноменінің ЕҢ мүмкін болатын себебі қайсысы?
*стридорозды тыныс алу кезіндегі таңдай пердесінің қозғалысымен
*бөгде зат пен ауызжұтқыншақ қабырғасы арасынан ауа өтуімен
* бөгде заттың кеңірдектегі жылжымалы қозғалысымен
*бөгде дененің қатты таңдайға соғылуымен
*артқа кеткен тіл қозғалысымен
#277
*! 7 жасар балада жоғарғы тыныс жолдарындағы бөгде дене асфиксия дамуына әкелді. Бала ес-түссіз, тері жабындылары көкшіл.
Төменде аталғандардың ішінде қайсысы науқас үшін ЕҢ тиімді әрекет болып табылады?
*бөгде денені корнцангпен алып тастау
*крикотиреотомия
*Неimlich әдісі
*трахеостомия
* коникотомия
#278
*!Жанұялық дәрігерлік емханаға 7 жастағы қыста суық тиюден кейін басталған, созылмалы жөтелі (4ай) бар қыздың анасы келді.Қыз түнгі уақытта жөтеледі, анасы ысқырықты сырыл естиді, дене температурасы қалыпты, қыз белсенді, жүгіргенде жөтелі ұстап тоқтайды, ысқырықты сырылдар пайда болады.Қыздың жиі мұрны бітеліп, температусыз мұрны ағады. Анасы поллинозбен ауырады.
Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
*созылмалы бронхит
*рецидивті бронхит
*ауруханадан тыс пневмония
*бронх демікпесі орташа ауырлық дәрежесі
*созылмалы бронхит демікпелік компонентпен
#279
*! 28 жастағы әйел. Кеудедегі сырылмен қиындаған тыныс, ыстық шайдан кейін басылатын қайталамалы ұстамалы жөтел мазалайды, кейде жөтелу кезінде түссіз тұтқыр қақырық бөлінеді. Тұншығу ұстамалары күнделікті, түнгі ұстамалары аптасына 1 рет. Анамнезінен есекжем анықталды, көктемде ағаштар мен шөптер гүлденгенде ринит мазалайды. Обьективті: жағдайы орташа ауырлықта, алыстан естілетін сырылдар, тыныс шығаруы қиындаған. ТЖ 22 рет минутына, перкуторлы өкпе үстінен қораптық дыбыс, аускультативті- алдынан және артынан жайылған құрғақ ысқырықты сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ 90 рет минутына, ырғақты. АҚ 110/80 мм сын. бағ.
Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
*бронх демікпеci орташа ауырлық ағымы
*созылмалы бронхит демікпелік компонентпен
*ауруханадан тыс пневмония
*созылмалы бронхит
*рецидивті бронхит
#280
*! 32 жасар науқас басылмайтын экспираторлы тұншығу ұстамасына байланысты түсті. Тұншығу ұстамалары 15 жылдан бері мазалайды, бета-стимуляторлар ингаляциясымен басылатын. Соңғы апта бойы тұншығу ұстамалы жиілеген. Күніне 3 рет эуфиллин және тәулігіне 6-8 рет салбутамол ингаляциясын қабылдаған. Обьективті: науқас мазасыз, қозғыш, қатты терлеу, цианоз. ТЖ: 30 рет минутына, беткей тыныс көмекші бұлшықеттер қатысуымен. Кеуде торы бөшке тәрізді, тынысы әлсіз, сырылдар жоқ. АҚ 120/70 мм сын. бағ. Пульсі 120 рет минутына.
Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ
мүмкін болатыны қайсысы?
*жүректік астма
*демікпелік статус
*жедел өкпелік жүрек
*спонтанды пневмоторакс
*өкпе артериясының тромбоэмболиясы
#281
*! Бронх демікпеciмен ауыратын науқаста ауыр созылмалы тұншығу ұстамасы. Беротектің 4 реттік ингаляциясынан кейін жағдайы жақсармады. Жедел жәрдем шақырды. Қарау кезінде алыстан естілетін ысқырықты сырылдар. Аускультацияда тынысы айқын әлсіреген, кейбір жерлерінде естілмейді, сырылдар жоқ. ТЖ 30 рет минутына. АҚ 110/60 мм сын.бағ. Пульсі 100 рет минутына.
Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
*жүректік астма
*демікпелік статус
*жедел өкпелік жүрек
*спонтанды пневмоторакс
*өкпе артериясының тромбоэмболиясы
#282
*!Бала 1 жаста.Жедел ауырды, әлсіздік, мұрын ағуы пайда болды, дене температурасы 37,4 С. Кешке қарай дауыс қарлығуы, дөрекі үрген тәрізді жөтел, анда-санда қиындаған тыныс байқалады. Обьективті: жағдайы ауыр, температурасы 38,5 С. Тынысы шулы, дем алуы қиындаған. Бұғанаүсті, бұғанаасты шұңқырларының және эпигастральды аймақтың айқын тартылуы. Дауыс қарлығуы айқын, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы.Өкпеден бірен-саран құрғақ сырылдар естіледі, тыныс жиілігі 36 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, пульс толымы қалыпты. ЖСЖ- 120 рет минутына.
Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
*вирусты инфекция фонындағы жедел бронхит
*демікпелік статус, гипоксиялық кома кезеңі
*жедел ларинготрахеит, стеноз 2 дәрежелі, ТЖ 2
*созылмалы обструктивті бронхит өршуі
*ауруханадан тыс пневмония
«Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар» *3*53*1*
#283
*!Жедел жәрдем машинасымен, бронх демікпесімен ауыратын 22 жасар науқас жеткізілді. Түскенде қозған, дене температурасы 36,7 градус С, ЖЖЖ 120 минутына, ТАЖ минутына 32. Аускультацияда: тыныс бірден әлсіреген, жекелеген құрғақ сырылдар.Тәулік бойы 15 рет беротек ингаляциясын алды.
Бұл жағдайда науқасқа төменде аталғандардың қайсысы қарсы көрсеткіш болады?
*кортикостероидтар
*оттегімен ингаляция
*парентералді эуфиллин
*көктамырға регидратация
*симпатомиметиктердің дозасын көбейту
#284
*Науқас 22 жаста,асылудан кейінгі жағдай. Объективті: ес түссіз, спонтанды тыныс , тырысулар. Тері бозданған. Мойынында странгуляциялық жүлгелері бар.
Төменде аталғандардың қайсысы науқасқа ең маңызды болып табылады?
*бемегрид, дәрігерге актив қалдыру
*cедуксен, оқиға болған жерде қалдыру
*ешқандай іс шараларсыз госпитализация
*cедуксен, ӨЖЖ, стационарға тасымалдау
*кордиамин, кофеин, оқиға болған жерде қалдыру
#285
*!Бала 2 жаста тамақ ішкенде қақалып, көгерді. Тыныс шулы, стеноздық. Науқас есін жоғалта бастады. Жедел жәрдем дәрігері тыныс жолдарында бөгде зат байқады.
Науқасқа байланысты қандай іс –әрекет ЕҢ маңызды болып табылады?
*өкпені жасанды желдендіру
*Геймлих әдісі, оксигенотерапия
*тырысуға қарсы препараттар енгізу
*ешқандай іс шараларсыз шұғыл госпитализация
*шұғыл коникотомия, асфиксия болса трахеостомия
#286
*!Ер адам 43 жаста, тамақ ішіп отырып қақалып қалды және көгерді. Тыныс шулы, стеноздық. Науқас есін жоғалта бастады.
Науқасқа байланысты қандай іс –әрекет ЕҢ маңызды болып табылады?
*Геймлих әдісі
*өкпені жасанды желдендіру
*тыныс аналептиктерін енгізу
*тырысуға қарсы препараттар енгізу
*ешқандай іс шараларсыз шұғыл госпитализация
#287
*!Өкпе эмфиземасы бар зейнеткерде, есінің жоғалуымен бронхообструктивті синдром пайда болды.
Аталғандардың қайсысы асқынулардың ЕҢ негізгі себебі болуы мүмкін?
*кеңірдектің интубациясы
*2,4% эуфиллин ерітіндісін көктамырға енгізу
*ингаляционды глюкокортикостероидтарды қолдану
* омнопон енгізу және седативті дәрілік заттарды беру
*кортикостероидтарды және қысқа әсерлі бета 2 агонистерді қолдану
#288
*!Науқас 45 жаста. Кеудеде ауыру сезімге тыныстарылуына шағымданады. 1сағат бұрын подьезде кеуде торына пышақпен жарақат алған. Объективті өарағанда: алдыңғы қолтықасты сызығы бойынша VII қабырғада оң жақ кеудеде пышақ кірген, көлемі 1х4 см. Аускультацияда оң жақта тыныс бірден әлсіреген, ТАЖ мин 22. Артериальді қысымы 80/60 с.б.б. Пульс жіптәрізді, ЖСЖ 120 минутына. Іші жұмсақ,уру сезімінсіз.
Науқасқа байланысты қандай іс –әрекет ЕҢ маңызды болып табылады?
*миішілік қысымды азайту және ми ісінуін төмендету
*жараның айналасына новокаинді блокада жасау, эуфиллин енгізу
*Школьников бойынша блокада, гепарин енгізу, қысып тұратын асептикалық таңғыш
*қысып тұратын асептикалық таңғыш салу, профильді стационарға шұғыл госпитализация
* полиглюкин, викасол немесе дицинон енгізу, қысып тұратын асептикалық таңғыш салу
#289
*!7 жасар балада жоғары тыныс жолдарында тұрып қалған бөгде зат, асфиксия дамуына алып келді. Объективті: бала ес түссіз, тері жамылғысы көгерген.
Аталғандардың қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?
*трахеостомия
*Heimlich тәсілі
*коникопункция
*крикотиреотомия
*корнцангпен бөгде затты алу
#290
*!Бала 4 жаста. Екінші күн ауырып жатыр. Аурудың басында дауысы өзгеріп, содан соң үрген тәрізді жөтел пайда болды. Объективті: баланың жағдайы өте ауыр, адинамиялық. Терісі сұр бозғылт, бұлшықет гипотониясы. Тынысы жиі, беткей, кеуде қуысының шұңқырларының тартылуынсыз. Пульс әлсіз, жіптәрізді. Жедел жәрдем дәрігері круптың 4-ші дәрежесін тапты, ол консервативті терапияға жауап бермеді.
Аталғандардың қайсысы науқасқа қатысты ЕҢ маңызды әрекет болып табылады?
*коникотомия жасау
*трахеотомия жасау
*маскалық наркоз жасау
*шұғыл кеңірдек интубациясы
*реанимациалық іс-шаралар жасау
#291
*!Отбасылық дәрігер науқаста қалтырау, әлсіздік, көп тер бөліну, кеуде торының оң жағында ауру сезімі, қоңыр, иісі жағымсыз қақырық бөлінуі, ентігу шағымдары бойынша үйге шақырылды. Анамнезінен: алкоголь ішкен соң далада ұйықтап қалып ауырған. Күніне 1,5 қорап темекі шегеді. Қарап тексергенде: науқас жағдайы ауыр, акроцианоз, ентікпе, тамақтануы төмен, күтімі жоқ,кеуде торының оң жағында құрғақ және ылғалды орта және ірі көпіршікті сырылдар, перкуссияда жоғарғы оң жақта перкуторлы дыбыстың тұйықталуы.
Аталғандардың қайсысы науқасқа қатысты ЕҢ маңызды әрекет болып табылады?
*бөлімшелік терапевтті үйге шақыру, метрогил инъекциясын жасау
*жедел жәрдем машинасын шақырту және шұғыл ауруханаға жатқызу
*стационарды үйде орналастыру және күнделікті медбикенің қарауы
*кефзол 1 г тәулігіне б/е, гентамицин б/е, гемодез к/і тамшылатып
*ампициллин 2 грамм тәулігіне, кордиамин, сульфокамфокаин инъекциясы
#292
*!Науқас 58 жаста. Бронхоэктаздық ауруымен, қызбамен оң жақ бүйірімен жатқанда көп мөлшерде іріңді, иісі жағымсыз қақырық бөлінуіне шағымданады.
Аталғандардың қайсысы тиімді болып табылады?
*микротрахеостома салу
*емдік бронхоскопия, постуральді дренаж
*бронхоөкпелік лаваж, санаторно-курорттық ем жылына бір рет
*жүйелі глюкокортикостероид, қақырықтүсіргіштер, ұзақ әсерлі бета 2 агонисттер
* кең спектрлі антибиотиктер, қақырықтүсіргіш және бронхолитикалық заттар
#293
*!Науқас 49 жаста. Шағымдары: әлсіздік, ентігу, бас ауруы, жөтел қиын бөліністі қақырықпен. Анамнезінде жағдайының ауырлауы 6 сағат бұрын басталды. Беротек ингаляциясын қабылдаған – әсері жоқ. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Есі анық. Тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады. Тері жамылғысы цианозды. Өкпеде құрғақ ысқырықты сырылдар. Тыныс алу өкпенің барлық бөлігінде. ТАЖ 34рет/мин. ЖСЖ 92рет/мин. АҚ 130/90мм.сб.б. Жедел жәрдем дәрігерінің диагнозы: демікпелік статустың I дәрежесі.
Аталғандардың қайсысы науқасқа қатысты ЕҢ маңызды әрекет болып табылады?
*қысқа әсер ететін β2 агонистер, антибиотик
*оттегі ингаляциясы, глюкокортикостероидтар
*зәр айдағыш препараттар, оттегі ингаляциясы
*спазмолитиктер, сұйықтықтарды тамырішілік инфузия
*ингаляциялық глюкокортикостероидтар, антибиотик
#294
*!Науқас әйел 47 жаста. Жас кезінен бастап бронх демікпесімен ауырады. Үнемі бронх кеңейткіш дәрәләк заттарды қолданады (ингалятор). Өзінің қаралатын дәрігері сальбутамол ( альбутерол) ұсынған, тұншығу ұстамасын жақсарту мақсатында. Бірақ кейінгі уақытта науқасқа сальбутамолды күн сайын күндіз де, түнде де (2-3 рет түнде) қабылдауға тура келді.
Аталғандардың ішінде қай дәрілік затты тағайындау ЕҢ маңызды болып табылады?
*в- блокатор
*антибиотиктер
*пролонгирленген теофиллин
*жүйелік глюкокортикостероид
*ингаляциялық кортикостероидтар
#295
*!42 жастағы науқас ентігуге, жүрек қағу сезіміне, бас айналуға шағымданады. Анамнезінде 3 жыл көлемінде бронх өкпелік сырқатпен ауыратындығы белгілі. Зиянды әдеті: темекі шегу
Бронх кеңейткіш әсері ЕҢ айқын препаратты қолданыңыз
*диуретики
*м-холиномиметики
*н-холиномиметики
*b-адреноблокаторы
*b2-адреномиметики
#296
*!12 жастағы науқас тыныс алудың қиындауымен, тыныс тоқтауы ұстамасымен жедел көмек бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Объективті: тері жамылғысы бозарған және ылғалдылығы жоғары, тыныс алғанда мойын бұлшық еттерінің қатысады, тері жамылғысының цианозы, бөшке тәрізді кеуде торы.
Аталған жағдайдың МҮМКІН БОЛАТЫН себебін көрсетіңіз
*қан құю
*жүрек ақауы
*пневмоторакс
*ларингоспазм
*кеуде қуысы жарақаты
#297
*!Науқас 36 жаста. Шағымдары: ауа жетіспеу сезімі, тынысының қиындауы, бас айналу. Жағдайы орташа ауырлықта. Науқас қозулы. Тері жамылғысы цианозды. Көмекші бұлшықеттер тыныс алуға қатысады. Өкпе аускультациясында қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар. ТЖ 24 рет/ мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ92/мин.
Осы науқасқа ЕҢ НӘТИЖЕЛІ емді қолданыңыз
*беротекфурагин
*беродуалбудесонид
*кеторолакэпинефрин
*нитроглицеринатровент
*сальбутамолацетилцистеин
#298
*!35 жастағы науқас жедел көмек бригадасымен госпитализацияланды. Науқаста дем шығарудың қиындауымен қосарласқан ентігу, мазасыздық, ысқырықты дистанционды сырылдар.
БД ұстамасын емдеуде ЕҢ таңдаулы препарат
*ГКС ингаляторлары
*b1 және b2 агонистер
*ұзақ әсерлі b2- агонисттер
* қысқа әсерлі b2 - агонистер
*антихолинергиялық препараттар
#299
*!45 жастағы науқаста бронх демікпесінің өршу сатысы диагностикаланды.
Бронх демікпесінің кез-келген ауырлық сатысының өршу кезеңінде қолданылатын ЕҢ НӘТИЖЕЛІ ем құрамына кіреді
*эуфиллин көктамырға
*эуфиллин таблетка түрінде
*ингаляциялық холинолитик
*ингаляциялық глюкокортикостероид
* қысқа әсерлі ингаляциялық b2- агонистер
#300
*! 25 жастағы науқас ентігуге, тамағындағы ауру сезіміне, даусының қарлығуына, дене температурасының 38,5С дейін жоғарлауына шағымданды. Науқасқа – «Ларинготрахеит, көмей стенозы, I дәрежесі» диагнозы қойылды.
Шұғыл көмек мақсатында НӘТИЖЕЛІ ПРЕПАРАТ
*оттегі
*эуфиллин
*глюкокортикоид
*сілтілі ингаляция
*кеңірдек интубациясы, ӨЖЖ