Тақырып № 11: «Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар» тақырыбы бойынша қорытынды сабақ - 3.
2. Мақсаты:анальгетикалық, ұйықтататын және паркинсонизмге қарсы заттардың фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшеліктері, қолдану принциптері, жанама және токсикалық әсерлері туралы білім алуға мүмкіндік және түсініктеме беру.
3. Оқыту мақсаты:
1. Паркинсонизмге қарсы, ұйықтататын дәрілік заттардың, наркотикалықжәне наркотикалық емес анальгетиктердің фармакотерапиялық сұрақтарын қарастыру.
2. Студенттерді осы топтың препараттарын қолдану және қарсы көрсеткіштеріне байланысты дәлелді тағайындауға және рецепттерді сауатты жазуға үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Анальгезия. Анықтамасы, клиникалық маңызы. Анальгетиктердің түрлері.
2. Наркотикалық анальгетиктердің жіктелуі.
3. Наркотикалық анальгетиктердің анальгезиялық әсерінің механизмдері.
4. Морфиннің фармакологиялық әсерлері. ОЖЖ, жүрек - қан тамыр жүйесіне асқазан ішек жолдарына негізделген әсерлерінің ерекшеліктері.
5. Наркотикалық анальгетиктердің қолдану көрсеткіштері (морфинді мысал ретінде), жанама әсерлері.
6. Препараттардың салыстырмалы сипаттамалары. Қолдану көрсеткіштері. Нейролептанальгезия туралы түсінік.
7. Наркотикалық анальгетиктермен жедел улану және оның фармакотерапиясының негізгі принциптері. Наркотикалық анальгетиктердің антагонисттері.
8. Дәріге тәуелділік, клиникалық көріністері.
9. Наркотикалық емес анальгетиктердің жіктелуі.
10. Наркотикалық емес анальгетиктердің анальгезиялық әсерінің механизмдері.
11. Наркотикалық емес анальгетиктердің фармакологиялық әсерлері, қолдану көрсеткіштері, жанама және токсикалық әсерлері.
12. Инсомния кезінде ұйықтататын дәрілік заттардың фармакологиялық әсерлері
13. Ұйықтататын дәрілік заттардың жіктелуі.
14. Барбитур қышқылының туындылары: әсер ету механизмдері, фенобарбиталдың фармакологиялық әсерлері. Қолдану көрсеткіштері.
15. Барбитурлардың жанама әсерлері. Барбитураттармен жедел улану, емдеу принциптері.
16. Бензодиазепин қатарындағы ұйықтататын дәрілік заттар: әсер ету механизмдері, фармакологиялық әсерлері. Қолдану көрсеткіштері.
17. Бензодиазепиндердің жанама әсерлері. Ұйықтатқыш зат ретінде бензодиазепиндердің барбитураттардан артықшылықтары.
18. Циклопирролон туындыларының ұйықтатқыш әсерінің ерекшеліктері. Қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері.
19. Паркинсониялық бұзылыстардың патогенезі. Экстрапирамидалық бұзылыстарды түзетудің негізгі қағидалары.
20. Паркинсонизмге қарсы дәрілік заттардың жіктелуі.
21. Дофаминергиялық заттардың әсер ету механизмі. Қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері.
22. Антихолинергиялық препараттар және КОМТ ингибиторлары.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: аралық бақылау, ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, рецепттер жазу, ақуалды есептерді шешу.
6. Әдебиет:
Орыс тілінде:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2010.- 734 с.
2. Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2004.-452с.
Қосымша:
1. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2011.-516 с.
2. Шайдаров М.З. и др. Основы фармакологии с рецептурой, учебник.- Астана. – 2011. – 352 с.
3. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648 с.
4. Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., 2010.- 1216 с.
5. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 2008.- 1043с...
6. Клиническая фармакология /Под ред. В.Г.Кукеса/- М.: Изд-во ММА, 2009.-760с.
7. Яковлев В.П., Яковлев С.В. Рациональная антимикробная фармакотерапия (руководство для практических врачей). М.: Литтерра. 2003. - 1002 с.
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Перевод на каз. язык. 2009.- 451 с.
Ағылшын :
Негізгі:
1. Padmaja Udaukumar. Textbook of Medical Pharmacology. New Dehi, 2009, Second Edition, 558 p.
2. Rang H.P., Dale M.M. Pharmacology.-Edinburgh. 2012, 830 p.
7.Бақылау: ауызша сұрау, тесттік бақылау, рецепттер жазу, ақуалды есептерді шешу
Рецепт жазуға арналған препараттар:
1. Промедол – Promedolum (2% еріт. амп. түрінде 1 мл)
2. Парацетамол – Paracetomolum (таб. 0,2 №10; сироп 2,4% 100 мл)
3. Кеторолак – Ketorolacum (таб. 0,01 №20)
4. Баралгин – Baralgin (таб. №10)
5. Трамадол – Tramadolum (5% еріт. амп. түрінде 1 мл)
6. Налоксона гидрохлорид – Naloxoni hydrochloridum (0,04 % еріт. амп. 1мл)
7. Феназепам – Phenazepamum (таб. 0,0005 №20),
8. Фенобарбитал – Phenobarbitalum (0,2% еріт. флак. түрінде 100 мл)
9. Зопиклон – Zopiclonum (таб. 0,0075 №5)
10. Доксиламин – Doxylaminum (таб. 0,015 №20)
11. Циклодол – Cyclodolum (таб. 0, 001 және 0,005 №50)
12. Бромокриптин – Bromocriptinum (таб. 0,0025 №10).