Ішкі қан кетулер кезіндегі шұғыл көмек

Асқазан – ішек қан кетулер белгілері:

1. Аз немесе жасырын қан кетулер – «себепсіз» анемия.

2. Айқын немесе массивті қан кетулер:

латентті кезеңде (бірнеше минуттан тәулікке дейін созылады) – жалпы белгілері қан кету:

- бас айналу, құлағында шу, әлсіздік, естен тану мүмкін;

- суық тер, бозару;

- тахикардия, АҚ төмендеуі;

- ентігу;

- аузының құрғауы, шөлдеу;

айқын кезеңінде:

- «кофе қойыртпағы» түріндегі (сирек қызғылт) қою қанды құсулар, кейде реакциясы қышқыл, қан ұйындыларымен тамақ қалдықтарымен құсу;

- асқазан ішек жолдарының жоғарғы бөліктерінен қан кеткен кезде меленаның пайда болуы, төменгі бөліктерінен қан кеткен кезде қан және қан ұйындылары;

Госпитализацияға дейінгі этаптағы қан кетуді бағалау:

1. Систолалық қысымның және ЖСЖ ұлғаюы бойынша – систолалық АҚ төмендеуі 90 мм.сын.бағ. және пульс жиілігінің минутына 20 және оданда жоғары соққысы шамамен қанның 25% жоғалуына сәйкес келеді.

2. «Шок индексін! Анықтау (Брюсов П.Г., 1986): ШИ=ЖСЖ/Сист. АҚ. Қалыпты жағдайда қатынасы 0,5 тең; ШИ жоғарлауы 1 дейін жоғарлауы ҚАК 30% жоғалуынан ҚАК 1,5-40% дейін сәйкес.

Госпитализацияға дейінгі этаптағы қан кетуді бағалау

(Горбашко А.И., 1983)

Лабораторлық және клиникалық белгілер Қан кету деңгейі
жеңіл орташа ауыр
Эритроциттер саны 3,5 х1012/л төмен емес 2,5-3,5х1012 2,5х1012/л аз
Нв, г/л 100 төмен емес 83 - 100 83 аз
Пульс соққы/мин 80 дейін 80-100 100 көп
АҚ сист.(мм.с.б) 100-90 90 аз
Гемотакрит 0,30 көп 0,25-0,30 0,25 аз
ГК жетіспеуі 20% дейін 20-30% 30%және көп
         

ГК – глобулярла көлем, тең қатынас:ГК=(ҚАКхНt)/(100-Ht),

ҚАК-қан айналым көлемі, Нt-гематокрит.

Шұғыл көмек:

Госпитализацияға дейінгі этапта:

- Аштық, суықтық және тыныштық. Ішіне мұз немесе суық су құйылған бөтелке қойылады, тасымалдау носилкамен жүзеге асады, коллапс кезінде аяғын жоғары көтеру арқылы;

- Бір мезгілде жедел хирургиялық бөлімге тасымалдайды;

- Оксигенотерапия;

- Хлорлы кальции (глюканат) 10%-10 мл ерт.к/т;

- Аминдық капрон қышқылы 5% - 100 мл ерт.к/т;

- Викасол 1%-2-4 мл ерт.к/т.

Госитализация этапында (бір мезгілде диагностикалық және терапиялық шаралар жүргізіледі):

- тік ішекті саусақпен тексеру, асқазан және ішек жолдарының шұғыл рентгеноскопиясы, шұғыл эндоскопиялық тексеру, қан кету деңгейін бағалау;

- асқазаннан қан кету кезінде тамақ ішпеу және суықта ішімен жатады - әр 10-15 мин, сайын Алмагель 1 ас қасықпен. Циметидин 200 мг к/т, сосын 200-400 мг тәулігіне 4 рет ішке, немесе Кыамател 20 мг-нан күніне 2 рет к/т, 5-10мл хлорлы натридің изотониялық ертіндісімен 2 мин. немесе 100мл- 5% Глюкоза ертіндісімен 15-30мин), сосын 20мг 2 рет тәулігіне ішке;

- инфузиондық трансфузиондық ем. Қанның 25% көп мөлшерде жағалтқан жағдайларда: Полиглюкин 1,5 л дейін инфузия жылдамдығы 100-150 мл/мин, Нативті плазма 200-400мл, Альбумин 20% - 100мл ерт, Желатиноль 450 мл к/т. препараттар ағыммен енгізіледі қажет жағдйларда 2-3 рет. Қан айналым қалыптасқаннан кейін – қан жоғалтудың 30-40% көлемінде эритроцитарлы массаны Реополиглюкин немесе 5% Альбуминмен қосып қатынасы 1:1 енгіземіз. Қан құю қажет емес;

- Аминокапрон қышқылының 5%-200мл ерт. к/т, сосын 100 мл әр 3-4 сағат сайын, Викасол 2-3мл б/е, Дицинон 2-4мл б/е тәулігіне 3 рет.Фибриноген 1-2г хлолы натридің 250-500мл ертіндісімен, хлорлы кальцидің (глюканат) 10%-10мл ерт. к/т, Трасилол 25-50 000 Бірлік к/т (Контрикал 30-40 000 Бірлік) тәулігіне екі рет.

Қан кетуді тоқтатудың эндоскопиялық әдісі:

1. қан кету аймақтарын суық сұйықтармен шаю(5% Аминокапрон қышқылымен, 10% Хлорлы кальцидің ертіндісімен, Адреналинмен Новокаин ертіндісімен);

2. жергілікті Тромбин (асқазанға алдын ала 5-10 минут бұрын 1-2г натрии гидрокарбонатын енгіземіз);

3. пленка түзетін препараттардың көмегімен жапсыру;

4. электрокоагуляция, лазерлі фотокоагуляция;

- өңештің варикозды кеңеюлері кезінде қосымша Питуитрин 20Бірлік 200мл – 5% Глюкоза ертіндісі енгізіледі, қажет болса- 4 сағаттан кейін қайталау. Арнайы зондтпен веналардың компрессиясы(Блекмор) декомпрессиясыәр бір 5-6 сағат сайын. Склеротерапия Полидоканолмен (Этоксисклерол)0,5% ерт. порциямен 1мл парвазалды өңештің терминалды бөлігіне жалпы дозасы 40 мл. Процедураны қажет болған жағдайларда әр 5-7 күнде (1-4рет) қайталайды. Лазерлі коагуляция;

- профузды қан кетулер кезінде және консервативті емнің нәтижелігі болмаған кезде 24-48 сағат ішінде оперативті ем көрсетіледі.

Наши рекомендации