Тапсырма. Есепті шешіңіз

18 жастағы Михаил П. жағажайда 6 сағат болып келгенннен кейін әлсіздік, бас айналу, басының солқылдап ауыруы, діріл мен жүрек айнуы пайда болды. 30 мин өткеннен кейін құсып, дене қызымы — 39 °C дейін көтерілді. Аспирин мен спазмалгон қабылдаған соң дене қызымы 37 °C дейін төмендеуіне қарамастан, жағдайы одан сайын ауырлап, Михаил жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болды. Ауруханаға алып бара жатқан жолда есінен тануына байланысты жан сақтау бөліміне жеткізілді.

1. Науқаста қандай патологиялық жағдай дамыды?

2. Оның даму себептері мен тетіктері қандай?

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

1. Ә. Н.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 237-247.

2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 55-60.

3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 324-340.

4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо и В.В.Новицкого. – Томск: Изд-во Том ун-та, 1994. – С. 354-361.

5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 202-209.

6. Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 128 -139

Қосымша

7. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 201 -234.

8. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 235-244.

9. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Общая патофизиология. СПб., 2001. – ЭЛБИ-СПб, С.-364-380

10. .А.Л. Костюченко. Угрожающие жизни состояния в практике врача первого контакта. СПб: спец.литература, 1998г. с-240.

11. Ю.В.Лобзин, А.Т.Марьянович, Н.В.Цыган. Терморегуляция и лихорадка. – М.: Вузовская книга, 1998. – 64 с.

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

1. Сәйкестікті тап:

1. Жұқпалық қызба (2)

2. Жұқпалық емес қызба (6)

A) тіндердің өлеттенуі

B) тиреоидты гормондардың көп өндірілуі

C) физикалық немесе химиялық жайттармен туындатылған қабыну

D) қатерлі өспелермен туындатылған

E) баспа кеінде

F) биологиялық жайттармен туындатылған қабыну

G) ауқымды қан құйылу

H) эритроциттердің қан тамырлары ішіндегі гемолизде

2. Сәйкестікті тап:

1. Алғашқы пирогендер (3) 2. Салдарлық пирогендер (2)

A) тіндердің асептикалық қабынуының өнімдері

B) микробтық экзотоксиндер

C) интерлейкин -1

D) өспелер тіршілігін жоятын жайт

E) иммундық кешендер

3. Салдарлық эндогендік пирогендерді негізгі өндірушілер (4)

A) тромбоциттер

B) моноциттер

C) тіндік макрофагтар

D) эритроциттер

E) лимфоциттер

F) гранулоциттер

4. Эндогендік салдарлық пирогендерге жатады (4)

A) интерлейкин – 1

B) интерлейкин - 4

C) интерлейкин – 8

D) интерлейкин – 6

E) өспелер тіршілігін жоятын жайт

F) микроорганизмдердің эндотоксиндері

5.Дұрыс тұжырымдар (3)

A) дерттуындататын микробтардың ғана емес, сонымен қатар дерттуындатпайтын микробтардың да пирогендік белсенділігі бар

B) дерттуындататын микробтардың пирогендік қасиеті олардың вируленттілігіне үнемі сәйкес келе бермейді

C) пирогендік белсенділік тек эндотоксиндерде ғана болады

D) пирогендік белсенділік бактериялық жасушалар қабығының бөлшектерінде болады

6. Дұрыс тұжырым (1)

A) бактериялық жасушалардың пирогендік қасиеті олардың вируленттілігіне тәуелді

B) грамтеріс бактериялардың эндотоксиндері эндогендік пирогендерге жатады

C) экзогендік пирогендер липополиқанттар болып табылады

D) қызба кезінде температура жоғарылауының дәрежесі қоршаған ортаның температурасына тәуелді

E) қызба кезінде жылу реттеу тетіктері бұзылған

7. Қызба кезінде дене температурасы жоғарылауы патогенезінің көрсетілмеген тізбегі: экзогендік пирогендер ® фагоциттер ® ? ® жылу реттеу орталығы

A) микробтар эндотоксиндері

B) эндогендік пирогендер

C) простагландиндер

D) оралымды нуклеотидтер

E) липопротеидтер

8. Қызба кезінде дене температурасы жоғарылауының тетігі байланысты (4)

A) жылу реттеудің жоғарырақ деңгейге ауысуына

B) эндогендік пирогендердің гипоталамустың преоптикалық аймағының «орнықтыратын нүктесіне» әсер етуіне

C) жылу шығарудың төмендеуіне

D) экзогендік пирогендердің гипоталамустағы жылу реттеу орталығына әсер етуіне

E) жылу өндірудің жоғарылауына

9. Қызба кезінде дене температурасы жоғарылауы патогенезінде маңызы бар (6)

A) тотығу және фосфорлану ажырауының

B) тотығу және фосфорлану ілесуінің жоғарылауы

C) шеткері қан тамырларының тарылуы

D) жиырылулық («бұлшықеттік») жылу өндірудің күшеюі

E) терлеудің төмендеуі

F) жиырылулық емес жылу өндірудің белсенділенуі (биологиялық тотығу)

G) терлеудің күшеюі

H) симпатикалық жүйке жүйесі межеқуатының жоғарылауы

10. Қызбаның 1-сатысында, қағида бойынша, байқалады (1)

Наши рекомендации