Емтихан қабылдаушыға: критерийлерді қолдана отырып, студенттің дағдысын бағалаңыз

Студенттің шифры:________________________________________________________________

Тобы __________ курсы___________ күні__________Мамандығы________________________

Құзіреттілік Арнайы гинекологиялық тексеру Бағалау критерийі
Жоқ Ия, бірақ әлі де жетілдіру керек Ия
Б.2. Дәрігер-клиницист Б.2.3. Медициналық процедуралар Креслоға жаялық салып пациенттің жатуын сұрады. Қолды инструкцияға сай жуды.      
Қажетті құралдарды дайынды: қасық тәрізді айна, стерильді қолғап.      
Стерильді қолғаптарды стерильдігін сақтай отырып киді      
Сыртқы жыныс мүшелерін қарағанда түктену түрін, үлкен және кіші жыныс еріндерінің орналасуын, аралық жағдайы, қынап сағасының қалпын бағалады.      
Екі қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен жыныс еріндерін ашып, қынап сағасын, қынап қабырғаларын, шырышты қабаттың түсін, бөлініс сипатын, сыртқы зәр шығару каналының жағдайын, парауретралды және кіреберіс үлкен бездерінің шығару өзектерін қарады.      
Сол қолдың үлкен және сұқ саусағымен жыныс еріндерін ашып, оң қолмен қасық тәрізді айнаны алдымен артқы айнаны бүйірімен кіргізді төмен қарай бұрады және аралықты төмен тартты, содан соң алдыңғы айнаны дәл осылай бүйірімен және жоғары көтерді.      
Айнада қынап қабырғасын және жатыр мойнының қалпын бағалады (конус тәрізді, цилиндрлі, деформацияланған). Шырышты қабатының түсін қарады. Жатыр мойнындағы патологиялық процессттерді жыртылу, эрозиялар, қабыну үрдістерін анықтады.      
Қынаптан айналарды (алдымен жоғарғы, содан соң төменгі) шығарды.      
Сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен жыныс ерiндерiн ашып, қынапқа оң қолдың 2 саусағын енгiздi. Екінші қолмен құрсақтың алдыңғы қабырғасы арқылы жатырды пальпациялап тексерді, оның қалпын, консистенциясын, қозғалуын, ауру сезімін анықтады.      
Оң жақтағы қосалқыларды тексергенде қынаптағы қолды оң күмбезге, ал сыртқы қолды оң мықын аймағына, ал сол жақ қосалқыларды тексергенде қолдарды сол жаққа ауыстыру арқылы қосалқылардың орналасуын, көлемін, консистенциясын, формасын, қозғалуын, ауру сезімін анықтады.      
Қынаптың артқы күмбезінің ерекшелігін (тегістелуі, тығыздалуы, шығып кетуі, ауру сезімі, флюктуация) анықтады. Қараудан кейін қынаптан саусақтарды шығарып бөлінділердің сипатын бағалап, оларды қарады (қан аралас, іріңді-шырышты).      
Айналарды дез. ертіндіге салды. Қолғапты шешіп арнайы контейнерге салды. Қолды жуды, құрғатты.      
Амбулаторлық картаға немесе ауру тарихына тексеру нәтижесін жазды.      

Тапсырмаға берілген уақыт – 5 мин

Ұпайдың максимум саны: 26 (100%), жинаған ұпай саны: _____ ( _______%)

Критерийді бағалаған оқытушының аты-жөні және қолы _________________________

Емтихан қабылдаушыға: критерийді қолдана отырып, студенттің дағдысын бағалаңыз

Студенттің шифры:________________________________________________________________

Тобы __________ курсы___________ күні__________Мамандығы________________________

Наши рекомендации