Тақырып № 3. Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу. €

СӨЖ бойынша тапсырма:

· Ұсынылған әдебиет бойынша материалдарды талқылау.

· Жаңа ақпараттарды іздеу, тақырып сұрақтары бойынша комментарии құрастыру.

· Рефератты құрастыру

Орындау формасы – Сулы фактормен байланысты аурулардың алдын алу шаралары тақырыбына реферат дайындау.

Орындау критерийлері:

1. Реферат «Бақылау» бөлімінде ұсынылатын сұрақтар бойынша тақырыптардың негізгі аспектілерін қамтуы керек.

2. Рефераттың көлемі 7-8 баспа беттен аспауы керек.

3. Рефераттың құрамында титулдық бет, мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімі болуы керек.

4. Кіріспеде рефераттың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері қарастырылады, негізгі бөлімінде тақырыптың мазмұны ашылады, қорытындыда – айтылған мәліметтер қорытындыланып, ұсыныстармен тұжырым беріледі.

5. Ең жаңа әдебиет көздеріне ерекше мән беріліп, бір емес, бірнеше әдебиет көзі пайдаланылған болуы керек.

6. Реферат кестелермен, графиктермен, суреттермен және т.б. көркемделуі керек.

Тапсыру мерзімі:күнтізбелі-тақырыптық жоспарға сәйкес.

Бағалау критерийлері:

Сапа критерийлері Үздік Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Реферат мазмұнының тақырыпқа және қойылған міндеттерге сәйкестігі Реферат мазмұны тақырыпқа және қойылған міндеттерге толығымен сәйкес келеді Реферат мазмұны тақырыпқа және қойылған міндеттерге толығымен сәйкес келеді Реферат мазмұны тақырыпқа және қойылған міндеттерге негізінен сәйкес келеді Реферат мазмұны тақырыпқа және қойылған міндеттерге сәйкестігі толық емес
Тақырыпты ашуы мен қолданылған әдебиет көздерінің толықтығы Тақырып толық ашылған, қазіргі әдебиет көздері жеткілікті мөлшерде қолданылған Тақырып ашылған, дегенмен кейбір жағдайлар анықтауды қажет етеді, негізгі әдебиет көздері қолданылған Тақырып жеткілікті ашылмаған, негізгі әдебиет көздерінің барлығы қолданылмаған   Тақырып жеткілікті ашылмаған, қоданылған әдебиет көздері аз
Материалды қорытындылау және қысқаша тұжырымдар жасай білуі Материал қорытындылан-ған, анық және түсінікті тұжырым жасалған Материал қорытындыланған, анық тұжырым жасалған Материал қорытындыланған, бірақ тұжырым тым үлкен, анық емес Материал қорытындыланбаған, тұжырым жоқ
Көркемделуі, олардың ақпараттылығы Ақпараттылық сапасы жоғары Ақпараттылығы бар, сапасы жақсы Ақпараттылығы жеткіліксіз Ақпараттылығы жоқ
Рефераттың рәсімделуінің қойылған талаптарға сәйкестігі Рефераттың рәсімделуі қойылған талаптарға толық сәйкес келеді Рефераттың рәсімделуі қойылған талаптарға толық сәйкес келеді Рефератты рәсімдеуге қойылған негізгі талаптар сақталған Рефератты рәсімдеуге қойылған негізгі талаптар сақталмаған

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Гигиена / Под ред. акад. РАМН Г.И.Румянцева.- М.:ГЭОТАР:Медицина,2000.- С.111-175.

2. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека. – М.: Издательский центр «Академия»,.2004.- С.45-61, 265-286.

3. Пивоваров Ю.П. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека. – М.:ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ, 2001. – С.27-51.

Қосымша:

1. Большаков А.М., Новикова И.М. Общая гигиена. - М.: Медицина. 2002.- С.55-107

2. Красовский Г.Н., Надеенко В.Г., Кенесариев У.И. "Токсичность металлов в питьевой воде", 1992, 126с.

3. Новиков Ю.В., Плитман С.И. Современные проблемы водоснабжения и санитарной охраны водоемов. Гигиена и санитария. 1993.-. №2. –С.6-8.

4. Правила охраны поверхностных вод (типовые положения). - М., 19915. СанПиН 3.01.067.97 РК – Питьевая вода. Гигиенические требования к качеству воды централизованных систем питьевого водоснабжения.СанПиН 03.01.1997г. Республики Казахстан «Питьевая вода».

6. Сидоренко Г.И. и др. Гигиена сельского водоснабжения: Справочное пособие. – Алма-Ата: Кайнар,1989. –С.304.

Бақылау (сұрақтар):

1. Су факторымен байланысты аурулардың алдын-алу шараларының негізгі бағыттары.

2. Су объектілерін күзету. Су көздеріндегі судың химиялық заттарын гигиеналық нормалау мағынасы және су көздерін ластаудың алдын-алу үшін ағынды суларды тастандыларды регламенттеу.

3. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы су объектілерінің экологиялық және гигиеналық қауіпсіздігін шешетін жағдай ретінде – қалдықсыз технологияны енгізу, қайтымды сумен қамтамасыз ету, тұйық циклдер, технологиялар, токсикалық қосылыстары жоқ технологиялық шаралар жүргізу керек.

4. Су көздерінің ластануын алдын-алу мақсатында техникалық шаралардың ролі. (ағынды суларды химиялық және биологиялық тазарту, фильтрация, зарарсыздандыру) Су көздерін ауылшаруашылық жұмыстар, мал жаю, қоқыстар ұйымдастыру, су көздерін рекреациялық мақсатта пайдалану барысында мелиорацияның алдын-алу.

5. Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су көздерін таңдау. Ауыл-шаруашылық сумен қамтамасыз еті жүйесі: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған. Орталықтандырылған шаруашылықтық-ауыз сумен қамтамасыз ету үшін көздерін таңдауда қойылатын негізгі ұстанымдар (ГОСТ 2761-84). Су көздерінің эпидемиологиялық қауіпсіздігін анықтайтын көрсеткіштер.

6. Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету. Требования к устройству и содержанию шахтных и трубчатых колодцев и каптажей родников (СанПиН 3.01.038-97). Құдықтарды тазарту және дезинфекциялау.

7. Ауыз судың сапасын нормалау.

8. Су көздерін санитарлық қорғау. Жер беті және жер асты су көздерін алу кезіндегі санитарлық-қорғаныс аймақтары. Су көздеінің санитарлық-қорғаныс жолақтары.

9. Су сапасын жоғарлату.

Наши рекомендации