Шартты-патогенді микроорганизмдердің әсерінен туындаған токсикойнфекциялар

Тағамдық токсикоинфекция (ТТИ)

ТТИ-тұз алмасуының бұзылуымен, асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлімінің симптомдарымен сипатталатын және адам ағзасынан тыс экзотоксин бөлуге қабілетті, шартты-патогенді бактериялар шақыратын жедел қысқа мерзімді аурулар.

Этиологиясы:

ТТИ-қоздырғышы көптеген шартты-патогенді бактериялар түрлері. Өзінің тіршілігі кезеңінде адам ағзасынан тыс экзотоксин шығаруға қабілетті. Олардың ішіндегілер:-Ce. perfridens

· Ps.vuldaris

· Bac cereus

· St. aneees

Экзотоксин бөледі:- энтеротоксин

· цитотоксин

Эпидемиологиясы:

қоздырғыштардың табиғатта таралуы өте жиі кездеседі. Инфекция көздері пневмониямен ауыратын адамдар маститпен зардап шегуші жануарлар. Зақымдалу жолы: алиментарлы Бактериялардың токсин бөліп шығаратын штаммаларымен инфекцияланған тағамдарды қолданғанда ауру туады. Таралу факторлары: бактерияларға қоректік орта болып табылатын кез келген тағамдық өнімдер ТТИ шақыратындардың токсиндері жоғары. Топтық, экспозивті аурулармен сипатталады. Мезгілдік байқалмайды, бірақ жазғы мезгілде жиі кездеседі.

Патогенез.

Инфекцияланған тағаммен бірге асқазанға көп мөлшерде экзотоксинмен бактерия түседі. Токсиндердің асқазанның шырышты қабатына әсер ету уақытынан клиникалық дамуына көп жағдайларда 30 минут кетеді (көбінесе 2-6 сағат).

Клиникалық белгісі

токсиннің түріне, дозасына, сонымен қатар тағамдық өнімдерде болатын бактерия табиғатты токсикалық заттарға байланысты.

Тағамдық уланудың алдын алу үшін дұрыс сақтай білу жөн

Энтеротоксиндер асқазан мен ішектің эпителиальды жасушаларымен байланысып, морфологиялық шараларды шақырмай, ферментативті жүйеге эпителиоцит-аденилциклаза шырышты қабат жануарларында биологиялық активті заттар-ЦАМФ, цГМСФ сонымен қатар простагландин, гистамин, ішек гормандарының және т.б. түзілуі артады. Бұл өз кезінде асқазан мен ішектің сұйық және тұз бөлу секрециясын арттырады, осының нәтижесінде құсу мен іш өту пайда болады. Цитотоксин эпителиальды клеткалардың мембранасын бұзып, ондағы белок-синтез процесінің бұзылуына әкеледі. Бұл ішек қабырғасы арқылы белок табиғатты токсиндердің, ал кейде бактерияның өзі өтуіне әкеледі. Мұның бәрі цитотоксикацияның дамуына, микроциркуляцияның шырышты қабаттың жергілікті қабыну өзгерістеріне әкеледі. ТТИ-ң ауыр кезеңі тағам өнімдерінде көп мөлшерде энтеротоксинмен цитотоксиннің жиналу кезінде байқалады.

Клиникасы.

Инкубациялық кезең 30 минуттан 24 сағатқа дейін. ТТИ-ң клиникалық көріністері бір-біріне ұқсас әртүрлі этиология түрінде өтеді. Барлық ТТИ-ға тән:

· өткір бастама

· жедел даму

· асқазан-ішек жолдарының бұзылуы (гастрит, гастроэнтерит)

интоксикациялық синдром

· адекватты терапия кезінде симптомдардың жедел қайтымды дамуы

Диагностикасы:

-Басқа этиологиялық факторларды жою (клинико-лабораториялық және эпидемиологиялық мәліметтер бойынша)

· ұсынылып отырған қоздырғыштың этиологиялық ролін нақтылау

1. )бактериологиялық әдіс (нәжіс, құсық, тағам өнімдері)

2. ) РА аутоштаммамен қоздырғыштар, динамикадағы антидене титрының өсуімен

Диф.диагноз:

тырысқақпен

· НАТ-инфекциямен

· Вирусты гастроэнтертпен

· Қатты уланулармен

Емделуі:[

Емдеу әдісін таңдау аурудың формасы мен ауырлығына байланысты:

1. .Асқазан мен ішекті жуу

2. .Дезинтоксикация

Кейбір клиникалық көрсеткіштер ерекшелігі қоздырғыш түріне байланысты. Стафилококкогты ТТИ кезіндегі этиология-ең қысқа мерзімді инкубациялық кезек (30-60С). Ұзақ мерзімді:

· үзіліссіз жиі құсу

· іштің қатты тілме тәрізді ауыруы (кіндік маңайының эпигастрий)

· бас айналу, коллапс, диагноз симптомдарының тез және жиі байқалуы

Ce.perfrindens-бен шақырылған ТТИ кезінде сұйық қан аралас нәжіс болуы мүмкін. Сулы-элоктролитті баланстың тұрақтануы (оральды немесе парентеральды регидрация). Асқазан-ішек жолдарының функциональды әсерінің тұрақтануы.

Орнитоз

Орнитоз (лат. ornіx – құс) – адамдар мен құстарда болатын жұқпалы ауру. Орнитоз тыныс алу жолдары арқылы жұғып өкпенің қабынуы, орталық жүйке жүйесі, бауыр, көк бауырдың зақымдануы, организмнің жалпы улануымен сипатталады. Аурудың қоздырғышы – хламидия (Chlamіdіa psіttacі).

Наши рекомендации