Менопауза қашан пайда болады?
Жоспар
1. Менопауза дегеніміз не?
2. Менопаузаның жиі кездесетін симптомдары қандай?
3. Келесі симптомдар болса, дәрігерге көрініңіз
4. Менопауза қашан пайда болады?
5. Гормондық алмастыру емдеуі дегеніміз не?
6. Басқа емдеу әдістері бар ма?
7. Фитоэстрогендер дегеніміз не?
8. Емдәм ұстану ұйқының сапасына әсер етеді ме?
9. «Ысыну» кезіндегі жәрдем Менопауза сүйектің саулығына қалай әсер етеді?Менопауза жүректің саулығына қалай әсер етеді?Менопауза қандағы темірдің деңгейіне қалай әсер етеді?Дәрігерге қойылатын сұрақтар
Менопауза дегеніміз не?
Менопауза – әйелдерде етеккірдің толығымен тоқтауы. Ол аналық бездің қызметінің өшуінде және әйелдердің жыныстық гормондары - эстроген мен прогестеронның өндірілуінің азаюында пайда болады. Бұлар етеккір айналымын реттейтін гормондар. Менопауза орнауының уақыты әр түрлі, қалыпты жағдайда 40-59 жаста болды. Менопауза – бірнеше жылға созылатын, біртіндеп өтетін үрдіс.
Пременопауза – менопаузаға дейін 3-5 жыл уақыт кезеңін сипаттайтын термин.
Менопаузаның жиі кездесетін симптомдары қандай?
Кейбір әйелдерде етеккір тоқтауында симптомдар болмайды. Ал әйелдердің көпшілігінде кейбір келесідей симптомдар болады:
Етеккір айналымының бұзылысы. Бұл менопауза симптомдарының алғашқыларының бірі. Етеккір жиірек болып немесе бір мезгіл болмауы мүмкін. Етеккірлік қан кетуі әдеттегіден көп немесе аз болуы мүмкін.
Ысынулар. Ысынулар - менопаузаның жиі кездесетін симптомы. Ысынулар дененің жоғарғы жартысында және баста кейде пайда болатын қызыну сезімі. Бұл кезде тері қызарып, тершеңдік пайда болады. Жүрек айнуы және бас айналуы, бас ауыруы және жүрек соғуының жиілеуі сезілуі мүмкін.
Қынап ішінің құрғақтығы. Менопауза кезінде және одан кейін қынаптың (іншектің) және жыныстық ағзалардың терісі жұқарады. Қынап (іншек) жыныстық қозу кезінде бөлінді өндіру қабілетін жоғалтады. Бұл өзгерістер жыныстық қатынас кезіндегі ауырсынудың пайда болуына апаруы мүмкін. Жыныстық қатынас кезіндегі ауырсынуды азайту үшін су негізіндегі лубрикант (ылғалдандырғыш) немесе қынап аумағына ылғалдандыратын крем қолдануға болады.
Сондай-ақ, құрамында эстроген бар қынаптық кремді қолданудың артықшылығы мен қауіптері туралы дәрігермен кеңесуге болады.
Несеп шығару жолдарының аурулары. Менопауза кезінде және одан кейін әйелдер несепқап пен несеп шығару жолдарының инфекциясына бейім болады. Несеп шығару жиілесе, немесе несеп шығаруда немесе несеп кешігуінде күйдіру сезімі болса, дәрігерге көрініңіз.
Бас ауыруы, түнгі тершеңдік, ұйқыдағы мәселелер, шаршау және басқа симптомдар. Менопауза кезінде ұйқыға кетуде немесе ұйқыда мәселелер болады. Түнгі тершеңдіктен оянуыңыз мүмкін. Ұйқының тез фазасы бұзылуы немесе болмауы мүмкін, сондықтан шаршау және күйгелектену сезімі пайда болады.
Салмақтың артуы. Көптеген әйелдер менопауза кезінде салмақ қосады. Салауатты емдәм және ұдайы дене жүктемесі сымбатты сақтауға көмектеседі.
Келесі симптомдар болса, дәрігерге көрініңіз:
· Етеккір айналымының бұзылыстары
· Көп қан кетуі
· Етеккірдегі қан кетуінің ұзаруы
· Етеккір 3 аптадан жиірек болады
· Жыныстық қатынастан кейін қан кетуі
· Етеккір аралық кезеңдегі кез келген қанды бөліністер
Менопауза кезінде көңіл-күй симптомдары пайда болады ма?
Көптеген әйелдерде менопауза кезінде көңіл-күй симптомдары болады. Оларға түңілу, үрейлену және көңіл-күй өзгерісі жатады. Кейбір әйелдерде симптомдар күрделі болуы мүмкін. Егер көңіл-күй симптомдары пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет.
Менопауза қашан пайда болады?
Менопауза орнауының уақыты әр әйелдерде әр түрлі болады. Шамамен алғанда, пенопауза 51 жаста орын алады. Қалыпты саналатыны 49-59 жас аралығында. Әйелдерде менопауза көбінесе, анасында болған жасында болады. Егер етеккір ерте тоқтаса (40 жасқа дейін), дәрігер қан талдауын тағайындайды, бұл етеккір айналымының бұзылысымен өтетін басқа ауру еместігін, менопауза екендігін анықтау үшін қажет.
Менопауза – бірнеше жылға созылатын, біртіндеп өтетін үрдіс. Егер етеккір қатарынан 12 ай бойы болмаса ғана менопауза туралы айтуға болады. (Осы кезде жүктілікті қаламаған жағдайда контрацепция әдістерін қолдану қажет).
Аналық безді оперативтік алып тастаған жағдайда әйелдерде «хирургиялық» менопауза орын алады. Жатыр алып тасталса, аналық без сақталса, әйелде етеккір тоқтайды, бірақ, «хирургиялық» менопауза болмайды.