Мұрыннан бактериологиялық зерттеуге жағынды алу. 2 страница

Обьективті: жағдайы ауыр. Сарғаю айқын. Іші жүктілік мерзіміне сай ұлғайған. Бауыры қабырға доғасы бойымен, ауырсынады. Пульс 96 рет минутына. АҚҚ 110/50 мм.с.б.б. Зәр түсі қошқыл. Нәжісі 3 күн бойы болмаған. Болжам диагноз:

ВГА

ВГВ

ВГС

ВГД

ВГЕ.

***

49) Ауруханада вирусты гепатит В мен ауырған науқаста сырқатының 11-шi күнi жағдайы нашарлап, сарғыштық үдейе түскен. Науқас қатты әлсiзденген. Жүрегi айнып, қайта-қайта лоқси бередi. Оң жақ қабырға асты ауырсынып тұрғанына шағымданады. ұйқы басып, маужырап жатыр. Келесi күнi қозу пайда болып, науқас орнында жата алмай, не iстеп, не қойғанын бiлмейдi. Аузынан шикi бауырдың иiсi шығып, құсығы қоңыр түстi болды. Иньекция орындарында-айқын геморрагиялық өзгерiстер. Бауыр көлемi кiшiрейген. қабырға доғасынан 1-1,5 см жоғары. Дамыған өзгерiстер қай асқынудың белгiлерi болып табылады:

қан тамырлардың iшiнде, жайылған ұю синдромы/ДВС-синдром/

бауырдың жедел жетiспеушiлiгi

мидың iсiнуi

токсико-инфекциялық шок

бүйректiң жедел жетiспеушiлiгi

***

50) Вирусты гепатит инфекциясы кезінде созылмалы белсенді гепатит пен бауыр циррозының қалыптасуы, келесі жағдайда:

дельта вирусымен суперинфекция

дельта вирусымен коинфекциялар

Е вирусымен суперинфекция

А вирусымен суперинфекция

***

51) Науқас В.,40 жаста, кондитеp, эпигастрии аймағындағы толғақ тәрізді ауырсынуға , жүрек айнуына, көп мөлшерде құсу ,жиі сұйық нәжіс, жалпы әлсіздік, қалтырау, бас ауруына шағымданып түсті. Ауруы кілегей қосылған тұрып қалған салат жегеннен кейін 2 сағаттан соң басталды, жүрегі айнып құсқан, қайталап құсқан, ішінде толғақ тәрізді ауырсыну, жиі құрамында қортылмаған тағам қалдықтары бар су тәрізді нәжіс пайда болған. Қараған кезде: жағдайы ауыр. Т-37,50С.Тері түсі бозарған, аяқ-қолдары суық. Тері қатпарлары баяу жазылады. Бет әлпеті үшкірленген. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ Жүрек тондары тұйықталған. Пульс 88 рет мин. АҚҚ 100/60 мм.с.б.б. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Нәжісі сұйық, су тәрізді, патологиялық қоспаларсыз. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз. Сіздің диагнозыңыз

ас токсикоинфекциясы,

жедел дизентеpия,

тырысқақ

амебиаз

сальмонеллез

52) Созылмалы вирусты гепатит және бауыр циррозы келесі гепатиттің асқынуы болып табылады:

ВГА

ВГВ

ВГС

ВГЕ

***

53) Келесі симптомокомплекске сәйкес диагнозды көрсетіңіз: мезгілділік, жиі жастарда, басталуы жедел, циклды ағым, продромальды кезеңі қысқа катаральды және диспептиялық белгілермен, улану синдромдарының сарғаюдан кейін азаюы, ағымы қатерсіз, соңы , anti HАV IgM+, anti HЕV IgG+©

вирусты гепатит А, сарғаю түрі

вирусты гепатит В, сарғаю түрі

вирусты гепатит С, сарғаю түрі

вирусты гепатит Д, сарғаю түрі

вирусты гепатит Е, сарғаю түрі

***

54) Науқас ауруының 3-ші күні ауруханаға келіп түсті. Шағымдары:жалпы әлсіздік,бас ауруы, дене қызуының 380С-ге дейін жоғарлауы,тамағының жыбырлатып,”тырнау” сезімі, құрғақ үрген тәрізді жөтел, дауысының қырылдауы, мұрнының бітелуі. кейде жоғалып шықпай қалуы. Қарағанда жағдайы орташа ауырлықта, араны қызарған, өкпесінде қатаң тыныс сырылдар жоқ. Сіздің диагнозыңыз

тұмау,типті түрі,орташа ауырлықдәрежесі

парагрипп, орташа ауырлық дәрежесі

аденовирусты инфекция,ринофарингит

ботулизм,орташа ауылық дәрежесі

***

55) Келесi клиникалық белгiлер жинағы: жедел басталуы, қалыптағы температурада, тәулiгiне 7-10 рет көп мөлшерде, жиi, сулы, iшiнде ешқандай ауырсынусыз iш өту, нәжiсi сұйық, патологиялық қоспаларсыз болып, жүрек айнусыз пайда болатын құсық. Осы аурудың лабораторлы диагностикасында пайдаланбайтын әдiс:

бактериологиялық

иммунофлюоресценттi

агглютинация реакциясы

вибриоцидты антиденелердi табу

аллергиялық

***

56) Төмендегi симптомдар жинағы: Науқас В., 40 жаста, пирожный жегеннен кейiн 1 сағаттан соң түстi. Жедел ауырған, эпигастрий аймағында қатты батып ауырсыну, жүрегi айну, көп рет құсу, қалтырау, әлсiздiк, енжарлық болған. Қарағанда: жағдайы ауыр, Т-38,6С. Терiсi бозғылт, құрғақ, аяқ-қолдары суыған, өкпесiнде везикулярлы тыныс алу, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, пульсы 100 рет минутына, АҚҚ-100/60 мм.с.б.б. Тiлi ақ жабындымен жабылған. Iшi пальпация кезiнде эпигастрий маңайында ауырсынады. Бауыры мен көкбауыры үлкеймеген. Нәжiсi сұйық, су тәрiздi, 1 рет болған. Зәрi қалыпты жағдайда. Осы аурудың негiзгi емi:

+регидратациялық

этиотропты

қабынуға қарсы

десенсибилизивтi

иммунокоррекциялық

***

57) Науқаста тәбетi төмендеген, әлсiздiк, жүрек айнуы, құсуы, денесi сарғайған. Ауырғанына 10 күн болған, сырқаты әлсiздiктен, тәбетi төмендеуiнен, шаршағыштықтан, денесiнде, iрi буындарында ауырсыну сезiнуiнен бiртiндеп басталған. Соңғы 2-3 күн зәрi қоңырланып, одан кейiн денесiнде сарғыштық пайда болған. Жағдайы орташа ауырлықта. Денесiнде айқын сарғыштық. Бауыры қабырға доғасынан 1-1,5 см төмен, көкбауыры үлкеймеген. Нәжiсi ақшыл, зәрi “сыра” тәрiздi түстi. Осы ауруда көбiнесе қай маркерды табу жиi қолдануда:

HbsAg

HbeAg

HbcAg

HbsAg-антиденелер

HbeAg-антиденелер

***

58) Науқас эпигастрий аймағында толғақ тәрiздi ауырсынуға, жүрегiнiң айнуына, көп рет құсуға, жиi сұйық нәжiске, әлсiздiкке, қалтырауға, басының ауруына шағымданып түстi. Сырқаты бұдан 2 сағат бұрын тұрып қалған салат жегеннен кейiн басталған: жүрегi айнуы, көп рет құсу, iшiнiң толғақ тәрiздi ауырсыну, жиi су тәрiздес, тамақ қалдықтары бар сұйық нәжiс болған. Жағдайы ауыр, Т-37,5С. Терiсi бозғылт, цианозды көленкеленген, аяқ-қолдары суық.Терi қатпарлары баяу түзеледi.Бет әлпетi жүдеген.Өкпесiнде тыныс алуы везикулярлы, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, пульсы 88 рет минутына, АҚҚ-100/60 мм.с.б.б. Тiлi ақ жабындымзн жабылған. Iшi жұмсақ, эпигастрий аймағында аздап ауырсынады. Бауыры мен көкбауыры үлкеймеген, нәжiсi сұйық, су тәрiздес, патологиялық қоспаларсыз. Сусыздану синдромының патогенезiнде маңызды роль алады:

негiзгi алмасу процесiнiң

бүйректегi түйiндiк филтрацияның бұзылуы, натрийдiң керi адсорбциясының бұзылуы

аденилциклаза жүйесiнiң, простогландиндердiң белсендiлiгi

тоқ iшектегi судың сiңу процестерiнiң бұзылуы

тамыр өткiзгiштiгiнiң жоғарлауы

59) Жүрегiнiң айнуынан, құсудан, дене қызбасының 38,7С – ке көтерілуінен, көп мөлшерде жасыл түстi, сасық иiстi патологиялық қоспалары жоқ, сұйық нәжiстен жедел басталатын белгiлер жинағына т

60) Науқас П. 32 жаста, сырқатының 2-шi күнi мынандай шағымдармен түстi: iшiнiң эпигастральды және кiндiк аймағында толғақ тәрiздi ауырсыну, шұрылдау, жиi, тәулiгiне 8-10 рет сұйық, көп мөлшерде нәжiс, дене қызуы 38,8 С., жүрегiнiң айнуы, көп рет құсуы, тәбетiнiң төмендеуi, шөл.

Жедел ауырды: бiр тәулiктiң iшiнде жоғарыда көрсетiлген белгiлер пайда болды.

Эпиданамнез: ауырмас бұрын асханадан тамақ iштi. Котлет, омлет, көзкөнiстен жасалған салат.

Обьективтi: жағдайы орташа, дене қызуы 38,9С. Терiсi өзгермеген, ылғалдылығы сақталған, таза. Өкпесiнде тыныс алуы везикулярлы. Жүрек тондары тұйықталған. Ритмi дұрыс. Пульсы минутына 98 рет. АҚҚ-90/60 мм.с.б.б. Тiлi ылғалды, жабындымен жабылған. Iшi жұмсақ, эпигастарльды және кiндiк аймағында ауырсыну. Бауырының шетi пальпацияланады. қабылдау бөлiмiнде нәжiсi көп мөлшерде. Сасық иiстi, жасыл түстi, жалқақ араласқан.

Өзiңiздiң диагнозыңызды көрсетiңiз:

Сальмонеллез, гастроинтестинальды түрі, гастриттік вариант, орташа ауырлық дәрежесі

+Сальмонеллез, гастроинтестинальды түрі, гастроэнтериттік вариант, орташа ауырлық дәрежесі

Сальмонеллез, гастроинтестинальды түрі, гастроэнтероколиттік вариант, орташа ауырлық дәрежесі

Сальмонеллез, гастроинтестинальды түрі, гастриттік вариант, жеңіл дәрежесі

Сальмонеллез, гастроинтестинальды түрі, гастроэнтериттік вариант, жеңіл дәрежесі

***

61) 5 жастағы бала бұдан 5 күн бұрын температурасы субфебрильдi цифрға дейiн көтерiлген, жөтел, тұмау, енжарлық болған. Сырқатының 3-шi күнi сұйық нәжiс пайда болған. тәулiгiне 3-4 рет. Температурасы 38,50С.Сырқатының 4-шi күнi оң жақ қабағының iсінуi байқалған, ал келесi күнi коньюктивит сол жағынан да анықталған.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, аузымен дем алады, ернiнде герпесті бөртпелер. Екi көзiнiң коньюктивалары қызарған,iсiнген, лимфа түйiндерi ұлғайған. Көмейiнде-гиперемия, бадамша бездері ұлғайған. Өкпесiнде тыныс алу қатқылданған, сырыл жоқ. Аздаған тахикардия. Бауыры қабырға доғасында. Сырқатының 7-шi күнi оң жақ төменгi қабағында фибринозды пленка пайда болған. Ол сырқатының 15-шi күнiне дейiн температурасымен бiрге сақталған. Сонымен қатар оң жақ құлағының алдындағы лимфа түйiнi үлкейген.

Сiздiң диагнозыңыз:

энтеровирусты инфекция , эпидемиялық коньюктивит

туляремия, көз бубонды түрi

аденовирусты инфекция, жедел коньюктивит, орташа ауырлық дәрежесі

көз дифтериясы

герпетикалық инфекция

***

62) 32 жастағы науқас ауруханаға тәбетi төмендеуiне, әлсiздiкке, жүрегi айнып құсуына, денесніңi сарғайып кеткенiне шағымданып түстi.

Ауырғанына 10 күн болған, сырқаты әлсiздiктен, тәбетi төмендеуiнен, шаршағыштықтан, денесiнде, iрi буындарында ауырсыну сезiнуiнен бiртiндеп басталған. Соңғы 2-3 күн зәрi қоңырланып, одан кейiн денесiнде сарғыштық пайда болған.

Қарағанда: Жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы қалыпты көрсеткiште. Денесiнде айқын сарғыштық. Өкпе мен жүрек жағынан өзгерiссiз. Пульсы минутына 68 рет соғу. АҚҚ-110/60 мм.с.б.б. Тiлiн ақ жабынды жапқан, iшi жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 1,5-2,0 см төмен, көкбауыры үлкеймеген. Нәжiсi ақшыл, зәрi “сыра” тәрiздi түстi. Биохимиялық көрсеткiштерi: АЛТ-2 ,5 есе жоғарлаған, билирубин жалпы-120мкмоль/л, тура-90 мкмоль/л,ИФА- HbsAg –оң, HbeAg-оң, анти-.HBCorIgM-оң.Сіздің диагнозыңыз:

вирусты гепатит А, сарғаю түрi,орташа ауырлық дәрежесі

вирусты гепатит В, сарғаю түрi,орташа ауырлық дәрежесі

лептоспироз, сарғаю түрі орташа ауырлық дәрежесі

ішектік иерсиниоз, абдоминальды түрі,орташа ауырлық дәрежесі

псевдотуберкулез, абдоминальды түрі,орташа ауырлық дәрежесі

***

63) Науқас ауруханаға: iшiнiң сол жақ мықын аймағында толғақ тәрiздi ауырсыну, жиiлiгi тәулiгiне 10 рет сұйық нәжiс, аз мөлшерде, жалқақ араласқан, әлсiздiк, дене қызуын көтерiлуiне шағымданып түстi. Капустадан салат жегеннен кейін жедел ауырған: Обьективтi: дене қызуы 37,20С. Ішi өзгермеген, жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауырсыну байқалады, “сигма” тәрiздi iшек тығыздалған, ауырсынады.Нәжiсi аз мөлшерде, жалқақ араласқан. Өзiнiздiң болжамалы диагнозыңызды көрсетiңiз://

жедел дизентерия, типтік түрі, орташа ауырлықта. //

жедел дизентерияның типтік түрі, жеңіл ауырлықта //

жедел дизентерияның атиптік түрі, орташа ауырлықта //

жедел дизентерияныѕ атиптік түрі, жеңіл ауырлықта //

жедел дизентерияның атиптік түрі, ауыр ауырлықта

***

64) Науқас Р., 19 жаста, ауруының 3-ші күні келіп түсті, шағымдары айқын әлсіздік, жиі (тәулігіне 16 ретке дейін), көп мөлшердегі нәжіс, жүрек айнусыз көп рет құсу, шөлдеу. 3 күн бұрын Индонезиядан келген. Қарағанда жағдайы ауыр, Есі сақталған. Т 35,8°C. Бет әлпеті үшкірленген,көзі шүңірейген, көз асты қарайған. Шырышты қабықтары құрғақ,цианоз. Тері жабындылары бозарған, суық жабысқақ термен жабылған, іші терісі қатпарға жиналмайды. «Кір жуғыш қолы»симптомы айқын. Аяқ қолдарының бұлшықеттерінің тартылуы байқалады. Тыныс алу жиілігі 38 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс 116 рет мин., жіп тәріздес. АҚҚ 50/0 мм.рт.с.б.б. Тілі құрғақ, ерін шырышы цианозды. Іші тартылған, пальпацияда шұрылдайды Сіздің диагнозыңыз://

тырысқақ, сусызданудың 1-ші деңгейі//

тырысқақ, сусызданудың 2-ші деңгейі//

тырысқақ, сусызданудың 3-ші деңгейі//

тырысқақ, сусызданудың 4-ші деңгейі//

тырысқақ тырысқақ, атипті түрі

***

65) Науқас К., 28 жаста, ауруының 2-ші күні келді. Шағымдары бас ауруы әсіресе маңдай аймағы және көз айналасында ауырсынуы, дене қызуының 390С жоғарлауына, бүкіл денесінің қақсауы, тершеңдік, түшкіру, құрғақ жөтел, мұрын бітелуі. Жағдайы орташа ауырлықта, терісі ылғалды,беті ісінген, көзінен жас ағады, көз тамырлары және конъюктивасы қызарған. Араны қызарған, мұрнынан шырышты бөліністер. Жүрек тондары тұйықталған. АҚҚ -100/60 мм.с.б.б. Диагноз қойыңыз?

Парагрипп, орташа ауырлық дәрежесі

Аденовирусты инфекция, фаринготонзилит, жеңіл дәрежесі

+Тұмау, типті түрі, орташа ауырлық дәрежесі.

Риновирусты инфекция, ринит, орташа ауырлық дәрежесі

Респираторлы-синцитиальды вирусты инфекция, жеңіл дәрежесі

***

66) Науқас К., 17 жаста,ауруының 5—ші күні келіп түсті. Шағымдары: тәбетінің төмендеуі, жүрегінің айнуы, бір рет құсқан, оң жақ қабырға доғасы астында батып ауырсыну, тері және склерасының сарғаюы. Жедел ауырған, қалтыра, дене қызуы 38,2°С дейін жоғарлаған (2 күн бойы), одан кейін тәбеті төмендеп, жүрек айнуы, құсу пайда болған, зәр түсі сыра тәрізді болған, тері түсінің сарғаюын 4-ші күні байқаған. Жағдайы орташа ауырлықта. Тері және склерасы аздап сарғайған. Бауыры қабырға доғасынан 1,5-2 см төмен, аздап ауырсынады. Нәжісі түссіз, зәрі сыра түстес. anti HEV IgM+, anti HAV IgG+, Сіздің диагноз.

Вирусты гепатит Е, типті сарғаю түрі, орташа ауырлық дәрежесі

Вирусты гепатит А, типті сарғаю түрі, орташа ауырлық дәрежесі

Вирусты гепатит В , типті сарғаю түрі, орташа ауырлық дәрежесі

Вирусты гепатит С, типті сарғаю түрі, орташа ауырлық дәрежесі

Вирусты гепатит Д, типті сарғаю түрі, орташа ауырлық дәрежесі

***

67) Науқас әйел 27 жаста, шағымдары: тәбетінің төмендеуі, оң жақ қабырға доғасы астында батып ауырсыну, жүрек айнуы, құсу, әлсіздік. Ауруы біртіндеп басталған, әлсіздіктен, буындарының қақсауынан басталған. 6 ай бұрын стоматологта емделген, 2 ай бұрын гинекологта емделген. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Температурасы 36,80С. Тері және склерасы аздап сарғайған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға доғасы аймағында ауырсынады. + 1,0 см. Нәжісі түссіз, зәрі сыра түстес.

Сіздің диагнозыңыз

Вирусты гепатит Е , типті сарғаю түрі, орташа ауырлық дәрежесі

вирусты гепатит А , типті сарғаю түрі, жедел ағымы, жеңіл дәрежесі

вирусты гепатит А, типті сарғаюсыз түрі орташа ауырлық дәрежесі

вирусты гепатит В типті сарғаю түрі, орташа ауырлық дәрежесі сарғаю түрі, орташа ауырлық дәрежесі

созылмалы гепатит С,шамалы белсенді

***

68) Науқас Н., 20жаста,ауруының 2-ші күні келіп түсті. Шағымдары: сол жақ мықын аймағында толғақ тәрізді ауырсынулар, жиі (тәулігіне 10 ретке дейін) шырыш және қан аралас сұйық нәжіс, тенезмдер және жалған шақырулар дене қызуының 38,5°C жоғарлауы, жүрек айнуы, қайталап құсу, әлсіздік. Сіздің диагнозыңыз.©

Жедел дизентерия, атипті түрі, орташа ауырлық дәрежесі

Жедел дизентерия, типті түрі, жеңіл дәрежесі

Жедел дизентерия,атипті түрі, жеңіл дәрежесі

Жедел дизентерия, типті түрі, орташа ауырлық дәрежесі

Жедел дизентерия, типті түрі, ауыр дәрежесі

***

69) Науқас Н., 37 жаста, қайнатылған кремы бар пирожный жегеннен кейін 2 сағаттан соң инфекциялық ауруханаға түсті. Едел ауырған, эпигастри аймағында қатты ауырсыну, жүрек айнуы, көп рет қайталап құсу, қалтырау, әлсіздік, жайсыздық,сұйық нәжіс мазалайды. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы 38,7°C. Тері жабындылары бозарған, құрғақ. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, пульс 100 рет мин., АҚҚ- 90/60 мм.с.б.б. Тілі ақ жабынмен жабылған. Пальпацияда іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырсынады. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды Нәжісі сұйық, су тәрізді, көп мөлшерде, патологиялық қоспаларсыз. Диурез қалыпты. Сіздің диагнозыңыз?

Жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік түрі орташа ауырлық дәрежесі

Сальмонеллез, гастроинтестинальды түрі,гастроэнтероколиттік вариант, орташа ауырлық дәрежесі

Сальмонеллез, гастроинтестинальды түрі, гастроэнтериттік вариант, орташа ауырлық дәрежесі

Псевдотуберкулез, гастроэнтерит, орташа ауырлық дәрежесі

+Ас токсикоинфекциясы, гастроэнтерит, орташа ауырлық дәрежесі

***

70) Науқас Р., 38 жаста, ауруханаға сырқатының 3-шi күнi мынандай шағымдармен түстi: енжарлық, субфебрильды температура, басы ауырған, тәбетi төмендеген, жұтынғанда ауырсыну, жөтел.

Эпиданамнез: 3 ай бұрын вирусты гепатитпен ауырған, адаммен қарым-қатынаста болған.

Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Температурасы 38,30С. Терi қабаты таза, бозғылттанған. Бетi iсiнген, екi көзiнiң коньюктивалары iсiнген, сол жақ көзiнен iрiңi көрiнедi. Көмейiнде қызару, бадамша бездері мен доғасы қызарған, үлкейген. Жақ асты және мойын түйiндерi пальпацияланады. Өкпесiнде везикулярлы тыныс алу, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған. Ритмi дұрыс,пульсы минутына 98 рет. Тiлi ақ жабындымен жабылған. Iшi жұмсақ, ауырмайды. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланады. Нәжiсi 2 рет, ботқа тәрiздес. Зәрi қалыпты жағдайда.

Сiздiң диагнозыңыз:

вирусты гепатит А,типті сарғаю түрі, орташа ауырлық дәрежесі, сарғаю алды кезеңi

вирусты гепатит В, типті сарғаю түрі, орташа ауырлық дәрежесі, сарғаю алды кезеңi

+аденовирусты инфекция, фарингоконъюктивальды қызба,орташа ауырлық дәрежесі

көз дифтериясы,орташа ауырлық дәрежесі

инфекциялы мононуклеоз, орташа ауырлық дәрежесі

***

71) Науқас А., 30 жаста, дәрігер-зертханашы, ауруханаға сарғаю және тәбетінің төмендеуіне шағымданып түсті. Ауруы біртіндеп басталған, әлсіздік, енжарлық, ірі буындарында аздап ауырсыну пайда болған. Кейінірек тәбеті төмендеп, тері қышуы қосылған. Ауырғаннан 1 апта өткеннен кейін зәр түсі өзгерген(шай түстес) тері және склерасы сарғайған.

Эпидемиологиялық анамнез.Екі ай бұрын ауруханада пневмонияға байланысты ем алған. Қарағанда: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық. Дене қызуы 36,5 0С. Тері жабындылары және склерасы аздап сарғайған. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары қатты, ырғағы дұрыс. Пульс 78 рет минутына, АҚҚ- 110/60 мм.с.б.б. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға доғасы аймағында ауырсынады. Бауыры қабырға доғасы шетінен пальпацияланады, көкбауыры пальпацияланбайды. Нәжісі сұр түсті, зәрі сыра түстес. Зерттеулер нәтижесі: жалпы билирубин – 127,5 мкмоль/л, тура -97,3 мкмоль/л., АЛТ – 2,3 мккат. НВs Аg-оң, анти-HDV Ig M.-оң.Клиникалық диагноз қойыңыз

Вирусты гепатит Е, типті сарғаю түрі, орташа ауырлық дәрежесі

Вирусты гепатит А, типті сарғаю түрі, орташа ауырлық дәрежесі

Вирусты гепатит В , типті сарғаю түрі, орташа ауырлық дәрежесі

Вирусты гепатит С, типті сарғаю түрі, орташа ауырлық дәрежесі

Вирусты гепатит Д, типті сарғаю түрі, орташа ауырлық дәрежесі

***

72) Науқас Д., 25 жаста, дәрігерге аурудың 2-күні мынандай шағымдарымен келді: дене қызуының жоғарлауына (39,5), айқын бас ауруына және мұрын бітелуіне . Кенеттен ауырды, басының қатты ауырсынуы, әсіресе мандай-шүйде аймағының, жарықтан қорқу, кеуде артының күйдіріп ауырсынуы, дене қызуының жоғарлауы, мұрын бітелуі пайда болды. Объективті. Жағдайы ауыр. Дене қызуы 39,70С. Конъюнктива және бет терісінің гиперемиясы, таңдай доғашығының және жұтқыншақтың артқы қабырғасының айқын гиперемиясы.Өкпеде везикулярты тыныс, құрғақ сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. АҚҚ 100/60 мм.сын.бағ. Тілі ақ жабынмен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр және көкбауыры пальпацияланбайды. Физиологиялық атқарулары қалыпты. Зерттеулерде: ЖҚА –Эр.-4,2х10/л, Нв-137 г/л, Л-3,7 х10 /л, п-4%, с-57%, м-6%, л- 33%, ЭТЖ -17 мм .сағ. Иммунофлюоресценция әдісімен мұрын жағындысының вирусологиялы зерттеу нәтижесі –оң. Клиникалық диагноз қойыңыз

тұмау,типті түрі,орташа ауырлықдәрежесі

парагрипп, орташа ауырлық дәрежесі

аденовирусты инфекция,ринофарингит, орташа ауырлық дәрежесі

риновирусты инфекция,орташа ауырлық дәрежесі

респираторлы- синцитиальды инфекция, орташа ауырлық дәрежесі

***

73) Науқас ауруының бірінші күні қатты бас ауруына, жоғары дене қызбасына, мұрын бітелуіне аранының жыбырлауына, құрғақ жөтелге шағымданып түсті. Жедел ауырған, дене қызуы қалтыраумен 39,5⁰С-ке дейін жоғарлаған, маңдай аймағында, көз айналасында ауырсыну, тамағында ауырсыну және жыбырлау , бұлшықеттерінің ауырсынуы,жарықтан қорқу пайда болған. Эпиданамнез: 3 күн бұрын баласы ауырған. Қараған кезде жалпы жағдайы орташа ауырлықта., беті қызарған, склера тамырлары қызарған, тері жабындылары дымқыл. Араны айқын қызарған, мұрны бітелген, ауыз арқылы дем алады. Өкпесінде везикулярлы тыныс,қатқыл реңмен. Жүрек тондары тұйықталған, пульс 108 рет мин. АҚҚ 100/60 мм.с.б.б. Іші қалыпты формалы, жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Клиникалық диагноз қойыңыз

Наши рекомендации