Арыншалар фибрилляциясын емдеу.
Қарыншалар фибрилляциясы 60% жиілікте алғашқы 4 сағатта, ал 80% жиілікте – алғашқы 12 сағат аралығында дамиды. Қарыншалар фибрилляциясының ең тиімді жалғыз тәсіліне электрлік дефибрилляция жатады. Одан басқа шаралар ылғи да тиімсіз болып табылады. Миокард инфракты кезінде электрлік дефибрилляцияның тиімділігі 90% -ке жетеді. Алдымен 200 Дж (5кВ) разрядын дейін жеткізеді. Ол тиімсіз болса разрядтың қуатын 300-400 (6-7 кВ) дейін көтере отырып, осы шараны бірнеше рет қайталайды. Егер осыдан кейін де дефибрилляция тиімсіз болса, онда жалпылай жансақтау шаралар жүргізіледі және әрбір 5 минут өткен сайын дефибрилляцияны қайталап отырады. Жүрек қуысына немесе венаға адреналин (1 мг) егіледі, ол тиімсіз болса – 100 мг лидокаин, ол тиімсіз болса – новокаинамид, кордарон егуге болады. Синустық ырғақ қалыптасқаннан кейін лидокаиннің (не новокаинамидтің, не кордаронның, не бретилияның) инфузиясын және электролиттік бұзылыстарды реттеуге арналған шаралар жүргізіледі.
Қарыншалардың алғашқы фибрилляциясынан кейінгі науқас адамдардың болжамы қолайлы болады және кейбір ғылыми мәліметтерге қарағанда миокардтың асқынбаған инфарктынан кейінгі науқас адамдардағыдай боложамы қолайлы болады.
Қарыншалардың кеш дамыған фибрилляциясы (бір тәуліктен кейін) көьінесе екіншілік сипатта болады және көбінесе миокардтың өте айқын зақымдануларында, жүрек жетіспеушілігінде, қарыншаішілік өткізгіштіктің бұзылыстарында дамиды. Осы кездегі адам болашағының қолайсыз болжамы миокард зақымдануының тереңдігіне байланысты болады.
Арыншалар фибрилляциясы (ҚФ) немесе
Тамыр соғысынсыз қарыншалық тұрақты
Тахикардия (ҚТ) кездеріндегі дәрігердің емдік тактикасы.
Медперсонал болса Медперсонал жоқ кезде
Пульсті табу, егер ол жоқ болса Пульсті табу, егер ол жоқ болса
Прекардиялық соққы
Пульсті табу, егер ол жоқ болса
Жүректің тура емес массажы мен жасанды тыныстандыру
Дефибриллятордың мониторы арқылы аритмияның түрін анықтау (ҚФ, ҚТ)
200 Дж разрядпен дефибрилляция
200-300 Дж разрядпен дефибрилляция
360 Дж-ге дейінгі разрядпен дефибрилляция,
егер пульс анықталмаса –жүректің массажы мен жасанды тыныстандыру
Венаға дәрілерді инфузия әдісімен құю
Адреналин венаға 1:10 000 0,5 - 1 мг
Трахеяны интубация жасау
360 Дж-ге дейінгі разрядпен дефибрилляция
Лидокаин венаға 1 мг/кг
Дж-ге дейінгі разрядпен дефибрилляция
Венаға натрий бикарбонаты
360 Дж-ге дейінгі разрядпен дефибрилляция
Бретилий венаға 10 мг/кг
360 Дж-ге дейінгі разрядпен дефибрилляция
Лидокаин немесе бретилийді қайталап енгізу
360 Дж-ге дейінгі разрядпен дефибрилляция