Кпенің төменгі жиегінің шекарасы.

Астана Медицина Университеті” АҚ Интернатура бойынша ішкі аурулар кафедрасы

Ауру тарихы

Науқас:Нышанбаева Назерке Бауыржанқызы 24.11.1994ж. (22 жас)

Куратор:Асанбаева З.М.

Топ:794 – ішкі аурулар

Жетекші:Исильбаева А.А.

Астана 2017 жыл.

І. Паспорттық бөлім.

· Науқастың аты-жөні: Нышанбаева Назерке Бауыржанқызы 24.11.1994ж.

· Туған жылы: 24.11.1994ж. (22 жас)

· Жынысы: әйел

· Ұлты: қазақ

· Білімі: орта

· Қызмет бабы мен жұмыс орны: ТРЦ «Хан Шатыр» магазин «NEXT» администратор.

· Тұрақты мекен-жайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Коргальжинский Шоссе көшесі, 9 – үй, 41 – пәтер.

· Ауруханаға түскен күні: 13.03.2017ж 20:05.

ІІ. Аурудың шағымдары

Түскен кездегі шағымы:Екі жақ бел аймағындағы қатты ауырсыну сезіміне, ауырсыну сипаты шаншып, тез қимылдап жүрген кезде ауру сезімінің күшеюі. Дене температурасының тұрақты түрде түспей 39 С – қа дейін көтерілуі, дене температурасының көтерілуіне байланысты қалтырау. Аяқтарының тізеден төмен қарай ісінуіне, таңертеңгілік беттің ісінуі. Зәрдің ауырсынумен жиі шығуы, зәрдің ет жуындысы секілді болуы. Жалпы әлсіздік.

ІІІ.Негізгі аурудың даму тарихы.

Науқастың айтуы бойынша алдын салқын тигізуіне байланысты үш күннен бері жоғарыда аталып өткен шағымдар бойынша өзін науқаспын деп санайды. Емханаға қаралмай, ауырсынуға және дене температурасының көтерілуіне байланысты дәрігерге жүгінбей, өзі дәрі – дәрмек қабылдаған , бірақ емнің нәтижесіз болуына жәнеде жоғарыда айтылған шағымдардың күшейіп, дене температурасының тұрақты түрде 39 С - тан түспеуі, ауырсыну сезімінің шыдатпай күшейе түсуіжалпыжағдайының нашарлауына байланысты жедел жәрдем шақырып, №1 «Қалалық ауруханасына» жеткізіледі. Қабылдау бөлімінде тексерілген соң, интоксикациялық, зәрлік, ісіктік, ауырсыну синдромына байланысты нефрология бөлімшесіне госпитализация жасалынды.

ІV. Өмір анамнезі Науқас 24.11.1994ж. жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Жасы мен жынысына сай өсіп дамыған. Әлеуметтік жағдайы орташа. Орта білім алған.Тұрмыс құрмаған. Қазіргі уақытта ТРЦ «Хан Шатырда» магазин «NEXTте» администратор болып жұмыс атқарады. Етеккірі 12 жасынан бастап келеді, ауырсынумен. Емханада ешқандай ауру бойынша тіркелмеген. Туберкулез, гепатит, тері венерологиялық ауруларды теріске шығарады. Әкесі қант диабеті 2 тип бойынша, анасы АГ және созылмалы пиелонефритпен ауырады екен, басқа жақын туысқандарында тұқым қуалайтын аурулары жоқ. Өткізілген профилактикалық егулер асқынусыз.Қан құюлар болмаған. Созылмалы ангинасы бар, салқын тигізуге байланысты жиі тамағы ісініп ауырып тұрады. Зиянды әдеттері жоқ.

Аллергологиялық анамнез: дәрілік және тұрмыстық заттарға бұрын соңды аллергия болмаған.

ІV.Аурудың қазіргі жалпы жағдайы.

· Сана - сезімі: анық.

· Аурудың төсектегі қалпы: енжар.

· Аурудың жалпы жағдайы: нефротикалық, интоксикациялық , бел аймағындағы ауырсыну синдромына байланысты - орташа ауырлық дәрежеде.

· Дене бітімі: конституциясы нормостеник, конституциясы нормостеник. Бойы 167 см, салмағы 70кг. ИМТ-25кг\м2 (қалыпты).

Тері және көзге көрінетін шырышты қабаттары: өзгермеген, ақшыл қызғылт түсті, ылғалды.

Терінің түсі: қалыпты және таза.

Тері асты май қабатының қалыңдығы: айқын.

Тырнақ:түсі өзгермеген, пішіні овал тәрізді. Тырнақтың бетіндегі сызықтары, қатпарлануы, сынғыштығы анықталмайлы.

Перифериялық лимфа түйіндері:ауырсыну сезімі жоқ, ұлғаймаған, қозғалмалы.

Сүйек буын жүйесі:деформация және дефигурация анықталынбайды, пальпация кезінде ауырсыну сезімі жоқ.

Буындарының активті және пассивті қозғалысының қасиеті сақталған. Буын үстіндегі терісі өзгермеген. Буын үстіндегі дене қызуы жалпы дене қызуына сәйкес.

Дене бұлшықетібіркелкі дамыған, тонусы мен күші сақталған. Пальпаторлы ауырсыну сезімі жоқ.

Тыныс алу жүйесі

· Тыныс алу сипаты – мұрын арқылы еркін демалады. Мұрын формасы қалыпты.

· Көмекей – даусының сипаты қалыпты, қарлығулар жоқ.

Кеуде сарайын қарау:формасы нормостеник, симметриялы,екі өкпе бірдей тыныс алу актісіне қатысады. Тыныс алу түрі кеуделік. Тыныс алу актісіне қосымша бұлшықет қатысуынсыз.

Тыныс алу жиілігі минутына 16 рет.

Кеуде сарайын пальпациялау:ауырсыну сезімі жоқ. Эластикалы. Дауыс дірілі екі өкпеге бірдей тараланады.

Өкпе салыстырмалы перкуссиясы:өкпенің барлық аймағында ашық өкпелік дыбыс.

Өкпе экскурссиясы:

Бұғана орта сызығы - 7 см.

Ортаңғы қолтық асты - 6 см.

Жауырын сызығы - 6 см.

Аускультация:өкпенің барлық аймағында везикулярлық дыбыс.

Қабырға аралықтары ауырсынусыз, дауыс дірілі екі жақта да бірдей.

Топографиялық перкуссияөкпе ұшының орналасуы:

А. Артқы жағынан ҮІІ мойын омыртқасының сүйір өсіндісіне сәйкес.

Б. Алдыңғы жағынан бұғана үсті шұңқырынан 3 см жоғары.

кпенің төменгі жиегінің шекарасы.

Топографиялық сызықтар Оң жақ Сол жақ
1. төс маңы сызығы VI-қабырға VI-қабырға
2. бұғана орта сызығы VI-қабырға аралық VI-қабырға аралық
3. алдыңғы қолтық асты VII-қабырға аралық VІI-қабырға аралық
4. ортаңғы қолтық асты VIIІ-қабырға аралық VIII-қабырға аралық
5. артқы қолтық асты IX-қабырға аралық IX-қабырға аралық
6. жауырын сызығы X-қабырға аралық X-қабырға аралық
7. омыртқа маңы сызығы XI-кеуде омыртқасы- ның сүйір өсіндісі XI-кеуде омыртқасының сүйір өсіндісі

Наши рекомендации