Екінші үннің бәсең естілуі.
Екінші үннің бәсең естілуі қолқа тұсында да, өкпе артериясы тұсында да әдетте бірдей. Қолқа қақпақшалары ақауынан (қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі мен қолқа сағасының тарылуы) қолқада қан қысымы төмендесе, екінші үннің қолқа қақпақшасын тыңдайтын нүктеден естілуі, ал өкпе артериясы ақауларында (өкпе артериясы қақпақшасының жеткіліксіздігі мен сағасының тарылуы) өкпе артериясының қақпақшасы жеткіліксіз жабылып, кіші қан айналым шеңберінде қан қысьшы төмендесе, екінші үннің осы қақпақшаны тыңдайтын нүктеден естілуі бәсеңдейді.
Екінші үннің қатаюы немесе күшеюі.
Екінші үннің қатаюы немесе күшеюі акцент, яғни екпінділену депаталады.
Қалыпты жағдайда ересек адамдарда екінші үннің естілу күші қолқа мен өкпе артериясында бірдей, Кейбір жағдайларда өкпе артериясымен салыстырғанда екінші үннің күшеюі, екінші үннің акценті деп аталады. Егер екінші үн өкпе артериясында қолқамен салыстырғанда күшті болса, бұл екінші үннің өкпе артериясындағы акценті болып саналады. Қолқада екінші үннің акценті гипертония ауруында, өткір, созылмалы нефритте, пиелонефрште, бүйрек поликистозында, гидронефромада, эклампсияда және басқа симптоматикалық гипертонияларда кездеседі. Өкпе артериясында екінші үннің акценті кіші қан айналу шеңберінде қан қысымының жоғарылауына әкелетін жүрек (митральды жүрек ақауы әсіресе стенозы, боталдық өзектің бітелмей қалуы, өкпе артериясының склерозы) және өкпе (екпе эмфиземасы, туберкулез, бронхоэктаздар, пневмосклероз, плеврадағы бірікпелер) ауруларында кездеседі.
Жүрек үндерінің екіге бөлінуі мен жарықшақтануы.Егер бір үннің орнына бірінен соң бірі жылдам қалыптасқан қысқа екі үн естілсе, бұл үндердің екіге бөлінуі, ал қосарланған үннің екі бөлігінің арасындағы үзіліс өте қысқа болып, екі қысқа үн бір үндей естілсе бұл үннің жарықшақтануы деп аталады. Үндердің жарықшақтануы мен екіге бөлінуі физиологиялық және патологиялық жағдайларда байқалады.
Физиологиялық жағдайда қос жармалы қақпақшамен үш жармалы қақпақша бір мезгілде жабылмағандықтан бірінші үннің екіге бөлінуі немесе ажырауы мүмкін. Осындай жағдай кейде дем шығарған кезде туындайды. Өйткені тыныс шығарған кезде кеудедегі қысым жоғарылап, қан сол жүрекшеге қарай үлкен күшпен ағады да, митральды қақпақшаның жабылуын бөгейді сондықтан бірінші үн екіге бөлініп естіледі. Патологиялық жағдайда бірінші үннің екіге бөлінуі жүрек бұлшықетінің өткізгіш жүйесінің (Гиса шоғырының) тармақтары (аяқтары) зақымдалып, екі қарынша бір мезгілде жиырылмағандықтан байқалады. Бірінші үннің бөлінуі мен жарықшақтануы жүрек ұшы тұсынан жақсы естіледі.
Екінші үннің бөлінуі.Физиологиялық жағдайда екінші үннің бөлінуі өкпе артериясында терең тыныс алғанда байқалады. Патологиялық жағдайда кіші қан айналым шеңберінде қан қысымының жоғары болуынан қолқа мен өкпе артериясы қақпақшалары бір мезгілде жабылмағандықтан екінші үннің өкпе артериясында бөлінуі байқалады. Екінші үннің өкпе артериясында екіге белінуі митральді қақпақшаның стенозында кездеседі. Митральді қақпақшаның стенозында қанның сол жүрекшеден сол қарыншаға өтуі қиындайды жэне өкпеде рефлекторлы түрде артериолдар спазмге ұшырап, кіші қан айналу шеңберінде қан қысымы жоғарылайды. (рефлекс Китаева) Сондықтан оң қарыншаның жиырылуы кешеуілдегендіктен қолқа мен өкпе артериясының қақпақшалары бір мезгілде жабылмайеқінші үннің бөлінуі байқалады.
Патологиялық үш буынды үндер.
Жүрек ақауларымен науқастарды зерттегенде үш буынды үндерде кездеседі.
Солардың бірі «бөдене бытпылы ритмі» (ритм перепела). Бұл бөдене бытпылына ұқсас ерекше үш буынды ырғақ (ритм) үш үннен қалыптасады; - митральді қақпақша жабылған кезде пайда болатын үннен
(сол қарыншаның систоласы алдында пайда болатын пресистолалық шу) қатты тарсылды бірінші үннен және екінші үнмен митральді қақпақшаның ашылу үнінен қалыптасады. Бүл ырғақ митральды стеноздың басқа белгілерімен қатар жүрек ұшында жақсы естіледі. Қалыпты жағдайда диастола басталғанда митральды қақпақшаның ашылуы дыбыссыз, митральді стенозда склерозға ұшыраған және бір бірімен тұтасып бітелген қақпақша жармалары ашылғанда тербеліп, диастола кезінде қосымша үннің пайда болуына әкеледі бүл «митральді қақпақшаның ашылу үні» .
Қосымша үн екінші үннен 0,03-0,11 сек. өткеннен кейін пайда болады.