Іш жарығы. Жіктелуі. Этиологиясы. Диагностикасы.

Жарықтардың жіктелуі Сыртқы жарықтар: iш қуысындағы ағзалардың жасанды немесе физиологиялық дефектілер арқылы iш пердесiмен бірге терi астына шығуы. Ал iш пердемен жабылмаған жағдай — эвентерация деп аталады. Ішкi жарықтар: iшастардың немесе шажырқайдың әртүрлi қалталарына iшкi қуысы ағзаларының шығуы немесе диафрагма саңылауы арқылы iшкi мүшелердің кеуде қуысына түсуi. Шығу тегi бойынша: -Туа бiткен -Жүре пайда болған Орналасуы бойынша: -Шап (71,5 %) -Сан (10,4 %) -Кiндiк (3,9 %) -Іштің ақ сызығы (11 %) -Сирек кездесетін: бел, шат аралық, спингелиев сызығы (3,2%) Ағымы бойынша: -Толық және толық емес -Асқынған және асқынбаған Этиологиясы: •Туа бiткен жарықтар iш қабы қабырғасының даму ақауы немесе жетiлмеуi нәтижесiнде дамиды. Мұндай балаларда туған кезiнде дайын жарық қабы болады. Мысалы, туа бiткен қиғаш шап жарығы. •Жүре пайда болған жарықтар незiнде екi факторларды ажыратады: –iшастар қабырғасының әлсiздiгi – бейiмделу факторы –iш қабы iшiндегi қысымның жоғарлауы өндiруші фактор I. Iшастар қабырғасының әлсiздiгi дамиды: Жергiлiктi: анатомиялық құрылысы бойынша операция немесе жарақат нәтижесiнде жұлын зақымдалуының немесе нерв талшықтарының қиылуы нәтижесiнде Ағзаның жалпы жағдайымен байланысты әлсiздiк: жастық – «тіндердiң қарттық болбырлығы» ауру, аштық нәтижесiндегі, жүдеу кезінде шамадан тыс семiру кезінде асцит, жүктiлiк кезiнде iшастар қабырғасының созылуында II. Iш қабы iшiндегi қысымның жоғарлауы: физикалық күш түскенде музыкалық аспаптарда ойнайтын адамдарда босану кезiнде дефекация (iш қату) және зәр шығаруы қиындағанда (уретрада тас болғанда, фимоз кезiнде т.б.) тұрақты жөтел кезiнде (созылмалы бронхит, бронхоэктаз, туберкулез, кезiнде) Клиникалық көрiнiсi: Ауру негiзiнен баяу дамиды, бiрақ кейде физикалық жүктемеден, жөтелден кейiн тез дамуы мүмкiн. Субьективтi белгiлерi: а) интенсивтi және иррадиациялы ауырсыну, ол вертикальды жағдайда, физикалық жүктеме кезiнде күшейедi. Бастапқы кезеңде ауырсыну айқын көрiнедi, бiрақ кейде болмауы да мүмкiн. б) диспепсиялық бұзылыстар – лоқсу, құсу, кекiру, iш қату в) дизурия Обьективтi белгiлерi: Жарық томпаюы – вертикальды жағдайда немесе күшену кезiнде шар тәрiздi немесе сопақша формалы iсiну пайда болады. Өз орнына келуi -өздiгiнен немесе қолмен келтiру арқылы жүргiзiледi. Бұл жарықтың классикалық белгiсi болып табылады. Жарық қақпасының болуы. «Жөтел түрткiсi» феноменi. Перкуссия кезiнде жарық қабында iшек болса – тимпанит, ал егер шарбы болса — тұйық дыбыс естiледi. аускультация белгiлерi – iшектi орнына келтiргенде шұрылдау естiледi. Бастапқы кезеңде жарықты анықтау өте қиын. Жөтел түрткi феноменiн анықтау және науқастың жатқан күйiнде iш қабырғасы босаңсиды, сонда жарық қақпасын және каналын анықтау жалпы зерттеуде өте маңызды болып саналады. Профилактика – ерте және жүйелi дене шынықтырумен айналысу, өз уақытында емделу. Балаларды қатты орауға және жылағанда жоғары қарай лақтырып көтеруге болмайды. Емі: Оперативтi түрде жүргiзiледi. Операция екi кезеңнен тұрады: жарықты кесу – жарық қабын ашу, шығару. Ішкi мүшелердi орнына келтiрiп, мойын бөлiгiндегі қапты тiгiп байлау. Жарық қақпасының пластикасы Жансыздандыру жергiлiктi түрде жасалады (новокаин немесе лидокаинмен) Операция алдындағы дайындық – гигиеналық ванна және операциялық алаңды қыру, операция алдында тазарту клизмасын қояды. Операциядан кейiнгi кезең — өкпе асқынуын алдын алу, метеоризмен күрес жүргiзiледi. Операцияға қарсы көрсеткiш: Ол абсолютті және салыстырмалы болып бөлінеді. Абсолюттi – жедел инфекция, туберкулез, қатерлi iсiктер, айқын тыныс алу және жүрек жетiспеушiлiгi кезінде. Салыстырмалы — ерте шақ, жүктiлiктiң соңғы 2-3 айы, уретра стриктуралары, простата аденомасы кезінде Операция жасауға болмайтын жағдайда бандаж қолданылады. Бандажды әр адамға жеке түрде таңдау керек және түнде шешiп қояды. Бандаждың кемшiлiгi – тiндердiң жарақаты мен атрофиясы, созылмалы экзема тыртықтың түзiлуi және тағы да басқа. Шап каналы жарығында қолданылатын хирургиялық ем: Шап каналы: қабырғалары- Алдыңғысы- сыртқы қиғаш бұлшық ет апоневрозы Артқысы- іштің көлденең фасциясы Жоғарғысы- іштің ішкі қиғаш және көлденең бұлшық еттерінің төменгі шеті Төменгісі- Пупартов байламы. Жирар әдісі бойынша жарықты емдеу Жирара-Спасокукоцский әдісі -Ұрық жолының үстінен шап байламына қарай сыртқы, ішкі және көлденең бұлшық еттерді бірақ алып шап байламына тігеді. Төменгі апоневроз лоскутынтігісарқылыжоғарғы апоневроз лоскутынабекітеді

Наши рекомендации