Егер сатушы сіздің тауарды қайтаруға/айырбастауға келіспесе не істеу керек?
ФОТО
Райымбек аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандарымен 03.02.2016ж. сағат 12-00де «Көлсай көлдері кәсіптік-техникалық колледж» студенттерінің қатысуымен «Білім беру саласындағы тұтынушы құқығы» тақырыбына семинар-кеңес өткізілді. Семинарда ҚР 2010 жылы 4 мамырдағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізгі қағидаларына түсініктеме берілді. ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 47 бабында көрсетілген Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туралы айтылды. Семинар барысында студенттер Тұтынушы қандай нормативтік актілерге сүйенуі қажет екендігін түсінді.
ФОТО
Райымбек аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының эпидемиолог мамандарымен 02.02.2016ж. сағат 12-00де «Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледж» мұғалімдерінің қатысуымен колледж ғимаратында «Тұмау және жіті респираторлық вирустық жұқпалардың алдын алу және эпидемияға қарсы шаралардың жүргізілуі туралы» семинар өткізілді. Семинарда аудан бойынша эпидемиялық маусымдағы ЖРВИ, тұмау бойынша 610 жағдай тіркелгені, оның 325 0-14 жасқа дейінгі балалар, мектеп оқушылары арасынан 168 жағдай 20 мектепте тіркелгені айтылды. Денсаулық сақтау, білім бөлімімен бірлескен 21.01.2016ж. №31-н/17/6 бұйрығы бойынша тұмаудың профилактикасы бойынша ауданда 5 мобильді топтар құрылып, әр топқа жұмыс кестесі бекітілді. Білім беру нысандарында, медициналық ұйымдарда сүзгілердің дұрыс жұмыс істеуі қолға алынды. .
ФОТО
Қазақстанда тұтынушыны және оның құқығын қорғау мәселесі «Тұтынушыныі құқығын қорғау туралы» Заңмен реттеледі.
Тұтынушының қандай заңды құқықтары бар?
· тауарды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті) иеленуге еркін шарт жасасуға;
· тұтынушының құқығын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге;
· тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы және сатушы (өндіруші, орындаушы) туралы ақпарат алуға;
· қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға;
· тауарды (жұсыты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауға;
· тауардық (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына;
· тиісті және тиісті емес сапалы тауарды ауыстыру немесе қайтаруға;
· тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшілігінің салдарынан тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне тиген шығынды (зиянды) толығымен өтетуге;
· сатушыдан (өндірушіден, орындаушыдан) тауарды (істелген жұмысты, көрсетілген қызметті) сатып алған фактісін растайтын құжатты алуға;
· ұтыс түрінде берілген (жасалған, көрсетілген) тауар (жұмыс, қызмет) сапасы жөнінде ойынның бастаушысына (ұйымдастырушысына) наразылық білдіруге;
· тұтынушылардық қоғамдық бірлестігін құруға;
· моральдық залалды өтетуге;
· құқықты және заңды мүддесін қорғауға;
· осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында көрсетілген басқа да құқықтарын жүзеге асыруға құқығы бар.
Егер сіз тауарды сатып алғаннан кейін тауардың қандайда болмасын кемістігін байқасаңыз немесе тауар бастапқы кезден бұзық болып сіз оған бірден көңіл бөлмесеңіз не істеу керек?
1. Сіз сатып алған тиісті сапалы тауарды басқа көлемдегі, формадағы, габариттағы, үлгідегі, түстегі, құрамдағы сондай тауарға, бағадағы айырмашылығын сатушымен қайта есептеп айырбастай аласыз.
2. Сіз сатып алған тиісті сапалы тауарды сатушыға (өндірушіге) қайтарып, оған төленген қаржыны қайтаруға құқылысыз.
3. Егер сізге тиісті сапалы тауар сатылса, егер оның кемшіліктері туралы сатушы ескертпесе сіз өз қалауыңызша келесіні талап ете аласыз:
· сатып алған бағаны шамалас азайтуды;
· тауардың кемшіліктерін ақысыз жоюды;
· тауардың кемшіліктерін жоюға жұмсалған өз шығындарыңызды өтеуді;
· сондай маркалы (моделді, артикулды) тауарға айырбастауды;
· сатып алған бағаны қайта есептеп ұқсас тауардың басқа маркасына (моделіне, артикулына) айырбастауды;
· келісім шартты бұзып, тауарға төленген ақшалай қаржыны қайтаруды.
Тиісті сапалы тағамдық емес тауарды қайтары/айырбастау шарасын оны сатып алған күннен бастап 14 күн ішінде жасау керек, егер сатушы (өндіруші) оданда ұзақ уақыт жарияламаса.
Тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алған жағдайда тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алған фактісін растайтын құжатты – касса немесе тауарлық түбіртекті талап етіңіз.
Егер сатушы сіздің тауарды қайтаруға/айырбастауға келіспесе не істеу керек?
1. Сатушыға (өндірушіге) сотқа дейінгі шағымды ұсынуыңызға болады.
2. Егер 10 күн ішінде сатушыдан (өндірушіден) сіз жауап алмасаңыз талап арызбен сотқа жүгініңіз.
3. Талап етілген орын бойынша тұтынушылардың құқығын қорғайтын қоғамдық бірлестіктерге жүгініңіз немесе жедел телефон желісі бойынша кеңес алыңыз.
Қазіргі таңда қай салада болмасын тұтынушының өз құқығын білуі, өмірде кездесіп жататын көптеген келеңсіз жағдайларда көмектеседі. Күн сайын халыққа қызмет көрсету орталықтарында (дүкен, базар, шаштараз, өндіріс және т.б.) тұтынушы құқығы жиі бұзылып жатады. Соның ішінде көп кездесетіні азық-түлік сапасыздығы.
Қазақстан Республикасының 04.05.2010 жылғы №274-ІV «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, қолдану жағдайы белгіленген тауар (жұмыс, қызмет), сақталуы, тасымалдануы, жойылуы әрбір адамның денсаулығына, өміріне, мүлкіне, қоршаған ортаға қауіпсіз болуы қажет. Осы заң аясында әрбір тұтынушы сапалы тауармен, жұмыс және қызметтермен қамтамасыз етілу құқығын кеңінен пайдалана алады. Тұтынушы сатып алып жатқан тауары жөнінде және өндірушісі туралы толық және нақты мәлімет алуға құқылы.
Заңның 25-бабында көрсетілгендей тауар (мысалы, азық-түлік) туралы ақпаратта келесі көрсеткіштер міндетті түрде көрсетілуі қажет:
1. Тауардың аты;
2. Түрлері, қажеттіліктері;
3. Тауардың талаптарға, техникалық регламенттерге және басқа да құжаттарға сәйкестігі туралы белгі;
4. Тауардың тағамдық, биологиялық және энергетикалық құндылықтары туралы мәліметтер;
5. Құрамы;
6. Тағам құрамында ГМО бар немесе жоқ екендігі туралы мәлімет;
7. Өндірушінің тауарлық белгісі;
8. Тауардың шыққан елі;
9. Тауарды алу жағдайы;
10. Тағам өнімдерін дайындау нұсқаулары;
11. Өндірілген күні және орны, пайдалану мерзімі, сақтау мерзімі;
12. Өндірушінің аты, өндіріс орны, мекен- жайы;
13. Көлемі.
Сонымен бірге, тұтынушы қандай да бір тауар сатып алып жатса, сатушыдан кассалық түбіртек талап етуге құқылы. Себебі, сатып алған тауар сапасыз болып шықса, ал түбіртек болмаса, тұтынушының дәл сол жерде сауда жасағанын ешкім дәлелдей алмайды.
Сондай-ақ, 14 күн ішінде азық-түліктен өзге заттар тұтынушының талабын қанағаттандырмаса немесе қажетті сипатқа ие болмаса, оны ауыстыруға құқығы бар. «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңның 14-бабында: «Кепілді мерзім ішінде тауардың сапасы өзіне сай емес болса, тұтынушы сатып алынған бағасын мөлшерлес азайтуды, тауардың кемшіліктерін ақысыз алып тастауды немесе тиісті сапасы бар тауарға ауыстыруды, шығынның орнын толтыру туралы келісімшартты бұзуды талап етуге құқылы». Егер, тауарды ауыстырудың қажеті болмаса, төлеген ақшаны қайтарып алуға құқылы.
Райымбек аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандарымен 08.02.2016ж. сағат 11-45те Аудандық білім бөлімімен бекітілген «Білім беру ұйымдарының оқушылары арасында тұтынушылық білім мәселелерін түсіндіру шараларының 2015-2016 оқу жылына арналған» жұмыс жоспарына сәйкес Т.Жанұзақов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушылары арасында «Тұтынушы құқығы» сабағы өткізілді.
ФОТО