Пән бойынша тесттік тапсырмалар 3 страница
| асқазан-iшек жолының сілемейлі қабаты
| ауыз қуысы
| терi жабындысы
| жыныс мүшелерi
~ Менингококкты инфекция кезiнде инфекциялық-токсикалық
шоктың дамуы … түсіндіріледі.
| микробтар мен токсинемияның қарқынды ыдырауымен болатын
массивті бактеремиямен
| ағза аллергиясымен
| осы ауруға дейiнгi науқастың ауыр жағдайымен
| туа бiткен бейiмдiлiкпен
| қоздырғыштың ерекшеліктерімен
~ Менингококкты инфекция кезiндегi өлiмнiң негiзгi себебi:
| жіті жүрек тамыр жетiспеушілігі және жіті бүйрек жетіспеушілігі
| тыныстың салдануы
| бүйрек-бауыр жетiспеушілігі
| өкпе iсiнуi
| ШТҰ (ДВС)-синдром
~ Менингококкты назофарингитпен ауырған науқасты ауруханаға жатқызу ... байланысты іске асырылады.
| клинико-эпидемиологиялық көрсеткіштеріне
| клиникалық көрсеткіштеріне
| эпидемиологиялық көрсеткіштерге
| лор бөлімшесіне жоспарлы түрде жатқызылады
| жұқпалы аурулар бөліміне жоспарлы түрде
~ Менингококты назофарингитті емдеуде тағайындалатын антибиотиктер:
| тетрациклин, левомицетин, оксациллин, эритромицин
| левомицетин немесе рифампицин
| стрептоцид
| бензилпенициллин
| полимиксин
~Менингококцемия кезiндегi бөртпелердiң шығу уақыты:
| 1-2 тәулiкте
| 3-5 тәулiкте
| 5-7 тәулiкте
| 2-3 сағатта
| 12-ші күн
~ Науқастан бактериологиялық зерттеуге ... көлемде қан алынады.
| 10,0 мл аз емес
| 2-3 тамшы
| 2-3 мл
| көлемі маңызды емес
| 3-5 мл
~ Вирусты гепатит В-ның арнайы алдын алу:
| вакцинация
| бір реттік қолданатын мед.құралдарды пайдалану
| қан алмастырушы заттарды құю
| мед.құралдардың стерилизациясы
| скрининг
~ Ұзақ уақыт антибиотик қабылдаудың нәтижесінде болған асқыну ... деп аталады.
| дисбактериоз
| реинфекция
| суперинфекция
| микстинфекция
|Уотерхауз-Фридерикс синдромы
~ Терiнiң емiзiкшелi қабатының қан тамырларының кеңеюi нәтижесiнде пайда болатын үлкен емес, басқанда жойылатын, 2-5 мм қызғыш немесе қызыл түстi дақ - бұл:
| розеола
| дақ
| папула
| көпiршiк
| эритема
~ Ірі дақтардың қосылуы нәтижесінде пайда болған, диаметрi 20 мм-ге дейін жететiн, жыртылған сияқты қырлары бар гиперемияланған қызыл түсті терінің аумақты бөлігі - бұл:
| эритема
| папула
| көпiршiк
| iрiңдi көпiршiк
| розеола
~ Терi деңгейiнен көтерiлмейтiн, басқанда жойылатын, көлемі 5 мм-ден 20 мм-ге дейiнгi көлемді бөртпе элементi - бұл:
| дақ
| көпiршiк
| тыртық
| күлдiреуiк
| розеола
~ Дене қызуының тұрақты түрде 39 градусқа дейiн және одан да жоғары болатын, тәулiктiк ауытқуы 1 градустан төмен болатын қызба - бұл:
| тұрақты
| интермиттерлеушi
| қайталаушы
| ундуляциялық
| субфебрильді
~ Тәулiктiк ауытқуы 3-4 градус, жоғары немесе өте жоғары және қалыпты температураның дұрыс ауысуымен білінетін, қызба - бұл:
| интермиттирлеушi
| тұрақты
| толқын тәрiздi
| қайталаушы
| дұрыс емес қызба
~ Жоғары қызбалы және қызбасыз кезеңдерiнiң дұрыс ауысуымен, бiрнеше күнге дейiн созылатын қызба - бұл:
| қайталаушы
| тұрақты
| әлсіремелі
| толқын тәрiздi
| бұзылған
~ Ұзақ уақытқа созылатын, өте үлкен тәулiктiк ауытқулары 5 градусқа дейін болатын, қалыпты температураға дейiн төмендейтiн қызба - бұл:
| гектикалық
| атиптi
| ауыспалы
| әлсіремелі
| толқын тәріздес
~ Дене температурасының әр түрлi деңгейге көтерiлуiмен, жоғары тәулiктiк ауытқумен, белгiсiз ұзақтығымен сипатталатын және дұрыс сипатынан айырылған қызба - бұл:
| атиптi
| гектикалық
| бұзылған
| ауыспалы
| толқын тәрiздi
~ Бiрiншi температуралық толқыннан кейiн әр түрлi мерзiмдегi (2 күннен 1 айға және одан да көп) қайталаумен сипатталатын қызба - бұл:
| рецидивтi
| толқын тәрiздi
| гектикалық
| қайталаушы
| бұзылған
~ Қалыпты температурадағы нүкте тәрiздi қанталаулар - бұл:
| петехиялар
| розеолалар
| көпiршiктер
| iрiңдi көпiршiктер
| күлдiреуiктер
~ Қызылшаның ену қақпасы:
| тыныс алу жолдарының шырышты қабаты және көз коньюктивасы+
| зақымдалған тері қабаты
| ауыз қуысының сілемейлі қабаты
| жараның беткі қабаты
| жыныс жолдарының сілемейлі қабаты
~ Желшешектің асқынулары болуы мүмкін:
| коньюнктивиттер, кератиттер, отит, паротиттер, сепсис
| гепатиттер, холециститтер
| энтероколиттер, гастроэнтериттер
| миокардиттер
| гастроэнтериттер
~ Жәншаудағы инфекция көзі :
| науқас адам, реконвалесцент, стрептококк тасымалдаушы+
| тек сау стрептококк тасымалдаушылар
| науқастар және вирус тасымалдаушылар
| вирус тасымалдаушылар
| стрептококк тасымалдаушылар
~ Безгек кезіндегі температура:
| ауыспалы
| тұрақты
| толқын тәрізді
| инверсиялық
| әлсіремелі
~ Обаны емдеуде стрептомицинді алмастыра алатын антибиотик:
| гентамицин
| эритромицин
| ампициллин
| олеандомицин
| олететрин
~ Биллиарлы цирроздың ерте клиникалық көрінісі:
| терінің қышуы
| асцит
| веналардың варикозды ұлғаюы
| сарғаю
| спленомегалия
~ Бөртпе сүзегі кезінде тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу мақсатында тағайындалады:
| антикоагулянтты терапия
| антибиотиктік терапия
| коллоидты ерітінді
| кристаллоидтты ерітінді
| зәр айдайтын препараттар
~ Эпидемиялық паротиттің маусымдылығы:
| наурыз-сәуір
| мамыр-тамыз
| қазан-желтоқсан
| қыркүйек-қаңтар
| шілде-қазан
~ Эпидемиялық паротит вирусы алғашқы күндері зақымдайды:
| сілекей безін
| жүйке жүйесін және ұрық безін
| ұрық безін және асқазан үсті безі
| сілекей және асқазан үсті безі, ұрық безін
| ұрық безін
~ Созылмалы гепатит диагнозы қоюда шешуші болып табылады:
| бауырдың гистологиялық деректері
| анамнезінде вирусты гепатитпен ауырғандығы туралы мәлімет
| қанда австралиялық антигеннің болуы
| қайталамалы субфебрилитет, склераның сарғаюы, оң қабырға астының
ауырсынуы
| гипербилирубинемия
~ Эпидемиялық паротит кезінде жіті панкреатит ... жиі дамиды.
| аурудың 4-7 күндерінде
| аурудың 1-2 күндерінде
| аурудың 13-15 күндерінде
| аурудың 20-22 күндерінде
| аурудың 10-15 күндерінде
~ Бас айналу, құлақтағы шу, құсу, қозғалыс координациясының бұзылуымен білінетін эпидемиялық паротиттің асқынуы ... деп аталады.
| есiту нервiнiң зақымдануы
| серозды менингит
| жедел панкреатит
| оофорит
| қант диабетi
~ Қан мен зәр амилазасының күрт көтерілуімен сипатталатын эпид.паротиттің асқынуы ... болып табылады.
| панкреатиттiң дамуы
| екiншiлiк iрiңдi паротиттiң қосылуы
| нефриттiң дамуы
| холециститтiң дамуы
| есту нервiсiнiң зақымдануы
~ Серозды менингитпен асқынған эпид. паротит кезінде жұлын-ми сұйықтығында көрінеді:
| лимфоцитарлы плеоцитоз
| лейкоцитарлы плеоцитоз
| сұйықтықтың күңгiрт түсi
| белоктың көп мөлшерде болуы
| глюкоза, хлорид деңгейiнiң жоғарылауы
~ Адамның иммунды тапшылық вирусы ... жатады.
| ретровирустарға
| пикориовирустарға
| арбовирустарға
| парамиксовирустарға
| тоговирустарға
~ Адамның иммунды тапшылық вирусының гені көрсетілген:
| екі тізбекті РНК
| ДНК
| бір жіпті РНК
| ДНК және РНК
| сызықты екі тізбекті ДНК
~ Адамның иммунды тапшылық вирусы бейім:
| мембранасында СД-4 антиген-рецепторлары бар жасушаларға
| эритроциттерге
| гепатоциттерге
| тромбоциттерге
| жұтқыншақ, трахея, бронхтардың цилиндрлі эпителий жасушаларына
~ Е вирусты гепатиті ауыр ағымда өтеді:
| жүкті әйелдерде
| балаларда
| жастарда
| қарт адамдарда
| преморбидті фоны бар адамдарда
~ Цитолитиялық және мезенхимальді-қабынулы синдром ... ауруына тән.
| созылмалы активті гепатит
| жедел вирусты гепатит А
| жедел вирусты гепатит В
| созылмалы персистирлі гепатит
| гемохроматоз
~ Т4 и Т8 лимфоциттерінің қалыпты қатынастары:
| 1,5 – 2
| 0,7 - 0,8
| 0,1 -0,4
| 0,8 - 1
| 2,5 – 3
~ Тырысқаққа тән симптомдар:
| жүрек айнуынсыз құсу, iш ауруынсыз iш өту
| жүрек айну, құсу, iштiң толғақ тәрiзді ауыруы
| өт құсу, оң қабырға астындағы ауырғандық
| тақтай тәрiздес iш
| тоқтаусыз құсу, iштің белдемелi ауырсынуы
~ Вирусты гепатит А спецификалық маркері болып табылады:
| анти-HAV
| анти-HBsAg
| анти-HBcAg
| анти-HBeAg
| HBsAG
~ Iш сүзегi кезiндегi Падалка белгiсi:
| илеоцекальды аймақта перкуторлы дыбыстың қысқаруы
| оң қабырға астын сипағанда ауыру сезiмi
| оң қабырға доғасын ұрғылағанда ауыру сезiмi
| iшек перистальтикасының болмауы
| эпигастрий аймағын сипағанда ауыру сезiмi
~ Созылмалы активті гепатит тән мына симптомокомплекс:
| сарғаю, гепатоспленомегалия, трансаминаздың біршама белсенделігі
жоғары, гипер-гамма-глобулинемия, тегіс бұлшық еттерге антиденелер
оң мәнді
| сарғаю, қышыну, ксантомалар, гепатоспленомегалия, сілтілі
фосфатазаның жоғары белсенділігі және холестериннің жоғарылауы
| сарғаю, анорексия, көңіл айну, бауырдың жұмсаруы, трансаминаздың
жоғары белсенделігі және сілтілі фосфатаза қалыпты
| сарғаю, қызба, гепатомегалия, бүйрек жетімсіздігі, кома, ЭЭГ-да
өзгерістер және трансаминаздың белсенділігінің шамалы жоғарылауы
| сарғаю (барлық уақытта емес), іш қуысының оң жақ жоғары
квадрантының ауруы, іші жұмсақ, лейкоцитоз
~ Белдемелі ұшық АИВ-инфекциясы кезеңінің көрінісі болуы мүмкін:
| екіншілік ауыру (3 А)
| жасырын (инкубациялық)
| біріншілік ауыру
| екіншілік ауыру (З Б)
| терминальды кезең
~ Жылжымалы сарғаюды... түсіндіруге болады
| холедоханың вентильді таспен бекітуімен
| өт қабының таспен бекітілуімен
| өт қабының таспен бекітілуі, өт жолының окклюзиясымен
| өт тастарының үлкен дуоденальді емшекті бекітуімен
| бауырдан тыс ісіктің өт жолдарын бекітуімен
~ АИВ-инфекциямен ауырған науқастарда персистирлеуші лимфоаденопатия фазасындағы симптомдар:
| перифериялық лимфа түйіндерінің 2 және одан да көп тобының
көбеюі
| қызба
| гепатоспленомегалия
| қайталамалы фарингиттер, синуситтер
| диарея
~ "Көкжөтел" диагнозымен жатқан ауруханадағы 1 жастағы балада жөтел ұстамасы тәулігіне 10-нан 15-ке дейін, реприздары 10-ға дейін. Бір рет апноэ болды.
Көкжөтел ауруының ауырлық дәрежесінің басты критериі:
| апноэ
| жөтел ұстамасының жиілігі
| реприздер саны
| қақырықтың болуы
| әр жөтелге реприз саны
~ Туылғанына 7 сағат болған, жағдайы қанағаттарлық баланыңарқасы мен құлақ аймағында сирек айқын емес везикулалар. 2-ші күні везикулалы бөртпелер басы мен балтырында пайда болды. Анасы босанудан 16 күн бұрын жел шешекпен ауырған.
Сіздің диагнозыңыз:
| туа пайда болған жел шешек, жеңіл түрі
| туа пайда болған мерез
| герпетикалық инфекция
| туа пайда болған жел шешек, жайылмалы түрі
| нәрестелік везикуло-пустылез
~ АИТВ-инфекциясының жіті кезеңінің ең жиі клиникалық варианты:
| мононуклеоз сияқты
| өкпелік
| неврологиялық
| асқазан-ішектік
| тромбоцитопениялық
~ ЖИТС-ын жұқтыру мүмкіндігі мол:
| инфицирленген ер адамнан жыныстық қатынас кезінде әйелге
| ЖИТС ауырған науқас ер адам әйелді сүйгенде
| ЖИТС ауырған терминальды кезеңіндегі науқасты күтуші адамнан
| инфицирленген әйелден – еркекке
| ЖИТС ауырған баладан – анасына
~ АИТВ- инфекциясы кезінде этиотропты ем ретінде қолданылады:
| азидотимидин
| пенициллин
| метронидазол
| стрептомицин
| диклофенак
~ АИТВ- инфекциясына едәуір тән пневмония этиологиясы:
| пневмоцистті
| стафилококкті
| стрептококкті
| криптококкті
| пневмококкті
~ Тілме ауруына бейімдірек:
| қант диабетімен ауыратын науқастар
| асқазанның жара ауруымен ауыратын науқастар
| гипертония ауруымен ауыратын науқастар
| бейспецификалық жаралы колиті бар науқастар
| жастар
~ Тілме кезіндегі эритема түрі:
| гиперемияланған терінің анық шектелген бөлігі
| терінің шектері анық емес жайылған гиперемиясы
| тері асты май қабатының айқын ісігі
| шеті едәуір айқын тері гиперемиясы
| гиперемия шеті буылтықпен қоршалған некроз бөлігі
~ Тілменің буллезді түріне тән белгілер:
| ірі серозды көпіршіктер
| майда көпіршіктер
| ауру сезімі жоқ карбункул
| ұзақ уақыттық ауру сезімі
| жүйке діңінің жолымен ауырсыну
~ Тілме кезіндегі қолданылатын физиоемдеу:
| УЖЖ (УВЧ)
| УКС (УФО)
| лаймен емдеу
| радонды ванналар
| электрофорез
~ Тырысқақтың ауырлық жағдайын анықтайтын көрініс:
| дегидратация
| интоксикация
| қызба
| психомоторлы қозу
| естің жоғалуы
~ Тырысқаққа тән синдром:
| энтериттік
| диспепсиялық
| қызбалық
| катаралді
| колиттік
~ Тырысқақ кезінде сусызданудың клиникалық симптомдары:
| бұлшық еттің әлсіздігі, балтыр бұлшық еттердің құрысуы
| бас ауруы
| брадикардия
| көрудің нашарлауы
| жұтудың, сөйлеудің нашарлауы
~ Тырысқақ кезіндегі гиповолемиялық шок симптомдары:
| қан қысымы төмендейді, пульс әлсіз, тіпті естілмейді
| жүрек тондары жоғары, аритмия
| тері қабаты қызарған, ылғалды
| іш қатайған, «жедел» іш симптомы
| анық көрмеу, мидриаз
~ Клиникалық көрінісі тырысқақ ауруына ұқсас ауру:
| сальмонеллез
| иерсиниоз
| ботулизм
| жіті қантышқақ (дизентерия)
| іш сүзегі
~ Тырысқақ кезінде инфузионды терапия жүргізудің негізгі мақсаты:
| регидратация және реминерализация
| дезинтоксикация
| диурезді форсирлеу
| иммунды белсендіру
| дегидратация
~ Тағамдық улануға тән эпидемиологиялық белгі:
| аурудың топтық, «жарылғыштық» сипаты
| аурудың эпидемиялық көрінісі
| жоғарғы контагиоздылық
| маусымдық
| аурушаңдықтың спородийлық сипаты
~ Тағамдық улануға тән:
| энтероциттердің ферментативті жүйесінің бұзылуы
| асқазан-ішек жолдарының айқындалған морфологиялық өзгерістері
| қызба
| ауру ағымының ұзақтығы
| қоздырғыштың шырышты ішекте инвазиялануы
~ Тағамдық улану кезіндегі жетекші синдром:
| гастроэнтерит
| гастроэнтероколит
| колит
| гемоколит
| гастрит
~ Тағамдық улану кезінде ауру сезімі болады:
| эпигастрий аймағында
| сол жақ мықын аймағында
| илеоцекалді аймақта
| кіндік аймағында
| оң жақ қабырға асты
~ Тағамдық уланудың дизентериядан айырмашылығы :
| сусызданудың дамуы
| сигма тәрізді ішектің жиырылуы
| тенезм, жалған шақырулар
| шырыш және қан аралас сұйық нәжіс
| клиникалық көріністердің ұзақтығы
~ Тағамдық улануды диагностикалаудың негізгі әдісі:
| бактериологиялық
| серологиялық
| биологиялық
| аллергологиялық
| иммундыферменттік
~ Тағамдық уланулар кезінде регидратация жасау мақсатында келесі ерітінділер қолданылады:
| цитроглюкосолан, трисоль
| регидрон, реополиглюкин
| глюкоза , ацесоль
| гемодез, рефортан
| индометацин, хлосоль
~ Жіті дизентерияға тән синдром:
| колиттік
| геморрагиялық
| гастриттік
| гепатолиеналді
| энтериттік
~ Жіті дизентерияның колиттік түріне тән клиникалық белгілер:
| жиырылған (спазм) сигма
| гепатомегалия
| Штернберг симптомы
| Падалка симптомы
| Щеткин-Блюмберг симптомы
~ Дизентерияны анықтаудағы аса маңызды симптом :
| жиі, сұйық, аз нәжіс
| лоқсу, құсу
| жоғарғы температура
| бас ауруы
| тәбеттің төмендеуі
~ Шигеллезді амебиаздан ажыратудың ерекше белгісі:
| жоғарғы қызба, айқындалған интоксикация
| іште ауру сезімі
| іш өту
| шырышты және қан аралас нәжіс
| ішектердің жиырылуы
~ Жіті дизентерияны ажырата білу керек:
| амебиаздан
| тырысқақтан
| иерсиниоздан
| іш сүзегінен
| вирусты гастроэнтериттен
~ Жіті дизентерияның спецификалық асқыну:
| инфекциялық-токсикалық шок
| жіті бүйрек жетіспеушілігі
| гиповолемиялық шок
| бактериемия, сепсис
| ішектік қан кету
~ Дизентерияны анықтаудағы ең ақпаратты әдіс:
| нәжісті бактериологиялық зерттеу
| зәрді бактериологиялық зерттеу
| қанды бактериологиялық зерттеу
| қанды серологиялық зерттеу
| қанды иммунологиялық зерттеу
~ Сальмонеллез кезінде ас қорыту жүйесі бұзылыстарына тән белгілер:
| эпигастрий аймағы, кіндік айналасы, оң жақ мықын аймағының ауруы
| Ортнер симптомы
| Щеткин-Блюмберг симптомы
| Падалка симптомы
| жиырылған (спазм) сигма
~ Сальмонеллездің септикопиемиялық түріне тән белгі:
| гектикалық қызба
| көп реттік құсу
| профузды іш өту
| іштің ауруы
| дегидратацияның III-IV сатысындағы тез дамуы
~ Сальмонеллездің ауыр түріне тән белгілер:
| гипотония, аяқтың сіресуі
| естудің нашарлауы
| саливация
| сарғаю
| диплопия
~ Сальмонеллездің этиотропты емінде тағайындайды:
| ципрофлоксацин
| доксициклин
| линекс
| неомицин
| цефтриаксон
~ Ботулизм кезінде ең тез зақымдалатын құрылым:
| сопақша ми мотонейрондары
| гепатоциттер
| бас миының қабығы
| мидың жұмсақ қабаты
| бүйрек үсті қабығы
~ Ботулотоксин сіңгенде зақымдалады:
| жүйке жүйесі
| АІЖ шырышы
| бауыр
| өкпе
| лимфа жүйесі
~ Ботулизм кезіндегі негізгі синдром:
| салдану
| астеновегетативтік
| интоксикациялық
| сіреспелік
| гастроинтестиналдық
~ Ботулизмнің алғашқы белгілері:
| диспепсиялық синдром
| көрудің бұзылуы
| жұтудың бұзылуы
| интоксикация синдромы
| тыныс алудың бұзылуы
~ Ботулизмнің ауырлық критерийлері:
| бульбарлық бұзылыстың айқындылығының дәрежесі
| температураның жоғарылауы
| құсу және іш өту
| іштің ауыруы
| жасырын кезеңінің ұзақтығы
~ Ботулизмнің кәдуілгі белгілері болып табылады:
| көрудің нашарлауы, «заттардың қосарлануы»
| саливация
| шырыш және қан аралас сұйық нәжіс
| қозғыштық
| іштің толғақ тәрізді ауыруы
~ Ботулизмдi ... дифференциялау қажет.
| жіті ми қан айналымының бұзылысымен
| іш сүзегімен
| менингитпен
| сальмонеллезбен
| дизентериямен
~ Ботулизм кезіндегі гемограммадағы өзгерістер:
| айқын емес лейкоцитоз
| лейкопения
| лимфоцитоз
| нейтрофильді солға ығысу
| гиперэозинофилия
~ Ботулизм кезінде шұғыл көмек :
| дегидратация
| регидратация
| өкпені жасанды желдету
| плазма құю
| гормонотерапия
~ Ботулизм кезінде негізгі емдеу принципі:
| серотерапия
| антибактериалды
| десенсибилизирлеуші
| дезинтоксикационды
| иммунитетті белсендіруші
~ Іш сүзегі кезінде терідегі бөртпелер сипаты:
| розеолалар
| петехиалды бөртпелер
| дақты-папулезді
| экхимоздар
| везикулдар
~ Іш сүзегі кезінде ішектен қан кетуді болжаудың негізгі симптомы:
| дегте тәрізді нәжіс
| дене температурасының жоғарылауы
| іштің ауыруы
| қақырықты жөтел
| АҚ жоғары болуы
~ Іш сүзегіне тән қызба түрі:
| тұрақты
| интермитирлеуші
| субфебрилді
| гектикалық
| ремитирлеуші
~ Іш сүзегі кезінде қан анализіндегі өзгерістер:
| лейкопения
| анемия
| лейкоцитоз
| тромбоцитоз
| эозинофилия
~ Іш сүзегі кезінде инфекциялық-токсикалық шоктың белгісі:
| АҚ төмен болуы
| дене температураның жоғарылауы
| бас ауыру
| пульс дикротиясы
| полиурия
~ Іш сүзегін ерте диагностикалау әдісі:
| гемокультура
| уринокультура
| рентгенологиялық зерттеу
| УДЗ
| пассивті гемаглютинация реакциясы (ПГГР)
~ Іш сүзегінің асқынбаған ағымындағы негізгі патогенетикалық ем:
| дезинтоксикация
| дегидратация
| регидратация
| қан құю
| кортикостероидтар
~ Қатынасты брадикардия, пульс дикратиясы, гипотония түріндегі симптомдар жиынтығы қай ауруға тән:
| іш сүзегіне
| эпидемиялық бөртпе сүзегіне
| кенелік бөртпе сүзегіне
| парагриппке
| токсоплазмозға
~ Иерсиниоздың абдоминалды түрінің клиникалық варианты:
| мезентериалды лимфаденит
| жаралы колит
| проктосигмоидит
| парапроктит
| ішек тамырларының тромбозы
~ Құтыру кезіндегі ем:
| симптоматикалық
| этиотропты
| арнайы
| дезинтоксикациялық
| десенсибилизирлеуші
~ Бруцеллездің біріншілік созылмалы түріне тән:
| жіті кезеңінің латентті өтуі
| жіті бруцеллезбен ауырған
| ауру ұзақтығының 3 айға дейін созылуы
| аурудың 3 айдан 6 айға дейін созылуы
| ағзалар мен жүйелердің зақымдалуының болмауы
~ Жітілеу бруцеллездің ұзақтығы:
| 3 айдан – 6 айға дейін
| 12 ай
| бірнеше күн
| 2 жыл
| 3 айдан астам